Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып Нұр-Сұлтан, 2019 Құрметті мұғалім!



бет15/16
Дата10.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#176398
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
osh sor kazahskiy-jazyk-i-literatura 9-klass kaz 2
отчет исл практика Орынбасар
Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқылым
Жазылым





Оқу мақсаты

9.3.1.1 Мәтіндегі ақпараттың өзектілігін анықтау,


қорытынды жасау
9.4.1.1 Мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін
сақтап, аннотация, нұсқаулық жазу



Бағалау критерийі


Білім алушы:
 Мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтап,
қорытынды жасайды




  • Жанрлық және стильдік ерекшелігіне сай аннотация нұсқаулық жазады



Ойлау дағдыларының

Жоғары деңгей дағдылары





деңгейі

Орындау уақыты
15-20 минут

Тапсырма



  1. Мәтінді оқыңыз. «Сіздің ойыңызша, мәтін бойынша көтерілген мәселелердің қайсысы өзекті?» сұрағы бойынша «ПОПС формуласы» негізінде өз жауабыңызды білдіріңіз. «ПОПС формуласы» Менің ойымша, ...



Оны былай түсіндіремін: ...
Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін: ...
Ойымды былай қорытындылаймын: ...


Роботтардың пайдасы мен зияны

ХХІ ғасыр – ақпараттандыру технологиясы, жасанды интеллектінің дамыған заманы. Күнделікті өмірімізге роботтың да қарқындап еніп, түрлі салаларда өз міндеттерін атқарып жатқаны да соның бір дәлелі болса керек. Қазір роботтар ғарышты игеру, денсаулық сақтау, өндіріс, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және басқа да салаларда қолданылады. Әрине, роботтың адамға тигізетін пайдасы зор. Адам өзінің физикалық және ой еңбегін жеңілдету мақсатында роботтарды ойлап тапқан. Оны үнемі жетілдіріп, дамытып отырады. Адам ағзасы ыстық пен суыққа төзімсіз. Сондықтан да адамның жүруіне қауіпті жерлерде, жер асты, ай бетіндегі зерттеу жұмыстарында, адамның денсаулығына зиян келетін өндіріс орындарында, дәлдікті қажет ететін медицина, есептеу салаларында роботтың атқаратын қызметі, адамға әкелетін пайдасы ұшан-теңіз. Қазірдің өзінде роботтар қонақүй жұмысшыларын алмастыра алады, жол қозғалысын реттей алады, көлік жүргізіп, басқа да заттарды істей алады.


Сонымен қатар роботтың адамзатқа тигізетін зияны да жоқ емес. Британ ғалымдары роботтар адамдардың жұмыс орнын қаншалықты баса алатынын есептеді. АҚШ-тың өзінде алғашқы онжылдықта мамандықтардың 47%-ы толықтай автоматтандырылып, адамзат болашақта жұмыссыз қалуы әбден мүмкін. Бұл көрсеткіш Германияда 35%, Ұлыбританияда 30%, Жапонияда 21% болмақ. Қаржы саласындағы жұмыс орындарының 61%-ын роботтар алмастырады. Ал білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет көрсету саласында жасанды интеллектінің үлесі аз болады.


Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, еңбек нарығындағы бұл өзгеріс әлеуметтік теңсіздікке де әкелуі мүмкін. Сонымен қатар байлар мен кедейлердің арасы алшақтай


31


түседі. Робот жасаушылардың табысы тез көбеймек.

Ал дене еңбегінің аз болуы адам денсаулығына кері әсерін тигізбей қоймайды. Адам психикасына, әсіресе балалар психикасына әсер, дамудың тежелуі, артық салмақ, ұйқының жетіспеуі, психикалық аурулар, агрессия жаңа технологияның жемісі.


Қорыта келе, Бауыржан Момышұлының «Техника қаншама дамып жетілгенімен, ойлайтын, парасатты адамның орнын ауыстыра алмайды» деген сөзін естен шығармасақ екен.




Қайрат Н.Б.,
ҚазМҰУ-нің Филология факультетінің студенті



  1. Н.Б. Қайраттың «Роботтардың пайдасы мен зияны» мақаласы бойынша аннотация жазыңыз.



Жағдаят: Сабақта аннотация қалай жазылатынын меңгердіңіз және мұғалім үйге әдеби шығарма немесе мақала бойынша аннотация жазып келуді тапсырды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет