Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы¹ Ғтамр



бет6/10
Дата04.03.2022
өлшемі48,78 Kb.
#134328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаңа

Талқылау. Жалпы тарих ғылымында тарихи білімнің қалыптасуы, негізгі бағыттары және дамуы ғылыми зерттеушілер тарапынан зерттеліп келеді. Мақаламызда тарихи білімге қатысты зерттеулер мен ғылыми еңбектер сараланып, талданды.
Әлемдегі тарихи білім, тарихи ұғымдар, тарих ғылымы тақырыбында зерделенген еңбектер қарастырылды. Шетелдің тарих философиясында XIX ғасырдың соңында Ф. Ницшенің, Г. Риккерттің, В. Дильтейдің, Г. Зиммельдің, Э. Трельчтің, М. Вебердің, К. Поппердің ғылыми еңбектері тарихи танымның мәні, тарихилық пен антитарихилық туралы тақырыптарға арналды. Герменевтикалық бағытта Э. Гуссерль, М. Хайдеггер, Г.Г. Гадамер, П. Рикердің жұмыстары жарық көрді. Тарихи үдерістің «болмысы», тарихтың мәні, әлеуметтік детерминизм мәселелері О. Шпенглердің, А. Тойнбидің, П. Сорокиннің, К. Ясперстің және т.б. іргелі еңбектерінің өзегін құрады. Р. Аронның, Б. Кроченің, Р.Дж. Коллингвудтың және т.б. зерттеулері тарихи өткенді зерттеудің логикалық-теориялық және әдіснамалық мәселелерін зерттеді.
Тарих пен қоғамға деген жаңа көзқарастың тұжырымдамасын ұсынған. «Анналдардың» француздық мектебінің өкілдері М. Блок, Ле Февр, Ф. Бродель, Ж. Дюби, Ж. ле Гофф және басқалары тың тақырыптар көтеріп, «жаңа тарихи ғылымның» пайда болуына, тарихтың әдіснамасын анағұрлым терең зерттеуге, оның ұғымдық аппаратын пайымдауға, оның әлеуметтік философиялық астарларын зерделеуге үлкен ықпал етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет