Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 11-сынып



бет10/10
Дата08.02.2022
өлшемі152,12 Kb.
#119614
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
24соз, FIZ, Диагностикалық критерилер, 123, Қызыл кітап, 123123, ЖМ-912 Нәдірбек Қуаныш 1 БӨЖ , 123123, Строевой устав, коркем енбек, Algoritmy-i-struktury-dannykh, 1580443088, 1580443088, 11 сыныпСОр Қазақ тілі мен әдебиеті
Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннен детальді




мәтін мазмұны бойынша 1 фактіні білдіретін

1

ақпараттарды, факті




сөйлемді анықтайды;




мен көзқарасты,










астарлы ойды




1 көзқарасты білдіретін сөйлемді көрсетеді;

1

анықтайды,

1-2

2 детальді ақпаратты көрсеттеді;

2

ақпараттың




мәтіндегі автор позициясын түсіндіреді;

1

оқырманға әсерін




автор позициясын




мәтіннің оқырманға әсерін түсіндіреді;

1

талдап түсіндіреді




Публицистикалық




жағдаятты негізге алады;

1

стильдің жанрлық




публицистикалық стильдің ерекшеліктерін

1

және стильдік




ескереді;




ерекшеліктеріне сай

3

жанрлық ерекшеліктерді ескереді;

1

тілдік құралдарды
қолданып, баспасөз




баспасөз парағын жазу талаптарын сақтайды.

1

парағын жазады










Барлық балл

10

«Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі» «Ұлттық театр – өнер ордасы» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушы




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтайды, ақпараттың оқырманға әсерін автор позициясын талдап түсіндіреді

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіруде қиналады.

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіруде қателеседі.

Мәтін мазмұны бойынша факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді, детальді ақпаратты анықтап, автор позициясы мен оның оқырманға әсерін түсіндіреді.

Публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, баспасөз парағын жазады

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлық ерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазуда қиналады.

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлық ерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазуда қателеседі.

Жағдаятты негізге ала отырып, публицистикалық стиль мен жанрлық ерекшеліктерді ескеріп, талапқа сай баспасөз парағын жазады.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау





Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым

Оқу мақсаты

11.1.6.1
11.2.3.1

Көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу
сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Әртүрлі дереккөзден алынған мәтіндерді салыстырып, аргументтермен дәлелді ойын білдіреді

  • Сөйлеу кезінде интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







Мәтінді тыңдап, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.



  1. мәтін

Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтеріне қарағанда, мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы экотуризмнің еншісіне тиесілі екен. Туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы – табиғатта туристердің белгіленген тәртіпке бағынуы, табиғи ландшафттарды шамадан тыс ластаудан қорғау және индустриялық туризм дамуының басты шарты болып табылатын табиғи ресурстардың құлдырауын болдырмау.
Экотуризмнің дамуы республикадағы барлық табиғи шаруашылық кешендерінің сәтті ілгерілеуіне ықпал етеді. Сонымен қатар қоғамның тұрақты дамуы мен халықтың салауатты өмір салтын сақтауға бейімделуін жолға қояды. Қоғамның табиғи ортаға және экожүйеге көңіл аударуы жоғарылай бастады.

  1. мәтін

Қазақстан экологиялық туризмді дамыту үшiн елеулi әлеуетке ие. Бұған ерекше географиялық аймақта орналасқан, еліміздің адам аяғы баспаған табиғаттың ғажайып бұрыштары, ландшафттар, тарихи ескерткiштер мен археологиялық орындары үлкен мүмкiндiк туғызады. Археология, тарих және сәулет ескерткіштерінің көлемі бойынша Қазақстан нағыз «ашық аспан астындағы мұражай» болып саналады. Табиғаты бүлінбеген түрде сақталған аумақтың саны мен әртүрлілігі экологиялық туризм әуесқойларын ерекше қызықтырады.
Еліміздегі экотуризмді дамытуда туристік фирмалар мемлекет мүддесі үшін қызмет етпейді. Көпшілік туристік фирмалар шетелдіктер үшін еліміздің табиғаты көз тартатын жерлеріне саяхат түрлерін ұйымдастырғаннан гөрі, қазақстандықтарды шетелге саяхатқа жіберумен айналысқанды жөн көреді. Ол ел экономикасына кері әсерін тигізеді, өйткені шетелге шыққан қазақстандық туристер мемлекеттің қаржысын барған мемлекеттің экономикасына құяды. Сол арқылы шетелде жаңа жұмыс орындарының құрылуына ықпал
етеді.

  1. Мәтіндерде көтерілген ортақ мәселені анықтаңыз.





  1. Кестені пайдаланып, екі мәтін ақпаратын салыстырыңыз. Жауаптарға мәтіннен дәлел келтіріңіз.




Салыстыру

1-мәтін

2-мәтін

Мәтін тақырыбы







Мәтіндегі автор идеясы







Мәтіндердің көздеген
аудиториясы










  1. Жұптық жұмыс. Өзара төмендегі тақырыптарда сөйлесіңіз. Сөйлеу кезінде сөйлеу мәнеріңізге, интонация, ой екпініне назар аударыңыз.

    1. Қазақстандағы туризм және экотуризм

    2. Экотуризм дегеніміз не?

    3. Қазақстанда экотуризмді қалай дамытамыз?

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Әртүрлі




екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені

1

дереккөзден




анықтайды;




алынған мәтіндерді
салыстырып,










мәтіндердің тақырыбын сөз тіркесімен береді;

2

аргументтермен дәлелді ойын білдіреді

1-2








мәтіндердегі автор позициясын 1 сөйлеммен береді;

2

мәтіндердің көздеген аудиториясын табады;

2







мәтіннен өз ойына дәлелдер келтіреді;

2

Сөйлеу кезінде




берілген тақырыптардың бірін таңдап, өзара

1

интонацияның




диалог құрады;




құрамдас
бөліктерін сөйлеу

3

сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу
мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды

1

мәнеріне сай
қолданады




қолданады.




Барлық балл

11



«Туризм: экотуризм», «Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушы





Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Әртүрлі дереккөзден
алынған мәтіндерді салыстырып, аргументтермен дәлелді ойын білдіреді.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені, мәтіндердің тақырыбын, автор
позициясын, мәтіндердің көздеген аудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіруде қиналады.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені, мәтіндердің тақырыбын, автор позициясын, мәтіндердің көздеген аудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіруде қателеседі.

Екі мәтінге ортақ көтерілген мәселені, мәтіндердің тақырыбын, автор позициясын, мәтіндердің көздеген аудиториясын анықтап, оларға дәлел келтіреді.

Сөйлеу кезінде интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолдануда қиналады.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолдануда қателеседі.

Тақырыптардың біріне өзара сөйлесіп, сөйлеу барысында айтар ойына сай сөйлеу мәнері, ой екпіні, дауыс ырғағын орынды қолданады.

«Жастар мәселесінің түйіткілдері», «Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау





Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым




11.3.6.1

мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген

Оқу мақсаты




мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі,







дәлелді жеткізу




11.4.2.1

қажетті ақпараттарды орынды қолданып,







көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп







эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті







эссе)




11.4.6.1

мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді







орфографиялық нормаға сай жазу, мәтін







деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген мәселеге сыни көзқарасын жүйелі білдіреді

  • Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу эссесін жазады

  • Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады

  • Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







Мәтінді түсініп оқып, төмндегі тапсырмаларды орындаңыз.

Оқылым мәтіні


Ұлмекен ТӨЛЕШОВА, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, философия және саясаттану факультетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты:
– Шу-шу еткен қалада бір сәт өзіңмен өзің қалуға уақыт та, ыңғай да жоқ. Соның зардабы есін білгелі қалада өсіп келе жатқан балалардың бойынан көзге ұрып көрініп тұрады. Таңертең тұрып шай ішіп отырғанда теледидар көреді, сабаққа бара жатқанда құлағында құлаққап, музыка тыңдап бара жатады. Мектепте, әйтеуір, балалармен араласады. Одан шыққан соң тағы да әлгіндей музыка, үйге келген соң теледидар мен ғаламтор. Таңның атысынан кештің батысына дейін толассыз ақпарат қабылдайды. Сөйтіп, сол ақпаратты саралап, байыптауға уақыт қалмайды. Адамға тән сезімдердің құнсызданып бара жатқаны да содан.
Қазіргі аға буын жас кезінде партияның қатал тәрбиесін көрген, тәртіпке үйренген. Ал тәуелсіздік қарсаңында, тәуелсіздік алғаннна кейін туған жастар үшін ешқандай жүйе жоқ. Сондықтан да олар үшін мына нәрсе маңызды деп дөп басып айту – қиынның қиыны. Жақында бір туысымның қызы, мектеп бітірген, «қайда оқығың келеді?» деп сұрасам, «маған бәрібір, тек шетелде оқысам болды» дейді. «Бәрібір» дейтіні, болашағы жайлы армандап, қиялдамайтынынан. Кез келген нәрсені уақыты келгенде ғана ойлайды. Алдын ала қамдану деген жоқ. Ал «шетелде оқысам болды» дейтін себебі – ел алдында жарқылдап, жұрт назарында жүргісі келетіндіктен. Ешқайсысы көптің бірі болғысы
келмейді, қарапайым болғысы келмейді.
Жастарымызға ұлттық тәрбие керек-ақ. Бұл жағынан ауыл жастарында аздаған артықшылық бар. Көрші-қолаңмен араласып өскен бала қанша дегенмен көпшілдеу болады. Үй еңбегімен айналысып, табиғатқа жақын өскендіктен, милары тұнық келеді.

Бірақ, бір өкініштісі, ауылда сол балаларға бағыт берер, ақыл айтар үлкен жоқ. Әйтеуір
«кітап оқы, сабағыңды жақсы оқы» дейді. Бірақ өздері кітап оқымайды, жұмысына да дұрыс қарамайды. Қай ауылға барсаң да, уақытын қалай өткізерін білмей жүрген жастарды көресің. Оның үстіне ауылдарда телеарналардың көбеюі, интернет жүйесінің іске қосылуы қала баласына еліктейтін ауыл балаларын өзгертіп бара жатыр. Интернетті пайдалану тек қана зиян деуден аулақпыз, бірақ қалай пайдаланатынын білмейміз, қадағалап жатқан ешкім жоқ. Сол жағы алаңдатады.



  1. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз.





  1. Автор көтерген 1 мәселеге қатысты ойыңызды ПОПС формуласы арқылы жеткізіңіз.




  1. Статистика комитетінің деректеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын 14 пен 28 жас аралығындағы 8 мыңға жуық жас шетел асады екен. Қазақстандық жастар шетелге кетуге неге құмар? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз. Жазба жұмысында орфографиялық, пунктуациялық нормаларды сақтаңыз.




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіннің негізгі ойын




мәтіндегі негізгі ойды 1сөйлеммен

1

анықтап, көтерілген




жеткізеді.




мәселеге сыни

1-2

мәтіндегі 1 мәселені анықтайды;

1

көзқарасын жүйелі
білдіреді




мәселеге қатысты өз көзқарасын формула
бойынша түсіндіреді;

1

Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу
эссесін жазады




кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама
береді (2-3 сөйлем);

1

негізгі бөлімде мәселеге қатысты
ұстанымын білдіреді;

1

Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады






өз ұстанымын дәлелдеу үшін 2-3
аргумент пен факті ұсынады;

1

өз пікіріне қарсы контраргумент
ұсынады;

1

Тыныс белгілерін дұрыс қолданады

3

өз ұстанымының дұрыстығын дәледейтін
1-2 фактілік дерек ұсынады;

1

қорытынды бөлімде негізгі сұраққа нақты
жауап береді;

1







мәселенің нақты 2-3 шешу жолын
ұсынады;

1







орфографиялық нормаларды сақтайды.

1







тыныс белгілерін дұрыс қояды.

1

Барлық балл

12

«Жастар мәселесінің түйіткілдері», «Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушы



Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннің негізгі ойын анықтап, көтерілген
мәселеге сыни
көзқарасын жүйелі білдіреді

Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені анықтап, өз көзқарасын формула бойынша түсіндіруде қиналады.

Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені анықтап,
өз көзқарасын формула бойынша түсіндіруде қателеседі.

Мәтіндегі негізгі ой мен көтерілген мәселені анықтап,
өз көзқарасын формула бойынша түсіндіреді.

Ақпараттарды орынды қолданып, өз ойын дәлелдеп келісу, келіспеу эссесін жазады

Тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады


Тыныс белгілерін дұрыс қолданады



Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу эссесін жазуда қиналады.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу эссесін жазуда қателеседі.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, келісу-келіспеу эссесін жазады.
    1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР


«Толеранттылық – ел бірлігі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



Сөйлеу әрекетінің түрлері

Тыңдалым Айтылым





Оқу мақсаты

11.1.4.1
11.2.2.1

Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет- мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау
Ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монологпен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас
орнату

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Көркем шығарманы кино туындысымен салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды

  • Сөйлеу этикеті формаларын қолданып, кәсіби мәтіндер бойынша тыңдаушымен диалогке түседі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану




Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







Мәтіндерді мұқият тыңдаңыз.



  1. Шәріп Бейсембаевтың «Тел өскен ұл» көркем фильмнен үзінді (7.30-10.00 аралығы). (https://www.youtube.com/watch?v=39uGnytMRDg&pbjreload=10)

  2. С.Мұратбековтің «Телі өскен ұл» шығармасынан берілген үзінді. (https://kitap.kz/audio-book?page=2)

Самолет Алматы аэропортына кеп қонған. Трап әкелініп, жолаушылар сыртқа шыға бастады.


Евдокия да солардың ішінде. Аэровокзал қоршауының сыртында тұрған көптеген қарсы алушыларға көзі түскен. Бәрі де осы жаққа қарап жүздері жайраңдап, қолдарындағы гүлдерін бұлғайды. Евдокия да күлімсірей қарап, қолын бұлғап қойды.
Осы мезетте репродуктордан самбырлаған ащы дауыс естілген.
− Филиппова Евдокия Филипповна, сізді балаңыз аэровокзалдан шыға беріс есікте күтіп тұр. Қайталаймын!
− Маған айтқан сияқты ма мынаны, − деді дегбірсізденген Евдокия. − Ол шығатын есігі қай жақта?
− Жүріңіз, мен сізді ертіп апарайын, − деді тарамыс арық. Бұлар аэровокзалды қақ жарып өтіп, шығар есікке таяған. Дәл шыға берісте Евдокия:
Сәл кішкене аялдайықшы, − деп өтінген. − Жүрегім орнықсын, − өзі кідірістеп біраз тұрды да, жүрегі орныққандай болған соң, шығуға беттеді.
Есіктің шыға берісіндегі баспалдақтарда гүл ұстаған көп адамдар тұр екен, орысы да, қазағы да бар, бәрі аралас. Евдокия олардың бәрін тез ғана бір шолып қарап өтті де, өзіне күлімсірей қарап тұрған аласа бойлы, арықтау сары жігітке қарай жүрді, бірақ қарсы алдынан ұзын бойлы, кең иықты басқа бір жігіт кес-кестеп шыға берді. Евдокия оған жалт қараған, екеуінің көздері бір-бірімен ұшырасқан сәтте, ана жүрегі дір ете түсіп, өзінен туған, өзінен нәр
алған жанарды қалтқысыз таныды, уақыт жеп солғаны болмаса, бір кезде өзінің жанары да дәл

осындай болатын.
Ана мен бала құшағы айқасқан... тілшілер жан-жақтан фотоаппараттарын сыртылдатып суретке түсіріп ап жатыр.
Айнала тұрған әйелдердің көздерінде жас мөлдірейді. Евдокия өзі де жылап тұр. Самолетпен бірге келген тарамыс арық көзі жыпылықтап жасаурап бір шетке ығыса берді, онан соң өзін-өзі тез жөнге келтіріп анадай жерде әлгіндегі қарсы алушылар әзірлеп тұрған
«Волгаға» қарай тез-тез басып жүріп кетті.



  1. Берілген үзіндіні аталған шығарманың фильмдегі нұсқасымен салыстырыңыз. Олардың ұқсастығы мен айырмашылығын сипаттаңыз.




  1. С. Мұратбековтің «Телі өскен ұл» шығармасындағы ақпаратты қолдана отырып, шығармадағы кейіпкерлер арасында сұхбат жүргізіңіздер. Сұхбат кезінде сөйлеу этикетінің формаларын қолданыңыздар.

    1. Евдокия – Саша

    2. Саша – Айташ

    3. Қалиша – Евдокия т.б.



Сөйлеу этикетінің формалары: сәлеметсіз бе; сіз қалай ойлайсыз; ... дегенмен келісесіз бе; мен сіздің... ойыңызбен келісемін; өте жақсы ой айттыңыз; пікіріңізге рахмет; сау болыңыз; кешіріңіз, бірақ сізбен келісе алмаймын; өте құнды пікір айттыңыз; сізге қарсылық танытуға мәжбүрмін; ... деген сөзіңізді түсіндіріп жіберсеңіз.

Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем шығарманы кино
туындысымен салыстырып, тақырыптың ұқсастығын сипаттайды

1

мәтін мен көркем фильм нұсқасының
ұқсастығын (мазмұны, құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) атайды;

1

мәтін мен көркем фильм нұсқасының
айырмашылықтарын (тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтайды;

1

Сөйлеу этикеті




сұхбат мазмұнындағы мәтіннен кем

1

формаларын қолданып,




дегенде 7-8 ақпаратты қолданады;




кәсіби мәтіндер бойынша




сұхбат мазмұнында амандасуға

1

тыңдаушымен диалогке




байланысты сөйлеу этикетінің




түседі




формаларын қолданады;







4

сұрақ қоюға байланысты сөйлеу

1







этикетінің формаларын қолданады;










ойды қолдауға байланысты сөйлеу

1







этикетінің формаларын қолданады;










пікірін білуге қатысты сөйлеу

1







этикетінің формаларын қолданады.




Барлығы:

7

«Толеранттылық – ел бірлігі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика




Білім алушы




Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Көркем шығарманы кино туындысымен салыстырып, тақырыптың ұқсастығын сипаттайды

Мәтін мен көркем фильм нұсқасының ұқсастығын
(мазмұны, құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын (тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтауда қиналады.

Мәтін мен көркем фильм нұсқасының ұқсастығын
(мазмұны, құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын (тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтауда қателеседі.

Мәтін мен көркем фильм нұсқасының ұқсастығын
(мазмұны, құрылымы, кейіпкерлері, сипаты) және айырмашылықтарын (тілі, сөйлеуі, қимылы) анықтайды.

Сөйлеу этикеті формаларын қолданып, кәсіби мәтіндер бойынша тыңдаушымен диалогке түседі

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен 1-3 ақпаратты, сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 1 формасын ғана қолданады.

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен 4-6 ақпаратты қолданады. Сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 2-3 формасын қолданады.

Тақырыпқа қатысты сұхбат мазмұнындағы мәтіннен кем дегенде 7-8 ақпаратты орынды қолданады. Сұрақ қою мен жауап беруде сөйлеу этикетінің 4-5 формасын дұрыс қолданады.

«Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік», «Бос уақыт қоғам дамуының көрсеткіші» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым Жазылым

Оқу мақсаты

11.3.6.1
11.4.2.1

мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу
қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе, аргументативті эссе)

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді

  • Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

15-20 минут

Тапсырма







1. Мәтінді оқып, ПОПС формуласы бойынша көзқарасыңызды түсіндіріңіз.
ПОПС формуласы

  1. Бірінші сөйлем «Менің ойымша, мәтінде көтерілген мәселе...»

  2. Екінші сөйлем «Себебі…»

  3. Үшінші сөйлем «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын…»

  4. Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...».

Оқылым мәтіні


Ата-бабаларымыздан мирас есебінде қалған құндылықтардың бірі – бір ананың баласындай, бірге туып өскен бауырдай болып үлкенге құрмет, кішіге ізет ету. Ақ жаулықты әженің өнегелі өсиеттерімен, ақ сақалды қарияның алақанға сап берген батасымен, тоғыз ай толғатып, өмір сыйлаған аяулы ананың ақ сүтімен, асқар таудай әкенің тәрбиесімен бойға сіңген игі қасиеттер өскелең ұрпақ болашағының жарқын болуына бірден-бір таптырмас кепілдік болар еді. Осы тұста мынадай сұрақ туындайды. Болашақ кімнің қолында?! Ол сіз бен біздің қолымызға көшетін бір мемлекеттің тамыры тереңге кеткен тағдыры деп білемін. Ал тағдырды тағылымды да тарихи етіп жазу тағы да біздерге байланысты. Біздер деген кімдер?! Олар – кеудесінде «қазақ» деп соғатын жұдырықтай жүрегі бар, көкірегінде отанға деген сүйіспеншілік сезімі ұялаған, ұлттық болмысы сақталған қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары.
Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны. Неліктен?! Себебі «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, ұлт қорғаны болуы үшін де бесікте берілер тәлім- тәрбиенің нәрімен жас сәби сусындап өсуі қажет. Сәби кезде құлағына анасының әуелеген бесік жыры мен кимешек киген әжесінің айтқан ертегілері, аңыз-әңгімелері сіңірілуі тиіс. Ұлттың болмысы рухани құндылықтардың сақталуынан айқындалады. Ал осы тұста
«құндылық дегеніміз не?» деген сауалға жауап іздеп көрелік. Құндылық дегеніміз ата- бабамыздан керуеннің көшімен, аттың дүбірімен жалғасын тауып осы кезге дейін жеткен әдеп-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз, тәлім-тәрбиеміз, дініміз десе болады.
2. Көпмәдениеттілік, көпдінділік, көпұлттылық жағдайында ел бірлігін, ел қауіпсіздігін қалай нығайтуға болады? Пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.




Бағалау критерийі

Тапсырма


Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі негізгі ойды
анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді

1

мәтін мазмұнындағы негізгі мәселені
анықтайды;

1

өз пікірін білдіреді;

1

себебін түсіндіреді;

1

фактілермен, мысалдармен дәлелдейді;

1

қорытынды тұжырым жасайды;

1

Қажетті ақпараттарды
қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады

2


кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама береді
(2-3 сөйлем);

1

негізгі бөлімде мәселеге қатысты
ұстанымын білдіреді;

1

өз ұстанымын дәлелдеу үшін 2-3 аргумент
пен факті ұсынады;

1

өз пікіріне қарсы контраргумент ұсынады;

1

өз ұстанымының дұрыстығын дәледейтін
1-2 фактілік дерек ұсынады;

1

қорытынды бөлімде негізгі сұраққа нақты
жауап береді;

1

мәселенің нақты 2-3 шешу жолын
ұсынады.

1

Барлығы

12

«Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік», «Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика






Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге дәлелді көзқарасын білдіреді

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіруде қиналады.

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіруде қателеседі.

Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтап, ПОПС формуласы бойынша дәлелді түрде өз көзқарасын білдіреді.

Қажетті ақпараттарды қолданып, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазуда қиналады.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазуда қателеседі.

Қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша құрылымдық бөлімдер мен офографиялық- пунктуациялық норма талаптарына сай, өз ойын дәлелдеп, аргументативті эссе жазады.









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет