Ядроны итеруге ҥйрету.
Ядро итеруде сақтық жан-жақты қарастыруды талап етеді. Басты міндет спортшыларды зиян келтіретін соққыдан сақтау. Ядро итеру әдісінің негізі - тез және денені бірте-бірте түзету. Үйретудің бірінші кезеңінде нығыздалған доппен орнында тұрып, аяқпен қолдың қозғалысын үйлестіру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
Ядроны ұстау және снарядқа дұрыс күш түсірумен таныстыру.
Ядроны орнында тұрып итеру. Орында тұрып ядроны итеруге үйрету үшін лақтыратын жаққа қарап тұрып алға, жанымен, арқамен снарядты лақтырады.
Ырғақпен екпін алу (артқа бір аяқпен секіру).
Ырғақ жасап ядроны итеру. Жас спортшылардың орнында тұрып ырғақта орындау және ядроны толық итеру дағдысын қалыптастыру.
Найза, граната лақтыру әдісін жіктеу. Сауалнама.
Найза, граната әдісінің даму тарихы.
Граната және найза лақтыру әдісін поза бойынша жіктеу.
Финалдық күйге түсіруге үйрету. Тапсырма:
Найзаны пайдаланып жалпы және арнайы жаттығулар орындау.
Найзаны ұстау және ығыстыру әдісіне үйрету.
5-10м аралықтан найзаны нысанаға тигізу.
Найзаны орнында тұрып 2-3 жүгіру адымының әдісін еліктеу арқылы орындау.
Найзаны лақтыруға мынандай ретпен үйретіледі.
Найзаны ұстаумен таныстыру және снарядқа дұрыс күш түсіре білу.
Найза мен артқа қысқан қолмен лақтыруға үйрету.
Найзамен жүгіруге үйрету иық үстінде ұстап жүгіру. 60м жерден жай жылдам найзамен жүгіру.
Екпін алып жүгіруден лақтыруға үйретуге кӛшу. Найзамен екпін алуға доп, тас басқа домалақ бұйымдар қолдануға болады. Бастапқы кезде екпінмен жүгіріп найза лақтыруды қысқа аралықта жай жүгіріп, содан кейін екпін аралығы ұзартылады, жылдамдық кӛбейеді.
Лақтыру қозғалыстарын меңгеру үшін және снарядқа күш сала білуді үйрену үшін үйренуді толтырылған доптарды, құммен толтырылған қаптарды және әртүрлі салмақтағы ядроларды пайдалана отырып арнайы жаттығулардан бастау қажет, мысалға:
аяқтарды бүгіп, жазып, екі қолмен допты кеудеден жоғары итеру;
алдын ала аяқтарды бүгіп, бір қолмен жоғары итеру;
серіктеске бетпе-бет тұрып, содан кейін қырымен тұрып бір қолмен алға – жоғарыға итеру;
әр түрлі қозғалыста екі қолмен допты лақтыру (тӛменнен- алға-жоғарыға, бастан-жоғарыға, бүйірден-алға-жоғарыға және т.б.). Лақтыру қозғалыстарының негізін меңгерген соң, ядроны итеру техникасын үйренуге ауыса беруге болады.
міндет. Ядроны итеру техникасымен таныстыру.
Ядроны итеру техникасы түсіндіру және кӛрсету әдістерімен іске асады.. Сонымен бірге жарыстың ережелері және снарядтың салмағы, формасы туралы мәліметтермен қоса қозғалыстардың реті қысқаша түсіндіріледі
Техниканың кӛрсетілімі оқытушымен немесе техникамен шұғылданушымен, оны жақсы меңгерген тұлғамен жүзеге асырылады. Одан басқа кӛрнекі құралдар, кинограммалар, плакаттар мен бейнефильмдер қолданылады.
міндет. Ядроны ұстауға және итеруге үйрету.
Ядроны тікелей итеруге оқытуды оны ұстаудан және қорытынды күштен –итеруден бастаған жӛн. Ядроны ұстауды кӛрсетіп түсіндіргеннен кейін үйренушілердің оны орындау дұрыстығы тексеріледі. Ядро иық алдында вертикальді күйде саусақтардың арасына орналастырады.
Осы тапсырманы шешу үшін келесі жаттығуларды ұсынамыз:
қолдан қолға ядроны лақтыру;
ядроны кішігірім биіктікке жоғарыға лақтырып,қағып алу;
ядроны алға — жоғарыға және алға – тӛменге итеру;
ядроны түрлі құралдар арқылы итеру.
Осы жаттығуларда ядроны итеру жартылай қырындап тұру күйінен итеру бағытына қарай орындалады. Сонымен бірге, қолдар мен денені бір уақытта тіктеп, аяқтарды бүгіп ядроны дұрыс ұстауды қадағалау керек.
міндет. Орында тұрып ядроны итеру техникасына оқыту. Орында тұрып ядроны итеруді игеру үшін лақтырудың бағытына бетпе-бет, содан кейін қырымен тұрып, бірақ иықпен белдің алдын ала оңға бұрылып бастауға болады. Осы жаттығулар лақтырудың бағытына арқасын беріп тұрып, бастапқы күйден итеруге ауысу болып табылады. Сонымен бірге аяқтар сәл бүгілген, сол аяқ алда, дене салмағы сәйкесінше тізеде бүгілген оң аяқта. Сол аяқтың табаны сәл ғана ішке
бұрылған. Итеру сол аяқты құмға қоюдан басталады.
Орында тұрып ядроны итеру техникасын игеру үшін қосымша жаттығулар болып түрлі бастапқы күйден бір және екі қолмен толтырылған доптарды итеру болып табылады
Достарыңызбен бөлісу: |