Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар Қазақ тілі


Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»



бет4/4
Дата05.02.2020
өлшемі247,54 Kb.
#57195
1   2   3   4
Байланысты:
ОШ СОр Қазақ тілі Т1 7кл
діни мереке, діни мереке, !12 ОШ ҚБ Дүниежүзі тарихы 7-сын қаз

Бөлім «Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу

7.4.4.4 одағай түрлерін ажырата білу, қолдану




Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы

  • Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді, мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді қолданады

  • Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

  • Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады

  • Одағай түрлерін қолданады

Білу және түсіну

Қолдану
15-20 минут



1-тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді табыңыз.


Ұлттық тағам – халықтар достығына жол

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің белсенділері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұлттық жәрмеңке өткізді.

Қазақстан аумағында тұратын белгілі бір ұлттың асханасы мен мәдениетіне арқау болатын жәрмеңке әр екі апта сайын өтетін болады. Ал бүгінгі фестивальдің ашылуы қазақ ұлтының мәдениеті мен ұлттық асханасын, дәстүрі мен өнерін паш етуге арналды.

Қонақтар жастар ісі жөніндегі комитет белсенділерінің өз қолдарымен даярлаған қазақ ұлтының тағамдары мен тәттілерінен ауыз тиді. Мереке халық әндерін тамылжыта орындаған әншілердің, мың бұралған бишілердің өнерлерімен жалғасын тапты.

– Әрбір ұлттың өзінің ерекшелігі бар, – дейді Жастар ісі жөніндегі комитеттің төрайымы Ақбота Сарыбай. – Тәуелсіз еліміз ізгі дәстүрлер мен ерекше ұлттық тағамдарға бай. Менің ойымша, ұлттық тағамдар – халықтар достығына апарар жол бола алады.


Мақал-мәтелдер

Тұрақты тіркестер







2-тапсырма

Көтерілген басты мәселені анықтау мақсатында жұбыңызға сұрақ қойыңыз. Өз көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз. Ойыңызды білдіру кезінде одағай түрлерін қолданыңыз.







Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады

1

көңіл күйге байланысты сөздерді анықтайды;

көркемдегіш құралдарды қолданады;



1
1

Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды;

тұрақты тіркестерді анықтайды.



1
1

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды

2

көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды;

өз көзқарасын дәлелдейді;

қорытынды шығарады;


1

1

1



Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады

одағай түрлерін қолданады;

1

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

ойын білдіру кезінде интонация;

кідіріс, екпінге ықпал жасайды.




1

1


Барлығы

10

«Қазақстандағы ұлттар достастығы. Морфология», «Дұрыс тамақтану. Морфология» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға

арналған ақпарат (рубрика)

Білім алушының аты-жөні ____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді қолданады



Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қиналады


Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтауда, көркемдегіш құралдарды қолдануда қателеседі

Көңіл күйге байланысты сөздерді анықтай алады. Көркемдегіш құралдарды қолданады

Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданады

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қиналады

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді, тұрақты тіркестерді анықтауда қателеседі

Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді анықтайды, тұрақты тіркестерді анықтайды

Пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдайды


Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қиналады


Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояда, өз көзқарасын дәлелдеуде, қорытынды шығаруда қателеседі

Көтерілген мәселе бойынша сұрақ қояды, өз көзқарасын дәлелдейді, қорытынды шығарады

Сөйлеу тілінде интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін ашады


Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсіну қиындық туғызады

Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінуде қателеседі


Интонация, кідіріс, екпіннің мәнін түсінеді

Тілдік қолданыста интонация, кідіріс, логикалық екпін орындарын анықтайды

Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қиналады



Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасауда қателеседі

Ойын білдіру кезінде интонация, кідіріс, екпінге ықпал жасайды




4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Бөлім «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология»





Оқу мақсаты

7.1.2.1 Әлеуметтік-қоғамдық, оқу - еңбек тақырыптарына байланысты диалог, монолог, полилогтердегі (интервью, пікірталас, жаңалық, ән, көркем әдеби шығармалардан үзінді) автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты

Білім алушы

  • Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды

  • Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді

  • Диалогке қатысады

Жоғары деңгей дағдылары


15-20 минут


Тапсырма

Мәтінді мұқият тыңдап, негізгі мәселені анықтаңыз. Автордың көзқарасын ажыратып, өз пікіріңізді диалогке қатысу арқылы білдіріңіз.


Бал ашамын деп бәлеге қалған…

Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал:

– Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, – деп жалғады ол сөзін. – Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас…

…Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жаққа алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей ағаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға тоқтап, су аламыз. Берген тамағын талғажау қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар, қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Ішіміз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке:

– Сен бал ашшы, совет жеңе ме екен, неміс жеңе ме екен? – дедік. Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп:

– Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің жеңуіміз қиын болады-ау! – деді.

Кешке бәрімізді вагон-штабқа шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жөнді білмейміз ғой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырғанымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», - деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше көзге түрткі болып, қатаң бақылауға алындық. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты әскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады.






Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды.

1

мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;

1

1


Автордың көзқарасына өз пікірін білдіреді.

автордың көзқарасын ажыратады;

өз пікірін білдіреді;



1

1

1



Диалогке қатысады.

диалогке еркін қатысады.

1

1


Барлығы

7



«Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні _____________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндердің стилін, тақырыбын анықтайды



Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қиналады

Мәтіндердің стилін анықтауда, тақырыбын түсінуде қателеседі

Мәтіндердің стилін анықтайды, тақырыбын түсінеді

Құрылымы мен аудиториясын ажыратады



Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қиналады

Мәтіннің құрылымын, аудиториясын анықтауда қателеседі

Мәтіннің құрылымын біледі, аудиториясын анықтайды

Тілдік ерекшелігін салыстырады

Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қиналады


Көркемдегі құралдарды ажыратуда, ресми стиль ерекшеліктерін анықтауда, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратуда қателеседі



Көркемдегі құралдарды ажыратады, ресми стиль ерекшеліктерін анықтайды, экспрессивті-эмоционалды сөздер мен сөз тіркестерін ажыратады


Бөлім «Ғылыми фантастика. Пунктуация»





Оқу мақсаты

7.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазу (дискуссивті эссе)

7.2.4.1 идеясы ұқсас публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

7.4.5.1 сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдану


Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды

  • Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді

  • Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды

  • Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады


Ойлау дағдыларының Қолдану

деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма

Оқшау сөздерді қолдана отырып, «Қазақ ғылыми-фантастикасының көк­жиегі өте тар» тақырыбында эссе жазыңыз. құрылымын, желісін сақтаңыз. Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсыныңыз. Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданыңыз.


2-тапсырма

Екі мәтіннің стилін ажыратыңыз. Мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдаңыз.


1-мәтін

Бала ұйықтағанда адам сенбес түстер көретін. Түсінде бала үстіне ақ халат киіп, зертхана ішінде жүргендей болатын. Әр түнде ұйқыға кетісімен түсінде жүргізген тәжірибелері күрделене түсті. Қарапайым көлбеу жазықтықтан төмен дөңгелеп түскен металл шардың уақытын өлшеуден күрделі физикалық-химиялық тәжірибелер реттерін тапты.

Он бір жасында бала көңілі түнгі аспанға ауды. Әжесінің сынған көзілдірігінен және ойыншықтар арасынан шыққан лупаны пайдаланып, қағаздан түтік орады. Галиео Галилей аспанға бағыттаған алғашқы телескоп сияқты еді. Телескоппы түнгі аспанға емес, күндізгі аспандағы жарық жұлдызға бағыттады. Галиео Галилей ашқан жаңалықты жаңғыртып мәз-мейрам. Өңінде дәлел тапқан тәжірибелер бала қолын қатайтып түстерін өңге айналдыруға жол салды. Жеткіншек бала қолы жетер заттарды пайдаланып, бір жыл ішінде Галилейдің, Ньютонның, Герцтің тәжірибелерін жасап, түстердің мыңнан бір бөлігін дүниеге әкелді. Өсе келе түнгі ұйқыда көретін түстері азайды. Көре қалса ғажап аспаптармен, құралдармен, машиналармен жұмыс істейтін. Көзінің өткірлігі қиялының шексіздігімен, тез ойша білген көргенін байланыстыру қабілетімен ауысты.
Алда оны үлкен істер, ашылмаған жаңалықтар күтіп тұрғаны анық.
2-мәтін

Жас жазушылар жинағының мазмұны бай. Палитрасы сан қырлы, алуан бояулы. Достықты, махаббат пен адамгершілік лағыл қасиеттерді қызыл тінге айналдырған лирикалық әңгімелермен бірге, туған жер, ел тағдырын толғаған тебіреніске толы туындылар, аңыз-әфсана, фантастика, сатиралық дүниелер де бар. Ендігі сөз – ғылыми-фантас­тика­­лық әңгімелері төңірегінде. Бая­нымызды  сабақтамастан бұрын қазақ әдебиетіндегі кенже жанрдың сыр-сипа­тына аз-кем тоқталған жөн шығар.

Фантастика. Аса қиын да, өте күрделі тақырып. Жалғыз ауыз сөздің аясы мейлінше кең. Бұл ұғымның қазақ сана­сындағы түйсік-түсінігі кенеусіз ауқымды, мақсат-мұраты шыңырау тұңғиық. Термин төркіні саналатын гректерде бұл атау – көзге елестету өнері дегенді түсіндірген. Осы тұрғыдан пайымдап, зерделер болсақ, қазақ халқының да ежелден арманшыл, ойшыл, қиялшыл екеніне көз жеткіземіз. Айғақ деректі аласұрып іздемей-ақ қояйық. Тілге тиек ретінде баба­лары­мыздың асыл мұрасы – қиял-ғажайып ертегілерін айтсақ та жетіп жатыр. Халық қиялынан туған хайуанаттар жайлы қиял-ғажайып, тұрмыс-салт ертегілерінде фантастика жанрының негізгі элементтері кездеседі. Бұған ең алдымен «Ер Төстік», «Қырық өтірік», «Керқұла атты Кендебай» тәрізді жауһар жәдігерлерімізді атар едік. Фантастиканың ғылыми жағынан дамып, қалыптасқанға дейін мифологиялық және діни шығармаларда орын алғанын көрсетеді.

Дүниедегі ең шапшаң, ең ұшқыр құбылыс – қиял.




1-мәтін

2-мәтін

Тақырыбы








Құрылымы








Мақсатты аудиториясы








Тілдік ерекшелігі









Бағалау критерийі



тапсырма

Дескриптор

Балл
















Білім алушы
















Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды


1-2

тақырыпқа сәйкес эссе жазады;



1

















құрылымын, желісін сақтайды;


1

1

















мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынады;



1

1

















Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді


сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады;

1

















Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды


екі мәтіннің стилін ажыратады;

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;



1

1

1



1

1

















Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады

оқшау сөздерді орынды қолданады.

1
















Барлығы







12



















«Ғылыми фантастика. Пунктуация» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға арналған ақпарат (рубрика)
Білім алушының аты-жөні __________________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Эссенің құрылымын, даму желісін сақтайды


Тақырыпқа сай эссе жазуда, құрылымын, желісін сақтауда қиналады

Тақырыпқа сай эссе жазуда, құрылымын, желісін сақтауда қателеседі

Тақырыпқа сай эссе жазады, құрылымын, желісін сақтайды

Мәселенің шешілу жолына, себептеріне өз көзқарасын білдіреді


Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынуда, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануда қиналады



Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынуда, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануда қателеседі

Мәселенің шешілу жолын, себебін ұсынады, сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады

Публицистикалық және көркем әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы, құрылымы, мақсатты аудиториясы, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды


Екі мәтіннің стилін ажыратуда,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауда қиналады




Екі мәтіннің стилін ажыратуда,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдауда қателеседі




Екі мәтіннің стилін ажырады,

мәтіндердің тақырыбын, құрылымын, мақсатты аудиториясын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды




Сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін орынды қолданады

Оқшау сөздерді орынды қолдануда қиналады



Оқшау сөздерді орынды қолдануда қателеседі

Оқшау сөздерді орынды қолданады














Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет