Жаттыѓу ж¦мысы


М.Ж.Кµпеев публицистикасындаѓы саяси-єлеуметтік мєселелері



бет72/74
Дата25.12.2021
өлшемі0,69 Mb.
#105431
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
b222
0007af3f-772bf1f8
М.Ж.Кµпеев публицистикасындаѓы саяси-єлеуметтік мєселелері

Павлодар ќаласы

«Жас дарын» мектебініњ

11-сынып оќушысы

Кобзина Салидат.

М.Ж.Кµпеев µзі µмір с‰рген к‰рделі дєуір діњ шындыѓын µз туындыларында тап басып суреттей білді. Б±л сипат оныњ шыѓармаларында шындыќпен кµрініс тапты. ¤ткен ѓасырдыњ аяѓы мен ‰стіміздегі ѓасырдыњ басындаѓы халќымыздыњ патшалыќ отарлау саясатына ќарсылыќ білдірген ±лттыќ ой-сана оянуыныњ бастауында , ел мен жер , болашаќ ±рпаќ таѓдырына жете кµз жібере алѓан ойшыл да к‰рескер , кµкірек кµзі ашыќ , оќыѓан ќазаќ зиялыларыныњ ќатарын М.Ж.Кµпеев толыќтырды.

¤з т±сындаѓы ќазаќтыњ кµрнекті аќындары секілді М.Ж.Кµпеев те єділетті ќорѓау, ар- тазалыѓын саќтау сияќты идеясын шыѓармаларыныњ негізгі арќау етті.

1907 жылы Ќазан ќаласында Х±сайын баспаханасынан оныњ «Сарыарќаныњ кімдікі екендігі», «Хал ахуал», «Тіршілікте кµп жасаѓандыќтан кµген бір тамашамыз» деген ‰ш кітабы жарыќ кµрді.

Жалпы, 1905-1906 жылдары М.Ж.Кµпеев шыѓармашылыѓыныњ идеялыќ жаѓынан терењдей т‰скен дєуірі. Б±л жылдары жазѓан шыѓармалары тегісінен ќазаќ халќыныњ бостандыќ, саяси-экономикалыќ праволарымен байланысты болып келеді.

Жазбагердің «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан енген «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі» атты еңбегі сол кез үшін мәні зор елеулі мәселелерді көтеруімен құнды. Олар мыналар : қазақ мүддесін қолдау үшін думаға депутат сайлау мәселесі; саяси көзқарасына байланысты түрмеге жабуды сынау ; патша әкімдерінің зорлық – зомбылықтарын әшкерелеу ; қысымға қарсы бірігіп күреспей , жоғарыдағыларға бас ұрып көне берушілікті , жікке бөлінуді анықтау ; ел мұқтажына жан ауыртпай , қара басының қамын көздейтіндерді сөзбен түйреу , әділдік жолына бас тіккен ерлерді үлгі ету.

1905 жылы енді қазаққа бір кеңшілік болғалы тұр , патшаның пейілі кеңіді, қазақ сияқты халыққа рахымы түсіп, 17 Октябрь монифесін шығарады деп ақын үлкен үмітте болады. Бізге енді кеңшілік туар, біздің халімізді патша осы уақытқа дейін ұқпай жүр екен – ау деген наныммен:

Сөз шықты біздің қазақ баласына,

Петрбор келіңіз деп қаласына.

Кеңшілік ойлай берсең келе жатыр,

Сахараның көшіп жүрген даласына, -

дейді. Шынында 17 Октябрь манифесінен, жаңа мемлекеттік дамудан жұрт үлкен үміт күтеді. 1905 жылы оқиғасы қазақ халқының құлағына тиіп қана қоймай, олардың арасында үлкен қимыл тудырды. Дума сайлауын бетке ұстаған құрылтайлар, жиылыстар қала, жәрмеңке сайын болып, онда көптеген саяси талаптар ұсынылды. Бұл жайында Мәшһүр Жүсіп былай дейді:

Патшаның құзырына тартып қалам,

Бас қосқан өңшей жүйрік білгіш адам.

Дін мен жалғыз жер емес сұраулары,

Сұраған бостандықты тегіс тәмән.(1,15)

Расында, ондай жиындарда дін, жер және ұлт бостандығы теңдік идеясы туралы ұлықтарға арыз – петициялар жіберілген. 1906 жылы сол жиылыстарды ұйымдастырушылардың көбісі жер аударылған. Олар – жаңа қалыптаса бастаған ұлттық интелегенциясының өкілдері еді.

Мәшһүр Жүсіп қазақ халқының Ресей империясына қаруын өз заманында болып өткен тарихи оқиғаларға байланысты жан – жақты суреттеген. Сол кездегі екі жақты психология, екі топ арасындағы тартыс орыс ұлықтарының пайдасына шешілді.

Бұл мақала он тоғызыншы ғасырдың қоғамдық – саяси жағдайын дұрыс түсіне біліп, талдап көрсетумен құнды. Ол бұл еңбектің отты екпіні мен жоғары эмоционалдығы көрінеді. Бұл орайда: «Осы күнде байқап қарасақ, қазақта ешкімнің есесі жоқ. Ол қалайша жоқ десек, қазақ жерін қала салумен бір алды. Бастықтарының қафизесі (усадьба) деп ағашты, шабындық жерлерді ат қойып, учаскі деп ала берді. Қазақ жерін өзі тастап келе алмай неше жыл бойы көгіне ақша төлеп, қысы – жазы малының қорегі үшін сатылып, кедей болды. Бүйтіп сатып жеп қалайша күн көреміз деп суырма жонға қыстап еді. Жан сақтап, күн көріп жүрген жерлерін мұжыќ келіп егініне лайықты етіп алды. Еркекте ақыл қала ма, өз қонысынан ауған соң. Әйелде ақыл қала ма, біруден сауын сауған соң.

Азғантай ақылынан айырылып, жауыр амалынан береке қашып, оның үстіне өлім – шығын, земелке деген қаптап, ел аралаған начальник, чиновниктердің жалдап мінген аттарының майын алмай қанығып кетті. Бұқар, Ташкент барсаң, сарттың малайы қазақ. Малайлықта жалғыз –жарым болып кеткендер ауырса, суын беріп, кім басына жастық қойып, иман айтуға кім даяр тұрады? Өлсе кім жаназа шығарады? Осындай қиыншылықтан тірімізге иман, өлгенімізге жаназа жоқ болып, адам тәрбиесінен қалдық»,(1,16) - деп ашына жазады автор.

Бұл ойын Мәшһүр Жүсіп одан әрі: «бір жерде бір қазақты бір мұжық атып тастаса, қазақ өлгенін қолына алып, көшіп қонып ел аралап кетеді. Ал сары орыс үйінде жанынан тыныш отыра береді. Бір қазақты бір қазақ - орыс пышақтап жарып тастаса, қазақ – орысқа сот жоқ, көшеде ойнап – күліп жүре береді»,(1,17)- деп жалғастырады.

Қазақ ұлтын қорлаудың шегіне жеткен түрі осы. Бұл шығарманың кульминатциясы да осы жолдарға келіп тіреледі. қазақты қонысынан аударғаны. Ел билейтін азаматтарға билік бермеуі, малын тартып алуы бұлай тұрсын, енді патша отаршылдары жергілікті халықты өлтіруге кірісті. Отаршылықтың ең жабайы әдісі – халықты аяусыз қыру. Қазақтың басына да осы ауыр күн келді. Туғанын мұжық өлтірген соң , қазақ амалсыздан басқа қоныс іздеуге мәжбүр болды. Қазақ жоғары әкімдерге арыздана алмайды. Себебі оның құқығы жоқ. Қазақтың сөзін чиновник тыңдамайды. Көзге ілмейді. Бұл – Ресей империясының жергілікті халық құқығын аяққа басқан, отаршылық саясатының көріністерінің бірі. Мәшһүр Жүсіп өзі көріп отырған қиянатты ашына жаза отырып, Ресей бұғауына бекер түстік деп күйінеді. Әділет пен ер басқарған бұрынғы билер жолын аңсайды. Ол заманды «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман болды» , - дейді.

Мәшһүр Жүсіп отарлық саясаттың қазақ ұлтының дәстүрлі ел билеу тәсіліне кесірін тигізгенін айтады. Орыс отаршылдары қазақты құлдықта ұстау үшін әдейі бұрынғы, ел билеу дәстүрін бұзып, ауылнайлық, болыстық билеу жүйесін кіргізді. Орыс чиновниктері надан, топас адамдарды ауылнай, болыс сайлап қояды.Б±л елде надан, жалқау,өсекші, жағымпаз адамдардың көбеюіне әкелді.

М.Ж.Көпеевтің қайраткер ретінде қалыптасу кезеңінде «Дала уалаяты газетінің» алатын орны ерекше. Бұл газеттің бетінеде оның жиырма төрттен астам проблемалық мақалалары, өлеңдері мен қатар қазақтың билері мен шешндерінің сөздері жарияланған.

М.Ж.Көпеевтің публицистикалық шығармалары әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ. Дегенмен, М.Ж.Кµпеевтіњ ењбектері соњѓы он шаќты жылдар шамасында біршама зерттелді деуге болады. Алѓашќы зерттеушілер ќатарына Д.Е.Белослюдовты, Е.Ысмайыловты,Д.Єбіловты, С.Сейфуллинды, М.Єуезовты, Є.Ќоњыратбаевты,т.б. атауѓа болады. Соњѓы кезењде кµптеген ѓалымдар М.Ж.Кµпеевтіњ ењбектері негізінде ѓылыми диссертациялар ќорѓауда. Атап айтсаќ, С‰тжанов С, Ж‰сіпова Г.Ќ, Ж‰сіпов Н.Ќ, Ж‰оіпова Л.Ќ, Ж‰сіпов Е.Ќ .

М.Ж.Кµпеевтіњ публицистикасын профессор Кырықбай Алдабергенов екі салаға бөліп қарастырған. Біріншісі - өлең түрінде жазған публицистикалық шығармалары. Екіншісі- µлењ мен ќарасµз аралас жазылѓан.

Бұл екі кітаптағы өлеңдердің мазмұны ұқсас. Екеуінде де ХХ ғасырдың өмірі жазылған. «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабының, «Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабынан өзгешелігі - мұндағы бір бөлім қарасөзбен жазылған.

Мысалы, «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітабы алты өлең топтамасынан тұрады. Бірінші өлең тоғыз бөлімнен құралған. Екінші өлең тақырыбы «Қара өлең», «Қазақтың қылып жүрген жұмысы», «Үш рет сөз» (он үш бөлімнен құралған), «Сәлем хат», «Жалғанда таппай бір…»

Қазақ оқығандары үшін сол кездің басты мәселесі – отаршылдықты жою еді. Соны Мәшһүр Жүсіп Көпеев былай деп жырлайды:

Бар құдай бізге жақын таңыңды атыр,

Болар ек, атса таңың бізде батыр .

Қазаққа құлақпен көз болған ерлер,

Тұтқында білесіз бе, неден жатыр.(2,12)

Бұл жерде Мәшһүр Жүсіптің айтып отырған ерлері кімдер еді? Птша езушілеріне қарсы үн көтерген адамдар қазақтың ақсүйектері арасында да аз болмаған. Үкімет саясатына қарсы шығып, ұлт мүддесін көздегендерді патша чиновниктері қызметтен аластатып, қуғынға түсірген. Сондай қуғын көрген азаматтар қазақ жерінде де болған. Сталиндік репрессия, кейінгі тоқырау жылдары тұсында ақсүйек әулеттерінен шыққан күғын көріп, баспасөз бетінен орын ала алмады, сөйтіп олардың есімдері архивтерде шаң басып жатып қалды. Сонда басты тұлғалардың бірі – Поштаевтар әулетінен шыққан азамат. Мәшһүр ол туралы «Сәлем хат» өлеңінде былай жазады:

Қарадан хан боп өткен бабаң Поштай,

Қолына жұрт билігін ту ғып ұстай.

Халқына бақташы боп болған қорған,

Шарықтап ағып түскен қыран құстай.

Поштай мен қатар шығып Шоң мен Шорман,

Сонда бір түзу заман болып тұрған .

Наурызбай, Кенесары толқынында,

Поштай еді көп жұртқа болған қорған.(2,13)

Сµйтіп, Мәшһүр Жүсіп қазақ қоғамының жан айқайын түсіне білді.

Оны ашына жырлады. Қазақтар босқа даурығысып, құр мансапқа таласып жүргенде, ел мен жерді орыстар басып алып, қоныстанып жатқандығын айтты. Ол қазақтың ата – қонысының қолдан кете бастағанына күйінді. Жұрттың күйзелген қамын ұлт ынтымағы арқылы түзетуге болады деп ұғынады.

Шынында да, Мәшһүр Жүсіп Көпеев халқына саяси - әлеуметтік бостандықты талап еткен ХІХ ғасырдың басындағы алғашқы қайраткерлер қатарына жатады. Ол өз шығармалары арқылы патша өкіметінің саясатына қарсы наразылық білдірушілердің бірі болды. Қылышынан қан тамған үкіметтің жендентерінен қаймықпай, қазақ халќының қоғамдық және мәдени мүдделеріне сай қажеттіліктерді батыл баяндайды. Жазушының негізгі еңбектерінде сол кездегі қазақ елінің тұрмыс жайы, патша әкімдерінің қалың бұқараға көрсеткен зорлық – зомбылығы, халықтың жер – суынан айрылып, ығыса көшуі, 17 Октябрьдегі манифес, тағы басқалары сөз болдаы.

Сонымен қатар, ол қазақ даласының өз еркімен орыс патшасының бодандығына өтуін орны толмас қате деп есептеді. Және де би – болыс, ауылнай сияқты елдің атқамінер тобын сынай отырып, осы кесел – кемшліктердің түп негізін қазақ қоғамындағы патша үкіметі орнатқан тәртіптен іздейді.

Бұл шығармадағы жарты ғасырға (ХІХ ғасырдың 80 жылдарынан ХХ ғасырдың 30 жылдарына дейін) жуық уақытты қамтитын Көпеевтің дүние танымы өте күрделі. Төл туындыларында өз кезеңі үшін өзекті мәселелерді көтеруі, атап айтқанда, ел ішіндегі ұнамсыз қылықтарды сынап, би – болыстармен патша әкімдерінің келеңсіздіктерін әшкерелеп, халықты оянуға, ұлттық мәдениет пен өнерді көтеруге шақыру парасаттылығын, озық ой – көз қарасын байқатады. Оның айғағы – «Дала уалаятының газеті» мен «Айқап» журналының бетерінде жарық көрген мақалалары және Қазақ қаласында басылып шыққан кітаптары. Керзаманда «Аяғын көсіле алмай, қолын соза алмай., құрттай божынаған тыңшы қорған, байлаған төбеттей арпалысқан сензор қойып ноқта кесті көмсіп, жетекші қылып алған жұрттың ортасында жүріп сөйлеген М.Ж.Көпеев осы» ,(3,9) - деп патша үкіметінің бұратана халықты бұғауда ұстамақ арман ниетіне ашық қарсылық білдірген ақынды патша үкіметі саяси қудалауға алып, кітаптарын «зиянды» деп айтқан.

Түптеп келгенде Мәшһүр Жүсіптің қайраткер, ірі ақын - публицист ретінде қалыптасуына зор ықпал еткен де осы қоғамдық даму мен оның қайшылықтары, ұлт аймақтарындағы езгінің күшеюі, сол кезеңдегі қазақ халқының тағдыры жөніндегі ой түйіндері еді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет