2 тапсырма. Мысық аналық безі препаратынан кіші ұлғайтқышта бірінші, екінші, үшінші көпіршіктерді (фолликулаларды) тауып, оларды үлкен ұлғайтқышта көріп, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-бірінші фолликул, 2-екінші фолликул: а) ұлғая өсудегі овоцит, б) ядро, в) цитоплазма, г) сары уыз түйіршіктері, д) цитолемма, е) мөлдір қабық (оолемма), ж) көп қабатты эпителий, 3-үшінші фолликул: з) жұмыртқа түзуші төмпешік, и) бірінші ретті овоцит, к) ядро, л) цитоплазма, м) сары уыз түйіршіктері, н) қыртысты (кортикальді) қабат, о) цитолемма, п) мөлдір қабық, р) фолликулалы қабық, 4-фолликула қабырғасы: с) фолликулалы эпителий (түйіршікті аймақ), т) шыны тәрізді қабық (қалыңдаған негізгі жарғақ), у) дәнекер ұлпадан тұратын қаптама.
3 тапсырма. «Бақа жұмыртқаклеткасы» препаратында жасушаның кортикальді қабатының құрылысын байқау қажет.
Бақылау есебі: Препаратта әр түрлі даму сатысындағы жұмыртқаклеткасы көрінеді. Оның көлемі ұлғайған сайын, тұрақсыз сарыуыз жиналып, ол цитоплазмада біркелкі орналасады. Бұл қандай жұмыртқаклеткасына тән, әрі жануарлардың қай түріне жататынын анықтау керек.
Бақылау сұрақтары: 1). Омыртқалы жануарлардың жұмыртқа жасушалары қандай белгiлерi бойынша олиголецитальді, мезолецитальді, полилецитальді, сондай-ақ изолецитальді және телолецитальді болып бөлiнедi? 2.Жұмыртқа жасушасында плазмолеммадан басқа қандай қосымша қабықтары болады? Олардың атқаратын қызметiн түсiндiр. 3.Сарыуыз мөлшерiне байланысты жұмыртқа жасушасы қалай жiктеледi?
Жаттығу тестлері
Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасы мен зиготасы. БҰДАН БАСҚАНЫҢ, бәрі дұрыс:
(А) жұмыртқаклеткасы изолецитальді
(Б) жұмыртқаклеткасы мөлдір қабықпен қоршалған
(В) зигота мөлдір қабықпен қоршалған
(Г) акросомалық реакцияда кортикальді түйіршік ішіндегісі мөлдір қабықты түрлендіреді
(Д) зиготаның бөлшектенуі голобластикалы
Сүтқоректілер жұмыртқаклеткасы қабықтарының дұрыс алмасуын көрсетіңіз:
(А) плазмолемма – мөлдір қабық – сәулелі тәж
(Б) сәулелі тәж – анимальді қабық - плазмолемма
(В) плазмолемма - сәулелі тәж - амнион
(Г) мөлдір қабық – сәулелі тәж - амнион
(Д) плазмолемма - анимальді қабық – мөлдір қабық
Кортикальді түйіршіктердің қызметі қандай?
(А) қоректі заттарды жинайды
(Б) зиготаның бөлшектенуін бастайды
(В) жұмыртқаклеткаға сперматозоид енуін жеңілдетеді
(Г) ұрықтану қабығын құрады
(Д) сперматозоидпен сенімді байланысты қамтамасыз етеді.
7 тақырып: Ұрықтану және ооплазматикалық сегрегация (1 сағат).
Сабақ мақсаты:
1. Ұрықтану үдерісінің жалпы сипаттамасын, оның биологиялық маңызын зерделеу.
2. Ұрықтану сатыларымен, оның механизмдерімен танысу.
3. Жұмыртқаклеткасын белсендіру механизмі туралы қазіргі түсініктірімен танысу.
Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар, кестелер және әдістемелік нұсқаулар.
Жұмыс бағыты: Ұрықтану сатыларын, сперматозоид пен жұмыртқаклеткасының (сызбасын салып алу) қашықтықтан және жанасу өзара іс-қимыл жасау механизмін зерттеу, сперматозоидтардың акросомалық реакция мен жұмыртқаклеткасының кортикальді реакция сатыларымен танысу, синкарион үдерісін зерттеу, әрі бір ғана ұрынтанбаған жұмыртқадан организмнің дамуы - партеногенез және ұрық дамуына тек аталық ядро (аналық қатыспайды) қатысады - андрогенез механизмдерімен танысу.
1 тапсырма. Жағынды «Ұрықтану» препаратынан жұмыртқаклеткасы мен сперматозоидтың ұрықтану үдерісін көру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |