Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?



бет7/7
Дата03.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#8666
1   2   3   4   5   6   7

4. Сату. Көкөніс дақылдарын сататын уақыт келгенде, оларды базарға,  кез келген көкөніс дүкендеріне өткізуге болады. Әрі өзіңіздің ұсыныстарыңызды айтып, барлық жақын маңдағы дәмханалар мен мейрамханаларға хабарласып шығыңыз, мүмкін олар жаңа піскен көкөністерді алу үшін сізбен келісім-шартқа отырғанды дұрыс көрер.

5. Болжамды есептеулер.

5.1. Шығыстар:
Мәселен, егер учаске алаңы 8 сотық болса, онда егу үшін шамамен 2 қап егу картобы қажет. 1 қап = 3 000 теңге (сортына байланысты), яғни  2 қап х 3 000 теңге = 6 000 теңге.

Қиярдың 1 қорап ұрығы – 30 теңге (сортына байланысты), 8 сотыға 2 қорап қажет болады, яғни 30 теңге х 2 дана = 60 теңге.



5.2. Табыс:
8 сотық учаскеден шамамен 10-15 қап картоп жинауға болады (сортына және баптауына байланысты). 1 қап картопты сату – 4 000 теңге, яғни  10 (15) х 4 000 теңге = 40 000 (60 000) теңге.

8 сотық учаскеден 30 кгқияр жинауға болады.  1 кг сату = 150 теңге (қыста), ал жазда = 50 теңге, сонда 30 кг х 50 (150) теңге = 1 500 (4 500) теңге.



Фото-қызмет

Кәсіби фото-қызмет бизнесі нарықта кең етек жайған. Жыл сайын мұндай қызмет түрін көрсететін фотостудиялар көптеп ашылып жатқанмен олардың саны тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін әлі болса жеткіліксіз. Көп жағдайда бұл қызмет түрін жеке фотографтар жүзеге асырады, олар үйлену тойлары мен басқа да мерекелік шараларда жұмыс істейді, ал мамандандырылған арнайы студиялардың саны онша көп емес.  



Неден бастау керек? Фотостудия ашу үшін сізге тіркелу керек. Салық қызметінде тіркелу үлгісі – жеңілдетінлген режим бойынша жеке кәсіпкер. Сонымен  қатар, кассалық аппарат алу қажет, аппаратты қызметті жүзеге асыру орны бойынша салық органдарында тіркеу керек.

Ғимарат. Әдетте фотостудияға арнайы бір орын-жайды жалға алады. Ол орынды клиенттерге ыңғайлы жерден, қала орталығынан таңдаған дұрыс. Ал егер негізгі жұмыс – тез жасалатын фото, паспортқа арналған фото болса, фотостудияны шағын ауданнан да ашуға болады.

Құрал-жабдықтар. Фотостудия үшін сізге керегі: фотоаппарат, жарықтар мен оларға қажетті аксессуарлар – софтбокстар, тіреулер, шағылдырғыштар, фондар, компьютер, принтер және басқа да қосымша жабдықтар.

Қызмет түрлері. Алдымен бизнесіңіздің мақсаты мен бағыттарын анықтап алу керек. Сондан кейін қандай қызмет түрлерін (портфолио үшін фото, имидждік жарнама, қойылымдық түсірілім, архитектуралық түсірілім және т.б.) көрсететініңізді нақтылау қажет. Және де бәсекелестерге қарағанда ерекшеліктеріңіз (жоғары сапа, көрсетілетін қызмет түрлерінің сан алуандығы, арзанырақ бағалар және т.б.) қандай болмақ?

Фотоқызмет көрсету бизнесі – бұл кәсіби фотопортреттер, паспортқа арналған суреттер, маңызды шаралардың түсірілімдері, портфолио үшін фото жасау, жарнамалық өнімдердің түр-түрі (буклеттер, каталогтар). Тағы бір пайда табудың көзі – фотоларды, күнтізбелер мен ашық хаттарды шығару қызметі. Қызметтің жаңа түріне тоқталар болсақ – коллаж және фотомонтаж (көркемсурет пен фотоны біріктіру), олар классикалық мәнерде, сонымен қатар,  ретро-фото, фэнтези, пин-ап стилдерінде жасалады.

Фотожарнамалық қызметтер үлкен табыс әкеледі. Жұмыс күні барысында портфолиоға арналған суреттер мен каталогтар бойынша тапсырыстарды орындап, ал кешке және демалыс күндері – жұмыс орны мен құрал – жабдықтарды фрилансерлерге жалға беруіңізге болады.

Қызметкерлер. Алдымен бір фотограф пен әкімші жұмыс істейтін кішігірім студия ашуға болады, ал болашақта сіз өзіңіздің бизнесіңізді кеңейтемін десеңіз, тағы бірнеше кәсіби фотограф, стилист пен дизайнер жалдауға болады.

Өнімді өткізу. Фотостудия үшін жарнаманың алатын орны ерекше.Ол үшін өзіңіздің жеке сайтыңызды ашып, онда жұмыс үлгілері мен қызмет түрлерін, бағаларды, координаттарыңызды енгізіп қоюыңызға болады. Фотостудиялардың имиджі үшін кәсіби көрмелерге қатысу не оларды өзінде ұйымдастыру үлкен көмегін тигізеді. Визиткалар мен буклеттерді кәсіби құрал-жабдықтар сататын сауда орталықтарына таратуға беріп қойсаңыз болады.

Клиентерді тарту үшін плакаттарды, үйлену тойларындағы фото-сессиялар туралы хабарландыруларды АХАЖ, үйлену салондары, зергерлік бұйымдар сататын дүкендерге іліп қоюға болады. Ал мектептер мен балабақшаларға «өз балаңыздың мынадай портретінің болғанын қалайсыз ба?» деген жазуы бар жануардың қасында тұрған немесе теңіз қарақшысының киімін киген (мекеме басшысының келісімімен) әдемі баланың суретін орналастырып, студия буклеттерін таратуға да болады.



Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
- орын-жайды жалға алу – 30 000 теңге.
- жабдықтар – 300 000 теңге
- тіркеу, кассалық аппарат – 20 000 теңге.
- кеңсе тауарлары – 10 000 теңге.

Барлығы: 360 000 – 400 000 теңге.



Табыс: Айына фотостудияның табысы 450 000-600 000 теңгені құрай алады, фотостудия өзін-өзі 1 жыл көлемінде ақтайды.

Полимерлік сазбалшықтан әшекейлер мен кәдесыйлар жасау

Көбіміз нешетүрлі ерекше авторлық алқалар мен әшекейлердің дүкендерде сатылып жатқанын көрдік. Мұндай бұйымдарға деген сұраныс күннен күнге өсіп келеді. Бұл заттарды,  негізінен,  «полимерлік сазбалшықтан» жасайды.

Полимерлік сазбалшық (сонымен қатар, пластик) – жабыстыруға арналған поливинилхлорид негізіндегі (кішігірім өнімдер, әшекейлер, қуыршақтар) ауада немесе жылытқанда қататын  икемді материал.

Авторлық жұмыстарыңызды сатуға негізделген бизнесті ұйымдастыру үшін сізге керегі – полимерлік сазбалшық (пластик). Оны сатып алу еш қиындық тудырмайды, полимерлік сазбалшық қолөнершілерге арналған дүкендерде немесе кеңсе заттары дүкендерінде сатылады.

Жабыстыру. Полимерлік сазбалшықпен жұмыс ұқыптылық пен арнайы әдістерді меңгеруді талап етеді. Оның көмегімен көптеген көркемсурет эффектілері мен беттерді имитация жасауға болады: шыны, ағаш, мата, табиғи сазбалшық, фарфор, піл сүйегі, кез келген жасанды тастар. Материалдан пластификатор алынған кезде, пластик екі негізгі бөлікке бөлінеді – пісірілетін және өзі қатқан.

Полимерлік сазбалшықты пайдалану алдында, оны жақсылап  езу керек, қолдың жылуынан ол өте икемді болады.

Жас шеберлерге бұйым жасауды қарапайым моншақтардан бастаған дұрыс. Ол үшін пластикті жайып, бірдей бөліктерге бөледі, сосын домалақтап,  моншақтар жасайды. Осылайша олардың көлемі бірдей болады. Моншақтарды пісіруді ыңғайлы ету үшін оларды тістазалағыштарға қадайды. Моншақтар ерекше болып көріну үшін, жұмыс алдында түрлі екі түсті пластикті араластыруға болады.

Күрделі бұйымды «caning» (кэнинг – ағылш. «cane» (таяқ)) техникасымен жасауға болады, кейде оны миллефиори деп те атайды. Оның көмегімен шеберлер сазбалшықтан нешетүрлі шедеврлер жасап шығарады. Сурет салу үшін пластик орама түрінде оралады, суретті жинап, ұзындығы бойынша тартады. Осылайша әдемі сурет пайда болады. Одан кейін бөліктерге кесесіз де, моншақтар жасайсыз.

Сазбалшықпен жұмыс жасауда таңбалау әдісін де қолдануға болады.  Ол үшін формалар мен таңбалар жасауға арналған арнайы икемді пластик керек. Пластиктен қажетті белгі жасайды (моншақ, жаңғақ, сүйек, ұлу қабыршағы), одан кейін оны пісіріп, болашақта түрлі фактуралық бұйымдар жасау үшін форма ретінде қолданады. Егер сіз ұзын әрі жұқа бұйым жасаймын десеңіз, онда жұқа сымнан жасалған каркаста жапсырған жөн.

Термикалық өңдеу. Өнім жапсырылып болғаннан кейін, оны кептіріп, термикалық өңдеу керек. Термикалық өңдеу кезінде пештегі температураны 175º-тан жоғары көтерсе, пластик түтін шығарып, жана бастайды. Сондықтан да, қажетті температура тәртібін сақтау керек, әсіресе, температураны бірден жоғарылатуға мүлдем болмайды.

Күйдірілгеннен кейін бұйым толық кебу керек, одан кейін ғана басқа шаралар жасауға болады: сазбалшықты жуу, кесу, тесу, бөліктерге бөлу, т.б. Бояу үшін темперді, акрил бояуларын, гуашьті  пайдалануға болады (одан кейін суға төзімді лак қолданылады). Өнімді нитроэмальмен бояуға да болады (алдын-ала эпосид желімінің жұқа қабатымен жабыстырғаннан кейін). Бұдан кейін ғана фарфор сынды декоративті бет пайда болады.

Өткізу. Алғашқы кезеңде жарнаманың рөлі өте зор, БАҚ-қа берілген жарнама, түрлі түсті хабарландырулар тарату – мұның барлығы клиенттер тартуға көмектеседі. Бизнесті ұйымдастырмас бұрын сіздің өніміңізді өткізуге болатын сауда нүктелеріне хабарласып шығыңыз. Ондай сауда нүктелеріне әшекей, кәдесый, интерьер жабдықтарын сататын дүкендер жатады. Сонымен қатар, жеке тапсырыстар бойынша жұмыс жасауға да болады. Клиенттермен жұмыс істеу барысында өте қажет болатын сіздің жасаған заттарыңыздың фотоальбомын не каталогын әзірлеп қойған дұрыс.

Болжамды есептеулер.

Шығыстар:
Қаржыңыз, негізінен, полимерлік сазбалшыққа жұмсалады. Бір қаптамасы орта есеппен алғанда, 520-900 теңге тұрады. (бір қаптамадан шамамен, кішірек өлшемдегі 25-35 әшекей шығады). Жарнама шығыстары – 3 000 теңге. Барлығы: орта есеппен 4 000 теңге.

Табыс:
Полимерлік сазбалшықтан әшекей жасаудың еш қиындығы жоқ екендігіне көз жеткіздіңіз. Ал одан не жасау, қандай зат жасау тек қана сіздің шабытыңыз бен қиялыңызға байланысты. Мұндай шығармашылық жұмыспен айналыса жүріп айтарлықтай табыс табуға әбден болады. Мысалы: бірегей данадағы авторлық алқа шамамен,  2 500 – 4 500 теңге тұрады. Бір айда сіз 15-40 алқа, сырға, білезік жасай аласыз. Шығыстар, тіпті жоқ деп айтуға болатынын есепке ала отырып, мұндай кәсіпкерлікті табысты деп қорықпай айтуға болады.

Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері

Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады.


«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады. 
Қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады.
Несие ұсыну жаңа және жетілдірілген жаңа құралдар алуға; айналым қаражатын толықтыруға; әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға негізделген.
Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз. 
«ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.
Негізгілер:  

  • СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;

  • «ДАМУ аймақтары II»;

  • «ДАМУ өндіріс»;

  • «Бизнестің жол картасы – 2020»;

  • Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;

  • Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.

Аймақтық қаржыландыру бағдарламасы - ауыл шаруашылығы өнімдерін, мал шаруашылығы, аралас ауыл шаруашылығы, балық аулау, акваөнімдер, азық-түлік өндірісі, мақта-мата бұйымдары, киім, мектепке дейінгі білім саласымен айналысатын кәсіпкерлерге көрсетілетін көмек.
Бизнесті қолдауды тағы бір бағдарламасы – «ДАМУ аймақтары ІІ». Бағдарламаның басым салалары тізбесінде: агроөнеркәсіп кешені, тау-кен саласы, жеңіл өнеркәсіп, жиһаз өндірісі, туризм, ақпарат және байланыс, білім саласы қызметі, денсаулық сақтау, мәдениет, мәдени қызмет көрсету, спорт және т.б. бар. 
«ДАМУ өндіріс» қаржылық бағдарламасы ЖК субъектілері үшін және дағдарыс жағдайынан шығуға арналған несие ресурстары тапшылығын тартып отырған кен байыту өндірістеріне көмек көрсету мақсатында жұмыс істейді. Осы бағдарлама пайыздық мөлшерлемені қайта қарап, 8% -ға төмендету жағына өзгертуге мүмкіндік береді.
«ДАМУ» қоры сыйақы мөлшері төмен – 8%-дық талаптары өте жақсы лизингтік бағдарлама әзірледі және әрекетке енгізді. Кәсіпкер жаңа құралдар алады және несие алушының қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда қосымша кепілдеме ұсыну қажеттілігі жойылады.
Сонымен қатар, әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелендіру бағдарламасы жұмыс істейді. Онда қаржыландыру саласына шектеу қойылмай, жылына 14%-дан аспайтын несие беріледі. Оны төрт банк жүзеге асырады, олар: «ЦентрКредит» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Дельта банк» және «Евразиялық банк».
Қаржылық емес бағдарламалар – мүгедек-кәсіпкерлерге олардың мәселелері мен қажетті ресурстары (қаржылық, мүліктік, ақыл-кеңестік қолдау көрсету, өзге де қызметтер арқылы көмек беру) туралы ақпараттандыру деңгейін арттыру жолымен көмек көрсету мақсатында әзірленген арнайы бағдарлама. Қор «ДАМУ-көмек» сайтын жасап, оған өзінің шағын ісін ашқан және көмекке мүдделі мүгедек-кәсіпкерлер туралы ақпараттар орналастырады.
Жоғарыда аталған бағдарламалар бойынша несие алу үшін кәсіпкерлер банктің несие саясатына сай келуі керек. Сіз өзіңіздің кепілдік мүлігіңізді және бизнес-жобаңызды ұсынуыңыз қажет. Банк оң шешім шығарған жағдайда құжаттар қарастырылуға жіберіледі. Аймақтық үйлестіру кеңесі (АҮК) несие беру мүмкіндігі немесе бас тарту туралы соңғы шешімін шығарады.
Банкке және үйлестіру кеңесіне өз жобасының өміршеңдігін дәлелдей алған кәсіпкерлер жылдығы 14% аспайтын несие алуға мүмкіндік алады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ағымдағы жылғы 13 шілдедегі қаулысымен Бағдарламаның бірінші және үшінші бағытына қатысты өзгерістер енгізілді. Осылайша, бірінші бағытында – 12 пайыздық мөлшерлеме сыйақысы кезінде 5% орнына, мемлекет 14% кезінде 7% жабады, ал кәсіпкер бағдарламаның 7%-ынан астамын ғана жабады. Үшінші бағытында экспортқа бағытталған өндірістерге қолдау көрсету бойынша субсидиялау тағы да 14% аспайтын мөлшерде жүзеге асырылады, олардың 6% экспортер төлейді де, қалған 8% мемлекет өз есебінен жабады.
Неліктен «Даму» қорын таңдау керек деп ойлайсыз? Орташа алғанда бүгінгі күнде коммерциялық несиенің пайыздық мөлшерлемесі 16-21%-ды құрайды. Қаржыландырудың бағдарламасында бұл - 10%, оның үстіне жеңілдік мөлшері бойынша несие алған кәсіпкер басқа мемлекеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасына» қатысуға мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мемлекет оған сыйақы сомасының 5% жауып береді. Ал егер несие алушы жаңа құралдар алған болса және экспортқа өнім шығаруға жұмыс істесе, онда мемлекет өзіне 8% пайыздық төлемді алады.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша жан-жақты ақпаратты Сіз «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалдарынан ала аласыз.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.damu.kz – «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның cайты; 
2) www.damu-komek.kz/ - «ДАМУ» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның  қызмет істеп жатқан және жаңа бастаған мүгедек-кәсіпкерлерге арналған cайты. 
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «шағын бизнеске несие», «бизнес несиелерін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.



50  Жоба ауылды өркендетеді                 

               Бизнес әлемінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ерекше мәні нарықтық қатынаста жұмыс істейтіндер мен осы саладағылар жақсы біледі.


            Елбасымыз Н.Назарбаев өткен жылғы Жолдауында: «Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізуізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл бағдарламаның мақсаты-өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобы дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болдып табылады» - деп атап көрсеткен болатын. Осыған орай  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы өмірге келді.
            Шағын және орта бизнесті кең көлемде дамыту мақсатында біздің ауданымызда бүгінгі таңда 50 шағын бизнес жобалары дайындалды. Оның ішінде тұрмыстық техникаларды жөндеу, кіші баспахана ашу, кіші наубайхана, шаштараз, суретшілер шеберханасы, қолөнер бұйымдарын дайындау қызметін көрсету шағын бизнесін ұйымдастыруға талап талғамдардың жақсы ізденіс жасай білгенін байқатады. Мәселен түйе, күрке тауық, ірі қара мал, жылқы, үй қоянын, құндыз, қой, бөдене, шаян өсіру және жекеменшік балабақша ұйымдастыру, жиһаз жөндеу шеберханасы, аяқ киім жөндеу ізденімпаз, өнерлі, шеберлі жанның қолынан келері сөзсіз. Қарапайым әрі өте қызықты жобалар көпшілікке ой салатыны да анық.
            Осы материалдарды әзірлеу кезінде басшылыққа алынған негізгі идеялардың бірі- ол «әрбір қазақстандық табысты болуы керек» деген ой болды. Себебеі, әр адам табысты болса – бүкіл мемлекетіміз де табысты болады. Әрине әр азамат өзінің тағдырына өзі жауапты. Мемлекеттің оның өміріне араласуға құқығы жоқ.
            Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамыуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерег ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады. Міне, келешекте осы секілді сан-салалы шағын бизнес жобаларына аудан әкімдігі қызу қолдау білдіргелі отыр. 
            Кәсіпкерлікті кең көлемінде дамыту мақсатында бүгінгі таңда 50 шағын бизнес жобалары интернеттен алынып дайындалған. Оны аудандық кәсіпкерлік бөлімінен хабарласып алуларыңызға болады. Бұл ақпараттық материалдар Сіздерге шынайы көмегін тигізеді деген сенімдеміз.  

 I.   АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР.

 

 

 Үй жануарлары мен құстарын асырау.................................................

 

   1   

 

Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ)...........................

 

2

 

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру (картоп, қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, бұрыш,
асқабақ, алма, алмұрт, алша, шие, жүзім, қызылша,   қырыққабат, кәді (баклажан)...............................................................

 

 

3   


 

 Күнбағыс өсіру......................................................................................

 

4    

 

 Қыш ісі..................................................................................................

 

5     

 

 Ұлттық тағамдарды дайындау............................................................

        

6    

 

Сүт және сүт өнімдерін әзірлеу және сату.........................................

 

7   

 

Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу...........................................

 

8

 

Бал арасын өсіру..................................................................................

 

9

 

Бройлер үй тауықтарын өсіру............................................................

        

10

 

Түйе өсіру.............................................................................................

 

11

 

Күрке тауық өсіру................................................................................

 

12

 

Ешкі өсіру.............................................................................................

 

13

 

Үй қоянын өсіру.................................................................................

 

14

 

Ірі қара мал өсіру................................................................................

 

15

 

Жылқы өсіру........................................................................................

 

16

 

Құндыз өсіру.......................................................................................

 

17

 

Қой өсіру..............................................................................................

 

18

 

Бөдене өсіру.........................................................................................

 

19

 

Шаян өсіру.........................................................................................

 

20

 

Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату..............................................

 

21

 

Үйрек пен қаз өсіру..........................................................................

 

22

 

Қырғауыл өсіру..................................................................................

 

23

 

Мысыр тауығын өсіру.......................................................................

 

24

 

Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер.................................

 

25

 

Көтерме сату бизнесі.........................................................................

 

26

 

Пышақтар мен қайшыларды қайрау................................................

 

27

 

Компьютерлік қызмет.......................................................................

 

28

 

Тұрмыстық техниканы жөндеу........................................................

 

29

 

Жекеменшік  балабақша ұйымдастыру..........................................

 

30

 

Ағаш шеберханасы...........................................................................

 

31

 

 Кондитерлік ашу..............................................................................

 

32

 

Ұлттық қолөнер бұйымдарын сату.................................................

 

33

 

Балмұздақ сату .................................................................................

 

34

 

 

 

 

 

Үйлену той көйлектері салоны........................................................

 

35

 

 Жауыннан қорғайтын жамылғы тігу және оны сату....................                 

         

36

 

Гравирлік (бедерлік) жұмыстар.......................................................

 

37

 

Киіз өнімдері.....................................................................................         

 

38

 

Қолдан тоқылған бұйымдар.......

 

39

 

Ұстахана ісі......................................................................................  

 

40

 

Жиһаз жөндеу шеберханасы..........................................................

 

41

 

Аяқ киім жөндеу..............................................................................

 

42

 

Кішігірім наубайхана......................................................................

 

43

 

Азық-түлік дүкені...........................................................................

 

44

 

Шаштараз.........................................................................................

 

45

 

Төсек жабдығын тігу.......................................................................

 

46

 

Тапсырысқа перде тігу....................................................................

 

47

 

Кілт жасау, құлып жөндеу..............................................................      

 

 48

 

Фото-қызмет.....................................................................................

 

49

 

Пластик терезелерін реттеу.............................................................

 

50

 

                         



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет