Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Жылу желілерінің жалпы сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет32/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

 
6.2 Жылу желілерінің жалпы сипаттамасы 
 
Жылу желі 

жылуды жылу көзінен қолданушыға тасымалдайтын орган. 
Жылулық желілер қолданылатын жылутасымалдағыштың түрі мен оның 
есептік параметрлері (қысым және температура) бойынша бірнеше түрге 
бөлінеді. Жылу желілерінде жылутасымалдағыш ретінде негізінен су мен су 
буы қолданылады. Су буы жылутасымалдағыш ретінде жылу көздерінде жиі 
қолданылады. Жылумен қамдаудың
коммуналды жүйелерінде
сулық 
жылулық желі қолданылады.
Өндірістік
және 
жалпы қалалық жүйелерде 
– 
тек қана бу немесе бу мен су қолданылады.


74 
Сулық жылулық желілердің түрлері: 
- бір құбырлы,
бір ғана тура (берілетін) бағытты құбырдан тұрады. 
Капиталдық салымдар бойынша бұл тиімді болып саналады; 
- екі құбырлы, 
тура (берілетін) және кері (қайтатын) бағытты 
құбырлардан тұрады; 
- үш
- және 
төрт құбырлы
, бұнда екі тура және бір кері бағытты 
құбырлар болуы мүмкін немесе керісінше, сондай-ақ екі тура және екі кері 
бағытты құбырлар болады. Құбырларды бұлай орналастыру желінің арнайы 
бір бөліктері үшін қолданылады. Әрі, жүктемелердің түріне байланысты жеке-
жеке қосылуы мүмкін.
Сулық жылулық жүйелер көбінесе екі құбырлы болып орындалады. 
Ыстық сумен қамдау (ЫСҚ) жүйесін желіге қосу сұлбасына байланысты 
жабық
және 
ашық
деп екіге бөледі (көбінесе жылумен қамдаудың жабық 
және ашық жүйесі деп аталады). Ашық жүйеде ЫСҚ жүйесіне су тікелей 
алынады, ал жабық жүйеде алынбайды.
Жабық және ашық жүйелі жылу желісіне қосымша қорек су қосымша 
қоректік сорғылар мен қосымша қорек су дайындау қондырғылары арқылы 
беріледі. Ашық жүйеде олардың қажетті өндірулігі жабық жүйемен 
салыстырғанда 10 ÷ 30 есе көп[20, 29]. Яғни ашық жүйеге қосылатын жылу 
көзінде капитал шығындары көп болады. Бірақ, ашық жүйеде суық суды 
қыздырғыштар болмайды, сондықтан ЫСҚ түйіндеріне жұмсалатын капитал 
шығындары аз. Міне осыған байланысты, ашық немесе жабық жүйені 
таңдауда орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінің барлық 
тармақтарына техника-экономикалық есептеулер жасалып, негізделуі керек. 
Орталықтандырылған жылумен қамдаудың ірі жүйелерінде сулық жылу 
желісі үш категорияға бөлінеді:
а) 
магистральды
– жылу көзінен кәсіпорын немесе ықшам аудандарға 
дейін; 
б) 
тармақтық
– магистральды желіден ғимараттардың желісіне дейін; 
в) 
таратушы - 
магистральды немесе ғимараттардың желісінен 
ғимараттың жылу қолданушы жүйесіне дейін.
Қоршаған ортаға тасталатын газдардың зиянды әсері аз болу үшін, 
сонымен қатар жылу көзіне отынды тасымалдау оңай болу үшін, ірі жылу 
көздерін қаладан алыс орналастырады. Бұндай жағдайда магистральды 
желінің басқы бөлігі ұзарады және бұл бөлікте тармақтық желілер болмайды. 
Осыған байланысты оларды транзиттік деп атайды. Бірақ транзиттік 
желілердің 
болуы 
салдарынан, 
жылуды 
тасымалдаудың 
техника-
экономикалық көрсеткіштері төмендейді.
Жылулық желілер орналастырылуына байланысты екіге бөлінеді: 
а) жер астылық; 
б) жер үстілік (ауалық). 
Орталықтандырылған жылумен қамдау жүйесінде энергияны үнемдеу 
мақсаттары:
ЖЭО үшін: 


75 
1)
Электрлік және жылулық жүктемелер графигін теңестіру. 
2)
Электрэнергиясын өндіруді арттыру. 
3)
Технологияға жұмсалатын электр және жылу шығындарын азайту. 
4)
Ішкі мұқтаждықтарға кететін энергия шығындарын азайту. 
5)
Тұтынушыдан қайтқан жылутасымалдағыштың үлесі мен сапасын 
арттыру.
Жылу желісі үшін

1)
Жылутасымалдағыштың 
саңылаулар 
арқылы 
шығындалуын 
болдырмау.
2)
Жылуоқшаулағыш арқылы жылудың жоғалуын болдырмау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет