ЕКІНШІ БӨЛІМ ҚҰДА ТҮСУ 1. Құда түсудің мағынасы және үкімі
2. Құда түсіп жатқан қызды көру
3. Талап етілген сипаттар
4. Махаббат, ғашықтық және қызғану
5. Сауал-жауаптар
1. Құда түсудің мағынасы және үкімі Жігіттің қызға үйлену туралы тілек білдіруі «құда түсу»
(«хитба») деп аталады. Жігітті «құда түсуші», қызды «саушы
келіп жатқан қыз» дейді.
Неке қиюдан бұрын құда түсу – сүннет. Себебі
Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі үшін де, өзгелер үшін де құда түскен.
Құда түсіп, сөз салудағы мақсат – қыз бен әке-шешесінің пікірін
білу әрі ол қыз бен үй-ішіндегілердің көзқарасын айқындау.
Өйткені неке қиюдан бұрын екі жақтың келісімі болуы қажет.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) әйел адамның некесін рұқсатын алып
қана қиюға бұйырған. Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.):