«Жеке даму биологиясы» пәнінің зертханалық сабақтарының Әдістемелік нұСҚауы семей



бет9/9
Дата06.07.2018
өлшемі4,88 Mb.
#48127
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Бақылау сұрақтары: 1). Құс жұмыртқасының құрылысы қандай? 2. Құс ұрығының дамуындағы негізгі кезеңдерді атаңыз. 3. Құстың ұрықтан тыс ағзаларын атап, олар қандай қызмет атқаратынын баянда. 4. Құсқа қандай бөлшектену түрі тән? 5. Құс ұрығының дамуындағы ұрықтық диск, алғашқы жолақ туралы не білесіз? 6. Дискобластула дегеніміз не? 7. Дене қатпары не үшін қажет, ол не түзеді? 7. Құстың іштөлі қабықтары қалай, қандай жолмен қалыптасатын атап, сипаттама беріңіз. 8. Дене қатпары туралы не білесіз? Аллантоис қандай қызмет атқарады? 9. Құстың ұрықтан тыс қабықтары атқаратынын баяндаңыз.

Жаттығу тестлері

Дамудың негізгі сатыларының дұрыс алмасуын көрсетіңіз:

(А) морула – бластула – органогенез - гаструла

(Б) бөлшектену – гаструла – бластоциста - органогенез

(В) зигота - гаструла – бластоциста - органогенез

(Г) зигота - морула – бластоциста – гаструла - органогенез

(Д) бластоциста – морула – гаструла – органогенез



Нейруляция нәтижесінде ұрықта құрылады:

(1) жүйке айдары

(2) алғашқы жолақ

(3) жүйке жүйесінің ұлпалары

(4) ішкері эктодерма

Мезодерманың туындыларын көрсетіңіз:

(1) жүрек бұлшық еті

(2) ішектің тегіс бұлшық еті

(3) қаңқа бұлшық еті

(4) білікті қаңқа
14 тақырып: Сүтқоректілердің дамуы (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Омыртқалылар ұрығының даму кезеңдерін баяндай біліп, жұмыртқаклеткасы құрылысына орай, байқалатын ерекшеліктері.

2. Ұрықты гаструла түзу сатысында анықтай алып, ондағы ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын ажырата алу.

3. Ұрықтың білікті ағзалар бастамаларын анықтап, олардың даму, қалыптасу ерекшеліктерін баяндай білу.

4. Мезодерманың нақтылануын зерттеп, препаратта оның туындыларын анықтауды білу.

Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар: тышқан ұрығының дамуындағы амнионның қалыптасу сатысы; кестелер және диапозитивтер: бөлшектену және стерробластуланың құрылуы; ұрықтық түйіні жасушаларының нақтылануы; сүтқоректілердің ұрықтық бөлімінің ұрықтан тыс ағзаларына-қабықтарына ажырауы және ұрықтық қабықтардың құрылуы; жануарлардың ұрықтық қабықтарының ерекшеліктері.

1 тапсырма. Дәптерге сүтқоректілер ұрығының негізгі сатыларын жазып, әрқайсысының мәнін мына кестеде толықтыру:

Даму сатылары

Сатылардың маңызы









2 тапсырма. Дәптерге мына кестені салып, ұрық жапырақшаларынан жетілудегі ұрық бастамаларын «+» белгісін қойып, анықтау қажет.

Ұрық жапырақ

шалары


Жүйке түтігі

Тері эктодер

масы


Ішек энто дермасы

Сомиттер

Спланхно том

Эктодерма
















Мезодерма
















Энтодерма
















Бақылау сұрақтары: 1. Сүтқоректілер ұрығының дамуындағы негізгі сатыларды сипаттаңыз. 2. Сүтқоректілерге қандай бөлшектену тән? 3. Трофобласт дегеніміз не? Ол қалай дамиды? 4.Сомиттер дегеніміз не? Онда мезодерма қалай жіктеледі? 5. Білікті ағзаларға не жатады? Әр қайсысын сипатта. 6. Сүтқоректілерде ғана болатын іштөлі қабығын атап, ол қандай қызмет атқаратынын түсіндіру керек. 7. Сүтқоректілер ұрығының даму үдерісінде қандай ұрықтық қабықтар пайда болады, қандай жолмен және атқаратын қызметтері неде?
15 тақырып: Сүтқоректілердің ұрықтан тыс ағзалары-іштөлі қабықтары. Қағанақ, оның жіктелуі (1 сағат).

Сабақ мақсаты:

1. Сүтқоректілердің іштөлі қабықтары қалыптасуын, олардың атқаратын қызметін меңгеру.

2. Түрлі жануарлардың қағанақ түрлерімен танысып, олардың ерекшеліктерін, жіктелуін ұғып алу. Оның ұрықтық, аналық бөлімдері қалай қалыптасатынын анықтау.

3. Қағанақ бүрлерінің орналасуына және оның тосқауылдық құрылымына орай жіктелуін атап, әр түрінің құрылысын, атқаратын қызметін меңгеріп, құрылым ерекшеліктерін түсіну.



Зертханалық сабақтарды өткізуге қажет материалдар мен жабдықтар: микроскоптар, гистологиялық препараттар, кестелер және диапозитивтер: қағанақ түрлері.

1 тапсырма. Суреттен сүтқоректілер іштөлі қабықтарының дамуын: I-амнион, аллантоис, сір қабықтар құрылуының алғашқы сатысы; II-амнион, аллантоис және бастапқы бүрлері бар хорионның құрылуы: 1-ұрық денесі; 2-дене қатпары; 3-амнион қатпары; 4-амнион қабығы; 5-сарыуызды қап; 6-аллантоис; 7-бірге біткен сір қабығы және трофобласт-хорион; 8-эктодерма; 9-мезодерма; 10-сарыуызды энтодерма; 11-аллантоис энтодермасы; 12-хорионның алғашқы бүрлерін дәптерге салып алып, белгілерін қою керек.



2 тапсырма.Эпителиохориалды қағанақ препаратын қарап, суретін салып алып, мыналарды белгілеу керек: 1-аналық бездегі бүрлер, 2-ұрықтық дәнекер ұлпа – бүрлер негізі, 3-ондағы ұрықтық қылтамырлар, 4-хорион эпителийі (цитотрофобласт), 5-аналық эпителий, 6-эндометрийдің дәнекер ұлпа негізі, 7-ондағы қан қылтамырлары.

3 тапсырма. Мына қағанақ: I-эпителиохориалды; II-десмохориалды; III-эндотелиохориалды; IV-гемохориалды түрлерін салып алып, 1-хорион бүрі; 2-жатыр кіріккі эпителийі; 3-жатыр кілегейлі қабығының дәнекер ұлпасы; 4-жатыр кілегейлі қабығындағы қан тамырлары жүйесінің қабырғасы; 5-қан жүйесінің аралығы; 6-қан жүйесінің эндотелийін белгілеу керек.




Бақылау сұрақтары: 1). Қағанақ дегеніміз не? Оның қандай түрлерін білесіз. 2. Қағанақты не құрады және олар қандай қызметтер атқарады? 3. Қағанақтарды қандай белгілеріне қарап, шашыраңқы, ыдысша, шеңбер, диск тәрізді деп жіктейді? Ондай қағанақтар қандай жануарларға тән болатынын түсіндір. 4. Гистологиялық жіктеуге сай аталатын қағанақ түрлерін атап, олар қандай жануарларда болатынын баяндау қажет. 5. Қағанақтың аналық бөлімін не құрады? 6. Қағанақ тосқауылын құратын ұлпалар құрамбөліктерін ата. 7. Ұрықтың қай жерінде алғашқы қан тамырлары пайда болады?

  1. Жаттығу тестлері

  2. Трофобласт, ненің бөлігі:

  3. (А) эпибласт

  4. (Б) ішкі жасуша массасы

  5. (В) гипобласт

  6. (Г) эмбриобласт

  7. (Д) бластоциста

  8. Арқа жақ эктодерманың туындыларын көрсетіңіз:

  9. (А) тер бездері

  10. (Б) жұлын

  11. (В) жатыр эпителийі

  12. (Г) бүйрек эпителийі

  13. (Д) түктер

  14. Жұмыртқакелткасының ұрықтануы мынада жүреді:

  15. (А) құрсақ қуысы

  16. (Б) жатыр қуысы

  17. (В) жұмыртқаклеткасы жолы

  18. (Г) жатырдың мойын бөлімі

  19. (Д) жатыр мойыны аймағы

  20. Сүтқоректілер бөлшектенуі:

  21. (А) толық біркелкі

  22. (Б) толық біркелкі емес

  23. (В) жартылай

  24. (Г) толық асинхронды біркелкі емес

  25. (Д) жартылай асинхронды


Негізгі әдебиеттер

  1. Афанасьев Ю.И., Юрина Н.А. Гистология, цитология и эмбриология. М., 2002.

  2. Данилов Р.К. Гистология. Эмбриология. Цитология. М., 2006.

  3. Константинова И.С., Булатова Э.Н., Усенко В.И. Основы цитологии, гистологии и эмбриологии животных. Лань, 2015.

  4. Ленченко Е.М. Цитология, гистология и эмбриология. М. 2009.

  5. Лукаткин А.С., Ручин А.Б., Силаева Т.Б. и другие. Биология с основами экологии. М. 2008.

  6. Яглов В.В., Яглова Н.В. Основы цитологии, эмбриологии и общей гистологии. М. 2008.

  7. Яглов В.В., Яглова Н.В. Основы частной гистологии. М. 2011.

Қосымша әдебиеттер

1. Адылканова Ш.Р. Биология индивидуального развития (курс лекций). Алматы, 2008.



Тоқаев З.Қ. Аграрлық факультет студенттеріне арналған жануарлар морфологиясының оқу-әдістемелік құрал. Семей, 2013.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет