1-лекция
Жылулық сәуле шығару және оның сипаттамалары. Абсолют қара денеПланктың кванттық гипотезасы және формуласы.ФотондарЖарық кванттарының энергиясы мен импульсі. Фотоэффект. Комптон эффектісі. Электромагниттік сәуле шығарудың корпускулалық толқындықдуализмі.
1. Жылулық сәулелену. Кванттық гипотеза және Планк өрнегі
2. Фотондар.
3 .Жарық кванттарының энергиясы және импульсі.
Жылулық сәулелену
Денелердің қыздырған кезде жарық шығаруын температуралық жарық немесе жылулық сәулелену деп атаймыз. Температуралық жарықтың тепе-теңдік сипаты болады. Мысалы, бір сәуле шығарушы дене тұйық қуыстың ішінде тұрған болсын, оның ішкі беттері идеал айнадай жылтыр болып, оған түскен сәулелер түгел шағылатын болсын. Сонда әлгі денеден шыққан сәулелер сол қуыстың қабырғасына түсіп сан рет шағылады, сыртқа шығып кетпейді, қуыстың ішінде болады, оның біраз үлесі денеге сіңеді. Бұл жағдайда дененің сәуле шығару нәтижесінде энергиясы қанша кемісе өзі жұтқан сәулелік энергия мөлшері дәл сонша болуы мүмкін. Бұл система – қуыстағы сәулелік энергия мен сәуле шығарушы дене – тепе-теңдік күйде тұр деп айтылады.
Дененің 1 см2 бетінен 1 секундта шығарылатын сәулелік энергия мөлшері дененің сәуле шығарғыштық қабілеті (Е) немесе энергетикалық жарқырауы деп аталады.
(1.1)
мұндағы – дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті, .
Мөлдір емес дененің бетіне түскен сәулелік энергияның бір бөлігі жұтылады. Сол жұтылған энергияның түскен энергияға қатынасы дененің сәуле жұтқыштық қабілеті (А) деп аталады.
Демек, бұл шама түскен сәулелік энергияның қандай үлесі жұтылғанын көрсетеді.
(1.2)
мұнда – дененің спектрлік сәуле жұтқыштық қабілеті, .
Абсолют қара дененің толық сәуле шығарғыштық қабілетін (толық энергетикалық жарқырауын) Rэ деп белгілесек, онда
(1.3)
(1.3.) өрнегін Кирхгоф (1859 ж) тағайындаған.
(1.4)
мұнда – абсолют қара дененің спектрлік сәуле шығарғыштық қабілеті, .
Олай болса,
(1.5)
Дененің сәуле шығарғыштық қабілетінің оның сәуле жұтқыштық қабілетіне қатынасы дененің табиғатына байланысты емес, барлық денелерге бірдей, сәуле толқын ұзындығы мен температураға тәуелді универсал функция болады, ол абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілетіне тең.
Достарыңызбен бөлісу: |