Жауапты редакторы профессор Әбілаков Ә. Ә



бет8/16
Дата22.03.2017
өлшемі5,44 Mb.
#12079
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
§ 56. СЫН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Қосарлану, қайталану арқылы жасалған күрделі сын есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жақсы-жаман, ұзынды-қысқалы, балалы- шағалы, үлкен-үлкен, ұзын-ұзын, кішкене-кішкене т. б.

2. Күшейткіш буын арқылы жасалатын күшейтпелі шырай сын есімдер де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: жап-жасыл, сұп-сұр, кіп-кішкентай, әп-әдемі т. б. Тек ақ, көк сөздері ғана күшейтпелі шырай тұлғасында аппақ, көкпеңбек түрінде біріктіріліп жазылады.

3. Бірнеше сөздің тіркесуі арқылы жасалған күрделі сын есімдер бөлек жазылады. Мысалы: қызыл ала, ұзын бойлы, қара торы, ал қара көк т. б.

4. Күшейткіш үстеу арқылы жасалатын күшейтпелі шырай тұлғалы күрделі сын есімдер де бөлек-бөлек жазылады. Мысалы: өте әдемі, тым жақсы, нағыз адал т. б.


§ 57. СЫН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыш болып тұрады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан (А) деген сөйлемде сұр

53
және (түсі) суық деген сын есімдер (кандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Сөйлемде анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың әр түрлі сыр-сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді. Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп, те анықтауыш болады. Мысалы: жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының (яғни жақсы адамның) кімнің? (жақсылығын) деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.

2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнін баяндауышы да болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің (Ж). Әлсіз адам сүріншек (мақал). Бұл сөйлемдерде көркемсің (II жақ), сүріншек (ІІІжақ) сөздері жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш та болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж). Гүлнар бөлмесін таза ұстайды деген сөйлемдерде желдей, (қалай құйындатқан?) таза (калай ұстайды?) деген сын есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

4. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.

5. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады. Мысалы: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (А.) деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кім болсын кез?) деген сын есімдер заттанып келіп (адамға деген мәнде) толықтаауыш қызметін атқарып тұр.
Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сын есім деген не? 2. Сын есім зат есімнің кандай мағыналық белгілерін білдіреді? 3. Сын есім қалай жасалады? 4. Негізгі сын есім деген не? 5. Туынды сын есім деген не? 6. Есім сөздерден сын есім тудыратын жұрнақтарды атап, мысалдар келтір. 7. Етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтарды атап, мысалдар келтір. 8. Қандай белгілеріне қарап сын есім сапалық және қатыстық болып бөлінеді? 9. Құрамы, тұлғасы жағынан сапалық және қатыстық сын есімдердің кандай ерекшеліктері бар?

54
10.Қатыстық сын есімдер сапалық сын есімдерге қалай ауысады? Мысал келтір. 11. Сын есімнің шырайы деген не? 12. Шырай түрлері қандай сын есімнен жасалады? 13. Салыстырмалы шырай деген не? Қалай жасалады? 14. Күшейтпелі шырай деген не? Қалай жасалады? 15. Сын есімнің емлесін айт. 16. Сын есім сөйлемде қандай қызметтер атқарады? Не себепті сын есімнің негізгі қызмсті — анықтауыш делінеді? 17. Сын есімнің заттануы деген не?
САН ЕСІМ.
§ 58. САН ЕСІМ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Ж.). Атадан — алтау, анадан — төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ (А.)деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың (жас, біз я адам) мөлшерін, санын білдіріп тұр. Осындай заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп қанша? неше? нешеу? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап беретін сөз табын сан есім дейді.

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп колданылады. Мысалы: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты (Ж.) деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) ж а с деген зат атаулының санын білдіріп тұр. Кейде саң есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны (ол алғашқы сөйлемнен белгілі болады), әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты (Ж.) деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр.

Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып екіге бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу т. б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт т. б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес т. б.
§ 59. САН ЕСІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.

Сан есімдер мағынасына (нені білдіруіне) қарай 6 түрге бөлінеді: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, бөлшектік сан есім, топтау сан есім, болжалды сан есім.



55
Есептік сан есім.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жүз жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т. б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
2. Реттік сан есім.
Реттік сан есім заттың саналу ретін (катарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе -ншы, -нші, дауыссызға аяқталса — -ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-ншы, жүз отыз бес-інші т. б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі. 1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) қойылады. Мысалы: Ол 6 қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т. б.

2. Реттік сан есімдер рим цифрмен берілсе, жұрнақтың орнына дефис койылмайды. Мысалы: VI класс оқушылары жиналыста отыр. Біз IV үйде тұрамыз т. б.

3. Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады т. б.


3. Жинақтық сан есім.
Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу? деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті, деген есептік сан есімдерге -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы -ы, -і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу,екеу, алты-ау алтау, жеті-еу жетеу.

Жинактық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.


4. БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМ.
Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан?

56
сияқты сұрақтарға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалды:

1) Есептік сан есімдерге -лаған, (-леген), -даған, (-деген), -таған, (-теген), -лап, (-леп), -дап, (-деп), -тап, (-теп), -дай, (-дей), -тай, (-тей) жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай т. б.

2) Есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т. б.

3) Есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген т. б.

4) Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңга тарта, отызға жақын т. б.
5. Топтау сан есім.
Топтау сау есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топ-тау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шыгыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден т. б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан т. б.), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден т. б.), косарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) т. б. қолданылады.
6. Бөлшектік сан есім.
Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан есімдер жай бөлшек және ондық бөлшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік сан есімнің бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін (1/2), ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10) т. б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімге жарты, жарым, ширек сөздердің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек т. б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2, 3), бес бүтін төрт жүздік (5, 04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т. б.
§ 60. САН ЕСІМНІҢ ЕМЛЕСІ.
1. Күрделі сан есімнің әр сыңары бөлек жазылады. Мысалы: жүз бір, жиырма бесінші, бір мың тоғыз жүз сексен бес т. б.

2. Цифрмен таңбаланатын дара және күрделі сан есімдерге жалғанатын жалғаулар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: Ол 25-ке толды, мен 6-дан 7-ге көштім. т. б.



57
3. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -інші, -ншы, -нші жұрнағының орнына дефис (-) жазылады да, рим цифрымен берілсе дефис қойылмайды. Мысалы: 5-класс, 23-қатар, 105-мектеп, бірақ X класс, XX ғасырдағы әдебиет, III том т. б.

Күн, жыл аттарымен тіркесіп келген реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе де, дефис жазылмайды. Мысалы: 1992 жыл 7 қазан, 8 наурыз, 1945 жыл т. б.

4. Екі, алты, жеті деген сандарға болжалдық сан есімнің -ау, -еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдін соңғы қысаң ы, і дыбыстары түсіп қалады. Мысалы екі екеу, алты алтау, жеті жетеу:

5. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: ІОО-деген, 1000-дап, сағат 5-терде т. б.

Болжалдық сан есімдердің қосарлану арқылы жасалған түрлері сөзбен жазылса да, цифрмен жазылса да, арасына дефис қойылады. Мысалы: қырық-елу уй, 40—50 уй т. б.

Болжалдық сан есім жасайтын шамалы, шақты, қаралы, тарта, жуық, таман, жақын, сондай-ақ бөлшектік сан есім жасайтын жарты, жарым, ширек сөздері өздері тіркескен сандардан сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де бөлек жазылады. Мысалы: мың қаралы, 100 шамалы, елуге тарта, 40-қа таман, он бір жарым, 2 жарты, бір ширек т. б.

6. Қосарланып айтылған топтау сан есімдері сөзбен берілсе де, цифрмен берілсе де дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: он-он-нан, 1015-тен, 2020-дан т. б.

Есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есімдер зат есімше септеледі.


Септік түрлері

Есептік

сан есім


Реттік сан

есім


Жинақтық

сан есім

күрделі түрі




А.

I.

Б.

Т.

Ж.

Ш.

К.

екі

екінің екіге екіні екіде екіден екімен

үшінші үшіншінің үшіншіге үшіншіні үшіншіде үшіншіден үшіншімен

бесеу

бесеудің бесеуге бесеуді бесеуде бесеуден бесеумен

жүз жиырма төрт

жүз жиырма төрттің жүз жиырма төртке жүз жиырма төртті жүз жиырма төртте жүз жиырма төрттен жүз жиырма төртпен

58
61. САН ЕСІМНІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ.
1. Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретіндіктен, әдетте, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреудің ебі жоқ (жұмбақ) деген сөйлемде екі сан есім (неше?) достың деген сөзді, біреуінің (кімнің?) ебі дегенді анықтап тұр. Сан есім ілік септікте заттанып тұрып та анықтауыш бола береді.

2. Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауыш та болады. Мысалы: Атадан — алтау, анадан — төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А). Біз екеу едік (Б. М.) деген сөйлемдерде алтау (біз алтаумыз), төртеу (біз төртеуміз) сөздері нешеу? (нешеуміз?) деген сұраққа, екеу едік деген нешеу едік? деген сұраққа жауап беріп, жіктеліп келіп (алтау, төртеу дегендердің І-жақ жіктік жалғауы елең сөздін ерекшелігіне байланысты түсіп қалған) баяндауыш қызметін атқарып тұр.

3. Сан есім атау септікте тұрып бастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) дегенде алтау, төртеу сөздері кім? (ала болса, түгел болса) деген сұраққа жауап беріп, атау септікте тұрып бастауыш болып тұр.

4. Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп пысықтауыш та болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.) Біз екі-екіден бөліндік деген сөйлемдерде жетпіс үште (қашан кездесіп?), екі-екіден (қалай бөліндік?) пысықтауыш болып тұр.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктердің бірінде келіп, толықтауыш кызметін де атқарады. Мысалы: Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал) деген сөйлемде бірді, мыңды деген сан есімдер табыс септікте тұрып, кімді жығар? деген сұраққа жауап беріп, толықтауыш болып тұр.

6. Сан есім зат есіммен я катыстық сан есіммен тіркесіп келіп сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш турлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды деген сөйлемдерде үш түрлі (қандай кедергі?) 75 центнер (қанша бидай?) күрделі анықтауыш болып тұр.

Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Сан есім деген не? 2. Сан есім зат есімнің қандай мағыналық белгілерін білдіреді? 3. Күрделі сан есімдер қалай жасалады? 4. Күрделі сан есімдер (тіркескен және қосарланған) калай жазылады? 5. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді? 6. Есептік сан есімдердің ерекшеліктері неде? 7. Реттік сан есім нені білдіреді және калай жасалады? 8. Реттік сан есімнің емлесін айт. 9. Жинақтык сан есімнің ерекшелігі неде? 10. Болжалдық сан есім нені білдіреді және калай жасалады? 11. Топтау сан есімнін ерекшелігі неде? 12. Бөлшектік сан есімнің ерекшелігі неде? 13. Сан

59
есімнің емлесін айт. 14. Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады? Мысалдармен талдап көрсет.
ЕСІМДІК.
§ 62. ЕСІМДІК ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұскап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнынаа колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сұрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздық есімдігі; 7) белгісіздік есімдігі.
§ 63. ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ.
Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:


жак

жекеше

тұрі

көпше

түрі




/

II сыпайы III

мен

сен

сіз

ол

біз, біздер

сендер

сіздер

олар

Бірінші жақ — айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тындаушы жақ. Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сұраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жак. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.

60
Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.

Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.


Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі


Септік__мен__сен'>Септік

мен

сен

ол

біз

сіз




А.

мен

сен

ол

біз

сіз

I.

ме-нің

се-нің

о-ның

біз-дің

сіз-дің

Б.

ма-ған

са-ған

о-ған

біз-ге

сіз-ге

Т.

ме-ні

се-ні

о-ны

біз-ді

сіз-ді

Ж.

мен-де

сен-де

о-нда

біз-де

сіз-де

Ш.

ме-нен

се-нен

о-дан

біз-ден

сіз-ден

К.

мені-мен

сені-мен

оны-мен

біз-бен

сіз-бен

Септік

сендер

сіздер

олар

А.

сендер

сіздер

олар

I.

сендер-дің

сіздер-дің

олар-дың

Б.

сендер-ге

сіздер-ге

олар-ға

Т.

сендер-ді

сіздер-ді

олар-ды

Ж.

сендер-де

сіздер-де

олар-да

Ш.

сендер-ден

сіздер-ден

олар-дан

К.

сендер-мен

сіздер-мен

олар-мен


Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-га айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, көмектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлгасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.

Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жақтың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.


Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.


жақ

мен, біз

сен, сіз, сендер,сіздер

ол, олар




/

мен-мін

біз-біз

-



II

-

сен-сің, сіз-сіз











сендер-сіңдер












сіздер-сіздер







III





олар, ол




























61
Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет