Сұрақ: Олай болса, Аллаһ тағаланың
«Қаншалықты тырыссаңдар да, әйелдеріңнің арасына әсте әділдік істей алмайсыңдар...» 1 деген сөзін қалай түсінуге болады?
Жауап: Бұл аяттың мағынасы: шын жүректен жақсы көруі.
Яғни жақсы көру мәселесінде қанша тырыссаңдар да,
әйелдеріңнің арасында әділдік жасай алмайсыңдар. Өйткені
біреуінен гөрі басқасын жақсы көріп, жүректің құлай берілуіне
адам баласы қарсы тұра алмайды, теңдік жасауға күші жетпейді.
Адам баласына бұл үшін кінә қойылмайды. Бірақ басқадай
қарым-қатынаста зұлымдық жасамауы шарт. «...Ендеше,
(біреуіне) мүлде ауып кетіп, өзгесін жіпсіз байлағандай етіп
қоймаңдар...». Яғни еркектің жүрегі басқа әйелдеріне қарағанда,
біреуіне көбірек ауып кетіп, екіншісі «жіпсіз байланғандай»
күйге түспесін. Күйеуім бар дейін десе, күйеуі жоқ, жесірмін
дейін десе, күйеуінен ажыраспаған, яғни не істерін білмей, әрі-
сәрі күйге ұшырамасын. Бұл түсінікті Айша анамыз айтқан хадис
те қуаттайды. Онда:
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) әйелдері арасында бөліп қойғаны бойынша әділдік етер еді. Сосын: