Жылуэнергетикасы мен жылу технологияларында


 Қазандықтарда энергияны үнемдеу шаралары



Pdf көрінісі
бет33/44
Дата26.12.2023
өлшемі1,55 Mb.
#199483
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44
Байланысты:
теплоэнергетика каз вторичные энергетические ресурсы

6.3 Қазандықтарда энергияны үнемдеу шаралары 
Қазандықтарда энергия үнемдеу шаралары жылуды генерирлеуші 
қондырғыларда энергияны үнемдеу шараларына ұқсайды, әрі олар келесідей:
қазан қондырғыларының пайдалы әсер коэффициентін арттыру,отынды
үнемдеу, жылу шығынын азайту, жылу желісін және қазандарды сумен 
қамтамасыз ету үшін сапалы су дайындау, ошақтағы және соруды төмендету, 
ауаның артықтық коэффициенті төмен болатын температуралар графигі және 
режим картасы бойынша жұмыс істеу, режимді-жөндеу жұмыстарын өткізу, 
қазандарға қорек су беру және отынды жағу процесін автоматтандыру және 
т.б. 
Қазандарды жобалау кезінде техника-экономикалық көрсеткіштерді 
салыстыру, негізгі және қосалқы құралдарды таңдау нұсқаларын қарастыру, 
құрастыру және сұлба бойынша шешімдерді қабылдау, сонымен қатар 
автоматтандыру дәрежесі мен қазандықты бас жоспарға орналастыруды толық 
қарастыру керек [2, 3, 6]. Техника-экономикалық көрсеткіштерді келтірілген 
шығындар бойынша салыстыруға болады: экономикалық тұрғыдан шығыны 
аз нұсқа тиімді болып саналады, ал егер шығын бірдей болатын болса, 
барынша аз капитал салымын талап ететін нұсқаға басымдылық беріледі. 
Есептеу жүргізу кезінде тұтынушыға жіберілген жылу энергиясының 
өзіндік құнын анықтау дұрыс, себебі материалдық ресурс шығынын, 
механизациялау және автоматтандыру процесінің деңгейі арқылы қазанның 
техникалық жағдайын білуге болады. Өзіндік құнды анықтау үшін бір 
жылдық эксплуатациялау шығыны есептеледі, олар: отын, жылу, су, 
амортизация ағынындағы жөндеу жұмыстары, жұмысшылардың жалақысы 
және т.б. 
Субу қыздырушы қазаны бар қазандықтарда бір агретаттан екі 
жылутасымалдағыш алынады: әр түрлі параметрлердегі (қысым, температура) 
бу және су, бұл өз кезегінде қосалқы құрылғылар мен қазандарды қысқартуға 
мүмкіндік береді. 
Жылулық энергияны тасымалдау жүйесінде энергияны үнемдеу: 
1) Жылу желісінің жөндеу жұмыстарын өткізуге оңай және ыңғайлы 
болуы. 


76 
2) Құбырлардың сапалы жылуоқшаулағышпен қапталуы. 
3) Жылутасымалдағышты айдауға қуаттың аз жұмсалуы үшін, 
құбырдағы гидравликалық кедергінің аз болуы.
4) Құбырлардың саңылаусыз тығыз сапалы пісіріліп жалғануы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет