Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 10-сынып


Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы



бет11/17
Дата15.03.2023
өлшемі0,62 Mb.
#172570
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
10-сынып Қазақ тілі БЖБ
28,10,06, функция, жоба, портфолио титул, Етістіктің шақтары, Бағалау парақшасы, 3 сынып тест, сенсорлык бузылысы бар
Қарусыздану және жер шарында бейбітшіліктің сақталуы. Соғыс барлық тарихи дәуірлерде қоғамның дамуына әсерін тигізіп отыр. Бірақ бұрын ешқашан тұтас елдер мен континеттерді жойып жіберудің нақты мүмкіндігі болған емес. Жанталаса қарулану жыл сайын адамзаттың 1 доллар қаражатын жұтады. Бұл Жапония сияқты бір елдің ұлттық кірісімен шамалас. Дүние жүзі мемлекеттерінің әскерінде өндіргіш еңбектен қол үзіп 26 млн адам сапта жүр. Бұл ГФР секілді елдің экономикалық тұрғыдан белсенді делінетін бүкіл халқындай. 1988 жылы АҚШ пен КСРО арасында әрекет радиусы орташа және кіші ракеталарды жою туралы шартқа қол қойылды. 1993 жылы Ресей мен АҚШ стратегиялық шабуыл қаруларын қысқарту туралы келісімге қол қойылды. Кейбір аймақтық жанжалдар бітістіріліп, ядросыз аймақтар құру басталды. Шешу жолдары: бейбітшілік саясатын жүргізу, халықаралық қатынастарды реттеу, қару жараққа түсетін қаржы мөлшерінің төмендеуі тиіс.
Экологиялық проблема. Экологиялық проблема дегеніміз – қоғам мен табиғаттың қарым қатынасының айналадағы ортаны сақтаудың проблемасы. XX ғасырдың екінші жартысында айналадағы ортаға түсетін салмақ ерекше күрт өсті. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым қатынаста сапалық өзгеріс байқалады. Бұл халық санағының күрт өсуімен түсіндіріледі. Планетаның интенсивті түрде индустриялануы мен урбандалуы нәтижесінде шаруашылық салмақ жер- жердің бәріне экологиялық жүйелердің өздігінен тазару және қалпына келу қабілетінен асып түсе бастады. Ормандардың құртылуы қатерлі шекке жетті. Жыл сайын 11 млн тропиктік орман ғайып болды. Шөлге айналу процесі жүріп жатыр. Соңғы жылдары стратосфераның озон қабатының бұзылу қаупі анықталды. Бұл әсіресе

Антарктида үстінде анық байқалып отыр. Шешу жолдары: қалдықсыз технологияны қолдану, дамушы елдерде энергетика проблемасын шешу, ормандар салу, қорықша және қорықтар сияқты территориялардың салынуын ұйымдастыру.
Дүниежүзілік мұхит проблемалары. Соңғы жылдарда Дүниежүзілік мұхиттың пайдаланылуы күрт күшейді. Теңіз саудасының көлемі сан есе ұлғайып, флоттың тоннажы едәуір көбейді. ГФР кемелерінің әсіресе танкілерінің көлемі мен сыйымдылығын қауырт өзгертті. олардың жүк көтерімділігі 200-300 мың тоннадан асып түсті. Жағалауға түсетін реакциялық салмақ арта бастады. Интенсивті шаруашылық әсерінен мұхит ластанады. Мұнай таситын кемелер апатқа ұшырағанда, Дүниежүзілік мұхиттағы экологиялық жағдайға ерекше зиянын тигізеді.Сондақтан бұл мұхит проблемаларын тек адамзаттың іс әрекеті шеше алады.



    1. Сіз Астана қаласында өткен «WSEC – 2017» инженерлер мен ғалымдардың дүниежүзілік конгресiне қатыстыңыз. Бұл халықаралық шара барысында ХХІ ғасырдың жаһандық мәселелері, оның ішінде бейбітшілікті сақтау, экология, табиғи ресурстардың таусылуы т.б. мәселелер талқыланды. Осы жиында көпшілік алдында «Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары» деген тақырыпта сөз сөйлеңіз. Төменде берілген ғаламдық мәселелердің бірін таңдап алып, оны шешу жолдарын ұсыныңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет