Құжат смк 3 уровня



бет4/4
Дата26.06.2018
өлшемі86,63 Kb.
#44729
1   2   3   4

Әдістемелік нұсқау: Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б

  • Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы

  • Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы

  • Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуы

  • Басқа елдердің музыкасының тарихының айырмашылығы

    Музыкалық тәрбие берудің әдістемесі және жүйеге (систематики) келтіру мәселелері. Оқу үрдісі мен музыкалық оқыту мазмұнының өзара байланысы. Золтан Кодаи, Карл Орф, Борис Тричковтың музыкалық тәрбие беру жүйелері, олардың әр ел балаларының музыкалық біліміне ықпалы. ХХ-ХХІ ғасырдағы музыкалық білім берудің негізгі тенденциялары, оқушылардың музыкалық тәірбиесіне қоғам дамуындағы ақпараттық технологияның ықпалы. Музыкалық білім беру мен мәдлениет дамуындағы ИСМЕ халықаралық ұйымы. Англиядағы музыкалық тәрбие жүйесі және музыка мұғалімін дайындау. Д.Кекрвеннің релятивтік жүйесі. АҚШ оқушыларына хор және оркестр арқылы тәрбие беру. Осы елдердің музыка сабағында оқушлардың білімін, біліктіліг мен дағдысын есепке алу және бақылау.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Аманов, Б.Ж. Казахская традиционная музыка и ХХ век .-Алматы, 2002



    Тақырыбы:9. Бастауыш және орта сынып оқушыларының психология – педагогикалық сипаттары

    Мақсаты: . Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілеттерін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

    Тапсырма:

    1. Бастауыш және орта сынып оқушыларының психология – педагогикалық сипаттарын ашып көрсетіңдер

    2. Оқушылардың психология – педагогикалық сипаттары

    3. Бастауыш жәна орта сынып оқушыларының жас ерекшеліктері

    4. Бастауыш мектептегі тәрбие мәні.

    5. Мектеп оқушыларының шығармашылық қасиетін дамыту.

    6. Мемлекетіміздегі музыкалық ағарту ісі.

    Әдістемелік нұсқау:

    Қазіргі таңда әрбір жеке түлғаның қүндылык, қасиеттерін дамытып, қалып-тастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе үрпақтан-үрпаққа мирас болып келе жатк,ан салт-дәстүр, әдет-ғурыптар арқылы оқушылардың жеке бас қасиетін дамыту мумкіндігіне барынша көңіл бөлінгенін ғылыми-зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Бүл туралы психолог Л.С.Выготский: "Дербес жүмыс істегеннен гөрі бала ынты-. мақтастықта күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі...", - дейді. Жалпы жеке түлғаның бойындағы адамгершілік сезімдерін дамытуға байланысты арналған ғылыми-зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік сезімдерінің дамуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадық. Қазақстанда толық жетілген тұлғаны тәрбиелеу және соған байланысты әлеуметтік-экономикалық психологиялық мәселелер күннен-күнге күрделене түсуде. Осыған орай, бүгінгі күн әрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ізгілік, яғни оқушылардың адамгершілік сезімдерін дамыту жолдары шешуші фактор болуы заңдылық.Мектеп оқушысының адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күннен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалрдың бастапқы адамгершілік дағдылары қалыптасады.



    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Искусство. Музыкознание, музыкальнгая психология и музыкальная педагогика: Хрестоматия (Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников. – Вып. 1. Ч.2. – М., 1991.

    2. Балабеков Е. Қазақтың музыкалық фольклоры.-А.,2007

    3. Философия, социология, психология искусства и музыкальная педагогика: Хрестоматия / Сост. Э.Б.Абдуллин, Б.М.Целковников – Вып. 1. – Ч.1. – М., 1991.

    Тақырыбы: 10-11. Балалардың шығармашылық дамуының міндеттері мен олардың шешім жолдары

    Мақсаты: балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлікке баулу, Балаларды музыкаға тәрбиелеудегі сан сұрақтардың бірі – музыкалық шығармашылық болып табылады, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру

    Тапсырма: Оқыту, тәрбиелеу және даму мақсаттары неде?

    Әдістемелік нұсқау: Шығармашылық – адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі. Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкіртін өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Оқушы шығармашылығы үнемі ұстаз, сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Шығармашылықтың түрленрі көп. Алайда, біздің нысанамыз сөз өнері - өнердің биік шыны. Бұл ретте ұлы ұстаз А.Байтұрсыновтың сөз өнері туралы мына пікірі соншалықты бағалы.

    “Сөз өнері – адам санасының үш негізіне сүйенеді: 1. ақылға; 2. қиялға; 3. көңілге”.

    Ақыл ісі – андау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау.

    Қиял ісі – меңсез, яғни ойдағы бар нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеп суреттеп ойлау.

    Көңіл ісі – түю, талдау, яғни ұлы сыншының айтуынша, балаға сөз өнерін меңгерту үшін осы үш істі қарастыруымыз керек.

    Жалпы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға ең басты назарға алатын нәрсе:



    1. Өлең шығаруға, суырып салмалыққа үйрету, яғни сауат ашу.

    2. Ұйқасын тапқызу, сөзбен-сөзді байланыстыру.

    3. Алдарына ой тастау, логикалық қабылдауын дамыту.


    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Ерзакович Б.Г. У истоков казахского музыкознания. – А., 1987

    Қазақ мәдениеті :энциклопедиялық анықтамалық /[бас.сарапшы Әшірбек Сығай].-Алматы,2005.

    Тақырыбы:12-13. А. Жұбановтың қандай педагогикалық көзқарастары балалар музыкалық тәрбиесіне тән?

    Мақсаты: Ахмет Жұбанов Құрманғазы оркестрінің тұңғыш дирижері болды. Ол тұңғыш рет Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтектің, Тәттімбеттің күйлерін, көптеген халық әндерін оркестрге түсірді. Абай операсына дирижерлік еткен Ахмет музыка өнері бойынша Республикамызда тұңғыш рет академик болып сайланғанын түсіндіру.

    Тапсырма:

    Әдістемелік нұсқау: Ахмет Жұбанов Қазақстанда музыка искусствосының қай жанр, қай түрі болса да олардың дамуына белсене атсалысып, басшылық етуінің арқасында үлкен құрметке ие болды. Қазіргі Одак көлемінде мақтаулы жәрежеде дамыған музыкалық табыстың алғашқы бастамалары, ең қиын кезеңдері Ахмет Жұбановтың атымен байланысты. Музыка техникумын ұйымдастырушы да «Ұлт оркестірін» құрушы да, 1936,1949,1958 жылдары Москвада өткен қазақ әдебиеті мен искусствосының музыкалық жақтарын басқарушы да, 1937-1938 жылдар «Қыз жібек», «Ер торғын» операларына бірінші рет дирижер болған да, 1945 жылы қазақтың бірінші консерваториясынашуда барлық қиыншылықтардыөз мойнымен көтеріп, ұйымдастырушы да. 1945ж СССР Ғылым академиясының Қазақстандық филиалының жанынан искусство жанрын тану секторын құрып, оның жұмыстарын жоға қоюшы да – Ахмет Жұбанов. композитор Л. Хамидимен бірігіп жазған «Абай», «Төлеген Тоқтаров» опералары, «Сары», «Бақыт таңы», «Азат қызы», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» сияқты музыкалық пьесаларды, сондай-ақ ол басқа композиторлармен бірігіп бірнеше драмалық пьесалар, «Райхан», «Аманкелді» т.б. кинофильмдердің музыкасын жазған. Сонымен қатар симфониялық күрделі туындылар, қазақ күйлерінің тақырыбына арнап, бірнеше сюиталар, қобыз, скрипка, виолончельде ойнауға лайықтаған ария, романс, күйлер, фортепианода ойнап жүрген 20-ға жақын қазақ, тәжік, билерін тағы да басқа музыкалық шығармалар жазған. Сол қазақ композиторларының ән мен күйлері: «Сырымбет», «Ғалия», «Қорлан», «Айнам көз», «Гәкку» әндері, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей күйлері қазақтың осы күнгі опералық өнеріне нәр беріп, сүйегіне сіңген жатымды құбылыс болуы – халық мұрасына аса бір ізет, ғылыми терең талдаулар жасау арқылы келеді.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Ахмет Жұбанов /[құраст.: Н.С.Кетегенова, А.Қ.Омарова].-Алматы,2006.


    Тақырыбы: 14-15. Абай Құнанбаев қазақ халқының музыка ағартушылығында қандай роль атқарған?

    Мақсаты: Абай шығармалары оның көркем дүние ретінде ажырамас бөлігіне ұлттық өнердің жанрлары қалыптаса бастаған құнарлы топыраққа айналды. Абайдың қайталанбас музыка тілінің игілікті әсер үрдісі ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді, мұның өзі композиторларға жаңа шығармашылық міндет жүктейді. Абай әндерінің поэтикалық көркемдік қуат-қасиеті сарқылмақ емес

    Тапсырма: Композитор Абай дарынына қанат бітірген, ән нәрімен сусындатқан орта қандай еді? Оның композиторлық өнерінің бұлақ бастауы қайда?

    Әдістемелік нұсқау: Қазақ халқының мәдени тарихында Абай Құнанбаевтың алатын орны ерекше. Ағартушы ақын, жаңашыл композитор бір басына осындай сирек дарын қонған Абай қаламынан қазақтың музыка тілін абайлық стилмен байытқан тамаша әндер туды.

    Ғасырлар бойы дамыған қазақ ән өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында көркемдік пен кемелдіктің шырқау шыңына өрледі. Абай әнінің адам өміріндегі мән-мағынасы туралы өте бейнелі әрі терең тұжырым жасады.

    Өзгеге көңілім тоярсың,

    Өлеңді қайтіп қоярсың.

    Оны айтқанда толғанып,

    Іштегі дертті жоярсың.


    Сайра да зарла, қызыл тіл,

    Қара көңілім оянсың.

    Жыласын, көзден жас ақсын,

    Омырауым боялсың.

    Қара басқан қаңғыған,

    Қас нені ұға алсын?

    Көкірегінде оты бар,

    Құлағы ойлы ер салсын.


    Абай тек ән шығарушы ғана емес, ән-күйдің әділ сыншысы да. Ол ән-күй жөнінде көптеген терең, үлгілілі пікірлер айтты.
    «Туғанда дүние есігін ашады өлең,

    Өлеңмен жер қойнауына кірер денең…»


    Бұл арада өлең деген сөз ән мәнісінде айтылып тұр. Ол музыканың адам өміріне туғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін ілесе жүретінін аңғартады.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    Композиторы Казахстана/Под ред Ахметова М..- Вып .1-2.-А.:Жалын,1978-1981
    Каталог: ebook -> umkd
    umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Қазақстан Республикасының
    umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
    umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
    umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
    umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
    umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет