Жер ќыртысыныѕ ќўрамы



бет5/5
Дата30.01.2022
өлшемі0,53 Mb.
#116398
1   2   3   4   5
Байланысты:
Геология прак 2019

Геохронологиялық кесте





Эон (эонотема)

Эра
(эратема)


Кезең
(система)


Дәуір
(отдел)


Басталуы,
жыл бұрын
[3]

Негізгі оқиғалар




Фанерозой

Кайнозой

Төрттік кезең
(антропогеновый)

Голоцен

11,7 мың

Мұз дәуірінің соңы . Өркениеттің пайда болуы

Плейстоцен

2,588 млн

Ірі сүтқоректілердің қырылуы. Қазiргi адамның пайда болуы

Неоген кезеңі

Плиоцен

5,33 млн




Миоцен

23,0 млн




Палеоген кезеңі

Олигоцен

33,9 ± 0,1 млн

Адам тәрізді маймылдардың пайда болуы.

Эоцен

55,8 ± 0,2 млн

Қазіргі сүтқоректілердің пайда болуы.

Палеоцен

65,5 ± 0,3 млн




Мезозой

Бор кезеңі

145,5 ± 0,4 млн

Бірінші плацентарлық сүтқоректілер. Динозаврлардың қырылуы.

Юра кезеңі

199,6 ± 0,6 млн

Қалталы жануарлар және бірінші құстардың пайда болуы. Расцвет динозавров.

Триас кезеңі

251,0 ± 0,4 млн

бірінші динозаврлар және жұмыртқа салатын сүтқоректілер.

Палеозой

Перм кезеңі

299,0 ± 0,8 млн

Жаппай пермдiк қырылу.

Тас Көмір Жүйесі

359,2 ± 2,8 млн

Ағаштардың және Бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы.

Девон кезеңі

416,0 ± 2,5 млн

Қосмекенділердің және Споралы өсімдіктердің пайда болуы.

Силур кезеңі

443,7 ± 1,5 млн

Құрлықта шығуы: Сарышаян ; Жақ ауыздылардың пайда болуы

Ордовик кезеңі

488,3 ± 1,7 млн

Ракоскорпион, Тамырлы өсімдіктер.

Кембрий кезеңі

542,0 ± 1,0 млн

Организмдардың жаңа топтарының үлкен санының пайда болуы («Кембриялық жарылыс»).

Докембрий

Протерозой

Неопротерозой

Эдиакарий

~635 млн

Көпклеткалылар жануарлардың пайда болуы.

Криогений

850 млн

Ірі масштабты жердің қатаюы

Тоний

1,0 млрд

Родиния суперконтиненттің ыдыраудың басталуы

Мезопротерозой

Стений

1,2 млрд

Суперконтинент Родиния, супермұхит Мировия

Эктазий

1,4 млрд

Бірінші Көпклеткалы өсімдіктер

Калимий

1,6 млрд




Палеопротерозой

Статерий

1,8 млрд




Орозирий

2,05 млрд




Риасий

2,3 млрд




Сидерий

2,5 млрд

Оттек апаты

Архей

Неоархей

2,8 млрд




Мезоархей

3,2 млрд




Палеоархей

3,6 млрд




Эоархей

4 млрд

Қарапайым бiр клеткалы организмдардың пайда болуы

Катархей (Гадей)

~4,6 млрд

~4,6 млрд жыл бұрын — Жердің құрылуы.

Орындауға арналған тапсырмалар:



  1. Шөгіндінің жиналуы

  2. Метаморфты тау жынысы

  3. Магмалық және метаморфтық жыныстар

  4. Шөгінді жыныстардың негізін қалаушы минералдар

Әдебиеттер:



  1. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  2. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

Практикалық жұмыс №8 Дүние жүзінің геологиялық картасы

1.Дүние жүзінің геологиялық картасымен жұмыс істеу

2.Карта легендасымен жұмыс істеу

Табиғи құбылыстар картасы қоршаған ортаның барлық компоненттерін қамтиды. Бұл топқа геологиялық, геофизикалық, жер беті және Дүниежүзілік мұхит түбінің бедері картасы, метеорологиялық және климаттық, гидрологиялық, топырақ картасы, физико-географиялық ландшафтану мен физико-географиялық аудандаеепмм ,тыру карталары және т.б. жатады.




Геологиялық карталар
тектоникалық және неотектоникалық
литолого-стратиграфиялық
гидрогеологиялық
пайдалы қазбалар
сейсмикалық және вулканизм
геологиялық ортаны қорғау
құрылымдық-геологиялық аудандастыру


Геофизикалық карталар
гравитациялық өріс
магниттік өріс
сейсмометрлік 
электрлік өріс
жылу энергиясы
физикалық өлшемдер


Жер беті және мұхит түбі рельефі (бедері)
Гипсометриялық және батиметриялық
Морфометриялық және морфографиялық
Геоморфологиялық (жалпы және жеке құбылыстардың)
геоморфологиялық аудандастыру

Картографиялық таңбалардың мынандай түрлері бар:
1. Атты
2. Реттік
3. Сандық
Атты – нысандардың атын көрсетеді.
Реттік – нысандардың көлемін көрсетеді (ірі, орта).
Сандық – нысандардың санын анықтайды, бір қалада неше тұрғын бар екенін көрсетеді.
Таңбаларды формаларына, көлеміне, жарықтығына, ішкі құрылымына қарай ожыратуға болады.



Картографиялық таңбалардың мынадай тәсілдері бар:
таратпау тәсілі
сызықтық тәсіл
изосызықтық тәсіл
сапалық тәсіл
сандық фонның тәсілі

таратпау диаграммалық тәсіл
нүктелік тәсіл
векторлық тәсіл (қозғалыс тәсіл)
ареалдар тәсілі
картограмма және картодиаграмма тәсілі
Таратпау тәсілі – нысандардың орнын көрсетеді. Бұл тәсілдің алты түрі бар: 
абстрактілі – геометриялық фигуралар
әріптік – Na, Cl, Ca, Fe
көркемдік – суретке қарап көрсетеді 
құрылымдық 
бөлек және жеке
ұлғаю, өсу

Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Геологиялық карта бойынша шартты белгілерді жинау

  2. Тау жыныстарының белгілері

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №9 Минералдар туралы жалпы мәлімет

1.Минералдардың физикалық қасиеттері

2.Минералдардың шығу тегі


Минералдар шығу тегіне қарай эндогендік және экзогендік болып екі топқа бөлінеді.

Экзогендік минералдар жер бетінде жүріп жатқан әр түрлі геологиялық процестер нәтижесінде тұнбалар немесе шөгінділер түрінде түзіледі.

Эндогендік минералдардың түзілуі ең алдымен магмалық процестерге байланысты: мынандай топтарға бөлінеді:

1.Магманың (негізгі құрамы кремнийден тұратын жоғарғы температуралы балқыма) алғашқы үлесінен бірінші кезекте түзілген минералдар, олар жетік пішінді кристалдар түрінде құралады (мысалы: кварц, ортоклаз, биотит және т.б.);

2.Магманың қалған үлесінен екінші кезекте болған минералдар, әдетте ірі кристалдар құрайды (пегматиттер). Мысалы: альбит, турмалин, берилл, топаз, гранат, тау хрусталі және т.б.;

3. Магмадан бөлініп шыққан ыстық су мен су буы және газ аралас ерітінділерден пневма-гидротермальдық (латын тілінде) «пневма» – газ, «гидротерма» - ыстық су деген мағынада) минералдар құралады.

4. Магмалық әрекеттердің ең соңында (Жер қыртысының жоғарғы қабаттарында) тау жыныстарының үлкенділі-кішілі жарықтарын бойлап, әртүрлі тереңдікте (жоғарғы, орташа және төмен температуралы) гидротермальдық минералдар тобы түзіледі.

Метаморфтық минералдар жоғарыда айтылған жолдармен пайда болған минералдардың жердің ішкі терең қабаттарында (15-20 км), үлкен қысым, жоғары температура жағдайда азды-көпті өзгерістерге ұшыраудан пайда болады.

Экзогендік минералдар сулы ортада тұнбалар түрінде және эрозиялық-денудациялық үгілу процестеріне байланысты түзіледі.

Осындай жолдармен пайда болған алғашқы магмалық немесе шөгінді минералдар кейінірек, жердің ішкі терең қабаттарында термодинамикалық жаңа жағдайда азды-көпті өзгерістерге ұшырап, жаңа типті минералдар құрылады.

Жер қыртысында кедесетін барлық минералдар химиялық құрамына және ішкі құрылыс ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға жіктеледі.

1. Жеке-дара химиялық элементтен құралған минералдар (асыл металдар – алтын, күміс, платина, графит, алмас, күкірт, мыс және т.б.).

2. Сульфидтер тобына күкіртті қосындылар жатады (мысалы: галенит – РвS, сфалерит – ZnS, халькоперит – СuҒеS2, пирит ҒеS2, марказит ҒeS2, және т.б.).

3. Галоидты қосындылар (галогенидтер) хлорлы, фторлы, иодты, бромды-сутекті қышқылдардың тұздары (галит NaCL, сильвин KCL, карналит КМgCL32О, флюорит- СаҒ2 және т.б.).

4.Тотықтар (оксидтер) және сулы тотықтар (гидрооксидтер) – химиялық элементтердің оттегі мен оксидтік гидротоп (ОН) қосындысы түрінде кездеседі (кварц SiО2, корунд AL2O3, магнетит Ғе3О4, гематит Ғe2О3, пиролюзит МnО2, куприт Сu2 О және т.б).

5. Карбонаттар тобына көмір қышқылының тұздары жатады (кальцит СаСОз, сидерит ҒеСО3 , церуссит РнСО3, смитсонит ZnCO3 , доломит CaMg(СО3)2, родохрозит MgCO3, магнезит Mg CO3 және т.б.).

6. Сульфаттар – күкірт қышқылының тұздары (ангидрит CaSO4, англезит PвSO4, барит BaSO4, гипс CaSO4 ∙ 2Н2О және т.б.).

7. Фосфаттар – фосфор қышқылының тұздары апатит Ca5[РО4]3Ғ, монацит Сe[РО4], ксeнотим Ү [РО4], вивианит Ғе3 [РО4]2 ∙ 8Н2О және т.б.

8. Силикаттар және алюмосиликаттар тобына жататын минералдар жер қыртысында кездесетін барлық минералдардың үштен бірін қамтиды және олардың жалпы массасының ≈ 85%-ін құрайды. Силикаттардың құрамы мен құрылысы басқа топтағы минералдармен салыстарғанда өте күрделі (мысалы: оливин, дистен, гранаттар, эпидот, роговая обманка, тальк және т.б.).

Силикаттардың құрамы мен құрылысы басқа топтағы минералдармен салыстырғанда өте күрделі.Олардың негізгі құрамы кремний тотығынан тұратын тетраэдрлер [SiO4]4 - тобынан құралады. Егер кремний алюминиймен азды-көпті мөлшерде орын алмасатын болса, онда олар алюмосиликаттар деп аталады.

Барлық силикаттар (өзіндік кристаллохимиялық құрылыс ерекшеліктеріне қарай ) мына төмендегідей топтарға ажыратылады:

1. Кешенді аниноны оқшауланған тетраэдрден тұратын силикаттар (мысалы, оливин, гранат, циркон, топаз және т.б.)

2.Тетраэдрлердің жек топтарынан түзілген силикаттар (берилл, турмалин және т.б.) өзара тұйықталып жалғаса келе, жекеленген арал пішіндес құрылым құрайды. Олардың төрт түрі бар:

а) екі тетраэдрден тұратын қоспа топ – [Si2O7]6

б) үш тетраэдрден тұратын сақиналы топ – [Si3O9]6

в) төрт тетраэдрден тұратын сақиналы топ – [Si4O12]8-

3. Үздіксіз тізбек құрайтын тетраэдрлерден түзілген силикаттар.Олар:

а) жек тізбекті силикаттар (пироксендер) – [ SiO3]2

б) қос тізбекті (ленталы) силикаттар (амфиболдар)– [Si2O5]2– жымдастығы бір бағытта өте жақсы жетілген, қабатталған қабыршақтар немесе жапырақтар түрінде түзілген минералдар құр-айды.

5. Тетраэдрлердің үздіксіз каркасынан (қаңқасынан) тұратын силикаттар мен алюмосиликаттар (альбит, олигоказ, андезин, лабрадор, битовнит, анортит, микроклин, ортоклаз, нефлин және т.б.).

Силикаттар тау жыныстарын құраушы минералдар деп те аталады.
Орындауға арналған тапсырмалар:


  1. Минералдардың шығу тегін анықтау жолдарын білу

  2. Минералдардың басты белгілерін анықтай білу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №10 Минералдар туралы жалпы мәлімет

1.Минералдардың жіктелуі

Басты магмалық жыныстар сипаты




Тау

жынысының:



Қышқыл жыныстар (SiO2>65%)

Орташа жыныстар (SiO2>65-55%)

Негізді жыныстар (SiO2>55-45%)

Асанегізді жыныстар (SiO2>45%)

Интрузиялық магмалық тау жыныстары

атауы

гранит, гранодиорит

диорит

габбро (диабаз)

перидотит, пироксенит, дунит т.с.с.

құрылымы

толық крис-талды

толық крис-талды

толық крис-талды

толық крис-талды

нақышы

шомбал

шомбал

шомбал

шомбал

тығыздығы, г/см3

2,6-2,7

2,7-2,9

2,9-3,0

3,0-3,3



атауы

Риолит (ли-парит), кварц. порфир

андезит

базальт

-

құрылымы

жасырын кристалды

жасырын кристалды, сеппелі т.б.

жасырын кристалды, бадамтасты, сеппелі т.б.

-

нақышы

шомбал, кеуекті, т.б.

шомбал, көпіршікті, т.б.

шомбал, көпіршікті, т.б.

-

тығыздығы, г/см3

2,6-2,7

2,7-2,9

2,9-3,0

-

Кейбір метаморфтық жыныстар және олар қалыптасқан

түпнегіз жыныстары жайлы мәліметтер


Метаморфтық жыныс түрлері

Метаморфтық жыныс нақышы

Түп негіз жыныстары

Түп негіз жынысының нақышы

Гнейстер

жік-жапсарлы, жолақ

граниттер, гранодиориттер, риолиттер, әртүрлі құмтастар

негізінен шомбал, сирегірек қат-қабатты т.б.

Мәрмарлар

тек қана шомбал

әктастар, доломиттер

қат-қабатты немесе шомбал

Шақпақтастар

шомбал немесе жік-жапсарлы

кварцты құмдар және құмтастар

қат-қабатты

Сазды жіктастар

негізінен жік-жапсарлы

сазтастар, саздар, туфтар

қат-қабатты,

шомбал


Филлиттер

тек қана жік-жапсарлы

сазтастар, саз-дар, сазды жік-тастар, туфтар

қат-қабатты,

жік-жапсарлы, шомбал т.б.



Кристалды жіктастар

жік-жапсарлы

түрлі магмалық, шөгінді жыныстар

сан түрлі

Минералдың түсі көзге бірден көрінеді. Түсі минералдың химиялық құрамына құрыл ыс құрылыс ерекшеліктеріне және қоспаларына қарай әртүрлі болуына байланысты. Кейбір минералдардың түрі мен түсі тұрақты болып келеді. Мысалы, пириттің түсі ашық сары, малахит – жасыл, лазурит – көк, т.б.

Мұндай жағдайларда минералдар өзіндік бояу түсіне қарай ажыратылады. Бірақ көпшілік минералдар түсі тұрақты емес, көбінесе әртүрлі себептерден әсіресе қоспалардан түстері өзгеріп отырады. Кейбір минералдар сәуле түсуіне байланысты неше түрлі болып құлпырып тұрады.

Мысалы, халькопирит аударған сайын түсін өзгеріп отырады. Сары, күлгін, көк, шұбар - жасыл, т.б. минералдар түсін анықтау үшін басқа затпен салыстырарлықтай кейбір қос сөзбен аталады: ақ – сұр, қара – сұр, т.б.

Минералдың сызылу түсі немесе дағы да минералдың ерекше қасиеттерінің біріне жатады. Кей минералдардың сызылу түсін және ұнтақталған дағының түсі сәйкес келмеді. Сондықтан минералдардың сызылу түсін таза, фарфор сызығының бетін сызып көру арқылы анықтайды.

Сызық түсі деп минералдардың өте майда тозаң түріндегі ұнтақталған сызған кездегі жұұұан ізінің дағын айтамыз.

Минералдардың жылтырлық қасиеті – минералдардың жылтырлығы олардың жарық сәулесін жұту, сындыру немесе шағылу қабілеттеріне, яғни қасиеті неғұрлым күшті болатын болса, соғұрлым жылтырлығы да жоғары болады. Жылтырлық қасиетіне қарай барлық минералдар үш топқа бөлінеді:



  • Металдық минералдар

  • Шала металдық минералдар

  • Металдық жылтырлығы жоқ минерал

Металдық жылтырлық көбінесе металдарға тән қасиет. Металдың жылтырлығы көп жағдайда анық байқалады. Мөлдірлігі жоқ минералдың жылтырлығы металдарға тән қасиет. Шала металдық жылтырлық сыртқы беттері көмескіленген күңгірт болуы металға ұқсас баолып келеді. Мысалы, графит, гематит 3 – ші топқа жататын, яғни металдық жылтырлығы жоқ, мөлдір болып келетін минералдар тау хрусталі, кальцит, галит, т.б.

Жылтырлықтары бойынша қосымша осындай топтарға жіктеледі.



  • Сабынша түріне – кварц сынығы

  • Құбылмалы түріне – гипс

  • Жібекше түріне – асбест

  • Алмасша түріне – алмас, сфалерит

  • Топырақша түріне – каолит

Минералдың жымдастық қасиеті – минералдың белгілі бір бағытта параллель жақтар құрып, жекелеген жүұа қабаттарға бөлшектеніп жіктелу қасиетін айтамыз.

Минералдың жымдастығы өте жақсы жетілген, орташа жетілген, нашар жетілген, жымдастығы жоқ немесе жетілмеген болып ажыратылады. Өте жақсы жетілген жымдастық жұқа қабаттарға оңай және тез бөлшектеніп жеке классификациялық түрінде жіктелетін минералдар жатады. Мысалы, слюда, гипс, т.б. жақсы жетілген жымдастық болғанмен, ұрып қалғанда минералдың тегіс жеке бөлшектеріне параллель жақтар құрып ыдырауымен байқалады. Мысалы, кальций. Орташа жетілген жымдастық минералдың бөлшектеніп ыдырауы, кезінде олардың кейбір жақтары тегіс пішінді болып келіп, ол кейбіреулері қалай болса, солай сынатындығынан көрінеді. Мысалы, пироксиндер жымдастығы нашар жетілген минералдар.


Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Минералдардың шығу тегін анықтау жолдарын білу

  2. Минералдардың басты белгілерін анықтай білу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №11 Геотектоникалық қима сызу



    1. Геологиялық картаның негізгі түрлері.


Геологиялық карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді. Геол. шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1000000 және 500000). Геологиялық Карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геол. құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:100000, 1:200000) Геологиялық Карталарда белгілі бір ауданның геол. құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі. Ірі масштабты (1:50000, 1:25000) Геологиялық Карталар кен орындарының табылу келешегі бар, а. ш-на игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геол. құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл Геологиялық Карталар (1:10000 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Геологиялық Картаға стратигр. бағана мен геол. қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы Геологиялық Картамен түгел қамтылған.

Орындауға арналған тапсырмалар:


  1. Геотектоникалық қима сызу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №12 Геотектоникалық қима сызу



  1. Геотектоникалық картографиялаудың жалпы және негізгі мәліметтері.


Геологиялық карта — жер қыртысының геологиялық құрылысын белгілі бір масштабта графикалық бейнелеу. Геологиялық Карта геол. түсіру, геол. зерттеулер нәтижесінде жиылған материалдарды қорыту арқылы жасалады. Жер қыртысының құрылысы мен дамуы, ондағы кен байлықтарының таралу заңдылықтары туралы тұжырым жасауға, іздеу мен барлау, құрылыс, сумен қамтамасыз ету, мелиорация жұмыстарын жобалауға мүмкіндік береді. Геологиялық Картада тау жыныстарының құрамы мен жаралу тегі, олардың орналасу жағдайы, бір-бірімен жапсарласу сипаты, белгілі түстер, арнаулы ұсақ сызықшалар, әріптер, цифрлар арқылы көрсетіледі. Түрлі түстер жыныстардың геол. жасын, ал сызықшалар литол. құрамын көрсетеді. Барлық шартты белгілер мен олардың түсінігі картаның жиегінде белгілі бір тәртіппен жазылады. Геологиялық Карталар антропоген (төрттік) шөгінділерінің Геологиялық Картасы, литологиялық карта, палеогеографиялық карта, инженерлік геология картасы, кен байлықтар картасы болып бөлінеді. Антропоген шөгінділерінің к-сында осы жыныстардың жасы, құрамы, қалыңдығы, жаралу тегі, мұз басу сатылары, теңіз трансгрессиялары мен регрессиялары, көп жылдық тоңның таралу шектері белгіленеді. Литол. карталарда түп жыныстардың заттық құрамы мен жатыс элементтері белгіленеді. Палеогеогр. карталарда Жер тарихының белгілі кезеңдеріндегі құрлық пен теңізді аудандары, оларда жиылған түрлі шөгінділердің құрамы, қалыңдығы көрсетіледі. Инженерлік геол. карталарында тау жыныстарының құрамы, жасы және физ. қасиеттері (қуыстылығы, су өткізгіштігі, т.б.) көрсетіледі. Кен байлықтары түрлерінің орналасу заңдылықтарын көрсетеді, белгілі бір аудандардың геол. құрылысы негізінде кен байлықтары табылуы мүмкіндігіне тиісті баға беріледі. Геологиялық Карталар масштабына қарай шолу, ұсақ, орта, ірі, дәл масштабты болып бөлінеді. Геол. шолу картасы (1:1000 000 және одан ұсақ) мен ұсақ масштабты (1000000 және 500000). Геологиялық Карталар белгілі бір аймақтың, мемлекеттің, құрлықтың не бүкіл дүние жүзінің геол. құрлысы жөнінде түсінік береді. Орта масштабты (1:100000, 1:200000) Геологиялық Карталарда белгілі бір ауданның геол. құрлысының негізгі сипаттары және олардағы кен байлықтарының болжамды мөлшері көрсетіледі. Ірі масштабты (1:50000, 1:25000) Геологиялық Карталар кен орындарының табылу келешегі бар, а. ш-на игерілетін, қалалар мен кәсіпорындар салынатын аудандардың геол. құрылысын толық сипаттау үшін жасалады. Дәл Геологиялық Карталар (1:10000 және одан ірілері) кен денелерінің орналасу заңдылықтарын анықтауға, кен байлықтар қорын есептеуге, кәсіпорындар, тұрғын және қоғамдық үйлер құрлысының тех. жобаларына байланысты мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Геологиялық Картаға стратигр. бағана мен геол. қималар беріледі. Қималардың масштабы мен шартты белгілері картаға сәйкес келуі тиіс. Қазақстанның аумағы әр түрлі масштабтағы Геологиялық Картамен түгел қамтылған.



Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Геотектоникалық қима сызу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №13 Тау жасалу кезеңдері және оларға сипаттама

1.Тау жасалу кезеңдері туралы жалпы түсінік

2. Тау жасалу кезеңдерін кескін картаға түсіру


Жер қыртысын қазба жұмыстары арқылы зерттеудің барысында мынандай мәселе анықталды. Оған орай белгілі бір уақытты Жердің бірнеше аймақтарында бірдей тіршілік түрлері қалыптасқаны көрілді. Бұл көрініс тау жыныстарының қабатпа-қабат кезеңдер бойынша жатуынан сипатталады. Осыған байланысты шартты түрде геохронологиялық кесте жасалған.

Бұл тіршілік түрлерінің кейбір қабаттары ұзақ бірнеше миллиондаған жылдарды қамтыған болса, кейбіреуі өте қысқа мерзімді қамтыған. Ал кейбір шыдамды тіршілік түрлері осы күнге дейін жеткен. Мысалы тарақан Жер тарихындағы ең көне тіршілік иесі болып табылады. Оған дәлел ретінде осыдан 65 млн жыл бұрын, бор дәуірінде алып сүткөректілер динозаврлар жаппай қырылып қалған, палеогеографиялық зерттеулердің барысында анықталғаны кенет, күрт ауа-райының суыны болған деген қорытындыға келтірді.

Одан ертеректегі күрт өзгерістер себепшісі Филиппин теңізіне түскен алып метеорит болып, ол Жапония аралдарының маңында теңізде табылған ерте қаланы қалдықтарынан Жер осін ауыстырып жіберген деп жорамлданады. Осыдан 225 млн жыл бұрын, пермь дәуірінің жоғары кезеңінде қалыптасқан. Ғалымдардың зерттеуіне байланысты, бұған Жерге түскен алып, өлшемі көлденеңіне 1 км метеорит болған дейді. Ол Жерді соққан кезеңде алып қазаншұңқыр қалыптасқан. Ол қазіргі Мексика шығанағы аймағы деп есептеледі. Сондай-ақ, ол көлемді өртті жүзеге асырған.

Архей эрасы (гректің «алғашқы, көне») 1000 млн жылға созылған (осыдан 4600 млн-2700 млн ж.ж.) дейді. Ол кезеңде өте ертедегі тау түзілістері болып, мықты вулкандық әрекет және тау жыныстарының метаморфизмі жүзеге асқан. Бір жасушалы қарапайым тіршілік иелері мен бактериялар пайда болған.

Протерозой эрасы (гректің «ежелгі») 2000 млн жылға (осыдан 2700 млн -550 млн ж.ж.) созылған. Байкал қатпарлығының негізгі фазасы және Байкал маңы және Байкал арты тау жоталарының түзілуі. Күшті вулканизм. Бактериялар мен балдырлар заманы басталды.

Геохроникалық (геоуақыттық) кестедегі палеозой – көне, мезозой –орта, кайнозой – жаңа эра деген сөздерді білдіреді.

Палеозой эрасының (550 млн.ж) дәуірлері «кембрий» латынның – Камбрий (Уэльс) аймағының, «ордовик», «силур» - кельттердің осы атты тайпаларының, «девон» - Англиядағы Девоншир қаласының, «карбон» - таскөмір, «пермь» - Ресейдің Пермь қаласының атымен аталады.

Байкал тау жасалуы (түзілуі) – протерозой эрасы мен палеозой эрасының кембрий (70 млн. ж) дәуірлерінде қалыптасқан еді. Ал каледон тау жасалуы - ордовик (60 млн.ж) және силур (30 млн.ж) дәуірлерінде қалыптасты. Каледон – Шотландиядағы аңғардың аталуы, осы қатпарлығының негізгі фазасында Саян, Алтай тауларының, Тянь-Шаньның бір бөлігінің түзілуі болды. Псилофиттік өсімдіктердің дамуы балықтың шығу кезеңі есептеледі.

Осы кезеңде темір, мыс, алтын, фосфорит,жанғыш тақта тас, мұнай, жанғыш газ, тұз, тұздық және емдік минералды сулар қалыптасқан екен.

Герцин тау жасалуы – девон (60 млн.ж) дәуірінің орта кезеңі мен карбон (тас көмір) (55 млн.ж), пермь (45 млн.ж) дәуірлерін қамтиды. Герцин – Германиядағы таулы аймақтың атауы болып келеді.

Бұл кезеңде Орал (Урал), Тянь-Шань (оңтүстік тізбектері), Алтай тауларының түзілуі. Ағаш тәріздес папоротник, қырықбуын, плауннан тұратын ормандардың бірте-бірте жоғалуымен және ашық тұқымды өсімдіктердің шығуымен ерекшеленеді. Бауырымен жорғалаушылар барынша көбеюі көрініс тапты.

Тас көмір мен мұнайдың молдығы және мыс, қалайы, вольфрам, полиметалл рудаларының пайда болу кезеңі болды. Тас тұз бен калий тұзы, гипсте осы кезеңде қалыптаса бастаған.

Триас дәуірінде (45 млн.ж) - материктердің көтеріліп, теңіздердің шегінуі. Герцин тауларының (Орал, Алтай, Тянь-Шань) бұзылуы және жазық рельефінің қалыптасуы. Ежелгі бауырымен жорғалаушылардың құрып кетуі және мезозойдың бауырымен жорғалаушыларының шығуы. Тас тұзы, мұнай, көмір қалыптасып жатты.

Юра дәуірінде (58 млн. ж) - өте күшті қатпарлану, материктердің жарылуы, магманың шығып төгілуі және жер қабығы қат-қабатына жарып кіруі. Қазіргі мұхиттардың, материктік ішкі теңіздердің, құрлықта батпақты ойпаттардың пайда болуы. Ыстық, ылғалды климат. Ашық тұқымды өсімдіктердің кеңінен таралуы. Бауырымен жорғалаушылардың барынша көбеюі. Құстардың шыға бастауы. Тас көмір, мұнай, жанғыш тақта тас, фосфориттің қалыптасуы жалғасып жатты.

Бор дәуірінде (70 млн.ж) - Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Верхоян-Колыма, Қиыр Шығыс тауларының түзіле бастауы. Жабық тұқымды өсімдіктердің шығуы. Мезозойдың бауырымен жорғалаушыларының құрып кетуі, құстардың дамуы және сүт коректілердің шығуы. Тас көмір, мұнай, жанғыш тақта тас, фосфорит кендері қалыптасып жатса, бор, қалайы, мышьяк, сурма, алтын, күміс, мыс, қорғасын рудалары пайда болды

180 млн жыл бұрын Пангей ірі екі бөлікке бөліне бастады. Солтүстік жарты шардағы бөлігін Лавразия (Солтүстік Америка, Евразияның алып бөлігі). Оңтүстік жарты шардағы бөлігін Гондвана (Оңтүстік Америка, Африка, Евразияның Аравия және Үндістан түбегі, Австралия, Антартика (Антарктида).

Палеоген (41 млн.ж .) – мезозой тауларының бұзылуы. Жабық тұқымды өсімдіктердің кеңінен таралуы. Құстар мен сүт коректілердің дамуы.

Қоңыр көмір, мұнай, жанғыш тақта тас, фосфорит, тас тұзы, темірдің, алюминийдің шөгінді рудалары қалыптаса бастады.

Неоген (24 млн.ж .) – Карпат, Кавказ, Тянь-Шань, Памир, Камчатка тауларының көтерілуі. Интенсивті жанартаулық әрекет. Жерорта, Қара, Каспий, Арал теңіздерінің оқшаулануы. Өсімдіктердің жоғары түрлерінің және адам тәріздес маймылдардың дамуы.

Қоңыр көмір (15%), мұнай (25%), янтарь, тас тұзы, шөгінді темір рудалары, құрылыс материалдары (гранит, мәрмәр) қалыптасуы жалғасты.

Төрттік немесе антропоген дәуірі (2 млн.ж .) – сан рет мұз басу. Қазіргі рельеф, өсімдік және жануарлар дүниесінің қалыптасуы. Адамның дамуы.

Құрылыс материалдары (саз, құм), шымтазак (торф), алтынның, алмастың шашыранды кен орындары пайда болды.

Неоген мен төрттік дәуірді қамтитын альпілік тау жасалуы жүзеге асқан. Оған дейін кайнозой эрасының басында Тынық мұхит және Жерорта теңіздік геосинклинальдық белдеуінде жатқан Тетис теңізінде (Гибралтар– Гималай таулары - Индонезия) алғашқы шығанақтар пайда бола бастады. Палеогеннің соңында қазіргі Оңтүстік Еуропа, Ресейдің оңтүстік бөлігі, Орта Азия, Солтүстік Африка және Аравия бөліктері теңізден құтыла бастады.

Жерорта теңізі белдеуіндегі альпілік тектогенез неогена соңында жас қатпарлы таулар жүйесін қалыптастырды: Атлас, Андалус таулары, Пиренеи, Альпы, Апеннин, Динар таулары, Стара-Планину, Карпаты, Кавказ, Гиндукуш, Памир, Гималаи, Кіші Азии таулары, Ирана, Бирмы и Индонезии таулары. Тетис - Жерорта, Қара, Каспий, Арал теңіздеріне бөлінді. Беринг теңізі тартылып, Азия мен Солтүстік Америка бірігіп тұрды. Бұған себеп Верхоян, Черский тауларының қайта көтерілуі болды. Ертеде теңіз басып жатқан Шығыс Африка, Байкал рифтық жүйелер қалыптасты.

Төрттік дәуірдің бас кезінде ірі регрессияның негізінде Европа мен Солтүстік Америка Исландия арқылы біріксе, Азия Аляскамен, Европа Африкамен бірігіп жатты. Эгей теңізі, Дарданел, Босфорбұғаздар жоқ еді. Оның орнында Европаны Кіші Азиямен біріктіріп жатқан құрлық болған.

Оңтүстік жарты шардағы Анд таулары мен Жаңа Зеландияны, Тасмания аралдарын мұз басты. Антарктиданы мұз басу сонау палеогеннің соңында басталған еді. Неогеннің соңында Исландия аралын басқан еді. Солтүстік Америка мен Европадағы соңғы мұз басу 10-12 мың жыл бұрын шегінді.


Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Тау жасалу кезеңдерін анықтап оларды кескін картаға сызу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

Практикалық жұмыс №14-15 Жер бетінде пайдалы қазбалардың таралуы.



    1. Пайдалы қазбалардың географиялық таралу заңдылықтары.

    2. Жер қойнауын қорғау.

Жердің тарихын зерттейтін ғылымның бірі геология. Геологияның негізгі мақсаттарының бірі жердің және жер қыртысының жасын, оның даму тарихында өткен ірі оқиғалардың болған уақытын анықтау болып табылады. Мұндай зерттеудің практикалық және теориялық маңызы зор. Қазіргі кезде жердің даму тарихын екі кезеңге бөлінеді:



  1. Планетарлық немесе ғарыштық кезең

  2. Геологиялық кезең

Бірінші планетарлық кезең геологиялық дамуға дейінгі уақытты қамтиды, яғни жердің алғашқы планета болып қалыптасуының бастап, жер қыртысының құрылуына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Оның тарихын геологиялық әдістерімен зерттеу мүмкін емес. Жердің ғарыштық дене ретінде пайда болуы туралы ғылыми түсінік Күн жүйесіне кіретін басқа планеталардың қалыптасуымен байланысты. Бұл кезеңнің негізгі мазмұнынең алғашқы протопланетарлық заттардың белгілі геосфераларға жіктеліп, литосфера, атмосфера, гидросфера қабаттарының құралуымен сипатталады. Геосфераларға жіктелу процесі алғашқы протопланеталық заттардың тығыздалуы кезінде қызуға ұшырайды. Қызу мөлшері радиоактивті процестерге байланысты арта түседі де, гравитациялық жіктелу тез жүре бастайды. Жердің алғашқы құрамындағы газдар бөлініп шығады да, атмосфера қабаты қалыптасады. Алғашқы атмосфера қабатының құрамында көмірқышқыл газы мен су көп болды, мұндай атмосфера Күн сәулесін өткізбейді. Сондықтан жер беті жылуды ішкі жылудан алып отырады. Жерді құрайтын алғашқы протопланеталық заттардың тығыздалуы мен жеке қабаттарға жіктелуі аяқталысымен жер беті және атмосфера қабаты суына бастайды. Соған баланысты су булары конденсацияға ұшырап гидросфера қабаты пйда болады.

Атмосферада Күн сәулесінің өткізгіштігі артады. Осыған байланысты Күн сәулесі жер бетін әртүрлі дәрежеде қыздырады, сондықтан ауа мен су массалары қозғалысқа түсіп, араласып, жалпы планеталық өзгеріске ұшырайды. Осы жағдайдан келіп, экзогенді процестер дамиды. Бқл процестердің басталуы Жердің даму тарихында геоогиялық кезеінің бастамасы болып табылады.

Екіншіі кезең Жер қыртысының алғашқы қалыптасуынан басталып өазіргі уақытқа дейінгі аралықты қастиды. Экзогендік процестердің нәтижесінде жер бетіндегі жыныстар үгіліске ұшырап, үгңлген заттар тасымалданып, сулы ортаға шөгеді, тау жыныстары пайда болады. Олар экзогендік процестерге ұшырайды, жер қыртысының алғашқы құрамы күрделене түседі.

Тау жыныстарының жасын анықтау әдістері. Жерді жасын және оның даму тарихындағы ірі оқиғалардың болу уақыты 2 түрлі әдіспен есепетеледі.



    1. Салыстырмалы жыл есептеу

    2. Абсолюттік жыл есептеу

Мұндай әдістерді геохронологиялық әдіс деп атайды. Бірінші әдіс тау жыныстарының салыстырмалы жасы, олардың табиғи жағдайда жердің геологиялық қимасына қарап, тау жыныстарының орналасу ретінде қарап анықталады. Салыстырмалы жыл санау әдістерін 1669 ж. Н. Стено анықтаған, олардың бірнеше түрлері бар:

      1. Стратиграфиялық әдіс (латынша «стратум» - «қабат»)

      2. Минералогия және петрографиялық әдіс

      3. Тектоникалық әдіс

      4. Биостратиграфиялық әдіс – палеонтологиялық әдіс. XVIII ғ. ағылшын инженері В. Смит ұсынған.

Стратиграфиялық әдіс – шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттардың өзара орналасу тәртібін немесе реттілігін зерттеуге негізделген. Шөгінді қабаттар төмен орналасқан, оның жолы неғұрлым ескі. Ал жоғарғы қабат жыныстары жас деп саналады. Бірақ бұл әдіс тек шөгінді қабаттың алғашқы орналасу тәртібі бұзылмаған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Минералогия немесе петрографиялық әдіс геологиялық қималарда кездесетін бір – біріне жақын орналасқан тау жыныстарының минералдық құрамының ұқсастығын салыстыра отырып зерттеуге негізделген әдіс. Бұл әдіс әсіресе магмалық және метаморфтық жыныстарды зерттеуде қолданылады.

Биостратиграфиялық немесе палеонтологиялық әдіс – бұл тау жыныстарының слыстырмалы жасын анықтау кеңінен қолданылады. Жердің даму тарихын екі эонға бөледі:


  • Криптозой («криптос» - «жасырын», «эо» - «өмір»)

  • Фанерозой («фанерос» - «айқын», «эо» - «өмір»)

I эонға криптозойға 2 эра жатады: архей және протерозой.

II эонға фанерозойға 3 эра жатады: палеозой, мезозой, кайнозой.


Темір. Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады (16,6 млрд т). Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір кені қорының 85%-ы шоғырланған. Әсіресе, Қашар, Соколов-Сарыбай кен орындарының маңызы зор. Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы үшқыш М.Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай, өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғарғы сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60%-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет жәнө Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен ондіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42%. Темір кенінің шағын кен орны Қарағанды (Кентөбе, Қаратас), Солтүстік Қазақстан (Атансор) облыстарында бар.

Марганецтің ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Мұндағы рудалардың 27%-ына жуығы марганец. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау өңірлерінде де табылды.

Республикадағы марғанец рудасының қоры 408 млн 100 мың т-ны құрайды. Дүние жүзі бойынша 3-ші орында.

Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Доң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дұние жүзінде екінші орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97%-ы Қазақстанда өндіріледі.

Никельдің едәуір қоры Мұғалжар таулы ауданында үгілген тау жыныстары қыртысында шоғырланған. Никельдің 40-тан аса ірі кені Ақтөбе облысындағы Кемпірсай кен орнының үгілу қыртысындағы Бүрақтал кеніштеріне де шоғырланған. Қостанай облысындағы Аққара, Ақтау кендерінІң қоры мол, сапасы жоғары. Никель кен орындары Ңарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да бар.

Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты боксит. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік шығысында Ақмола және Торғай ойысында (Амангелді торабы). Бүлардағы боксит қоры онша коп емес. Сондықтан құрамында глиноземы бар басқа шикізат коздерін (нефелин рудасы, Екібастұз комірінің қалдығы) пайдалану жолдары іздестірілуде. Қазақстан алюминий ондіру жөнінен ТМД елдері арасында алдыңғы орындардың бірін алады.

Қазақстанда мыс рудасының аса бай қорлары бар. Мысты қүмтастардың ең ірі кен орны Жезқазган. Жезқазған кен орны ТМД бойынша бірінші, дұние жүзінде екінші орында. Қазақстан мыс өндіру жағынан дұние жүзінде жетінші орын алады. Өнімнің 92%-ы шет елге шығарылады.

Мысты кен орындарының ірілері Қоңырат, Бозшакөл. Бүлардағы мыс ашық әдіспен қазылып алынады, бірақ рудада металл мөлшері аз.

Полиметалл кеніне қорғасын, мырыш, мыс қоспалары, алтын, күміс, тағы басқа металдар жатады. Қорғасын мен мырыштың ең бай кен орындары Кенді Алтайдағы Риддер, Зырян, т.б. жерлер. Мұндағы кендерде металл көп. Полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауындағы Текелі жәнө Қаратаудағы Ащысай мен Мырғалымсайда бар. Соңғы жылдарда қорғасынның бай кен орындары Орталық Қазақстанда (Қызылеспе, Қаскаайғыр т. б.) барланды.

Қазақстанда 190 алтын кен орны бар. Алтын республиканың шығысындағы Алтайда, Қалба жотасы шеңберінде, солтүстік-батысындағы Жітіқара өңірінде өндіріледі. Орталық Қазақстанның солтүстік аймағындағы алтын шығатын кен орындары: кварцты желі, кайталама кварцит пен шашыранды алтын (Степняк, Ақсу, Майқайың) кездеседі. Қалба жотасында да кварцты желі және шашыранды алтын кен орындары шоғырланған. Шағын кварцты-желілі кен орындары Жоңғар және Іле Алатауларында да бар.

Сирек кездесетін металдар. Бүл топқа вольфрам, молибден, ванадий, висмут, сүрме т. б. жатады. Аталмыш кен орындары бойынша Орталық Қазақстан алдыңғы орында. Кейбір сирек кездесетін металдар (кадмий, индий, висмут, селен, сынап т.б.), сондай-ақ полиметалл кен орындары Жоңғар Алатауы мен Алтайда шоғырланған.

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм(өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.



Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.
Орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Пайдалы қазбалардың географиялық таралу заңдылықтары бойынша кескін картаға сызу

Әдебиеттер:



  1. Бекботаев А.Т. Метаморфтық тау жыныстарының петрографиясы. – А: 2006.

  2. Абланов Б.Ф. Кристаллография және минералогия. – А: 2010..

  3. Тұяқбаев Н, Арыстанбеков К, Әбішов Б. Жалпы геология курсы. – А: 2009.

  4. Сейітов Н. Геология негіздері. – А: 2010.

  5. Сейітов Н., Жүнісов А.А. Қазақстан геологиясы. – А: 2003

WEB сайттар



  1. meganovosti.net

  2. vesti.ru

  3. www.ria.ru

  4. NEWSru

  5. Tengrinews.kz

  6. wikipedia.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет