Жауап: Жоқ, болмайды. Исламда «дінге беріліп, дүниені тәрк
ету» деген ұғым жоқ.
Сұрақ: Үйлену үшін талап етілетін дүние-мүліктің мөлшері
қанша?
Жауап: Жігіттің табысы отбасын асырауға, үй-жайын
жабдықтауға жететін болуы керек. Қалың малды аса көбейтіп
жіберу, үйді шамадан тыс мөлшерде жиһаздау және адамды
әлекке салатын бос әрекеттермен әурелену дұрыс емес әрі
қайыры жоқ істер болып саналады.
Сұрақ: Есік көрмеген қыз алған жөн бе, әлде жесірге немесе
ажырасқан әйелге үйлену абзал ма?
Жауап: Есік көрмеген қызға үйлену абзал әрі жақсырақ.
Дегенмен жесірге, ажырасқан әйелге үйленудің де айыбы жоқ.
Сұрақ: Жоғарыдағы
хадисте
айтылған,
бойдақтардың
құмарлыққа салынбауларына көмектесетін оразадан өзге жол бар
ма?
Жауап: Иә, бірнеше жол бар. Олар: бөгде әйелдерге көз
салудан аулақ болу, Құранды көп оқу, әдепсіз фильмдерді
көрмеу, бұзық кітап-журналдарды оқымау.
Сұрақ: Әйелдер арасында әділдік, теңдік жасаудағы мақсат
не?
Жауап: Талап етілетін әділдікке ішкізіп-жегізу, киіндіру,
жұбайларының жанына кезекпен түнеу жатады. Осы мәселелер
төңірегінде еркектің әйелдерінің біреуіне артықшылық беруі –
харам. Әйелдер ешқандай қысым мен зорлыққа ұшырамауы
керек. Ал жүрекпен берілуі мәселесінде әйелдер арасында теңдік
сақтау талап етілмеген. Өйткені жүректің қалауына адам
баласының үкімі жүрмейді.
Сұрақ: Әйелдері арасында әділдік етуге ер адамның ерік-
жігері жете ме?
Жауап: Иә, егер ол Аллаһ тағаладан өзін қолдауын сұрап әрі
өзі соны қаласа, ерік-жігері жетеді.