Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы Күні: Білім беру саласы



бет5/7
Дата08.06.2018
өлшемі198,78 Kb.
#41628
1   2   3   4   5   6   7

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: музыканы, ырғақты, сезіну, сипаттарды ажырата білу керек.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ән айта біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Музыкамен би қимылдарын жасауды, қол буындарын қимылдатуды, би үлгілерін қайталап көрсетуді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: Ән мен би достасқанда

Мақсаты: Ән мен би үндестігін қарапайым сөздермен түсіндіру. Көңілді әнді әсерлі етіп айтуға үйрету. Музыка әуенімен әсемділікті жасай білуге, әдемілікті сезіне білуге дағдыландыру.

Көрнекілік: атрибуттар, үнтаспа, ойыншықтар

Әрект кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталан-дыру

Балалар, бүгін бізге қонақтар келіпті, сондықтан сабағымызды бастамас бұрын бізге шуағын төккен «күнмен», қайырымды «жер анамен», мейірімді «аспан атамен» және сабағымызға қатысып отырған апайлармен амандасып алайық.

Енді, балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап үлкен шеңбер жасайық. Алақанымыздан не сезіп тұрмыз? (Жылуды). Ендеше бір-бірімізге жылуымызды бере отырып жылы лебіздр білдірейікші.



Армысыз, қайырлы Күн!

Армысыз, мейірімді Жер ана!

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Елімізде тыныштық болсын! Нанымыз көп болсын! Отбасымыз аман болсын! Заманымыз тыныш болсын! Достарымыз көп болсын!


Ұйымдас-тыру -іздестіру

Балалар, айтқан тілектерің қабыл болсын! Ал, балалар, барлығымыз осындай жақсы көңіл – күймен , бүгінгі сабағымызды бастайық. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ән мен би достасқанды».

Балалар, сендердің достарың бар ма? Сол сияқты ән мен би екеуі дос екен, олар қандай мерекелік шаралар болсын, той-думан болсын ажырамай бірге жүреді екен.

/Есік қағылды ішке ән мен би кіреді/.

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіңдер ме, төрлетіңдер.Сендер қайдан келдіңдер, кім боласыңдар?

Ән: Біз өнер деген елден келген достармыз.

Тәрбиеші: Енді сендер өздеріңді балаларға таныстырып өтсеңдер.

Ән: Мен әнмін.

Би: Мен бимін.

Ән: Біз би екеуміз әрқашан бірге жүреміз. Мен сендер сияқты балалардың, барлық адамдардың көңілді жүргенін қалаймын. Ән айтатың өнерлі балаларды жақсы көрем. Мен адамдар көңілді жүрсе көңілдене түсем, ал мұнайса мен де мұнаямын, менің көңіл күйім өзгеріп отырады. Біз би екеуміз әрқашан көңілді жерлерде жүреміз.

Би: Мен бимін, түрлі қимылдар арқылы сөйлеймін. Әуеннің ырғағына байланысты менің қимылдарым да өзгеріп отырады.

Тәрбиеші: Балалар, ән мен би мн жақсы таныстыңдар. Балалар, бүгін бізде қонақ болып отырған ойыншық достарымызды ұмытып кеттік, олар сендерге ренжіп көңілсіз отыр. Енді олардың көңіл-күйін қалай көтерсек екен?

-Ән, сен бізге көмектес, қандай ән айтсақ екен?



Ән: «Ойыншықтар» әнін айтайық. (И.Нүсіпбеков)

-Ән, саған рахмет, біздің ойыншықтардың көңілін көтріп тастадың.



Би: Мен де балаларды биге шақырғым келіп тұр.

Қане, мен де сендермен

Тұрайыншы шеңберге.

Көңілді әнді шырқадың,

Биді деп билеп тастайық.

-Би, саған да рахмет, көңілімізді көтріп тастадың. Балалар, енді ән мен би демалсын,біз оларға өзіміздің тапқырлығымызды, зеректігімізді көрсетейікші. Мен сендерге екі түрлі ән тындатайын, сендер сол әндердің қайсысына билеуге болатынын анықтайсындар.



Ән тыңдау: 1. «Бір бала» (Халық әні)

2. «Айгөлек» (Б.Байқадамов)

-Жарайсыңдар, балалар, сендер тапқырлықтарының арқасында музыканың ырғағын дұрыс ажырата білетіндеріңді көрсеттіндер. Енді, балалар, сендермен музыкалық – дидактикалық «Ән салған кім?» деген ойын ойнағым келіп тұр.

Бір баланы тапқыш бала, ал екінші баланы әнші бала етіп сайлаймыз. Барлығымыз шеңбер жасап жүріп ән бастаймыз, сендер болғаннан кейін әнші болып сайланған бала ән айтады, сыртын беріп отырған тапқыр бала ән салған баланы дауысынан таныса орын ауыстырады.



Ойын: «Ән салған кім?»

Сылдырмақпен әнді әндете жүріп би қимылдарың жасайық.



Ән: «Сылдырмақ биі» (А. Мыңжанов)

Ән: Балалар, енді біз Өнер атты елімізге қайтайық, сау болыңдар!

Ән айтайық



Рефлексиялық түзету

Ал,балалар, орнымызға жайғасып отырып бүгінгі сабағымызды қорытыңдылайық.

-Бүгінгі сабағымызға кімдер қонаққа келді?...

-Әнді, биді біз не үшін жақсы көреміз?

Ән мен би достасқанда адамдардың өмірі неге толы болады?

Мінікей, балалар, өнердің қай түрі болсын, музыка әлемінде болсын достық керек екен. Достық бар жерде келешек болады, бейбіт өмір болады. Ән мен бидің достығының арқасында барлық бала, барлық адамдар қуанышқа толы болады. Бүгінгі сабаққа барлық балалар жақсы қатысты, рахмет. Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Ән мн би келді.


Адамдар ән тындап, би билер көңілдері көтеріледі.

Шаттыққа, қуанышқа толы болады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ән мен би үндестігі туралы біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Көңілді әнді әсерлі етіп билеп айта алады.

Қандай түсініктерді игереді: Халық әні. Естрада әні.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы

Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: «Ұшқыш болам»

Мақсаты:. Ғарыш әлемі жайлы түсінік беру. Ғарыш әлемі және оның құпия сырларына деген қызығушылықтарын қалыптастыру. Тыңдаған әндерінің мазмұның айта білуге дамыту. Ғарыш әлеміне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: үнтаспа, ғарышкерлердің портреттері, суреттер: зымыран, ұшақ.

Әрект кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталан-дыру

Шаттық шеңбері:

-Балалар, біз қай ғаламшарда өмір сүріп жатырмыз?

-Жер ғаламшары кімдердің ортақ үйі?

-Төбемізде не бар?

-Аспан әлемін қалай атаймыз?

-Аспан әлемінде не бар?

Қане, бәріміз Жерімізбең, Аспанымызбен, Күнімізбен амандасайық.

-армысың, қайырымды көк Аспан!

-Армысың, мейірімді жер ана!

-Армысың, шұғылалы Алтын күн!

-Армысыздар, қадірлі қонақтар!


Балалар шаттық шеңберін жасайды.

-жер


-біздің

-әдемі аспан әлем бар

-ғарыш

-Күн, ай, жұлдыз



Ұйымдас-тыру -іздестіру

-Балалар, ғарыш дегеніміз не?

-Ғарышты кім зерттейді?

-Ғарышқа немен ұшады?

«Кім жылдам?» ойыны.

-мынау кімнің портреті?

-Мына киім қалай аталады?

-Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

-Біздің Қазақстанда ғарыш аймағы қалай аталады?

-Бұл кім?(Екінші қазақ ғарышкері)

-Ғарышкердің киімін неден тігеді?

Эксперемент:

-Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі нәрсе! Бұл не?

-Глобустың түсі қандай?

-Глобустың түсі неге көк?

-Глобуста әр түрлі түспен тағы нелер белгіленген екен?

Жаттау: «Ұшқыш болам»

Қөкке ұшамын –

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Гагариндей ағаның.

Батыр болам –

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып келіп жүремін.


-Юрий Гагарин

-Скафандр


-Тоқтар Әубәкіров
-Байқоныр

-Талғат Мұсабаев

-Түйенің шудасынан

-Бұл біздің жердің кішірейтілген макеті – глобус.



-Көлдер, таулар, құмдар, ормандар.


Рефлексиялық түзету

Жұмбақтар:

  • Бір түкті кілем, Бір түксіз кілем.

  • Күндіз бәрі қашады, түнде аспанды басады?

  • Үй үстінде ұсақ тас.

Түн мен күнді боя.




-жер, аспан


-Жұлдыз

-Жұлдыз



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Ғарыш әлемі туралы біледі.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ән айта біледі.

Қандай түсініктерді игереді: Глобус, скафандр, түйенің шудасы.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технолдогиялық картасы
Күні:________________

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка.

Тақырыбы: « Көңілді аспаптар»

Мақсаты:Балалардың музыкалық аспапқа деген қызығушылықтарын ояту. Олардың түрлерін ажырата білуге үйреету. Күй тыңдату арқылы эстетикалық қабілеттерін, музыканы қабылдай білу деңгейін тереңдету. Әншілік дауысты жетілдіре отырып, әнді сипатына сай мәнерлі орындауға үйрету. Бір әннің әртүрлі аспапта ойнаған сазын тыңдау, тану, салыстыру, ажыратуға, аспаптарда жеңіл әндерді орындауға талпындыру.

Көрнекілік: Музыкалық аспаптар, музыкалық аспап суреттері, сазгер суреттері, үнтаспа.

Әрект кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әректі

Себептік ынталан-дыру

Құрманғазының «Адай » күйі орындалады .

Балалар орындалған күйді тыңдайды.

Ұйымдас-тыру -іздестіру

- Балалар сендердің көңіл- күйлерін қандай?

- Кермет, ендіше әндер де, көңілді, мұңлы болып бөлінеді. Сендер кіргенде қандай күй орындалды?

-Сондықтанда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Көңілді аспаптар» деп аталады.

-Балалар, мына нотаға не болған? Балапндар ноталарды жасырып жайлы орналасып алыптығой, бұларды қалай қусақ екен? Балалар, м ына жерде не тұратын педі?

-Дұрыс, ол қайда түсіп қалған? Бұлбұл құс бізге скрипка кілтін табуға көмек берші, сен жоғарыдан төменгі жақты жақсы көресін ғой.(Бұлбұл құс ұшып кетеді)

Тосын сый: «Буратина кіреді».

Буратино: Сәлеметсіңдер ме балалар, маған бұлбұл көмек сұрап келді. Іздеген кілттерін мынау ма?

-Онда мына кілт пе?

-Жарайды ендіше менің шартым бар, мына балапандар жасырған тапсырмаларды орындасаңдар кіттеріңді беремін.

1-жұмбақ: Ұзын мойын, екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күнбірлеп.

Бұл не?

2-«Домбыра биі» әуенді-ырғақты қимылдар орындау.

Буратино: Балалар, қандай музыкалық аспаптардың түрлерің білесіндер?

-Балалар, аспаптар 4 түрге бөлінеді.



1. Шертпе аспаптар-домбыра, шертер, жетіген,шіңкілдек, адырна.

2. Үрлемелі аспаптар-сыбызғы, саз сырнай, уілдек, желбуаз.

3. Ұрмалы аспатар - даңғыра, дауылпаз, сылдырмақ, асатаяқ, тұйақтас.

4.Қияқты аспаптар- қобыз, скрипка, сазген,созаншы, егек.

Буратино: Әнді жазатын адамды кім деп атаймыз?

-жәй дыбыс, қатты дыбыс деген не?



3-тапсырма: Үрмелі аспаптың суретін салындар.

-Музыкалық дидактикалық ойын: «Аспапты ата»



Буратино: Балалар, сендер барлық тапсырмаларды орындадыңдар, енді кілттерінді қайтарамын.Менің қайтатың уақытым болды. Сау болыңдар.

- Балалар, Буратина бізге нотаны ашып берді. Буратино саған рахмет!

-Балалар, неше сызықтан, неше дыбыстан тұрады? Төменнен жоғары,

Жоғарыдан төмен музыкалық баспалдақ арқылы орындап көрейікші.



Жақсы көрем

Әні: Ғайния Дауылбаева

Сөз: Рахат Наурызбаев

Жақсы көрем көкемді

Бесіктегі бөпемді

Жақсы көрем бәріңді

Атам, әжем, тәтемді

Қ-сы:


Аман болшы6 анашым,

Аман болшы, аташым.

Аман болса, айналаң,

Бөпем жайлы жатасың.

Жақсы көрем бәріңді,

Жасы менен кәріңді

Табиғатта тыңдайды,

Қуанышты әнімді.



-жақсы

-көңілді


-Скрипка кілті.

-Жоқ
Иә, осы скрипка кілті

-домбыра

-домбыра, гитара, қобыз, барабан, сырнай.

-Сазгер

Балалар өлең сөзін жаттайды.



Рефлексиялық түзету

-Балалар, бізге қонаққа кім келді?

Аспаптар қалай бөлінеді екен?

-Қандай ән айттық?

-Әнді жазған сазгер кім?

-Балалар, көңіл –күйлерін қандай? Әрқашан көңілдерін жарқын, аспандарың ащық, жүздерің қуаныш пен нұрға толсын деген тілекпен бүгінгі оқу іс әрекетімізді аяқтаймыз.


Сұрақтарға жауап береді.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Аспаптардың түрлерін білу керек.

Не үйренді: Ән айта біледі.

Білді: Аспаптардың төрт бөлінетінін біледі, берілген тапсырмаларды орындай алады, көрсетілген музыкалық ырғақтық қимылдарды бірге орындауды меңгереді, аспаптарды тыңдап, дауы старын тембірмен ажыратуды біледі.

Білім беру саласы:Шығармашылық,

Бөлімі: ән-күй

Тақырып: «Әнші балапан».

Мақсаты: Әннің не туралы айтылатына түсінік беру.Музыканың шығармашылық іс-әрекеттін қарапайым, дағдыларын меңгеру. Әннің нақышына келтіріп айту. Әннің сөзін толық айтуын қадағалау.

Көрнекілік: Суреттер.

Іс-әрекет кезең-дері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы кезең

-Баланы сабаққа дайындау, жылулық шеңбер құру.

-Жана сабақты түсіндіру.

-балалар сендер әнші балапан әнін естідіндер ме?

-Оның авторы кім екенін білесіндер ме?

-Ол өлеңнін әнін кім жазғаның білесіндер ме?


Бір-біріне жылы тілек білдіру,(жақсы бол,ауырма, денің сау болсын)

Балалар қойған сұрақтарға қуана жауап береді.



Ұйымдастыру, іздену кезеңі

Әнші балапан

Сөзі – Құдайберген Қазыбекұлынікі.

Әні – Марат Омаровтікі.

Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!



Қайырмасы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Бірнеше рет қайталата отырып әнді жаттатамын.



Сергіту сәті: «Балапандар»

-Қолдарын жоғары төмен,екі жаққа сермеу.

-Балапан сияқты секіру,мойындарын алға созып,қолдарын артқа жіберіп,су ішу.

Дидактикалық ойын: «Қайсысы артық»

Шарты: Артық суретті тауып айтады.



-Оны түсініп, әннің нақышына келтіріп айтады.

  • Тәрбиешінің көмегімен әнді жаттайды.

-Балалар әрбір сөзді қыймыл көрсетіп жасайды.

- балалар қызығушылықпен ойнайды.


Рефлексивті

түзету кезеңі



-Балалар бүгін біз кімнің өлеңмен таныстық. Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Балаға сабақты қайталау арқылы есте сақтау қабілетін дамыту



-Балалар сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Әуенді әндете айта білу керек.

Нені игерді: Әуенді ырғақты қимылдарды игереді.

Нені біледі: Әнші балапан әнін біледі.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні:_____________

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Ән – күй

Тақырып: Ағайынбыз бәріміз.

Мақсаты:Адамгершілікке,татулыққа баулу.Достыққа, бауырлыққа тәрбиелеу. Жаттауға, әнге қосылып айта білуге тәрбиелеу.Қайталап дұрыс айта білуге баулу.

Көрнекілік: Күй табақ,суреттер.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиеші іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себептік ынталан

дыру



Балалар жылулық шеңбер құру. Тәрбиеші қараңдаршы бәрің сондай қуанышты, бір-біріңе күліп қарап, жайдары, ақжарқын болып тұрсыңдар. Сендердің көздеріңнен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың белгісін көріп тұрмын. -«Жақсы сөз жанды жадыратады» демекші біз бүгін бір-бірімізге мақтау айтайық.

Дұрыс айтасыңдар, әрқашан үлкендерге, достарыңа көмектесіп, сыйласаңдар, жақсы азамат шығады.



Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой

Ал қанекей бәріміз

Сәлемдесейік үлкенге.



Ұйымдас

тыру – іздестіру



Сұрақ-жауап арқылы сабақты Дәйексөз.Тәрбиеші балаларға «Жақсы бала-қуаныш» деген мақалды түсіндіріп береді.

-Жақсы бала жақсы істерімен ата-анасын, туған-туыстарын, достарын қуантады

1.Отбасында неше адам тұрады?

2.Бауырларын нешеу?

3.Достарын барма?

-Қандай адамды жақсы дейміз?

-Жақсы адам болу үшін не істеу керек?

Ойын: «Белсенділік жаттығуы»

-балалар тәрбиешімен бірге тапсырманы әртүрлі қимылмен , ыммен көрсетеді.

Тәрбиешінін көмегімен өлеңді жаттау.

Ағайынбыз бәріміз.

Өленің жазған: Ә.Дүйсенбиев.

Әнің жазған: М.Әубакиров.

1.Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта.

Бала біткен дос,бауыр

Болмасын еш тосқауыл.

Қ- сы:


Ақпыз,қара,сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз!

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша-бау.

Болсын жер мен су да ортақ,

Болсын бізге ту да ортақ.



Сергіту сәті.Музыка әуенімен қимыл-қозғалыс жасау.

Әр бала өз отбастары туралы айтып береді.

Бір-бірлерімен дос екендерің түсінеді.

Әнді жаттауға, оны түсінуге,мағынасын түсініп орындау.

Сергіту жаттығуын барлығы орындарынан тұрып жасайды.



Рефлек

сивтітүзетуші

лік

Ғажайып сөздер.

-балалар сабақта айтып үйренген сөздерді қайталап айтады. Бүгінгі ұ.о.іс-әрекетінде біз адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласын, мейірімділігін, сүйіспеншілігін сөз еттік. Табиғатқа, қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, адамдарға жақсылық таныту жақсы қасиет екенін ұғындық.түсіндіру.

Балалар сабаққа қызығушылық танытып өлеңді қайталау арқылы сабақты қорытындылау.


Әнге қосылып айту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет