«Оның ризалығы – үндемегені» ,
– дегені риуаят етілген
1
.
Алайда не себептен үндемегенін нақтылап анықтау қажет.
Мұны уәлиі қыздың көңіл күйінен, қас-қабағынан байқайды.
Құдалық сөйлескенде міндетті түрде қыздың уәлиінің рұқсат,
келісімі болуы шарт. Ғұламалардың көпшілігінің пікірінше, бұл
некенің басты шарты болып табылады. Өйткені хадисте
«уәлисіз неке қиылмайды» делінген
2
. Көптеген ғұламалар уәлидің
ризалығының шарт екендігіне, Аллаһ тағаланың уәлилерге
(қамқоршыларға) қарата айтқан:
«Қашан әйелдеріңді талақ етсеңдер және олардың иддасы аяқталса, онда (қамқоршылары)
олар өзара игілікпен келіскен болса, ерлеріне қайтадан некеленуінен тыймаңдар...» 3 , – деген сөзін дәлел
ретінде келтірген.
Яғни талақ етілген әйелдің өз күйеуіне қайтадан қосылуына
тыйым салмаңдар. Өйткені шариғат бойынша оның қайта
қосылуына құқы бар. Имам Шафиғи (Аллаһ оған рақым етсін):
«Бұл аят – уәлидің қажеттілігіне айқын дәлел. Әйтпесе
қамқоршылардың бұл іске тыйым салуының ешқандай мағынасы
болмас еді», – деген. Ғұламалар арасында бұл мәселе төңірегінде
әрқилы пікірлер қалыптасқан. Олар жайлы фиқһ кітаптарында
кеңінен таратылып айтылған.