гүлдері ұсақ.Ақ алабота- өте кен таралған алабота тұқымдас біржылдық өсімдік. Топырақтағы қоректік заттарды, әсіресе азот, калий, фосфорды кіндік тамырымен бойына сіңіреді. Сабағы- сида, тісшілері бар, жұмыртқа тәрізді, бөбекшісіз жапырағы ақ ұнтақпен қапталған. Гүлі- ірі гүлшоғырлы, күлтесі болмайды. Гүл формуласы-Т4А4Ж1. Ақ алабота жаз бойы гүлдейді. Өте көп тұқым береді, кейде бір өсімдік егілген жерде ақ алаботаның тұқымдары егісті алғанға дейін шашылып үлгіреді.Кейбір елдер оның жас жапырағын шпинат тәрізді көкөніске пайдаланады.Қазақтар ала ботаны өрттеп , күлінен сақар алған және оны сабын жасауға пайдаланы білді. Сабын алу әдісі. 1.Ащы сортаң жерлердегі шөптерді өрттеп, күлін арнаулы ыдысқа салып, қайнатады. Күл құрамында калий бар. 2. Қайнатылған күлді тұндырып, тұнбасын бөліп алады. 4. Қойылған тұнбаны ыдысқа салып суытады, оны сақар деп атайды. 4. Сақардың үштен бір бөлігіндегі мөлшерде май қосып суалғанша қайнатады. 6. Суалып қоюланған сақарды кенепке орап, домалақтап кептіреді. Сабын дайындаудың халықтық технологиясы. Қазанға 15 литр су құйып, қайнаған су үстіне 4 кг алаботаның күлін салып, күлдің нілі суға әбден шыққанша 20 минут отқа қайнатады. Қайнау барысында күл құрамындағы еритін тұздар ериді де, түзілген ерітіндіні тегенеге құйып алып, күл түбіне шөккенше тұндырады. Ерітіндінің бетіне шыққан жеңіл заттарды кепсермен сүзіп алып тастайды. Ортасындағы нілді суды сүзіп алып түбіндегі тұнбасын төгіп тастайды да, қазанды тазалап жуып, ішін жақсылап күнбағыстың майымен және тоң майымен майлайды. Сүзіп алған нілді суды қазаңға құйып, әбден су алғанша қайнатады. Су қоймалжыңдана бастағанда отты баяулатып, ерітіндіні араластырырады. Су тартылғанда ерітінді сақарға айналады. Су мүлде суалған кезде қазан түбінде пайда болатын ұнтақ- сақар деп аталады. Сақардың да емдік қасиеті бар. Жылқының ішіндегі паразит құрттарды түсіру үшін сақардың 9-11 сықпасын жұтқызып, емдеуге болады. Құрамындағы затты анықтаған соң, қазанды қайта жуып, тоң май салып, қатты қыздырады. Қайнаған майдың үстіне сақар салып, отты жайлап қана жағып қазандағы затты қайнатады. Сабын үйіріліп, біріккен кезде қазан құрғақ, тегіс жерге түсіріліп, суытылады. Нәтижесінде қара сабын алынады. Қара сабынның емдік қасиеті. Қара сабын қатыр, басқа да жарақаттардың тез жазылуына әсер етеді: тәнді жұмсартады, суық тигенде сылаумай ретінде қолдануға болады, ісікке, домбыққан жарақкатқа тартса, бітеу жараның соқтасын сорып алады. Ертеректе қара сабынды адам уланғанда құстырып, ішін тазалауға пайдаланған.
Дәрілік өсімдіктерді жинау. Өсімдіктерді жинауға шығар алдында олар туралы толық мағлұмат беретін нұсқаулармен жете танысқан жөн. Сонымен қатар, күрек, пышақ, секатор, қайшы сияқты құралдардың болғаны дұрыс. Өсімдік жапырағын, гүлін және тамырын жинаған кезде осы жоғарыдағы аталған құралдарды ұқыпты әрі орынды түрде пайдаланып, кесіп, болмаса қазып алған дұрыс. Бұлай болмаған күнде өсімдіктер қатты зақымданады. Неге десеңіз, өсімдік гүлін я жапырағын қолмен жұлғанда оның тамырынан жұлынып қалуы мүмкін. Жиналған өсімдіктерді салатын рюкзак, себет, кішігірім қалталар ала шыққан жөн. Өсімдікті бір жерден бірнеше жыл қатарынан жинауға болмайды. Дәрілік өсімдік өсіп тұрған жерлерде сол өсімдіктің болашақта өсіп-өнуі үшін әр маусымда белгілі бір мөлшерін қалдырып отырған дұрыс. Сонымен қатар өте жас өсімдіктерге тимей, толық пісіп жетілгендерін алу керек. Себебі бұларда биологиялық активті заттар мөлшері басымырақ болады. Яғни, бұл қасиет өсімдіктердің өсу кезені мен мүшелеріне байланысты деген сөз. Сондықтан өсімдіктің қай мүшесін қай мезгілде жинау керегінде жинау дұрыс. Өсімдік тамырларын толық пісіп-жетілген уақытта, күз айларында жинайды. Ал жазғытұрым жинауға тура келетін болса, онда тамыр өсіп-өнуі басталмай тұрғанда жинау керек. Өсімдік жапырағын толық гүлдеу мезгілінде жинайды. Зиянды жәндіктермен, түрлі аурулармен зақымданған жапырақтарды жинауға болмайды. Гүлдерді өсімдіктер гүлдей бастағанда жинайды. Зақымданған және тозаң басып, қатты ластанған гүлді де жинамағаны дұрыс. Бүршіетерді жазғытұрым ерте, ол ашылмай жаңа бөртіп, тола бастағанда жинайды. Өсімдік қабығын бүршік толығып, сөл жүре бастаған уақытта жас бұталардан жинаған дұрыс. Олардың қабығын жинау үшін, пышақпен екі жерден көлденең- арасын 20-30 см етіп жарты сақина жасап тіледі. Содан кейін олардың арасын жоғарыдан төмен қарай екі жерден тіліп қосады да, жоғарғы жарты сақина тіліктен бастап пышақ ұшымен көтеріп, қабығын сыдырып алады. Бұл жағдайда өсімдіктің тек жарты қабығы алынады да, қалған бөлігі өсімдікте қалып, сөл жүру процесін жалғастыра береді. Өсімдік шөбін негізінде гүлдеген негізінде гүлдеген мезгілде жинайды. Ол үшін өсімдікті жапырағы көп жоғарғы жағын гүлімен қоса, төменнен екі-үш жапырақ қалдырып, кесіп алады. Сарғайған, зақымданған жапырақтарды алып тастау керек. Өсімдіктің жемісі мен дәнін пісіп жетілгенде жинайды. Кейбір өсімдіктерде олар ертерек пісіп, түсіп қалу қуіпі туады.Сондықтан ондай өсімдіктердің жемісі мен дәнін ертерек жинауға да болады. Өсімдік жапырақтарын, гүлдері мол сабағын күн ашық, құрғақ уақытта, ертеңгі шық кепкеннен кейін жинаған жөн.Өсімдік тамырларын қазып алғаннан соң жабысқан топырақтарын салқын сумен жуып тазартады. Өсімдіктерді жинауға кіріскенде бір ескеретін нәрсе- жинайтын адам қолына қолғап кигені дұрыс. Себебі көптеген өсімдіктер тікенекті келеді. Жинап алынған өсімдіктерді дереу кептіріп алған жөн. Себебі тез кептірілген өсімдіктерде оның дәрілік қасиеті мен сапасы көбірек сақталатыны даусыз. Жиналған өсімдік мүшелерін кептіру жұмысы көлеңке, жел қағып тұратын жерге қағаз төсеп, болмаса басқа төсеніш үстіне жайып, әлсін-әлсін аударып отырып кптіру керек. Жақсы кепкен өсімдік қолмен уқалағанда бірден морт етіп сынып кетеді. Кептірілген өсімдікті қағаздан жасалған қалтада, немесе картоннан істелген қорапқа салып, ішіне қағаз төсеп, қараңғы, әрі құрғақ жерде сақтайды. Оларды жіпке тізіп, іліп я болмаса ағаш ердене үстіне жаю керек. Әр түрлі зиян кестер тимеуін қамтамасыз еткен дұрыс. Жұмыстың нәтижесі. Дәрілік өсімдіктердің адам ағзасына тигізетін әсері. . Ұлан-ғайыр қазақ даласында шөптермен дәрі-дәрімектік өсімдіктер көптеп өсетін болғандықтан, емдік қасиетін ертеден білген. Соның натижесінде ауруға ұшырған адамдарды дәрілік өсімдікпен емдеу ілгеріден-ақ кең тараған. Сиыр қарақат өсімдігінен жасалған тосап пен тұнбаны үздіксіз пайдаланған кезде қан қысымы төмен ауру адамның қанынаның құрамындағы гемоглобиннің жоғары көтеріліп, қан қысымының біраз тұрақтанғанын көруге болады. Ал жолжелкен өсімдігін жара шыққан жерге таңып ұстаған кезде, жарадағы іріңді сорып, тез жазатынын байқадық. Қалақайдың кептірілген жапырақтарының өкпе плевриті және созылымалы тері ауруларына пайдалануға болады екен. Бақбақ өсімдігінен жасалынған тосап іші құрылысы (бүйрек, бауыр, өт жолы), неврит ауруларына өте керемет ем ретінде қолданылады. Долана жемістерінің кептіріп, жүрек бұлшық еті мен ми нейрондарын оттекпен қамтамасыз ететін және қан қысымын төмендететін тамаша емдік қасиеті бар.
Қазіргі нарық кезеңіндегі, әсіресе ауылды жерде дәрі-дәрімектер табу қиынға түседі.Қазақстан республикасындағы 6000-ға жуық өсімдіктердің 30-40 шақтысы біздің өңірде өседі. Осы өсімдіктердің химиялық құрамын және емдік қасиетін зерттей отырып, анықтамалық кітапшасын жасауды қолға алып отырмыз. Бірнеше өсімдіктердің жалпы сипаттамасын жазып жатырмыз. Соның натижесінде мектептен “Жасыл дәріхана” бұрышын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Тәжірибе үлескісінен 0,5 га жер алып, дәрілік плантация жасасақ деген ойымыз бар.
Ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан 2030” стратегиялық бағдармасында салауатты өмір сүруге, нашақорлар мен шылым шегушілерге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру, экологиялық таза табиғат денсаулық негізі екендігі айқын айтылған.
“2030-дың Қазақстаны ауасы таза, суы мөлдір, көркейген ел болады”- деп айтқан президенттің тілегіне қосыламыз, осы арман орындалса, нұр үстіне нұр болар еді. “Қазақстан 2030” бағдарламасын іске асыру барысында қоршаған ортаны сауықтыру тікелей өсімдіктер дүниесіне байланысты. Біздің табиғатқа экология-экономикалық қатынасымыз бен жанашырлық көзқарасымыз керек. Бұл жұмыс арқылы қоршаған ортаны қорғауға үлес қосудамыз.
Бұл жұмыс нәтижелі, себебі біздің мектепте биыл денсаулықтары нашар балалар тобы ұйымдастырылады. Бұл оқушылар әр түрлі аурулардың әсерінен ауыр жұмыс істей алмайды. Сондықтан олар осы жұмыста аталған өсімдіктерді, олардың тұқымдарын жинайды. Таза ауада,ормандарға, су басына барады. Бұл шаралар оқушылардың денсаулығын жақсартуға бағытталған. Жиналған дәрілік өсімдіктерді кептіріп, жинақтап, дәріханаға тапсырсақ па деген ойымыз бар. Жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы мәліметтерді осы еңбектен табасыздар.
Адам ағзасын халық медицинасы арқылы емдеу, табиғатты табиғатпен емдеу сияқты. Бұл адам тәніне әлдеқайда жақын және одан ағзаға ешбір зиян жоқ
Болашақта адамдар Жер-ананың төсінен жаралған шөптердің пайдасын жаңға-шипа, емге-дәру болғандығын есте ұстай, керегіне жаратса дейміз.
Қорытынды.
Табиғат-адамға қажет, баға жетпес байлық. Ол-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «Табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажеттігінің табылар содан бәрі», деп дәріптеген.
Табиғат адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз, тәлімі мол тәрбиеші.Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін, ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбаған болуы тиіс. Табиғат тазалығын сақтайтын да, оны былғап улайтын да адам. Адам өзінің де, табиғаттың да қаласы осы, санасыз іс-әрекет жасаса жауы болып табылады.
Табиғаттың тарылтпайын мөлдір кәусәр тынысың,
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың.
Ей адамзат! Ақылға сал, қатыгездік жасама,
Өзің-дағы содан тудың-табиғаттың ұлысың.
Экологиялық мәселелерді шешуде адамзат факторын жетілдірудің маңызы толық ашылмаған. Экологиялық мәселелер болып тұрғанда қоғамға экологиялық жағынан сауатты қызметкерлер өте қажет.
Адамның өміріндегі табиғат байлықтардың ең маңыздысы ол-су. Адам өмір бойы сумен байланысты. Адам суды тамаққа пайдаланады, жуынады. Өнеркәсіптің әр саласында суды еріткіш ретінде, жылыту, суыту, кристалдандыру үшін қолданылады.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес бүкіл елдің қасиетті парызы. Дана қазақ халқы «бірінші байлық денсаулық» деген екен. Денсаулығымыз мықты болу «мысқалдап кірген ауруды» өз өлкемізде кездесетін дәрілік өсімдіктермен ақ емдеп жазуға болады.
Дәрілік өсімдіктермен әуестену біріншіден , денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі, екіншіден, отбасының қаражатын үнемдейсіз, үшіншіден, табиғат байлығын қорғауға үлес қосасыз.
Туған өлкенің табиғат байлықтарын зерттеу барысында жүргізілген тәжірибелер арқылы аймақтың экологиялық мәселелерін анықтауға атсалыстық.
Қоршаған орта жағдайлары өз денсаулығымыз бен өмірімізге әсер ететінін түсіндік.
Жұмыста пайдаланған әдебиеттер.
Биология, география және химия. Журнал №6 2002жыл.
Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау туралы заң. Алматы 1998ж.
Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан-2030» Алматы 1999ж.
Қожабеков. М. Дәрілік өсімдіктер. «Қазақстан» баспасы, 1975ж.
М. Оспанова, Ж. Лұқпанов. Өсімдік жанға шипа, дертке дацуа. Алматы. «Қайнар», 1992ж.
И.А. Юндин Травы. Алмата «Қайнар» 1980ж.
С Арыстанғалиев. Қазақстан өсімдіктерінің қазақша-орысша-латынша атаулар сөздігі. Алматы «Сөздік-словарь» 2002 ж.
Аннотация.
Табиғатты танып, оның тіршілігін оқып үйрену мен аялап, қорғау мектеп қабырғасында қалыптасып, дамитын көп аспектілі, кешенді тәрбие көзі. Соның маңыздыларының бірі- туған өлкенің дәрі- дәрмектің қасиеті бар өсімдіктерін танып, біліп, оларды сақтау мәселесі туралы түсінік берілген. Табиғатты қорғауда оның дархан сыйларының ішінде емдік қасиеттері бар өсімдіктерді ажырата біліп, одан дәрі жасаудың қарапайым жолдарын әр адамның білгені абзал деп дәлелдеген бұл жұмыстың авторлары..
Туған өлкенің әрбір өсімдігін зерттеп білу, оны қорғау - табиғатты қорғау, ал табиғатты қорғау ондағы адамзатты ғаламшарды қорғау деген сөз.
Бұл шаралардың барлығы біріншіден- көгалдандыру мақсатта болса, екіншіден- санды көбейту, үшіншіден- дәрілік мақсатта жүргізілсе, төртіншіден- ауылдағы әр үй өсімдіктің бір екі түбін отырғызып, мың теңге тұратын дәріні шарбағында өсіру мүмкіндігі бар деп ойлайды авторлар.
Оқушыларға қойылған талаптар: кез келген әдебиет пен өздігінен жұмыс істей білу, өз бетіне талдау жасап, қорытындылай білу, өз ойын толық айта білу, ақпаратты қабылдай білу. Жұмыс барысында әр түрлі сарамандық жұмыстар жүргізілді: сыртқы құрылысынан дәрәләк өсімдіктің қай бөлігін алуда білу, кептіру әдісін білу, сақтау ережелерін білу, халық технологиясы бойынша сабын алу, мектептен тыс жұмыстарда өсімдіктердің маңызы мен құнарлығын насихаттау, әр адамның экологиялық сауаттылығын және табиғатты қорғау заңдылықтарын білуін қадағалау.
Табиғат байлығына деген құрмет пен сүйіспеншілік қалыптастыруда жергілікті жерде жүргізілетін шағын зерттеу, танымжорық жұмыстарының маңызы зор.
Өсімдіктер дүниесінің қаншалықты сақталуы, түрлерінің қалпына келуі негізінен оларға жасалатын қамқорлық пен қорғау ісіне, сондай-ақ бұл байлықты пайдаланудың дәрежесіне де байланысты.
Сондықтан да, еліміздің табиғатын сүйетін, қадірлейтін әрбір азамат табиғатты қорғау ісіне тиісінше үлес қосатын болса, оның қазынасының одан әрі молая беруіне үлкен көмек көрсететін жас жеткіншіктерді тәрбиелеу - бұл жұмыстың практикалық қолданылуы.
Достарыңызбен бөлісу: |