«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы семей



бет4/9
Дата06.07.2018
өлшемі4,88 Mb.
#48127
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 тапсырма. «Ұрықтану; бөлшектену» кестесінен ұрықтану сызбасын салып алып, жанасу өзара іс-қимыл жасау кезеңі мен аталық пен аналық пронуклеустерінің қосылуы - синкарион бейнесін, пісу бөліну кезеңін белгілеп, жойылғыш денешіктерді- редукционные тельца көрсету керек. Пронуклеустердің қалыптасуын, ұрықтану қабығын көріп, сипаттау керек. Акросомалық реакция сатыларын салып алып, оның негізгілеріне белгі қою қажет. Интактті сперматозоид жұмыртқаклеткасына жақындайды, онымен жанасқаннан кейін сперматозоид басының ұшы қабығы ашылады. Акросомалық жарғақ-мембрана сперматозоидтың плазмалық жарғағымен қосылып, ол айналады. Акросомалық түйіршіктердің одан әрі бүлінуі, мүмкін жұмыртқаклеткасы қабығын бұзатын еріту ферментін босатуға жеткізеді де, сперматозоидтарға жол ашады. Сперматозоид пен жұмыртқаклеткасының плазмалық жағағы тығыз байланысқа түсіп, қосылады. Сөйтіп ұрықтану төмпешігі құрылады. Сперматозоид пен жұмыртқаклетка жеке жасушалар болудан қалады, сперматозоид ядросы жұмыртқаклетка цитоплазмасына ауысады.

3 тапсырма. «Сперматозоид пен жұмыртқаклетканың қашықтықтан және жанасу өзара іс - қимыл жасау» кестесінен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау фазасының сызбасын салып алу керек. Сперматозоид капатация үдерісін (сперматозоид басының рецепторларын, бас бетінен көмірсулар бөліну үдерісін, сперматозоид рецепторларының НАГ – рецепторларымен байланысу үдерісін салып алу) көрсету керек.

4 тапсырма. Жанасу өзара іс - қимыл жасау фазасын салып алу. Сперматозоид рецепторларының жұмыртқаклетка рецепторларымен байланысу және сперматозоидтың жұмыртқаклетка қабықтары арқылы өту үдерістерін белгілеу.

Бақылау сұрақтары: 1). Ұрықтану үдерісінің биологиялық маңызы. 2. Ұрықтану сатыларын атаңыз. 3. Қашықтықтан өзара іс-қимыл жасау үдерісіндегі гомондар рөлі. 4. Сперматозоидтардың акросомалық реакциясының молекулалық механизмі. 5. Кортикальді реакция механизмі. 6. Партеногенез. 7. Андрогенез.
8 тақырып: Бөлшектену (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Бөлшектену морфологиясы мен биологиялық маңызын, механизмі мен типтерін зерттеу.

2. Түрлі типте бөлшектенетін жануарлар бластулаларының құрылысы мен типтерін зерттеу.

3. Жұмыртқаклеткасындағы қоректік зат-сарыуыз мөлшеріне, әрі даму жағдайына орай бөлшектену зиготасының ерекшеліктерін меңгеру.



4. Ланцетниктің зиготадан бастап, мезодерманың нақтылануына дейінгі дамуын зерделеу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: теңіз кірпісі жұмыртқасының бөлшектенуі; кірпі бластуласы; кестелер және диапозитивтер: ланцетник эмбриогенезінің сызбасы.

Жұмыс бағыты: Бөлшектену типтерін (толық – толық емес, біркелкі – біркелкі емес, синхронды – синхронды емес). Түрлі типте бөлшектенетін жануарлар бластулаларының (бақа бөлшектенуін салып алу керек) құрылысы мен типтерін зерттеу.


1 тапсырма. «Бөлшектену, бластула және гаструляцияның басталуы» кестесінен әр түрлі биологиялық түрлердің бөліну типтерін қарап, амфибий, құс және сүтқоректілер бөлшектену типін белгілеу керек. Жасушалар бөлінуінің Гертвиг-Сакс ережесі түрлі жануарлар бөлшектену үдерісіне сәйкестігін дәлелдеу қажет.




2 тапсырма. «Бластулалар типтері» кестесін қарап шығып, целобластула, амфибластула, дискобластула және бластоцистаның суретін салып алып, төбесін, жиек аймағын, түбін, бластоцелін, ал дискобластула суретінде ұрықтық дискіні, бластоцистада эмбриобласты, трофобласты және бластоцисты белгілеу қажет.

3 тапсырма. “Жұмыр құрт-аскарида жұмыртқасының бөлшектенуі», «Бақа жұмыртқасының бөлшектенуі”, «Бақа бластуласы» препараттарын көріп, типін анықтап, одан соң әр препараттағы бластулаға сипаттама беру керек.

Бақылау сұрақтары: 1). Бөлшектену үдерісіне сипаттама беру. 2. Бөлшектенудің жасушаның митоз жолымен бөлінуінен айырмашылығы. 3. Гертвиг-Сакстың жасушалар бөлінуіндегі ережесі. 4. Бөлшектенудің сарыуыз мөлшеріне, цитоплазма қасиеттеріне тәуелділігі неде? оның биологиялық маңызы неде? 5. Түрлі типте бөлшектенетін жануарлар бластулаларына сипаттама беріңіз. 6. Бөлшектену нәтижесінде ұрық бейнесі қандай, олар қалай аталады? 7. Сыртқы орта бөлшектенуге қандай әсер етеді?
9 тақырып: Гаструляция (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Гаструла түзілуінің мәнін және негізгі тәсілдерін (инвагинация, эпиболия, деламинация, иммиграция, аралас тип) сипаттау.

2. Әр омыртқалыларда гаструла түзілуінің бастапқы сатысына салыстырмалы сипаттама беру.

3. Гаструла сатысындағы ұрықты анықтап, ондағы ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын ажырата алу.



Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: теңіз кірпісінің гаструласы; кестелер және диапозитивтер: гаструла тәсілдері.

Жұмыс бағыты: Гаструла түзілуінің негізгі тәсілдерімен танысу. Гаструла түзілуі тәсілдеріне орай, әртүрлі гаструла типтері суреттерін салып алу.

1 тапсырма. «Гаструла түзілуінің тәсілдері және гаструла типтері», «Бөлшектену, бластула және гаструла түзілуінің бастапқы сатысы» кестелерінен ланцетник гаструласының бастапқы сатысы бейнесін дәптерге салып алып, алғашқы эктодерма, энтодерма, бластопор, гастроцелді белгілеу керек.



2 тапсырма. Құс гаструла түзілуінің бастапқы сатысы бейнесін дәптерге салып алып, ондағы бірінші және екінші сатыларды анықтап, алғашқы сайшаны, алғашқы төмпешікті, алғашқы жолақты, сүтқоректілерде - деламинация үдерісін, ондағы гипобласт, эпибласт, амнион қуысын, амнион эктодермасын; ұрықтық эпибласт жасушаларының кірлігу-иммиграция үдерісін, онда бастапқы сатыдағы алғашқы жолақ пен алғашқы түйінді, мезодерма, эктодерма, энтодерманы көрсетіп, әрі кірлігудің екінші сатысындағы энтодерманы белгілеу керек.

3 тапсырма. «Бөлшектену, бластула және гаструла түзілуінің бастапқы сатысы» кестесінен әр түрлі биологиялық түрлерде (амфибий, құс, сүтқоректілер) гаструла түзілу типтерін мұқият қарап, әр омыртқалыларда гаструла түзілуінің бастапқы сатысына салыстырмалы сипаттама беру (онда тәсілдерді де баяндаған жөн).

Бақылау сұрақтары: 1). Бастапқы гаструла түзілуін сипаттаңыз. 2. Мезодерманың құрылу тәсілдері. 3. Әр омыртқалылардың гаструла түзілуінің бастапқы сатысына салыстырмалы сипаттама беру. 4. Гаструла түзілуінің мәні неде, әр жануарлардағы оның ерекшеліктері қандай? 5. Әр жануарлар гаструласының құрылысын, ұрықтық бастамаларын және құрған ұрық жапырақшаларын баяндау қажет.
10 тақырып: Білікті ағзалардың қалыптасуы (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Білікті ағзалар дегеніміз не, олар неден, қалай қалыптасады және онтогенездің осы сатысында мезодермада не өтетінін меңгеру.

2. Ұрықтағы білікті ағзалардың бастамаларын анықтау.

3. Білікті ағзалардың шығу тегіндегі, қалыптасуындағы ерекшеліктерді баяндай алу.



Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: ; кестелер және диапозитивтер: .

1 тапсырма. Көлденең кесіндідегі «Құс ұрығы» препаратын кіші ұлғайтқышта (жүйке түтігі көру аймағының жоғарғы жағында орналасқаны жөн) ықласпен зерттеп, бейнесін дәптерге салып алып, мына тәртіпте белгілеу керек: 1-эктодерма, 2-целома, 3-сомиттер, 4-жүйке түтігі, 5-желі-хорда, 6-амнион қатпарының шеті, 7-қан тамырлары, 8-дене қатпары.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет