Ашық сұрақтар мен ашық тапсырма құрастыруға қатысты
мұғалімге арналған ұсыныстар
Ашық сұрақтар келесі қағидаларға сәйкес болуы тиіс:
Негізділік:
1. Нұсқау қарапайым, дәл және ықшам болуы тиіс. Оларды көрінетін жерге
жазыңыз.
2. Сұрақты жете түсінбеуді немесе қате мағынада қабылдауды болдырмау үшін
төлеу сөздің орнына төл сөзді қолданыңыз.
3. Жауапта қолданатын сөздердің санын белгілеп беріңіз немесе оқушыға
жауабын жазатын орын қалдырыңыз, мысалы, жауап парағында бос
тіктөртбұрыш немесе жазуға арналған бірнеше жол қалдыру.
4. Оқушы жауап беру ретін және уақытын есептеуі үшін әр сұраққа берілген балл
санын көрсетіңіз.
Валидтілік:
1. Тапсырма тек бағалау құралы ғана болып табылады. Сұрақтардың жауабы
нақты ақпарат беруі тиіс.
2. Тапсырма маңызды және қажетті ақпаратты қамтуы тиіс. Оқу бағдарламасы
мен оқу мақсаттарына қатысы жоқ қиын сұрақтарды қосуға болмайды.
3. Жауабын анықтауға арналған мәтін оқушыға таныс болуы керек және
тақырыптан ауытқу болмауы керек.
4. Оқушылардың жас ерекшелігін, тілдік мүмкіндіктерін ескеріңіз, қарапайым
тілді қолданыңыз.
5. Сұрақтардың саны меңгерген білім, дағдыларды көрсетуге сәйкес келетіндей
анықталуы керек.
6. Өткен материалды қайталап айтуға арналған сұрақтарды болдырмаңыз.
Ақпаратты жүйелеуге, талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін «неліктен»,
«не үшін», «қалай» арқылы құрылған сұрақтарды пайдаланыңы. Оқушылардың
шығармашылығын және қиялын дамытатын сұрақтарды пайдаланыңыз.
Объективтілік:
1. Құрастырылған сұрақтар жынысына, қандай да бір қызығушылығына тәуелсіз
барлық оқушыларға бірдей түсінікті болуы керек, мысалы, берілген мәтін тек
қыздарға арналған (косметика туралы) немесе ұлдарға қатысты (автокөлік
қозғалтқыштарының соңғы үлгілері туралы) болмауы керек.
2. Барлық сұрақтар міндетті түрде жауап алуға бағытталған болуы керек. Сұрақты
силлабусты немесе кітапты таңдағанда таңдау мүмкін.
3. Қабылданатын және қабылданбайтын жауаптарды бағалау критерийлерін
дайындаңыз. Бұл сұрақтардағы кемшіліктерді көруге мүмкіндік береді.
4. Әрбір критерий бойынша берілетін балл саны дәл көрсетілген сараптамалық
тексеру сызбасын қолданыңыз.
5. Жұмыстарды тәуелсіз сарапшылар кемінде екі рет тексеруі керек.
Сенімділік:
1. Сұрақтар негізгі мазмұнға сәйкес болуы керек. Бағалау тапсырмаларындағы
қателерді тауып, түзету және толықтыру үшін, сондай-ақ заңдылықтар мен
үлгілерді анықтау үшін бағалау туралы жүйелі түрде мәлімет жинақтап,
деректер базасын құрыңыз. Проблемалық сұрақтардың тізімін жасау басқа
тапсырма құрастырушыларға да жақсы көмекші құрал болады.
2. Дайын болған бағалауға арналған тапсырмаларды бақылау үшін бекітілген
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сүйену керек.
26
Бағалауға арналған тапсырма әзірлеушіге арналған жалпы ұсыныстар
Құрастырылған тапсырманың нақтылығы субъективтілікті (жеке көзқарасты)
шектейтін негізгі фактор болып табылады. Ол бағалаудың негізгі қағидаттарын
(негізділік, валидтілік, объективтілік, сенімділік) ұстануға көмектеседі.
Критериалды бағалау жүйесінде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау
нәтижелерімен таныстыру үшін оқушының оқу жетістігінің деңгейі көрсетілген
рубриканы қолдану ұсынылады.
Рубрика – бағалау критерийлеріне сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктері
деңгейін сипаттау тәсілі.
Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын
белгі.
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін
сипаттама.
Бағалауға арналған тапсырманы әзірлеу кезінде ескеретін ұсыныстар
1. Сыныпта меңгерілген материалды бағалаңыз.
2. Оқушылардан берілген дереккөздер арқылы дұрыс жауабы бар 1 немесе 2 тапсырма
құрастыруды сұраңыз.
3. Жұмысты орындауға қанша уақыт қажет екенін анықтау үшін төмендегі
ақпараттарды қолданыңыз:
- шындықты анықтау тапсырмасы үшін – 30 секунд
- көп таңдауы бар тапсырма үшін – 60 секунд
- қысқа жауапты қажет ететін тапсырма үшін – 120 секунд
- толық жауапты қажет ететін тапсырмаға/эссеге – 10-15 минут
- жұмысқа шолу жасау үшін – 5 минуттан 10 минутқа дейін.
4. Оқушылардың кем дегенде 50-70%-ы жауап бере алатындай немесе орташа
күрделілігі бар тақырыпты таңдаңыз.
5. Сенімділік тұрғысынан алғанда, барынша ұзақ уақыт әзірленген тест сенімді деп
есептеледі.
6. Есіңізде болсын, оқулықтағы көптеген тест тапсырмаларының жоғары деңгей
дағдыларын бағалауы өте сирек кездеседі.
27
Дескрипторларды құрастыру
Дескриптор – тапсырмаларды орындау кезіндегі әрекетті көрсететін сипаттама.
Дескрипторлар қалыптастырушы бағалау мен бөлім бойынша жиынтық бағалауды
өткізу кезінде қолданылады. Тапсырмаларды тексеру үдерісінде бөлім бойынша
жиынтық бағалауда қолданылатын әр дескриптор 1 балмен бағаланады.
Дескрипторлар әрқашан тапсырмалармен қатар құрастырылады және тапсырманы
орындау кезіндегі әр қадамның сипатын болжайды. Бұл тапсырманың мазмұны бойынша
сенімді және жарамды болуын, сондай-ақ басқа мұғалімдердің тарапынан да объективті,
дұрыс бағалануын қамтамасыз етеді.
Дескрипторларды құрастыру кезінде нені ескеру керек?
Дескрипторларды тиянақтау кезінде «біледі», «түсінеді», «жасайды» және т.б.
сияқты сөздерді қолданбаған дұрыс. Мұндай мазмұндағы сөздер бағалауда қиындық
туғызады және тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты әрекеттерді сипаттамайды.
Дескриптор оқушының қиындықтарын анықтауға және кері байланыс ұсынуға
мүмкіндік беруге көмектесуі қажет. Мысалы, «дұрыс жауапты көрсетеді» емес,
«стандартты түрде жазылған сандардың ретін салыстыру негізінде артық сандарды
көрсетеді» деп берілуі тиіс.
Ашық тапсырмалар үшін дескрипторлар құрастыру таңдалған орындау тәсілдерін
(егер талап етілсе) сипаттаудан басталады, мысалы, «дискриминант формуласын
қолданады». Бұдан әрі алынған жауап пен аралық әрекеттер сипатталады, мысалы,
«дискриминанттың мәнін есептейді», «теңдеу түбірінің санын анықтайды», «теңдеудің
түбірін табады». Мұғалім өз тәжірибесіне және кәсіби пайымдауына сүйене отырып,
тапсырмаларды орындау кезінде қандай аралық қадамдарды бағалауы керектігін
анықтайды.
Тапсырмалардың дескрипторлары тапсырмаларды орындаудың қай кезеңінде
оқушыларда қиындықтар туындайтынын анықтауға мүмкіндік беретіндей болуы керек
және бағалау кезінде мұғалімнің шешімі объективті болуы үшін анық, нақты болуы
қажет. Бұл оқушылар мен олардың ата-аналарына сындарлы (конструктивті) кері
байланыс беруге жағдай жасайды (Негізгі және жалпы білім беретін мектептердің
мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық, 2016).
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
28
Балл қою кестесі
Балл қою кестесі тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары үшін құрастырылады
және жиынтық жұмыстарды тексеру үдерісінде қолданылады.
Балл қою кестесі – тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларына балл қою
бойынша бірыңғай норманы белгілеу үшін мұғалімдер қолданатын кесте.
Балл қою кестесі қашан, қалай балл берілетіндігін білдіретін, дұрыс (болжамды)
жауаптар мен ұсыныстардың үлгілері туралы анық және нақты ақпарат ұсынатын құрал
болып табылады.
Балл қою кестесінің құрылымы мен мазмұны пәндер мен тапсырмалар түрлеріне
қатысты ерекшеленуі мүмкін. Балл қою кестесінің құрылымы мынадай ақпараттардан
тұрады: тапсырмалар нөмірі, тапсырмаларды орындаудың кезеңдері көрсетілген
жауаптары, әр кезеңнің балдары және балдың берілуі туралы ұсынысы бар қосымша
ақпараттар.
Балл қою кестесінде көп таңдауды қажет ететін тапсырмалар үшін дұрыс жауабы
(кілті) көрсетіледі.
Ашық типті тапсырмалардың дұрыс (болжамды) жауаптарының үлгілерін
құрастыру кезінде балл қою кестесінде бағалаудың үш аспектісі сипатталады: таңдалған
орындау тәсілі (мысалы, D = 1
2
− 4 ∙ (−6) = ⋯); орындалатын аралық әрекеттер
(мысалы, D = 25 > 0, екі түбірлі); алынған жауап (мысалы, x
1
= −3; x
2
= 2). Бұдан әрі
тапсырмаларды орындаудың әр кезеңінің балдары көрсетіледі.
Барлық балама (альтернативті) жауаптар балл қою кестесінде көрсетілуі тиіс,
мұндай жағдайда олар «/» қисық сызықпен не «немесе» шылауымен ажыратылады.
Альтернативті жауаптары бар балл қою кестесінің мысалы
№
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
5
10
437
кг /
10
7
43
кг / 43,7 кг
1
өлшем бірліктері (кг) көрсетілмеген
жауаптар қабылдануы мүмкін
Балл қою кезінде жауабы үшін екі және/немесе одан көп жауап көрсетілген
жағдайда, олардың арасына «,» және/немесе «және» шылауын қойған дұрыс.
Екі және одан да көп жауап көрсетілген балл қою кестесінің мысалы
№
Жауап
Балл
Қосымша ақпарат
1
18°, 162°, 18° және162°
1
балл барлық төрт жауап үшін беріледі
Балл қою кестесін құрастыру кезінде нені ескеру керек?
«Қосымша ақпарат» бағанында мұғалімге көмек ретінде төмендегілер нақтыланған:
• балл нақты не үшін қойылады;
• жұмысты тексеру кезінде қандай жауап нұсқалары есепке алынуы мүмкін (мысалы,
«x
1
= −3; x
2
= 2» үшін альтернативті нұсқа: {−3; 2} үшін балл қойылады);
• оқушы жауабында қандай шектеулер болуы мүмкін;
• оқушының орындаған жұмысын модерациялау кезінде қандай шешімдер
қабылданады;
• жұмысты тексеру кезінде пайдалы болатын кез келген басқа ақпарат.
Балл қою кестесінде берілген қосымша ақпарат төмендегілерді қамтиды:
• бірнеше балл алуға болатын тапсырмалар. Қандай жағдайда нақты ұсыныстар
беріледі, әр балл не үшін қойылады;
• оқушының күтілетін жауабына қосымша анықтамалар;
• есептеуге болмайтын жауаптар;
• дұрыс жауап ретінде қабылдануы мүмкін барлық шешімнің балама (альтернативті)
тәсілдері;
• қателерді ауыстыру.
29
Тапсырмаларда ресурстық материалдарды қолдануға қатысты ұсыныстар
Тапсырмада мәтін, график, диаграмма, сызба, бейне, аудио жазбалар, карталар,
иллюстрациялар және т.б. түріндегі түрлі ресурстық материалдарды қолдануға болады.
Ресурстық материалдар оқушыға қосымша көмек көрсету мақсатында немесе
дереккөздері ретінде қолданылады.
Ресурстық материалдарға қатысты тапсырмалар ақпаратты қайта өңдеу және
түсінуге, іздену дағдыларын тексеруге бағытталуы қажет. Тапсырмалардың әр алуан
түрлерін қолдануда олардың жеңілден күрделіге қарай логикалық реттілікпен
орналастырылуы ұсынылады. Кез келген ресурстық материалға нақты нұсқау берілуі
қажет.
Ресурстық материалдарға мазмұндық, техникалық сипаты жағынан бірқатар
талаптар қойылады.
Ресурстық материалдардың мазмұнына қойылатын талаптар:
✓ Ресурстық материалдарды іріктеу мен құрастыруда тақырыпты, оқу мақсаттарын,
бағалау критерийлерін ескеру қажет.
✓ Ресурстық материалдарды оқулықтардан, оқу құралдарынан немесе мектепте
қолданылып жүрген дереккөздерден қолданбаған дұрыс. Жауаптары берілуі
мүмкін, мысалы, тапсырмада және ресурстық материалда бірдей сөздерді
қолданудан аулақ болған дұрыс.
✓ Ресурстық материалдарда ескірген ақпарат, сондай-ақ оқушының денсаулығына
және дамуына кері әсер ететін ақпарат болмағаны жөн.
✓ Ресурстық материалдарда мәдени ерекшеліктер ескерілуі қажет.
Ресурстық материалдардың техникалық ресімделуіне қойылатын талаптар:
✓ Ресурстық материалдың форматы оны қолдануға болатындай техникалық
мүмкіндіктерге сәйкес болуы қажет. Мысалы, бейне- және аудиожазбаларды
тыңдау, иллюстрацияларды бейнелеу және т.б.
✓ Ресурстық материалды ресімдеудің сапасы тапсырманың күрделілік деңгейі мен
орындау деңгейіне әсер етпеуі қажет.
✓ Әрбір оқушыға ресурстық материалдармен жұмыс жүргізуде бірдей жағдай
жасалуы керек.
Дайын ресурстық материалдарды қолдану барысында мұғалімнің оларды өңдеуіне
және түзетіп, өзгеріс енгізуіне мүмкіндігі бар. Түзету кезінде келесі мәселелерді
ескергені жөн:
✓ ресурстық материалдардың мазмұнынан қажетсіз ақпараттарды алып тастаған
дұрыс;
✓ көлемін, мөлшерін, ұзақтығын және т.б. қысқартқан кезде ресурстық материал
мазмұнының реттілігі сақталуы тиіс;
✓ түсініксіз сөздерді, сөйлемдерді, нысандарды, элементтерді және т.б. ауыстыру
немесе қайта өңдеу керек;
✓ ресурстық материалдың бейімделгендігін атап көрсету қажет. Мысалы, ауқымы
(масштабы) есептеледі/есептелмейді, шығарманың үзіндісі, қысқартылған
нұсқасы және т.б. ұсынылады.
30
Тест сұрақтарын құрастыру
Барлық пәндерді оқытуда тест сұрақтары қолданылады. Тест сұрақтарын
әзірлеуде сұрақтарды шеберлікпен құрастырудың маңызы зор. Тест сұрақтарын
пайдалану (тестілеу) тақырыптың соңында материалды бекіту кезеңінде өте тиімді.
Сонымен қатар тақырыпты жаңадан бастаған кезде де тест қолдану пайдалы болып
табылады. Бұл жағдайда оқушылар бастапқы білім деңгейін көрсетіп, білім-дағдыларын
одан әрі тереңдетуге және дамытуға қызығушылық танытады.
Берілген тақырып бойынша сұрақ құрастыруды оқушыларға үй тапсырмасы
ретінде беру жақсы тәжірибе болып саналады (мысалы, өз бетінше зерделеуге арналған
бөлім бойынша). Құрастырылған сұрақтары бойынша оқушылардың материалды білу
және түсіну деңгейін байқауға болады. Жақсы сұрақтар осы тақырып бойынша бақылау
жұмысында қолданылуы мүмкін, ал нашар сұрақтар сыни бағалау нысаны бола алады,
оқушыларға осындай сұрақтардың неліктен нашар деп танылғанына жазбаша
түсініктеме беруді тапсыруға болады. Сұрақтарды құрастыру барысында оларды
бағалауға арналған критерийлерді беру маңызды. Бағалау критерийлерін оқушылардың
сұрақ құрастыру тәжірибесі артқан сайын өзгеріп отыруға болады. Бастапқыда тексеру
жұмысына алынатын сұрақтарды ғана бағалауға болады. Оқушыларды ынталандыру
үшін жақсы сұрақтарды оның күрделілігі мен мазмұндылығына байланысты балл
арқылы бағалауға болады. Балл шәкілін оқушылармен бірге ойласып белгілеуге болады.
Өз бетінше тест (сұрақ) құрастыру әдісін қолдану төмендегідей бірқатар
нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді:
1. Үй тапсырмасын орындау деңгейін анықтау. Жұмыс түрінің жаңашылдығы
және оқу үдерісіндегі жаңа рөлінің есебінен оқушыны осындай үй жұмысын орындауға
қызықтыру.
2. Үй жұмысын орындаудағы жауапкершілігін арттыру (орындаған жұмысы
сыныптастырының талқылауына түсіп, «іс жүзінде тексеріледі» және құрдастарының
сынына ілігеді).
3. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, барлық тұстарын ескеру. Бұл оқушылардың
сөйлеу сауаттылығына оң ықпал етеді.
4. Оқушының жеке дамуына көңіл бөлу. Оқушылардың көпшілігінің
табыстылығын қамтамасыз ету.
5. Өткен материалды меңгергенін тексеретін бақылау жұмысының алдындағы
қорқынышты жеңу.
Педагог-психолог Д.И. Фельдштейннің зерттеулерінде оқушының бақылау/
бағамдау парағы бағалаудың тиімді құралы деп қарастырылады. Әрбір бөлімнің алдында
оқушыларға бөлімнің, сабақтың тақырыбы, мерзімі, меңгерілетін білік-дағдылар мен
бөлімге қойылатын талаптар көрсетілген бақылау парағы таратылады.
Бақылау парағының негізгі мақсаты – оқушының нақты бөлім, тақырып
көлемінде қалыптасқан білік деңгейін анықтау. Бақылау парағы біліктердің тізімімен
қатар олардың әрқайсысы бойынша мұғалімнің бағалауынан және оқушының өзін-өзі
бағамдау нәтижесінен тұрады.
Бақылау парағы осы бөлімде бағаланатын жұмыстардың бағасын белгілеу тәсілі
ретінде қызмет атқарады. Жұмыстың түріне байланысты тапсырманы орындауға дейін
немесе орындағаннан кейін оқушылар өз бетінше өзін бағамдайды. Тексергеннен кейін
мұғалім параққа өзінің бағалауын белгілейді, осылайша бағамдау парағы оқушының оқу
жетістігі туралы барынша толық ақпарат беретін қосымша құрал ретінде болады.
31
Авторлық зерттеулер мен әдебиетті теориялық талдау нәтижесінде бағалау
жүйесінің келесі ерекшеліктері анықталған: білім беру нәтижесін бағалаудың кешенді
тәсілі; пәндік, метапәндік және жеке тұлғалық нәтижелерді бағалау; негізгі білім беру
бағдарламаларын меңгеруден күтілетін нәтижелерді бағалаудың мазмұндық және
критериалды базасы ретінде пайдалану; күтілетін нәтижелерді, құралдарды әзірлеудегі
деңгейлік тәсіл; жеке оқу жетістіктерін сипаттайтын үстемеленіп жинақталатын бағалау
жүйесін пайдалану (портфолио).
Білімді тест арқылы бағалаудың өзіндік ерекшеліктері:
Артықшылығы
Кемшілігі
Материалды бөлшектемей, пәннің барлық
тақырыбы бойынша білім, дағдыларды тексеруге
болады.
Тапсырманы
дұрыс
түсінбегендіктен
болатын
кездейсоқ қателерді ескеру мүмкін
емес.
Бағалау
стандартталған
тәртіп
бойынша
жүргізіледі, тест нәтижесін автоматтандырылған
түрде тексеру мүмкіндігі бар, жауапты дұрыс
жауап
үлгісімен
салыстыру
бағалаудың
шынайылығын қамтамасыз етеді.
Нәтижеге кездейсоқ факторлардың
әсер ету ықтималдығы жоғары.
Оқытушы/мұғалім
мен
білім
алушының
арасындағы тікелей қарым-қатынастың болмауы
психологиялық әсерді азайтады.
Оқытушы/мұғалім
мен
білім
алушының
арасында
тікелей
қарым-қатынастың болмайды.
Бағалау нәтижелерін математикалық есептеулер
арқылы жедел өңдеуге болады.
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
32
Бағалау нәтижелері. Нәтижелердің сенімділігі мен валидтілігі
Сенімділікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық
(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005)
Сенімділік дегеніміз не?
Сенімділік — бұл бағалау кезінде алған нәтижелердің тұрақтылығы. Бұл
төмендегілерді білдіруі мүмкін:
• Уақытқа қатысты тұрақтылық – егер бағалау басқа күні немесе басқа уақытта
өткізілсе, нәтижелер бірдей бола ала ма?
• Тапсырмалар арасындағы тұрақтылық – бағалау үшін басқа тапсырмалар іріктеліп
алынса, нәтиже бірдей болар ма еді?
• Баға қоюшылар арасындағы келісім – егер жұмысты басқа тексеруші бағаласа,
нәтижелер бірдей бола ма?
Тұрақтылық деңгейі жоғары болған сайын, нәтиже де сенімді болады. Алайда
нәтижелер абсолютті түрде сенімді болуы мүмкін емес. Қашанда бағаға әсер ететін
кездейсоқ ықтималдық болуы мүмкін.
Сенімділікті анықтау
Сенімділікті анықтау дәстүрлі түрде статистикалық өлшем ретінде қарастырылды.
Көбіне бұл бағалаудың жақсы нәтижелері бағалау құралдарын қайта қолданумен
қаншалықты қиылысатынын көрсету үшін сенімділік коэффициентін есептеу болып
табылады. Нақтылық коэффициенті нөлден бірлікке дейін өзгереді, сонымен қатар нөл
келісімнің жоқтығын көрсетеді. Тест құрастырушылар сенімділік коэффициентін
есептеу үшін оларды қызықтыратын келісім түрлеріне қатысты бірнеше әдістемені
қолданады. Олардың кейбіреулері төменде қысқаша берілген.
Сенімділік коэффициенті көбіне стандартталған тестілерден 0,9-ға артық, бұл
сенімділіктің жоғары деңгейін көрсетеді. Алайда бағалау нәтижелерін жинақтау үшін
сенімділік қаншалықты жоғары деген сұрақ көп жағдайда біздің бағалау нәтижелерімізге
қандай шешім қабылдау деңгейі негізделетініне байланысты. Біздің бағалауға
қатысымыз бар кезде оның маңызы жоғары, бізге жоғары сенімділік қажет. Ал шешімнің
ұзақ мерзімді салдарлары болмаған кезде, сенімділіктің жоғары деңгейі маңызды емес.
Достарыңызбен бөлісу: |