«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы семей



бет2/9
Дата06.07.2018
өлшемі4,88 Mb.
#48127
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бақылау сұрақтары: 1. Гоноциттер (гонобластар) қайда пайда болады, олар қайда және қалай көшедi? 2. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты жиынтығы, ал қандайында гаплоидты жиынтығы болады? 3. Жетiлген аналықтардың аналық бездерiнде овогенездiң қандай дәуiрi өтедi? 4. Бiрiншi көпiршiктегi овоциттiң екiншi түрiнен айырмашылығы бар ма, болса ол неде? 5. Овогенез өсу сатысының ерекшелігі бар ма?
5 тақырып: Аталық жыныс жасушасының құрылысы (сперматозоид) (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Әр жануар тобы сперматозоидтарына салыстырмалы морфологиялық зерттеу жүргізу.

2. Сперматозоид құрылысын білу.

3. Микроскопта аталық жыныс жасушасы (сперматозоид) құрылысын, оның құрылым құрамбөліктерін анықтай білу.



4. Жыныс жасушаның дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: егеуқұйрық жұмыртқалығындағы сперматогенез; кестелер және диапозитивтер: сперматогенез сызбасы.

Жұмыс бағыты: Сперматозоид құрылысын, қасиеттерін зерттеу.



1 тапсырма. Қошқардың шәует жағындысы препаратынан үлкен ұлғайтқышта көк түске боялған шәуеттерді тауып, оларды көру керек.

2 тапсырма. “Ен” препаратын микроскопқа қойып, оны кіші, үлкен ұлғайтқышта байқап Сертоли жасушасының ядросын, сперматогонийлерді, 1-ші және 2-ші реттегі сперматоциттер, сперматидтер, сперматозоидтар, интерстициалық жасушалар, ен өзегінің дәнекер ұлпадан тұратын қабығы бейнелерін салып алып, оларды белгілеңіз.

3 тапсырма. Кестеден шәует құрылысы сызбасын салып алып, мына белгілерді қою қажет: 1-басы: а) ядро, б) Гольджи аппараты бар ұрық қандауыры (акросома), 2-мойны: в) үстіңгі жақ және г) төменгі жақ центриолилер, 3-денесі: д) өзекті жіп, е) оралым жіп, 4-құйрығы (байланыстырушы, аралық, басты, соңғы).

4 тапсырма. «Әтеш сперматозоиды» препаратын қарап, онла ерікті жатқан жасушаларды көріп, олардың басы мен құйрық мөлшеріне назар аударыңыз.

  1. Бақылау сұрақтары: 1). Сперматозоидтың құрылысы мен қызметiн баяндаңыз. 2. Сперматозоидтың қай жерiнде Гольджи аппараты, центриолилер, митохондрийлер орналасады? 3. Акросома дегенiмiз не? Оның атқаратын рөлi қандай? 4. Сперматозоидтың жұмыртқажасушаларынан, дене жасушаларынан айырмашылығы неде? 5. Қандай жасушаларда хромосомалардың диплоидты, қайсысында гаплоидты жиынтығы болады?

Жаттығу тестлері (әр сұрақтан немесе аяқталмаған мақылдаудан соң әріптермен белгіленген жауаптар немесе нақты мақылдаулар болады. Әр мақылдауға сай, бір жауапты (немесе нақты мақылдауды) таңдаңыз (әріпті көрсетіңіз).

Акросома. Дұрыс мақылдауды таңдаңыз:

    1. Жарғақты тұрақты қосынды

    2. Гольджи кешені туындылары

    3. лизосоманың биохимиялық ұқсасы (аналог)

    4. протеазалар, липазалар, фосфатазалар сақтайды

Акросомалық реакция:

  1. Акросома мен плазмалық жарғақтың сыртқы жарғағының көптеген жерінің қосылуы

  2. Сперматозоидтың мөлдір қабықтан өтуін қамтамасыз етеді

  3. Сперамтозоидтың мөлдір қабықтағы өз қабылдағышымен алғашқы байланысынан кейін басталады

  4. эндоцитоздың бір түрі

Кортикальді түйіршіктердің қызметі қандай?

(А) қоректі заттарды жинайды

(Б) зиготаның бөлшектенуін бастайды

(В) жұмыртқаклеткаға сперматозоид енуін жеңілдетеді

(Г) ұрықтану қабығын құрады

(Д) сперматозоидпен сенімді байланысты қамтамасыз етеді


6 тақырып: Аналық жыныс жасушасының құрылысы. Жұмыртқаклетка.

(1 сағат).



Сабақ мақсаты:

1. Микроскопта аналық жыныс жасушасын, оның құрылым құрамбөліктерін анықтай білу.



2. Жыныс жасушаның дене жасушасынан негізгі айырмашылықтарын түсіну. Олардың құрылысы мен дамуына тән ерекшеліктерін ұғып алу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: ; кестелер және диапозитивтер: жетілген жұмыртқажасушасының құрылысы, оның қабықтары, түрлері.

Жұмыс бағыты: Сарыуыз санына және орналасуына орай жұмыртқажасушасының жіктелуін талдау. Олардың типтерін, қоректену тәсілдерін зерттеу.

1 тапсырма. «Аналық жыныс жасушасының құрылысы» кестесінен жұмыртқа жасушасы құрылысының сызбасын дәптерге салып алып, оның қабықтарын (мөлдір, сәулелі тәж) белгілеу керек.





Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет