Оқу сағаты:
Элективті курс бағдарламасы 34 сағат, аптасына 1 са
-
бақтан тұрады.
Бағдарлама мазмұны.
Элективті курс 4 бөлімнен тұрады.
І. Эссе құрылымы. Эссе туралы түсінік, құрылымы (кіріспе, негізгі
бөлім, қорытынды) тақырыбы, эссе құрылымын тақырыпқа байланыс-
ты жүйелі жазу.
ІІ. Аргумент, факт. Анализ/Интерпретация. Тақырыпқа байланысты
тезис қоя білу, тезисті пікір арқылы өрбіту, пікірге аргумент, фактілер
келтіру, аргумент фактілерді талдау, бекіту.
ІІІ. Эссе түрлері және жазу тәсілдері. Эссе түрлерімен танысады, әр
-
бір түрінің жазу тәсілдеріне машықтанады.
ІV. Бекіту. Жыл бойы өткен эссе жазу білімдерін олимпиада арқылы
нәтижесін бағалайды.
Әдістемесі.
«Жазылым: эссе және оның жазылу жолдары» элек
-
тивті курсы Қ.Е.Бешімбаеваның «Эссе жазу әдістері курсы І» әдіс-
темелік нұсқаулығын басшылыққа алды. Әдістемелік нұсқаулық
2015 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның шешімімен
Өскемен, Павлодар, Қостанай, Алматы, Семей қалаларындағы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде апробациядан өткен, 2017
жылы ҰТО–ның 11- сынып оқушыларының қорытынды аттестат
-
тау емтиханында зерттеу жұмысы басшылыққа алынған, 2017 жылы
Әділет министрлігінде авторлық құқығы расталған.
Әдістемелік нұсқаулыққа:
- Кембридж университетінің Cambridge International Examinations
ұйымының «Кембридж ағылшын әдебиеті AS және A деңгейі (9695)»
онлайн курсынан;
7
- «Ағылшын жазу дағдылары» Alison онлайн білім жетілдіру жүй
-
есінің курсынан;
- әлемнің үздік университеттері және оқу орындарының жоғары дең
-
гейлі оқытушыларынан жинақталған «Coursera» біліктілікті жетілдіру
онлайн курсынан Калифорния университетінің «Академиялық ағыл
-
шын тілі: жазылым» курсынан;
- Duke университетінің «Ағылшын композициясы І» курсынан;
- «Ағылшын әдебиеті эссе жазу өнері» ( «The art of writing English
literature essays» ) Neil Bowen, Michael Meally, 2015 кітабынан;
- «Рефлексивті мұғалім болу» («Becoming a reflective teacher») Robert
Marzano, 2012 кітабынан алынған білімді тәжірибеде зерттеп, сараптап
ұсынған.
|