Жылқышыбаева Қарлығаш Қайсақызы¹ Ғтамр



бет8/10
Дата04.03.2022
өлшемі48,78 Kb.
#134328
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
жаңа

ҚорытындыСонымен, «тарих», «тарихи білім» ұғымдарына Еуропалық ойшыл-ғалымдарының тұжырымдарын пайдалана отырып, қысқаша талдау жасадық. Алайда, 70 жыл Кеңес саясатының құрбаны болған қазақ мемлекетінің қазіргі кездегі ұлттық тарихи білімінің қалыптасуында К. Маркстің тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру идеясын Кеңес өкіметі басты идеологиясының негізіне айналдырып, Орталық Азия елдерін басқару саясатында пайдаланды. Материалистік негізінде жазылған тарих қазақ халқын өзінің дəстүрлі тарихи жадынан айырды. Кеңестік тарихшылар тарапынан тарихымыздағы дәстүрлі тарихи жадымыз қолданыстан шығарылып, қазақ халқының басқа тарихы жазылып, шынайы тарих ретінде ұсынылды. Қазақ халқы өз тарихында рухани мұрасы жоқ жабайы халық ретінде сипатталды. Халықтың рухани дүниесі, мəдениеті екінші орынға ығыстырылды. Қазақ қоғамының ұлттық ерекшелігі, дәстүрлік жүйесі ескерілмей, қазақ халқы дамудың артында қалған халық ретінде сипатталды. Алайда, ұлттық тарихи білімді құрайтын ауызша айту дәстүрі мен шежірелер, аңыз-әпсаналар мен жырлар, қазақ ойшылдары мен ғалымдарының деректері Қазақ халқы үшін материалдық дүние емес, рухани дүние қымбат екендігін, қазақ қоғамы үшін рухани құндылықтар шешуші мəнге ие екендігін дәлелдеп отыр.
Сонымен қатар, жоғарыда айтылған Еуропалық ойшылдар мен ғалымдардың идеяларындағы еуроцентристік көзқарас Кеңес дəуірінде қазақ тарихы мен рухани мəдениетіне кері әсерін тигізіп, осы кезеңдерде тарихи-білімдік ой-санада көшпелілер өркениетін мойындамайтын Еуроцентризм ұстанымдары күш ала бастады. Еуроцентризм дегеніміз еуропалықтардың өздерінің тарихы мен мəдениеті, еуропалық өркениеті туралы өздерінің тарапынан қалыптастырған көзқарастар жүйесі деп айтсақ болады. Бұл көзқарастың қазақ тарихын зерттеуге қолдануға кері әсерін тигізетін екі жағын атап көрсетуге болады: бірінші, бұл көзқарастың әлемдегі барлық халықтардың тарихын зерттеуге қолдануға келмеуі; екіншісі, еуропалық өркениет христиандық дінге негізделуі арқылы жасалған. Ал, қазақ қоғамы мұсылмандық дінге негізделгендіктен, қазақ немесе жалпы түркі мəдениетін, тарихын танып, білуге бұл көзқарастарды қолданудың кері жақтарын да білуіміз қажет. Бұл жерде сол еуропалық ғалымдардың да тəжірибесін пайдалану арқылы, исламдық құндылықтарды негізге ала отырып, қазақ тарихи білімін зерделеуіміз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет