Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі


-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



бет2/4
Дата05.02.2020
өлшемі247,54 Kb.
#57195
1   2   3   4
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т1 7кл
діни мереке, діни мереке, !12 ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 7-сын қаз

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Бөлім «Сүйіспеншілік пен достық. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.1.1 мәтін үзінділерін тыңдай отырып, оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжау

7.4.4.1 етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті тілдесім барысында қолдану




Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты


Білім алушы

Білу және түсіну

Қолдану
15-20 минут


1-тапсырма

Мәтін үзіндісін мұқият тыңдап, мазмұндаңыз, дамуын болжаңыз.


Екі дос

Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болған кезде қазақтың екі жауынгері төс қағысып, дос болады.

Бірде әскерлер бір өзеннің бойына шатыр тігіп дамылдайды. Сонда тұтқиылдан жаудың қаптаған қалың тобы шабуыл жасайды. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетеді. Қолға түскен қазақ жасағын айдап әкетеді. (дамуын болжаңыз)

 

Мәтіннің жалғасын мұқият тыңдап, аяқталуын болжаңыз.



Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түскенін естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына алып баруын өтінеді. Алып барған соң, ол жаудың қолбасына:

- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа берер мал-мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол - өзімнің өмірім. Досымды босатсаңдар, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, - дейді.

Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:

- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды, - дейді.

- Ол не? - деп сұрайды досын құтқаруға келген жігіт.

- Маған сенің көздерің керек, - дейді қолбасы. (аяқталуын болжаңыз)

- Ол да болсын, көзімді ал да, досымды босат, - дейді жігіт. Ол бұл сыннан сүрінбей өтеді.

Әлгі жауынгер тұтқыннан босанған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуана күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы: «Мұндай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салған жағдайда болмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу өте қиынға соғар»,- деп түйеді. Сөйтіп өзінің әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен.



2- тапсырма

«Жігітті жолдасына қарап бағала» дегенді қалай түсінесіз? Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданыңыз.




Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды


1

мәтінді мазмұндайды;

дамуын болжайды;

аяқталуын болжайды


1

1

1



Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады

2

тақырыпты ашады;

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады;



1

1

1



1

Барлығы

7




«Сүйіспеншілік пен достық. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Оқиғаның дамуы мен аяқталуын болжайды


Мәтінді мазмұндауда,

дамуын,


аяқталуын болжауда қиналады


Мәтінді мазмұндауда,

дамуын,


аяқталуын болжауда қателеседі


Мәтінді мазмұндайды,

дамуын,


аяқталуын болжайды


Етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолданады

Тақырыпты ашуда,

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолдануда қиналады



Тақырыпты ашуда,

етістіктің есімше, көсемше түрлерін, тұйық етістікті қолдануда қателеседі



Мәтінді мазмұндайды,

дамуын,


аяқталуын болжайды




Бөлім «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология»





Оқу мақсаты

7.2.4.1 Идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай көркемдегіш құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала құрастырып жазу;




Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты


Білім алушы

  • Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

  • Тілдік ерекшелігін салыстырады

  • Көркемдегіш құралдарды қолданады

  • Шағын мақала жазады

Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут

1-тапсырма

Мәтінді мұқият оқып, кесте бойынша салыстырыңыз.




А мәтіні

Домбыра туралы аңыз

Домбыра аспабының қалай пайда болғаны жайлы аңыз әңгімелер аса мол. А.Сейдімбек «Күй шежіре» еңбегінде домбыра аңыз­дарына ерекше назар аудар­ған. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданынан Арғынбек Қилыбаев ақсақалдың баяндауындағы «Қос ішек» күйінің аңызы.

Ертеде биік таудың қиясын тұрақ еткен, бұғы-маралды аулап азық етіп күнін көрген бір аңшы жігіт болады. Бірде жолы болып, биік таудың қиын қиясынан теңбіл марал атып алады да, маралды етекке түсіру үшін ішек-қарынын ақтарып тастайды. Содан арада айлар өткенде, аңшы жігіт аң атуға ұрымтал тұс еді ғой деп, баяғы теңбіл маралды атқан жерге соқса, құлағына бір ызыңдаған дауыс естіледі. Барлап қараса, өткенде атқан маралдың ішегін қарға-құзғын іліп ұшқан болу керек, қарағайдың бұтағына қос тін болып керіліп қалғанын көреді. Ызыңдаған дыбыстың сол ішектен шығып тұр­ғанын аңғарады. Қарағайдың бұ­тақтарына кері­ле кепкен ішекті сәл ғана жел тербесе ызыңдап, жанға жайлы дыбыс шығарады. Бірде уілдеп, бірде сарнап, енді бірде сың­сып жылағандай болып, аңшы жігітті алуан түрлі күйге түсіреді. Сол жерде аңшы жігіт қой мына қос ішекке тіл бітейін деп тұр екен, бір амал жасайын деп, ішекті үйге алып келеді де, бір аспап жасап, соған қос ішекті тағады. Содан тартып көрсе, шынында да қос ішекке тіл біткендей сұңқылдап қоя береді. Бұл үн жігіттің ғана жанын жадыратып қоймайды, тыңдаған жанның бәрін ұйытады. Осылайша домбыра көптің сүйіп тыңдайтын аспабына айналады. 
Ә мәтіні
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары
Қазақтың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп. Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым ән-күй аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптар сақтаулы.

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын жіктеп төмендегідей топтарға бөлуге болады:

1. Үрмелі аспаптар - үрлеп тартылатындар, оның ішінде оларды 3 топқа бөлуге болады:

Үрмелі (флейталы) - сыбызғы, қурай-ысқырғыш, үшпелек, саз сырнай, үскірік, тастауық, ысқыруық, ұран.

Тростық - қамыс сырнай, қос сырнай, қауырсын сырнай.

Мундштуктік - мүйіз сырнай, ұран, бұғышақ, керней.

2. Шертпелі аспаптар - ішекті аспаптар. Оған шертіп ойналатын - жетіген (7 ішекті, 21 ішекті), шертер, домбыра (бас домбыра, прима домбыра, альт домбыра, шабылған, құралған, қалақ домбыра, Абай домбыра), адырна, шіңкілдек, ортеке, үш ішекті домбыра.

3. Ұрмалы аспаптар - аты айтып тұрғандай ұрып ойналатын аспаптар: даңғыра, кепшік, дабыл, дулыға, дауылпаз, шыңдауыл, тұяқтас, тоқылдақ, шың.

4. Сым тілшелі: шаңқобыз.

5.Сілкіп ойналатын аспаптар - сілку арқылы ойналады: аса таяқ, шың, сылдырмақты қамшы, қоңырау, сақпан, зырылдауық.

6. Ыспалы аспаптар немесе қияқпен ойналатын аспаптар: қобыз (қыл қобыз, нар қобыз, бас қобыз, альт қобыз, прима қобыз), сазген.

Қазақтың ұлттық аспаптарының ішінде кең тарағаны домбыра, қобыз, сазсырнай болып табылады. Домбыраны тіпті қазақтың өзімен салыстырады: «Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра» деп. Себебі, домбыраны тартып, оның дауысын ұнатпайтын қазақ жоқ десе де болады. Жалпы, домбыра атауының шығу тарихы жайлы таластар көп. Солардың бір қатары: «Дембира» деген қыз атынан шыққан болуы керек деп те топшылайды, себебі шығыс елдерінде қастерлі, қасиетті нәрсеге немесе кейбір көпшілік орынға әйел адамның есімін беру үрдісі бар. Пішіні домбыраға ұқсас, төрт ішекті шертпелі аспап үнді халықтарында «тампура» деп те аталады. Ішекті шертпелі аспап «пандура» гректерде бар. Сонымен нақты атауы қайдан шыққаны әзірге белгісіз.

Ал ең көне аспап ретінде қобыз саналады. Өздеріңіз білетіндей қобыз сонау Қорқыт ата заманынан келе жатыр.

Қазіргі күні ұлттық музыкалық аспаптарға деген сұраныс артып келеді. Жастардың көбі қазір домбыра мен қобыздан басқа да ұлттық аспаптар бар екенін біліп келеді. Оған дәлел ретінде ұлттық аспаптардан құралған топтарды айта аламыз.




Екі мәтіннің ұқсастығы







Екі мәтіннің айырмашылығы







Түрі







Көзделген аудитория (кімдерге арналғандығы)






Мақсаты






Мазмұны






Стилі





Тілі









2-тапсырма

«Қазақтың киелі домбырасы» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. Көркемдегіш құралдарды қолданыңыз

_____________________________________________________________________________


Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады


1

мәтіндердің мазмұнын ашады;

1


көзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады;

1


стилін анықтайды.

1

Тілдік ерекшелігін салыстырады.

көркемдегіш құралдарды ажыратады;

1

термин сөздерді анықтайды;

1

тілдік ерекшелігін тұжырымдайды.

1

Көркемдегіш құралдарды қолданады


2

көркемдегіш құралдарды қолданады (3-тен кем емес);

1

1

1



Шағын мақала жазады


тақырыптан ауытқымайды;

1

шағын мақала жазады.

1


Барлығы

11

«Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Жоғары

Орта

Төмен

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды, құрылымы мен аудиториясын ажыратады

Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, көзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қиналады



Мәтіндерді түсініп оқуда, мазмұнын түсінуде, көзделген аудиториясын, түрін, мақсатын табуда, стилін анықтауда қателеседі

Мәтіндерді түсініп оқиды, мазмұнын түсінеді, көзделген аудиториясын, түрін мақсатын табады, стилін анықтайды

Тілдік ерекшелігін салыстырады

Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табу, тілдік ерекшелігін тұжырымдау қиындық туғызады



Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табуда, тілдік ерекшелігін тұжырымдауда қателеседі

Көркемдегіш құралдарды, термин сөздерді табады, тілдік ерекшелігін тұжырымдайды

Көркемдегіш құралдарды қолданады


Көркемдегіш құралдарды қолдануда қиналады

Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі



Көркемдегіш құралдарды қолданады

Шағын мақала жазады


Тақырыптан ауытқымай, шағын мақала жазуда қиналады

Көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі

Көркемдегіш құралдарды қолданады






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет