§ 39. ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР.
Кейбір күрделі атаулар, мемлекет, мекеме, ұйым аттары бірнеше сөздің тіркестерінен құралып, кейде қысқартылып та
37
қолданыла береді. Мысалы: Машина-трактор станциясы деген МТС болып, Америка Құрама Штаттары деген АКШ болып, Біріккен Ұлттар Ұйымы деген Б¥¥ болып, Қазақтың мемлекеттік университеті деген ҚазМУ болып кысқарып та жұмсалады. Осындай күрделі атаулардың белгілі тәсілдермен қысқартылып алуын қысқарған сөздер дейді.
Күрделі атаулар әр түрлі жолдармен кыскартылады.
1. Күрделі атау құрамыңдағы сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: Б¥¥ — Біріккен Ұлттар Ұйымы, ҒА — Ғылым Академиясы, ХШЖК — Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, КТУ — кәсіптік-техникалық училище т. б.
Бұндай қысқарған сөздер бас әріппен жазылады да оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: АКШ-тың (Америка Құрама Штаттарының), ҒА-нан (Ғылым академиясынан).
2. Күрделі атау құрамындағы бірінші сөздің бас буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптерінен құралады. Мысалы: ҚазМИ — Қазақтың медицина институты.
Бұндай қысқарған сөздердің бірінші буынындағы бірінші әріп пен кейінгі сөздерден қысқартылып алынған бірінші әріптері бас әріппен жазылады да, оларға қосымша дефис (-) арқылы жалғанады. Мысалы: ҚазМУ-дің (Қазақтың мемлекеттік университетінің) студенті, ҚазТАГ-тің (Қазақтың телеғраф агенттігінің) мәлімдемесі.
3. Күрделі атау құрамындағы сөздердің бірінші буындарынан немесе бірінші сөздің бірінші буыны мен келесі сөз тұтасымен бірігіп құралады. Бұндай қысқарған сөздер кіші әріппен жазылады да, қосымша әдеттегі сөздей (дефис арқылы емес) жалғанады, яғни қосылып жазылады. Мысалы: обкомға (облыстық комитетке) барды, ауаткомда (аудандық атқару комитетінде) болды, педучилищеге (педагогтік училищеге) түсті, медпункттің (медициналық пункттің) алдында т. б.
4. ГАЗ-51, ТУ-154, Ил-86, АН-24 тәрізді техника түрлерінің (самолет, машина, трактор т. б.) маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұңдай қысқарган сөздер бас әріппен жазылады да, қосымша дефис арқылы жалғанады. Мысалы: ТУ-154-пен ұшып келді.
5. Әр түрлі өлшемнің атауы болып табылатын м (метр), см (сантиметр), кг (киллограмм), т (тонна), га (гектар), ц (центнер), т. б. (тағы басқа), тәрізді белгілер де қысқарған сөздер болып табылады. Бұлар кіші әріппен жазылады да, қосымша жалғанбайды.
§ 40. ТІРКЕСТІ СӨЗДЕР.
Екі я одан да көп сөздер тіркесіп келіп бір ұғымды білдіретін күрделі сөздер тіркесті сөздер деп аталады. Бұлар мағынасы жағынан біріккен сөздер сияқты бір ұғымның атауы болып келеді, бірақ бөлек жазылады. Мысалы: боз торғай, сөз таптары, қара торы, уш жуз т. б.
38
Тіркесті сөздерге күрделі зат есімдер (мәдениет сарайы, Алматы қаласы, ауыл шаруашылығы т. б.), күрделі сын есімдер (кара кер, бидай өңді, ат жақты, ұзын бойлы т. б.), күрделі сан есімдер (он үш, екі жүз сексен бес т. б.), күрделі үстеулер (күні бойы, ала жаздай, ертеден қара кешке дейін т. б.) жатады.
Пысықтау үшін сұрақтар.
1. Дара және күрделі сөздердің ара қатынасы қандай? 2. Күрделі сөздердің жасалу жолына қарай қандай түрлері бар? 3. Күрделі сөздердің ерекшеліктері қандай? 4. Біріккен сөздер деген не? 5. Кіріккен сөздер деген не? 6. Біріккен сөздерге жататын қандай күрделі атауларды білесің? 7. Біріккен сөздердің, емлесі кандай? 8. Қос сөздің қандай түрлері бар? 9. Қайталама қос сөздердің қандай жасалу жолдары бар? 10. Қосарлама кос сөздердің құрамы қаңдай болады? 11. Қос сөздің емлесін айт. 12. Сөздерді колданудың жолдарын талдап бер. 13. Қысқарған сөздердің емлесін түсіндір. 14. Тіркесті сөздердің емлесін айт.
МОРФОЛОГИЯ.
§ 41. НЕГІЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ СӨЗДЕР.
Сөйлемде қолданылған сөздердің мағыналары бірдей, біркелкі бола бермейді. Сөздердің көпшілігі белгілі бір ұғымның атауы болады да жеке тұрғанда да лексикалық мағына білдіреді. Ал кейбір сөздер жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды, сөйлемде екінші бір сөздердің жетегінде қолданылып, сол сөздің мағынасын толықтырып, күшейтіп тұрады немесе сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек ушін (Абай). Бұл сөйлемдегі 5 сөздің төртеуі жеке тұрып та белгілі бір мағына білдіреді.
Мен — айтушы адам, жазбаймын — қағаз бетіне сөз түсіру (түсірмеу), өлеңді — әнмен немесе белгілі бір ұйқаспен айтылатын сөз, ермек — уақыт өткізу үшін жасалатын әрекет. Ал ушін дегеннің бұндай мағынасы жоқ. Бұл сөйлемде үшін деген сөз ермек деген сөздің жетегінде тұрып, сол сөзге мақсаттық мән үстейді де, ермек сөзін жазбаймын дегенмен байланыстырады. Міне, осындай сөйлемде белгілі бір мағына білдіретін, белгілі бір ұғымның атауы болып табылатын сөздерді негізгі сөздер деп атайды да, ондай мағына білдіре алмайтын, тек басқа сөздердің жетегінде жұмсалатын сөздерді көмекші сөздер дейді. Негізгі сөздер өз бетімен белгілі бір мағынаны білдіретіндіктен, сұраққа жауап бере алады, сондықтан сөйлем ішінде белгілі бір сөйлем мүшесі бола алады. Ал көмекші сөздер жеке тұрып мағына білдіре алмайтындықтан, сұраққа жауап та бере алмайды, демек, өз бетімен жеке сөйлем мүшесі де бола алмайды. Әдетте көмекші сөздер өзі жетегінде жұмсалатын сөзбен қабаттасып қолданылады, сол сөзге қосымша
39
мән үстейді немесе ол сөзді баска сөзбен байланыстырып тұрады. Жоғарыдағы сейлемді талдасақ былай болар еді.
Кім жазбаймын?— м е н — бастауыш. Мен не істеймін?— жазбаймын — баяндауы- ш. Нені жазбаймын?— ө л е ң д і — толықтауыш. Не үшін (мақсатпен) жазбаймын?— ермек үшін — пысықтауыш.
Үшін деген сөзге жеке сұрақ қоюга болмайды, өз бетімен сөйлем мүшесі де бола алмайды, ермек пен жазбаймын сөздерін байланыстырып, мақсаттық мән үстеп тұр.
СӨЗ ТАПТАРЫ.
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде аткаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау, одағай.
§ 42. ЗАТ ЕСІМ.
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұракка жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), әнші (кім?), іні (кім?), тау (не?), ауыл (не?), ақыл (не?), мал (не?), құс (не?) т. б. Адамға байланысты зат есімге кім? деген, адамнан басқа зат атауларына (жансыз және мал, аң, құс, балық т. б.) не? деген сұрақ қойылады.
Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады; Заттардың даралап, жекелеген түріне ғана қойылатын ерекше аты жалқы есім деп аталады. Мысалы: кісі, адам деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Байжан, Гүлнар десек, бұл адам атаулының бәріне емес, тек қана жеке кісілерге тән ат. Жалқы есім әдетте кісі аттары, әкесінің аты мен фамилиясы, мемлекет, ре-спублика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, завод-фабрика аттары, географиялық (жер, су, т. б.) атаулар, әр түрлі шығарма (газет, журнал, кітап, ән-күй, би т. б.) аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнап қойылған (мысалы, Тайбурыл, Құлагер т. б.) аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріппен басталып жазылады.
§ 43. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАСАЛУЫ.
Зат есім негізгі және туынды зат есім, күрделі зат есім болады. Туынды зат есімдер жұрнақтар арқылы жасалады. Мысалы: қой-шы, куй-ші, ай-лық, жақсы-лық, біл-ім, аялда-ма, бұр-ғы, айт-ыс, куре-к т. б.
Зат есімдер бірігу, қосарлану, тіркесу арқылы да жасалады. Олар күрделі зат есім деп аталады. Мысалы: өнеркәсіп, белбеу, ашудас, Көкшетау, Сарысу, аяқ-табақ, азық-тулік, ауыл-аймақ, қант қызылшасы, қызыл отау, Арал теңізі т. б.
40
ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР.
Қазақ тілінде зат есім болып саналатын сөздердін көпшілігі қосымша арқылы жасалған туынды сөздер болып табылады. Ондай жұрнақтар үлкен екі топқа бөлініп жүр.
1. Есімдерден (зат есім, сын есім, сан есім т. б.) зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар.
-шы, -ші: етік-ші, ән-ші, балық-шы, аң-шы т. б. Бұл жұрнақ арқылы жасалған сөздер көбіне кәсіп, мамандык, бірдеңеге икемділікті білдіреді.
-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: жақсы-лык;, шебер-лік, шын-дық, дос-тық т. б. Ондай сөздер жалпылық, қалыптық, қатыстық мән білдіреді. -шылық, -шілік құранды (-шы+лық, -ші+лік) жұрнағы: егін-шілік, кем-шілік, тір-шілік, айырма-шылық т. б.
-ша, -ше: бөлім-ше, кітап-ша, маңдай-ша т. б. -шық, -шік: ойын-шық, уй-шік, қап-шық т. б. -ыл, -іл, -л: тарс-ыл, гурс-іл, дір-іл, т. б. Бұл жұрнақ көбінесе еліктеу сөздерге жалғанып, сол кұбылыстың атын біддіреді. -хана, -стан, -кеш сияқты араб-парсы тілдерінен енген қосымшалар: дәрі-хана, кітап-хана, Қазақ-стан, арба-кеш т. б.
2. Етістіктен зат есім сөздерін тудыратын жұрнақтар:
-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: бөл-ме, мін-бе, тоқы-ма, кес-пе т. б. -ым, -ім, -м: бөл-ім, біл-ім, тый-ым, тоқта-м, байла-м т. б. -қы, -кі, -ғы, -гі: шап-қы, бұр-ғы, суз-гі, ашыт-қы т. б. -ыс, -іс, -с: жең-іс, айт-ыс, бөл-іс, тала-с, тойтар-ыс т. б. -ык,, -ік, -қ, -к: қазы-ық, көр-ік, тукір-ік, тоз-ық, сұра-қ, тіле-к т. б. -ақ, -ек, -қ, -к: қон-ақ, тіре-к, күре-к, жат-ақ т. б. -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш: бас-қыш, сүз-гіш, қыр-ғыш, сыпыр-ғыш т. б. -ын, -ін: жау-ын, ег-ін, туй-ін, жи-ын т. б. -ыш, -іш, -щ: қуан-ыш, суйен-іш, өкін-іш, қызған-ыш т. б.
-уыш, -уіш: тырна-уыш, еле-уіш, туйре-уіш т. б. -ман, -мен: оқыр-ман, көрер-мен т. б.
§ 44. ЗАТ ЕСІМНІҢ ЖАЛҒАУЛАРЫ.
Зат есімнің түрлену тұлғалары оның жалғаулары болып табылады. Жалғаулар, бір жағынан, өзі жалғанған сөзге белгілі бір грамматикалық мағына үстесе, сөйтіп, зат есімнің сөз түрлендіру жүйесінің бір көрінісі болып табылса, екінші жағынан, өзі жалғанған сөзді екінші бір сөзбен байланыстырады. Қазақ тілінде жалғау төрт түрлі: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, септік жалғау және жіктік жалғау. Зат есім негізінен көптеледі, тәуелденеді және септеледі. Тек адамға байланысты не адамға қатысты зат есімдер ғана жіктеле алады. Мысалы: мен бала-мын, сен бала-сың, сіз бала-сыз, ол бала, ал мен уй-мін, сен аспан-сың т. б. сияқты қолданылмайды, Кейде адам мәнінде салыстыру үшін қолданылған зат есімдер жіктеледі. Мысалы: мен асқар тау-мын, сен төбе-сің; Сен темір-сіқ, мен көмір-мін, еріт-келі келгенмін т. б.
41
§ 45. КӨПТІК ЖАЛҒАУ.
Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер сөзге (зат есімге) үндестік заңы бойынша бір түрлі жалғанып, заттың кептігін білдіреді. Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т. б.
Көптік жалғау тек өзі жалғанған сөз білдіретін заттың көптігін ғана емес, сонымен бірге сол зат көпке ортақ екенін де білдіреді. Мысалы: үйлеріңе қайтыңдар, қонақтар шайларын ішті дегенде үйдің, шайдың кептігі емес, сол заттар қатысты адамдар (сендер және қонақтар) көп екенін білдіріп тұр. Ал көптік жалғау кісі аттарына жалғанғанда, сол кісінің көптігін емес, оның қасында да көп кісі бар екенін білдіреді. Мысалы: Зейнептер әлі есік алдында тұр дегенде Зейнептің көптігі емес, Зейнеп және оның қасында бірнеше адам бар екендігі туралы жинақтау мәні беріліп тұр.
Көптік ұғым кейде сан есімдер мен көп, мол, бірнеше, бір талай сияқты сөздер мен қайталама қос сөздердің затты анықтап тұруы арқылы да беріледі: көп адам, жиырма шақты окушы, қора-қора қой, тау-тау астық т. б.
§ 46. ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа (адамға) тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденетін сөз үш жақтың біріне тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғау өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың бір ғана затқа я адамға меншікті екенін білдіруді оңаша тәуелдеу, ал керісінше бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіруді ортақ тәуелдеу дейді.
Зат есімінің тәуелдену үлгісі.
Тәуелде-
нудің түрі
|
Жақ
|
Тәуелді за-
ттың иесі
|
Тәуелдік жалғаулы сөздер
|
Жалғаулар
|
|
|
жекеше
|
Жекеше
|
көпше
|
|
оңаша
тәуелдену
|
I
|
менің
|
ел-ім,
|
ел-дер-ім
|
-м, -ым, -ім
|
|
|
бала-м
|
бала-лар-ым
|
|
II
|
сенің
|
ел-ің,
|
ел-дер-ін.
|
-ң, -ың, -ің
|
анайы
|
|
бала-ң
|
бала-лар-ың
|
|
сыпа-
йы
|
сіздің
|
ел-іңіз
|
ел-дер-ініз
|
-ңыз, -ңіз,
|
|
бала-ңыз
|
бала-лар-
-ыңыз
|
-ыңыз, -іңіз
|
|
|
|
|
III
|
оның
|
ел-і,
|
ел-дер-і,
|
-сы, -сі,
|
|
|
бала-сы
|
бала-лар-ы
|
-ы, -і
|
ортақ
тәуелді
|
1
|
біздің,
|
ел-іміз,
|
-уй-лер-іміз,
|
-мыз, -міз,
|
|
біздердің
|
бала-мыз
|
бала-лар-
-ымыз
|
-ымыз,
|
|
|
|
-іміз,
|
II
|
сендердің
|
ел-ің,
|
үй-лер-ің,
|
-ын, -ің, -ң
|
анайы
|
|
бала-ң.
|
бала-лар-ың.
|
|
сыпа-
йы
|
сіздердің
|
ел-іңіз,
|
үй-лер-іңіз,
|
-ыңыз,-іңіз,
|
|
бала-ңыз
|
бала-лар-
ыңыз,
|
-ңыз, -ңіз,
|
|
|
|
|
III
|
олардың
|
ел-і,
|
уй-лер-і,
|
-сы, -сі,
|
|
|
бала-сы,
|
бала-лар-ы
|
-ы, -і
|
|
|
|
|
|
|
|
§ 47. СЕПТІК ЖАЛҒАУ.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әр түрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік. Атаудан басқа септіктің арнайы жалғаулары бар. Атау септіктің тұлғасы зат есімнің түбір (негізгі және туынды) тұлгасымен сәйкес келеді, арнайы жалғауы жоқ. Септік жалғаулары сөзге буын үндестігі мен ілгерінді ықпал зандылықтары бойынша жалғанып, әр септік жалғауы сол сөзге белгілі-белгілі грамматикалық мағына үстейді. Тек көмектес септік жалғауы буын үндестігіне бағынбайды.
Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары.
Сеп-
тік-
тер
|
Сұрақтар
|
Жалғаулары
|
тәуелдік
жалғаудың I,
II жақтарынан
кейін
|
тәуелдік
жалғаудың III
жағынан кейін
|
|
А.
|
кім? не?
|
|
|
|
I.
|
кімнің?
ненің?
|
-ның, -нің,
-дың, -дің,
-тың, -тің
|
-ның, -нің
|
-ның, -нің
|
Б.
|
кімге? неге?
|
-ға, -ге, -қа, -ке,
|
-а, -е
|
-на,-не
|
Т.
|
қайда?
кімді? нені?
|
-ны, -ні, -ды, -
ді,
-ты, -ті,
|
-ды, -ді
|
-н
|
Ж.
|
кімде? неде?
қайда?
|
-да, -де, -та,
-те,
|
-да, -де,
|
-нда, -нде
|
Ш.
|
кімнен?
неден?
қайдан?
|
-нан, -нен,
-дан.
-ден, -тан,
-тен
|
-нан, -нен
|
-нан, -нен
|
К.
|
кіммен?
немен?қалай?
|
-мен, -бен, -пен
|
мен
|
-мен
|
|
|
|
|
|
|
|
43
Достарыңызбен бөлісу: |