Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып



бет4/10
Дата08.02.2022
өлшемі152,12 Kb.
#119614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
24соз, FIZ, Диагностикалық критерилер, 123, Қызыл кітап, 123123, ЖМ-912 Нәдірбек Қуаныш 1 БӨЖ , 123123, Строевой устав, коркем енбек, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 1580443088, 1580443088, 11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Тыңдалым мәтіні
Жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналғандығы ресми түрде мәлімделді. Байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық тақырыбы Томас Пикеттидің «ХХІ ғасырдағы капитал» атты кітабы жарыққа шыққаннан кейін қызу талқыға салына бастаған. Автордың айтуынша, қазіргі капитализм – ауқаттылардың заманы. Олар байыған үстіне баюда. Соның салдарынан әлеуметтік теңсіздік өршіп, бұл құбылыс экономикалық өсімге кері әсер етіп отыр.
Ұйымның зерттеуіне қарағанда, қазіргі уақытта миллиардерлердің қаржысы дүниежүзіндегі байлықтың 48 пайызын құраса, ал келесі жылы бұл көрсеткіш 50 пайыздан асып кетуі мүмкін. Яғни, бұл жағдай алдағы уақытта кедей адамдардың қаржы жинап, аяққа тік тұруына айтарлықтай кедергі келтіреді деген сөз.
БҰҰ-ның тұжырымына сәйкес, күніне 1 АҚШ долларына күн көретін адам кедей саналады, ал 1 доллардан аз ақшаға күнелтетін адамды пақыр кедей немесе қайыршы деп атауға тура келеді. БҰҰ-ның тағы бір дерегіне сүйенсек, аштық күніне 25000 адамның өмірмен қош айтысуына себепкер болады екен.
Кедейлікке апаратын бірден бір жол – жаппай жұмыссыздықтың орын алуы. Елдегі экономикалық жағдай, оның ішінде жалпы ішкі өнім жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады десек, жаһанда жаппай жұмыссыздықтың орын алу деңгейі жыл сайын артып келеді. Алдағы бес жылда дүниежүзінде жұмыссыздар саны 11 миллионға өспек, ал соңғы 7 жылда жұмысқа тұра алмай жүргендердің қатары 31 миллионға артқан. Бұл көрсеткіш кедейліктің артуына белгілі бір деңгейде ықпал етуде. Бүгінде әлемде 201 миллион адам кәсіпсіз жүрсе, болашақта олардың саны 212 миллионға жетеді деген қауіп бар. БҰҰ-ның анықтауы бойынша, әлемдегі 54 елдің жағдайы 1990 жылғы деңгеймен салыстырғанда, күрт нашарлап кеткен.

  1. Мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіріңіз.



Ақпарат

Ақпарат

Сәйкестендіру

1) Бүгінгі капитализм

a) 1 АҚШ долларына жетпейтін ақшаға
күнелтетін адамдар тобы




2) Кедей

b) байлықтарына лайық салық төлеуі қажет.

3) Пақыр

c) қалтасы қалың дәулетті адамдардың
дәуірі

4) Дәулетті адамдар

d) әлеуметтік теңсіздікті арттырады.

5) Жұмыссыздық

e) кедейліктің өсуіне ықпал етеді.

6) Байлардың санының
артуы

f) күн сайын 1 америка валютасына өмір
сүретін адамдар тобы




  1. Берілген сөздер мен сөз тіркесінің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.

Сөз/сөз тіркесі

Мағынасы

салық




жұмыссыздық




кәсіпсіз







  1. Мәтін ақпаратын қолданып, халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі маман мен тілші арасында сұхбат жүргізіңіз. Сұхбат барысында төменде берілген клишелер мен ым-ишараны тиімді қолданыңыз.



Клише: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет