Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып



бет9/10
Дата08.02.2022
өлшемі152,12 Kb.
#119614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
24соз, FIZ, Диагностикалық критерилер, 123, Қызыл кітап, 123123, ЖМ-912 Нәдірбек Қуаныш 1 БӨЖ , 123123, Строевой устав, коркем енбек, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 1580443088, 1580443088, 11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

11.3.1.1

мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен







көзқарасты, астарлы ойды анықтау, берілген







ақпараттың оқырманға әсерін және автор







позициясын талқылау




11.4.1.1

ғылыми және публицистикалық стильдің







жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай







тілдік құралдарды орынды қолданып, баспасөз







парағын жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді

  • Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, баспасөз парағын жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүниежүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шетелдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Нұр- Сұлтан қалаларында 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6 шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр ғарыш айлағын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстанның бірінші президенті Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. 2003 жыл Ресейдегі Қазақстан жылы, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы ретінде мемлекеттік деңгейде аталып өтті. 2004 жылы екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 7 млрд. долларға жетті.


Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет – Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды. Ең бастысы, шекараны нақтылау аяқталды. Қытаймен арадағы шекараны айқындап белгілеу Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қосымша кепілдіктер берілгенін білдірді. Соңғы жылдары ҚХР басшыларымен өзара кездесу, келіссөздер жүргізу біздің елдің
сыртқы саясатындағы тұрақты құбылысқа айналды. Қазақстанның сыртқы саясатында

АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.



  1. Мәтіннен 1 факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді мен 2 детальді ақпаратты анықтаңыз.

Факті

Көзқарас

Детальді ақпараттар







1)
2)




  1. Мәтіндегі автор позициясын және мәтіннің оқырманға әсерін 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.




  1. Мектебіңізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан» тақырыбында оқушылар арасында конференция ұйымдастырылды. Мектепшілік газеттің тұрақты тілшісі ретінде публицистикалық стильдің стильдік, жанрлық ерекшеліктерін сақтай отырып, баспасөз парағын жазыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет