Жазғы мектеп аясында «Математика» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»


«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата23.01.2020
өлшемі0,81 Mb.
#56365
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 МАН МатематикаЖазғыМектеп


«Шындық/Жалған» тапсырмаларының ерекшеліктері: 

Жан-жақтылық.  Мұндай  түрдегі  тапсырманы  түрлі  оқу  нәтижелерін  өлшеу 

үшін бейімдеуге болады. 



Жылдам  балл  қою.  Балл  қоюға  көп  уақыт  кетпейді,  балды  есептеудің 

нақтылығы  жоғары.  Қолданбалы  бағдарламалардың  көмегімен  дұрыс  жауаптарды 

автоматты түрде есептеуге болады.  

Сенімділік.  Дұрыс  құрылған  сұрақтар  оқушының  оқу  жетістігінің  сенімді 

нәтижелерін беруі мүмкін.  



Сұрақты талдау мүмкіндігі. Шындықты анықтау сұрақтарын талдау арқылы 

жетілдіруге болады.  



Тиімділік.  Қолда  бар  материалдардан  аз  уақыт  ішінде  көптеген  әртүрлі 

тапсырмалар құрастыруға болады.  



Түсінгенін  тексеру.  Шындықты  анықтау  сұрақтары  зерделеген  материалды 

түсінуін бағалауға пайдалы.  



Қысқаша  мазмұндалуы.  Шындықты  анықтау  сұрақтары  тез  оқуға  болатын 

бірнеше сөзден тұратын қысқа болуы мүмкін.  



18 

 

«Шындық/Жалған» тапсырмаларын құрастыруға қатысты ұсыныстар 

 

  Тұжырым  немесе  сұрақты  құрастыру  тілі  барынша  қарапайым  және  оқушыға 

түсінікті болуы қажет. 

  Сөйлемде барынша аз сөз қолданыңыз: оқушы өте ұзақ немесе күрделі тұжырымды 

оқуға  көп  уақыт  жоғалтып,  оның  мазмұны  бойынша  өзінің  білімін  көрсетуге 

уақыты жетпей қалуы мүмкін.  

  Оқушылардан  тұжырыммен  бірге  жазуды/жазылымды  интерпретациялау  кезінде 

қате жібермеудің алдын алу үшін «Ш» немесе «Ж» деп жазудың орнына кестеде 

белгілеуді немесе «Ш-шындық» немесе «Ж-жалған» мағынасының астын сызуды 

ұсыныңыз.  

  Егер сөйлем себеп пен салдар немесе алғышарты мен қорытындысы сияқты қарым-

қатынасты  көрсетсе,  онда  әуелі  дұрыс  бөлігі  жазылады,  ал  екінші  бөлігі 

өзгертіледі.  

  Тапсырмадағы барлық тұжырымдардың/сөйлемдердің ұзақтығы шамалас болсын.  

  Жауабында  қандай  да  бір  заңдылық  байқалмауы  үшін,  шынайы  және  жалған 

тұжырымдарды кездейсоқ ретпен орналастырыңыз. 

  Кең  таралған  жалған  пікірлер  мен  көзқарастарды  жалған  тұжырым  ретінде 

қолданыңыз.  

  Сұрақты оның қате жауабы оқушыларды қызықтыратындай немесе дұрыс сияқты 

көрінетіндей етіп құрастырыңыз. 

  Тапсырма  екіұштылы  емес,  нағыз  шындық  немесе  жалған  болып  табылатындай 

тұжырымдарға негізделуі қажет.  

  Тұжырымды барынша қарапайым түрде беріңіз.  

  Әрбір тапсырмада бір идея болуы тиіс.  

  Оқушының дұрыс түсінуі үшін жеткілікті ақпарат қосыңыз.  

  Мынадай  сөздерден  аулақ  болыңыз:  бәрі,  әрқашан,  әрбір,  ешқашан,  ешкім, 

көпшілігі, көбіне, жиі, сирек, бірнеше және т.б.  

  Мәтіннен,  дәрістен  немесе  басқа  материалдардан  алынған  дәйексөздерді 

қолданудан аулақ болыңыз, бұл оқушының көру қабілетін ғана тексереді. 

  Жағымсыз мәлімдемелер мен ақпаратты қолданудан аулақ болыңыз.  

 

Таныс емес лексиканы қолданудан аулақ болыңыз.



 

 

 



 

 

Шынайы, жалған және басқа да тұжырымдар әдетте білу мен түсінуді бағалау үшін 



қолданылады, сондай-ақ оларды жоғары деңгей дағдыларын бағалау үшін де қолдануға 

болады.  Оқушыларға  жаңа  мәлімет,  тың  деректер  ұсынылуы  немесе  жұмыстың 

мазмұнында  белгілі  бір  сипаттамалардың  бар/жоғын  анықтауға  арналған  жазбаша 

жұмыс түрінде берілуі мүмкін.  



 

 

 

 

 

 

 

19 

Шындықты анықтау тапсырмасы жауапты таңдау тапсырмаларының ішінде ең 

жиі қолданылатыны болып табылады. Оларды дайындау оңай, дегенмен оларды қолдану 

кезінде  мұқият  болған  жөн.  Оқушылар  мұндай  тапсырмалардың  осал  тұсын  тауып, 

жауабын болжауға көмектесетін  сөздерді, грамматикалық құрылымды, т.б. пайдаланып, 

жоғары балл алуы мүмкін.  

Мұндай тапсырмалар қызығушылықты арттыру және талқылау сұрақтарын енгізу 

үшін    тиімді  қолдануға  болады.  Бұл  алдыңғы  сабақтағы  жетілдіруді  қажет  ететін 

проблемалық  тұстарын  анықтау  үшін,  оқушыларды  жаңа  тапсырмаларға  орындауға  

ынталандыру үшін, күнделікті сабақта сұрақ-жауап түрінде қысқаша викторина өткізу 

үшін қолдануға ыңғайлы құнды құрал болып табылады.  

 

 

Шындықты анықтау тапсырмаларын құрастыруға арналған ұсыныстар 



 

1.  Алдымен  контентті  қамтитын  ақиқат  тұжырымдарды  құрастырып  алып, 

олардың кейбірін жалған тұжырымға түрлендіріңіз. 

2.  Тұжырымды жалған ақпаратқа өзгерту кезінде (басынан ақиқат тұжырымды 

жазу кезіндегідей), толықтай теріске шығарудан аулақ болыңыз. 

3.  Міндетті  түрде  оқушыға  өзінің  жауабын  қалай  және  қайда  белгілейтінін 

көрсететін нақты нұсқауды қолданыңыз. 

4.  Оқушылардың  назарын  олардың  қалай  жауап  беретініне  аударыңыз. 

Мысалы,  тек  «Иә» немесе  «Жоқ»  емес;  «Шындық» немесе  «Жалған»,  «Ш» 

немесе «Ж»,  «T» немесе «F». 

5.  Барынша  дәл  беру  мақсатында  шын  тұжырымды  әбден  нақтылаудан  аулақ 

болыңыз. 

6.  Ұсынылған жауаптар материалды білмейтін оқушылар үшін айқын болмауы 

қажет. 


7.  Оқудың барынша жоғары деңгейлеріне  ұмтылыңыз. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға кеңес 

1)   


Тұжырымның  шындыққа  жанасымдылығын  анықтау  үшін  сұраққа 

қалай жауап беруді білмей отырсаңыз, тұжырымды шындық деп есептеңіз, 

себебі мұғалімдер шын тұжырымды қолданғанды жақсы көреді.

 

2) 



Егер  тұжырымда  нақтылаушы  түсініктемелер  берілген  болса,  бұл 

шынайы тұжырымның бір көрінісі болуы мүмкін. Мысалы, «Бүкіл әлемде 

жойылып  кетудің  алдында  тұрған  980  түр  бар»  деген  нақтылау 

түсініктемесін көрсетеді және бұл тұжырым  шындық болып табылады.

 

3)   


Әрқашан, ешқашан, көпшілігі және т.б. сияқты сөздерді іздеңіз, себебі 

олар тұжырымның жалған екенінен хабар береді.

 

4)   С


ебебін көрсететін тұжырым әдетте жалған болып табылады.

 

5) 



Тұжырымдағы  ақтайтын  дәлел  немесе  себеп  туындататын  сөздер 

(сондықтан,  солайша,  сол  кезде,  егер)  тұжырымдаманы  жалған  ететін 

үрдістен  тұрады,  себебі  олар  дұрыс  емес  немесе  толық  емес  болып 

табылатындай себептерді келтіреді



20 

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмасы

 

 

Сәйкестендіруге  қатысты  сұрақтар  оқиға,  мерзім,  атаулар  мен  оқиға  болған 



жерлерді білу маңызды болып саналатын жағдайда білімді тексерудің барынша тиімді 

тәсілі 


болып 

табылады. 

Сәйкестендіру 

тапсырмалары 

көптеп 

жасалған 



эксперименттерді,  олардың  нәтижелерін,  арнайы  терминдер  мен  анықтамаларды  есте 

сақтауды қажет ететін жаратылыстану ғылымында да қолдануға ыңғайлы. 



Сәйкестендіру түрлеріне мысалдар: 

1)  Терминдерді олардың анықтамасымен сәйкестендіру; 

2)  Бір-бірімен байланысты фразаларды сәкестендіру

3)  Себебі мен салдарын сәйкестендіру; 

4)  Өлшем бірлікті басқа өлшем бірлігімен (одан ірі немесе ұсақ) сәйкестендіру; 

5)  Есепті оның шешімімен (жауабымен) сәйкестендіру. 



5-кесте. Сәйкестендіру тапсырмаларының артықшылығы мен кемшіліктері 

Артықшылықтары 

Кемшіліктері 

Білу  және  түсіну  деңгейлерін  бағалау 

үшін қолайлы 

 

Орындауға көп уақыт жұмсалады 



Фактілері  көп  материалды  тексеруге 

қолайлы 


Жоғары  деңгей  дағдыларын  бағалауға 

келмейді 



 

Сәйкестендіруге  арналған  тапсырмалардың  түрлері  көп.  Оның  қарапайым 

түрлерінің бірі – екі бағанды салыстыру тапсырмасы: бірінші бағанда жауап беруге тиісті 

сұрақ немесе тапсырма жазылады, ал екінші бағанда салыстыруды қажет ететін олардың 

жауаптары  көрсетіледі.  Бұл  жағдайда  бірінші  бағандағы  тапсырмалардың  саны  мен 

сәйкес жауаптар саны бірдей болады. Алайда бұл жерде бірнеше қауіп бар: оқушылар 

жауапты  болжамдап  дұрыс  табуы  мүмкін,  сонымен  қатар  егер  оқушы  бір  жауабында 

қателессе,  одан  да  ірі  қателікке  ұрынады.  Мынадай  жағдай  болуы  да  мүмкін:  оқушы 

біреуінен басқа барлық сұрақ бойынша сәйкестікті дәл біледі, сонда жауабын білмейтін 

сұрақтың шешімі оқушыға өздігінен айқын болып шыға келеді. 

Дұрыс жауапты болжамдап табу мүмкіндігін азайтудың бірден-бір тәсілі – бірінші 

бағандағы  сұрақтардың  санына  қарағанда  екінші  бағандағы  жауаптар  санының  көп 

болуы. Бұл жағдайда оқу материалы негізінде біртекті белгілері бойынша екі бағаннан 

тұратын  тапсырма  анықталады.  Екінші  бағанда  біріншісіне  қарағанда  бірнеше  қатар 

артық болуы қажет, ең жақсы деген жағдайда екі есе көп болғаны дұрыс.  

Нәтижені  өңдеуге  қолайлы  болуы  үшін  сол  бағандағы  позицияларды  санмен 

белгілеу,  ал  оң  бағандағыларды  бас  әріптермен  белгілеу  ұсынылады.  Тапсырманы 

қолайлы  психологиялық  жағдайда  қабылдап,  ойланып  жауап  беру  үшін  жазу  қарпі 

өлшемінің де маңызы бар. Бағанның жоғары жағындағы тақырыпшалар бас әріптермен 

жазылады, бағандағы сөздер кіші әріптермен жазылады. Сол  жақ  бағандағы қатардың 

саны 4-5-тен аспауы қажет екенін ескерген жөн.  

Әрине,  жекелеген  жағдайда  бір  сұраққа  бір  жауап  келетін  сәйкестендіру 

тапсырмасы  ең  жақсы  тапсырма  мысалы  болуы  мүмкін.  Сапалы  тапсырма  барынша 

сенімді нәтижеге қол жеткізуге жағдай жасайды, сондықтан сәйкестендіру тапсырмасын 

құрастыру кезінде келесі ұсыныстарды ескерген жөн: 

 

 



21 

Салыстыру және сәйкестендіру тапсырмаларын  

құрастыруға арналған  ұсыныстар 

 

1)  Оқу мақсаттарын зерделеп, тапсырманың осы түрін қолданған қолайлы болатынына 



көз жеткізіңіз.  

2)  Сәйкестендіру  тапсырмасындағы  сұрақтарды  шектеңіз.  Сұрақтардың  көп  болуы 

тапсырманы оқуға, орындауға кедергі келтіруі мүмкін.   

3)  Оқуға кететін уақытты азайту үшін жауаптар мен сұрақтар тізімінде мүмкіндігінше 

тек қысқа фразаларды немесе жеке сөздерді қолданыңыз.  

4)  Бірінші  бағанда  жан-жақты  сипаттама  берілген  сөздерді,  ал  екінші  бағанда 

неғұрлым қысқа және қарапайым жауаптарды қолданыңыз.  

5)  Жауаптар  тізімін  мүмкіндігінше  белгілі  бір  жүйемен  реттеп  орналастырыңыз 

(хронологиялық тәртіпте, әліпби бойынша, өсу/кему ретімен және т.б.). 

6)  Бір сұрақтың бірнеше дұрыс жауабы жоқ екендігіне көз жеткізіңіз (алайда бір жауап 

бірнеше сұрақта қолданылуы мүмкін). 

7)  Сәйкестендіру  тапсырмасын  екі  бетке  бөлуден  аулақ  болыңыз,  бұл  тапсырманы 

орындау кезінде оқушыларға қиындық тудырады, сондай-ақ мұғалімнің тексеруіне 

де қолайсыз болады. 

8)  Тапсырманы орындауға қатысты  нұсқау нақты  болып, оқушыларға  сәйкестендіру 

тапсырмасын  қалай  орындау  керектігі  түсінікті  болуы  тиіс.  Барлық  оқушылар 

тапсырманы бірдей түсінуі қажет. Тапсырманың бір мағыналы бір дұрыс жауабы 

болатындай етіп құрастырылғаны жөн.  

9)  Сәйкестендіру тапсырмасында барлығына ортақ ақпаратқа негізделетін сұрақтарды 

қолданыңыз. 

10)  Дұрыс жауапқа меңзейтін грамматикалық немесе басқа да  белгілерді қолданудан 

аулақ болыңыз.  

11)  Сұрақтар  бағаны  нақты  сұрақтардан  немесе  тапсырмалардан,  тұжырымдардан 

және т.б. тұруы тиіс.  

 

 

Қосымша кеңестер 



Егер сіз сәйкестендіру сұрақтарын қолданатын болсаңыз, оны дайындауда келесі 

кеңестерді қолдануға болады:   

Оқулықты  оқып  отырған  кезде  адамдардың  атына  қатысты  деректер  мен 

идеяларды оқуда мұқият болыңыз. Бөлек парақта атауы мен деректерді бір-біріне 

қарама-қарсы  ретте  санамалап  жазыңыз,  нәтижесінде  екі  түрлі  тік  баған  пайда 

болады. Өз тізіміңізді тексеру үшін деректер бағанын қағазбен жауып қойыңыз. Атауы 

жазылған  бағандағы  әр  элементке  қараңыз  және  соған  сәйкес  дерек  немесе  идеяны 

жазыңыз. Содан соң материалды екі бағытта тексеру үшін атауы бар бағанды жабыңыз, 

өзіңізге еске салу ретінде деректерді қолданыңыз.  

Оқушылардың  жоғары  деңгейлі  ойлау  дағдыларын  жетілдіріңіз.  Көбіне 

сәйкестікті  анықтауға  қатысты  тапсырмалар  іс  жүзінде  талдау  және  жинақтау 

сияқты жоғары деңгейде ойлау дағдыларын емес, нақты білімді бағалайды. Алайда 

бұл  мұндай  тапсырмаларды  жоғары  деңгей  дағдыларын  бағалауға  болатындай 

құрастыруға болмайды дегенді білдірмейді. 

 

 


22 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ойлануға берілген тапсырмалар 

Мұндай  тапсырмалар  сирек  кездеседі.  Олар  оқушының  өзі  тақырыпты  әбден 

ойланып,  жаңа  білімін  өз  әрекетінде  қолдану  жолын  дұрыс  табуын  көздейді.  Білімін 

өмірде қолдану туралы ойлану өздігінен шешім қабылдап, өз таңдауын негіздей білуге 

мүмкіндік  береді.  Мұндай  тапсырмалар  дайын  жауабы  көрсетілмеген  ашық  сұрақтар 

арқылы берілуі мүмкін, сұраққа оқушылар өз бетінше ойланып жауап жазады. Жауапты 

автоматты  түрде  тексеру  мүмкін  емес.  Ойландыруды  көздейтін  жоғары  деңгейлі 

тапсырмалар оқушының оқыған материалды ой елегінен өткізіп, талдауын қажет етеді. 

Жоғары деңгейлі тапсырма әзірлеу үшін ашық сұрақтар құрастырып үйрену керек. 

Конфуцийдің  «Сен  неге  қол  жеткізгің  келеді?»  деген  сұрағы  өз  шәкірттерінің 

көзқарасы мен мақсаттарын, болашаққа жоспарын білуге бағытталған болатын. Оған  бір 

шәкірті  өз  байлығын  достарымен  қалай  бөлісетінін  айтса,  басқалары  өзінің  тәртібіне 

қатысты жауап берген. Олардың жауаптары әртүрлі болғанына қарамастан, Конфуций 

шәкірттерінің мінез-құлқы мен өмірдегі ұмтылыстары туралы жеткілікті ақпарат алған. 

Ғұлама философ  шәкірттеріне бір сұрақты қайталап қойған сайын  оған  әртүрлі  жауап 

алатын. Бұл әр адамның ойы, түсінігі, жауабын ұйымдастыруы өз табиғатына тән ерекше 

екендігіне  байланысты.  Осылайша,  ашық  сұрақ  дегеніміз  –  дұрыс  жауаптары  көп, 

адамды  ойландыратын  сұрақ.  Жауаптардың  сапасы  мен  маңыздылығын  сарапшы 

бағалайды. 

Дұрыс құрастырылған ашық сұрақтар оқушының ұстанымы мен құндылықтарын 

анықтауда,  дұрыс  ой  тұжырымдап,  өз  ойын  дәйекті  жеткізе  білуін  бағалауда  тиімді 

болып саналады. Сонымен қатар сарапшы оқушының пәндік білімінің деңгейін, пәннің 

тілі мен  мазмұнының тереңдігін бағалай алады. 

Ашық сұрақтар оған жауап бергенде өз пікірін білдіруге біршама уақыт жұмсауды 

қажет  етеді,  бұл  тексеру  тапсырмасындағы  сұрақтардың  санын  шектеуге  әсер  етеді. 

Сараптауға  ұсынылатын  материалдың  көлемі  ықшамдалып,  жеке  аспектілерге 



Оқушыларға кеңес 

1)  Нұсқауды оқыңыз. Әдетте тапсырмаларда екі тізімде/бағанда сәйкестендіруді 

қажет  ететін  элементтер  болады.  Қарым-қатынасты/тәуелділікті/заңдылықты 

анықтау үшін екі тізімге де назар аударыңыз.   

2)  Сәйкестікті  табу  үшін  бірінші  тізімді  бастапқы  нүкте  ретінде  қолданыңыз 

және  екінші  тізімге  ауысыңыз.  Бұл  үдеріс  сіздің  ойлауыңызды  ұйымдастырады. 

Ол  сондай-ақ  сіздің  жауап  беруіңізді  тездетеді,  себебі  сіз  екінші  тізіммен 

танысасыз және алдыңғы ретте тізімді қарау кезінде көргеніңіздей, арақатынасты 

анықтауға мүмкіндігіңіз болады.  

3)  Сәйкестікті анықтамас бұрын барлық тізімге көз жүгіртіп шығыңыз. Егер сіз 

бірінші  мүмкін  жауаппен  арақатынасты  анықтайтын  болсаңыз,  қате  жіберуіңіз 

мүмкін, себебі тізімдегі жауап кейінірек дұрыс сияқты көрінуі мүмкін.  

4)  Дұрыс жауапты тапқаныңызға сенімді болсаңыз, екінші тізімдегі элементтерді 

сызып  тастаңыз.  Бұл  сіздің  сеніміңізді  арттыруға  және  жинақы  болуыңызға 

көмектеседі.  

5) 


Барлық  сәйкестіктерді  түгел  анықтамайынша,  дұрыс  жауап  туралы  болжам 

жасамаңыз.  Егер  сіз  жауапты  басында  тапсаңыз,  онда  сіз  бұл  жауапты  келесі 

таңдау үшін қарастырмайсыз.

 


23 

бағытталады.  Сонымен  қатар  ашық  сұрақтардың  жауабын  тексеру  көп  уақыт  пен 

ресурсты, біршама күш жұмсауды талап етеді. Мұнда субъективтілік (жеке көзқарас) те 

күрделі мәселе болып табылады. Оқушылар  мен мұғалімдер, сарапшылар  бір  сұрақты 

әртүрлі түсінуі де мүмкін. Осындай келіспеушілік пен әртүрлі түсінікті болдырмау үшін, 

оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес толық екшелген бағалау құрылымын 

ойластыру қажет. 

Том  Кубисцын  (Kubiszyn,  Tom,  2007)  ашық  сұрақтардың  пайдасын  анықтап, 

олардың қатарына келесі оқу нәтижелерін қосты: 

-  өзара қарым-қатынасты талдау қабілеті; 

-  көзқарастырды анықтап,  салыстыру; 

-  болжау; 

-  қорытынды жасау; 

-  себеп-салдарлық байланысты түсіндіру; 

-  болжамдар ұсыну; 

-  өз көзқарасын дәлелдейтін деректерді ұйымдастыру; 

-  күшті және әлсіз жақтарын көрсету; 

-  әртүрлі дереккөзден алынған деректерді біріктіру; 

-  мақсат пен әрекеттердің сапасы мен құндылығын бағалау. 

Питер  В.  Айразиан  (Airasian  Peter  W,  1999)  эссе  жазу  тапсырмасы  бағалаудың 

«басты  әдісі»  деген  болжам  ұсынады.  Көркем  жазу  (қолжазба)  мен  жазу  стилі 

бағалаудың маңызды критерийлері болмаса да, сарапшының қабылдауына әсерін тигізе 

алады,  демек  бағалауға  да  әсері  болады  деген  сөз.  Айразиан  бұларды  «қосалқы 

факторларға» жатқызып, оларды тапсырманы ұқыпты орындаумен байланыстырады. 



 

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________ 

 

 


24 

Ашық тапсырмалар 

Ашық  тапсырмалар  жоғары  деңгейлі  танымдық  дағдыларды  тексеруге,  дәлелдер 

келтіре алуға, жеке көзқарасын білдіруге, сыни ойлай алуға және т.б. арналған. Ашық 

тапсырмалардың жауабы ұзақтығына (көлеміне) қарай ерекшеленуі, бір немесе бірнеше 

сөздерден  (қысқа  жауап)  толық  дәлелді  пайымдауларға  (толық  жауап)  дейін  болуы 

мүмкін.  



Қысқа  жауапты  қажет  ететін  тапсырмаларда  оқушылар  бірнеше  сөздерді,  бір 

сөйлемді,  қарапайым  сызбаны  немесе  формуланы  қолдана  отырып,  сұрақтарға  қысқа 

нақты жауап беруі қажет.   

Толық  жауапты  қажет  ететін  тапсырмаларды  бірнеше  кезеңден  тұратын  түрлі 

сөйлемдерді, түсініктемелерді, сызбаларды немесе дәлелдерді қолдана отырып орындау 

қажет.  

Толық  жауапты  қажет  ететін  тапсырмалар  нұсқаларының  бірі  эссе  болып 

табылады. Эссенің көмегімен тек жазылым дағдысы тексеріліп қана қоймайды, сондай-

ақ,  берілген  сұрақты  немесе  мәселені  әртүрлі  көзқараста  қарастыру,  берілген 

тақырыптың  түрлі  аспектілерін  ашып  көрсету,  өз  көзқарасын  дәлел  түрінде  келтіру, 

мәселені шешудің жолдарын ұсыну және т.б. меңгеруі тексеріледі.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ашық тапсырма әзірлегенде нені ескеру керек? 

Оқушылардың  қателесуіне  себеп  болатындай  күрделі  немесе  шашыраңқы 

тапсырмаларды  беруден  аулақ  болған  дұрыс.  Мысалы,  «Жақсы  ұсынысыңызды  атап 

көрсетіңіз».  Сондай-ақ, мәтіннің тілін тапсырманың күрделілік деңгейіне әсер ететіндей 

аса жеңілдетудің қажеті жоқ.  

Оқушының  жағымсыз  әрекетін  туындататын  тұжырымдардан  аулақ  болыңыз. 

Қажетінше жауаптарды шектеуге тырысыңыз. Егер тапсырмада нақты шектелген жауап 

болмаса,  оқушы  көбіне  жауабының  қаншалықты  толық  болу  қажеттігін  білмейді. 

Жауаптар жауап үлгілерінде ұсынылғаннан көлемді немесе керісінше болуы мүмкін. 

Тапсырмалардың  мазмұны  оқушылардың  көңіл  күйіне  әсер  ететіндей  болмағаны 

дұрыс.  Тақырыптарды  таңдаған  кезде  мынадай  тақырыптарды  таңдамаған  дұрыс: 

отбасылық қиын жағдайлар, әлеуметтік және діни мәселелер, табиғи және техногендік 

өзгерістер, соғыс және терроризм, нашақорлық, ауыр науқас және т.б.  

 

 



 

Ашық тапсырма құрастыруға қатысты ұсыныстар: 

 

  тапсырмада немесе сұрақта анық және дәл тұжырымдауды қолданыңыз;  

  сұрақтарды ақпараттық және сұраулы бөлімдерге бөліңіз;  

  оқушының жас ерекшелігін, мәдениетін және ақпараттың өзектілігін ескеріңіз, 

яғни тапсырмалар оқушыға түсінікті, қолжетімді берілуі қажет;  

  жауап  үлгісін  тиянақтаңыз,  нұсқалардың  барлық  мүмкіндігін  есепке  алыңыз, 

берілген жауап үлгісін тапсырманы тексеру кезінде қолданыңыз;  

  жауаптың  әр  бөлігіне  жинақталған  балды  қалай  бөлу  қажеттігін  көрсетіңіз 

(«Оқушылардың жұмысын бағалау үдерісі» бөлімін мұқият қараңыз); 

  құрастырылған  тапсырмалар  мен  жауап  үлгілерін  бағалауға  әріптесіңізді 

қатыстырыңыз.  Қажет  болған  жағдайда  түзетіңіз,  құрастырылған  тапсырмаға 

өзгерістер енгізіңіз.  



25 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет