Жексенбай н


Тақырып 5. Редоксиметрия. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі. Редоксиметрия әдісінің мәні және оның түрлері



бет11/135
Дата11.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#111125
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135
Байланысты:
АНАЛИТИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Тақырып 5. Редоксиметрия. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі. Редоксиметрия әдісінің мәні және оның түрлері


Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісі-анықталатын затты тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш титрлеуге негізделген.

Тотығу-тотықсыздану реакциясының төрт түрі бар:



  • перманганатометрия – KMnO4;

  • иодометрия – J2 немесе J-;

  • дихроматометрия –K2Cr2O7;

  • броматометрия – KBrO3.

Тотығу-тотықсыздану раекциясының негізінде электронейтралды заң жатады: егер бір зат тотықса белгілі бір электронын беріп, келесі зат тотықсызданады, электронды қабылдап электронейтралды заң материяның сақталу заңының жалғасы.

Екі жүйенің жартылай реакциясының схемасын былай жазуға болады:

Тотық. 1+Тотықсыз. 2 Тотықсыз. 1+Тотық. 2 редокси жұптары қатысады.

Тотығу-Тотықсыздану бағыты тотығу-тотықсыздану потенциалының редокс-жұбының салыстырмалы күшіне байланысты. Тотығу-тотықсыздану потенциалын өлшеуді гальваникалық элементтің көмегімен жүргізеді, ол стандартты потенциал деп аталады – Е0.

стандартты потенциал – ионды беру және қабылдау қабылеті;

Е0 – үлкен болған сайын күшті тотықтырғыш, керісінше тотықсыздану қабылеті аз;

2-і тотықтырғыштан қайсысының күші аз болса содан электронды алады;

егер Е(Э. Қ. К. ) Е0(тот. ) – Е0(тотықсыз)  0 болса, онда тотығу – тотықсыздану реакциясы редоксиметрияда қолданады.

Тотығу-тотықсыздану реакциясы Нернст теңдеуімен көрсетіледі:
Е т-з Е0тт / тз + ln . (8)
Тотығу-тотықсыздану потенциалына әсер ететін факторлар:

температура, неғұрлым t0-ра жоғары болса, соғұрлым тотығу – тотықсыздану потенциалы үлкен.

әсерлесетін заттың концентрациясы.

Егер тотығу – тотықсыздану реакция сонда стехиометриялық коэффициент болса, онда олар Нернст теңдеуінде дәрежелік көрсеткіш ретінде түседі.

Еа ТоТ/ d ТЗ  Е0а ТоТ / d ТЗ + (9)
сутегі ионының (Н+) концентрациясы тотығу-тотықсыздану реакциясын (m) қатысады.
ЕТоТ/ТЗЕ0ТоТ/ТЗ  (10)
Нернст теңдеуіне константаның сандық мәнін қойып (R,F), T 293 K, натуралды логарифмді ондық логарифмге айналдырып (ауысу модуль / 2,3) теңдеуді былай жазамыз:
ЕТоТ/ТЗ  Е0ТоТ / ТЗ  (11)

Титриметриялық анализде тотығу – тотықсыздану раециясын мына жағдайларда қолданады:



  • соңына дейін жүреді (қайтымсыз );

  • жылдам және стехиометриялы жүреді;

  • химиялық құрамы белгілі зат түзіледі;

  • эквиваленттік нүктенің дәл анықтауға мүмкіндік береді;

  • зерттелетін ерітіндінің құрамындағы бөгде заттармен реакцияға түспейтін.

Тотығу – Тотықсыздану реакциясының жылдамдағына әсер ететін факторлар.

қатысатын катализатор.

Тотығу – тотықсыздану реакциясының тепе – теңдік константасы (К):


lgK . (12)

Яғни тотығу – тотықсыздану потенциалының айырымы неғұрлым көп болса, соғұрлым тепе – теңдік константасы жоғары болады.

Редоксиметрияда титрлеу қисығын мына координатада (Е-V) тұрғызады.
Е ,В
Э. Н. V,мл

Сурет 4 – тотығу – тотықсыздану потенциалы


Неғұрлым стандартты потенциалдың айырымы көп болса, соғұрлым тепе – теңдік константа көп, егер неғұрлым титрлеу биіктігі жоғары болса, соғұрлым индикаторды таңдау шегі көп.

Тотығу – тотықсыздану титрлеу тәсілдері

Редоксиметрияда Э. Н. мына әдістерде анықтауға болады:


  • Тотығу – тотықсыздану жүйесінің түсінің өзгеруіне қарай тотығу – тотықсыздану индикаторын қолдануға болады;

  • қосылған ерітіндінің түсіне қарай - индикаторсыз (перманганатометрия).

  • жұмысшы ерітіндіге титрлейтін ерітіндіні қосқандағы түсіне қарай (иодометрия).

Қайтымсыз индикаторлардың ерітіндісіне жұмысшы ерітіндіні артық мөлшерде қосқанда тотықсыздану арқылы түсі өзгеретін (броматометрия).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   135




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет