Жазудың қызметтері Маха Жазу


Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (А. Байтұрсынұлы принципі) Алина



бет20/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
Латын сессия

Қазақ жазуындағы емле ұстанымын таңдау қағидаты (А. Байтұрсынұлы принципі) Алина

Ең бірінші, А.Байтұрсынұлы жазудың негізі екеу (таңба негізді және әріп негізді), ал


жүйесі төртеу (таңбаша, дағдыша, туысша, дыбысша) деп көрсетуі [2, 361б.] жалпы жазу
теориясының ортақ қағидаттарымен сәйкес келетінін айтқан жөн. Мысалы, Л.В.Зиндер
жазудың тегі семасиографиялық немесе идеографиялық және фонографиялық болып бөлінеді
дейді [3, 526.].
Ал таңба жүйелі емле, тарих жүйелі емле, туыс жүйелі емле, дыбыс жүйелі емле
орфографиядағы тарихи принцип, этимологиялық принцип, морфологиялық, фонетикалық
принциптерді атағаны.
Бүгінгі ағылшын жазуын дәстүрлі немесе тарихи принциппен жазылады дегеннен гөрі, әр
сөздің жазылуын жаттауға тура келетін идеографиялық принципке жақындайды деген
пікірлер [4] де ғалымның осы көзқарасын растайды [3, 100б.]. Л.В.Щерба этимологиялық
принцип деген морфеманы сақтап жазу, яғни морфологиялық принцип, бұл бір жағынан
тарихи принципке жақын деген [5, 104б.]. Сонда таңба жүйелі емле (Байтұрсынұлы) - тарихи
принцип (Л.В.Зиндер), тарих жүйелі (Байтұрсынұлы) - этимологиялық принцип (Л.В.Зиндер),
туыс жүйелі (Байтұрсынұлы) - морфологиялық (Л.В.Зиндер) принцип болып сәйкеседі.
Қазак жазуының алғашқы кезеңі емле принципін айқындап алу қиындылығымен өлшенді
десек, бұл шешуші міндетті ғалым "туыс жүйелі емленің де, дыбыс жүйелі емленің де
түкпіріне қиналмай өтетін, екеуінің арасынан жол тауып беретін" төмендегі ұсыныстар
арқылы шешкен:
*1. Әрбір өз алдына түбірі бар сөз оңаша айтылғандағы
естілуінше жазылу.
2. Азған сөз азған күйіндегі естілуінше жазылу.
3. Үйлестікнен дүдәмәл естілетін болған дыбыстар айқын орындардағы естілуінше
жазылу.
4. Қосымшалар қосылатын сөздермен бірге жазылу.
5. Қосалқы сөз, қос сөз, қосар сөз, қосынды сөз - бәрі де қосарлық белгімен жазылу.
6. Жалғаулықтар бөлек жазылу орындарынан басқа жағы жалғау ережесінше болады.
7. Үйір айтылатын сын есім мен зат есім бөлек жазылу.
8. Көсемше, көмекші етістіктер бөлек жазылу"





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет