Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы Күні



Дата23.05.2020
өлшемі18,89 Kb.
#70729
Байланысты:
апликация 21.05.20


Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Күні :21.05.20

Тәрбиеші :Кабыкенова А
Топтың жас ерекшелігі: екінші кіші топ
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: сурет салу

Тақырыбы: «Табақты өрнекпен безендіру»
Мақсаты: табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге үйрету.«Қошқар мүйіз», «қызғалдақ гүл» ою – өрнектің орналасуы, халық ұлттық шеберлердің түстері қолдануға үйрету. Балалардың қызығушылығын арттыру. Байқампаздығын, ойлау қабілеттерің, тілдерің дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: табақтың суретті, оюлардың түрлері, жай қарындаштар, бояулар, қылқалам, табақтың үлгісі.
Сөздік жұмыс: ою - өрнек, әшекейлеу, безендіру, қызғалдақ гүл, қошқар мүйіз өрнектер.
Қостілділік компонент:
табақ – блюдо,
әшекейлеу, безендіру - украшать,
өрнек - орнамент,
қошқар мүйіз - рога барана,
қызғаладақ гүл - цветок тюльпана.

Іс – әрекет кезендері:
І. Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
- Балалар, бүгінгі сабақты бір - бірімізге жақсы тіліктер айтудан бастайық.
Балалар шеңберге тұрып, оң жақтағы көршісіне жағымды жақсы сөздер айтады.

ІІ. Ұйымдастырушылық – ізденістік
Педагог кіріспе әңгіме өткізіп, балалардан қандай ыдыс - аяқ түрлерін білетіндерін сұрайды.
- Кесе, тәрелке, шәйнек.
Балаларға табақты қарастырылады.
- Балалар, мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Табақ.
Табақ дегеніміз тәрелкенің үлкен түрі айтады. Бұл қазақтың ұлттық шеберлерінің бір түрі ыдыс - аяқ.
- Табаққа қандай тағамды саламыз?
Балалардың жауаптары.
Расында да, бұл табаққа ұлттық тамақ – етті салады. Сондықтан табақ әр үйде болу керек.
- Табақ қандай пішіндерге ұқсайды?
- Дөңгелек.
- Табақты қалай әшекейлеуге болады?
- Гүлдермен, домалақтармен, сызықтармен.
- Балалар, біз бүгін табақты өрнекпен әдемі әшекейлейміз. Соны табақты сендер аналарға сыйлайсыңдар.
Ертеде ыдыстарды, тұрмыс бұйымдары түрлі ою - өрнектермен безендірілген. Ою - өрнек – сан алуан ұлт адамдарының тұрмысынан өз көрінісін тапқан өте ежелгі өнер. Ою - өрнек ерте замандардан бері тұмар болып саналған. Ыдыс - аяқты, киімдерді жиһаздарды ою - өрнекпен әшекейлеген. Біздің ата - әжелеріміз ою - өрнек символдарының құпия мағынасын оқи білген. Көбінесе өрнектер ақ пен қара болған. Бұдан кейінгі кездері қазақтың ою - өрнегіне әр түрлі ашық түстер қосыла бастайды.
Қарындашпен мен бояумен пайдалана отырып, әсем табақтарды әдемі өрнектермен әшекейлейік. Олардың қалай безендірілгеніне назар аударады.

Ойын: «Табақты әшекейлейік»
Мақсаты: балаларды табақты әр түрлі оюлармен әшекейлеуге үйрету. Жануарлар, өсімдік ою - өрнектерінің атауы және элементтері бекіту.
Табақтың шет жағы «қошқармүйіз» өрнекпен безендіреміз. Балаларға «қошқармүйіз» өрнектің суреттің көрсетеді. Қанеки балалар енді желімді алып оюды желімдеп жапсырайық

Сергігу сәті:


Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық.
Жұмысты орындаудың реті
• Ою - өрнек элементін, оның түсі таңдау.
• Табақта ою - өрнекті балалалармен бірге жапсыру

«Қошқармүйіз», «қызғалдақ гүл» өрнектерді табаққа жапсырады.



ІІІ. Рефлексивті – түзетушілік
Балалар шығармалары көрмесі және талдау.
Сабақтың соңыңда төрт - бес үздік жұмыс балалардың көмегімен таңдап алынуы және мына сұрақтар бойынша талдау өткізілуі тиіс:
- Ою - өрнектің қандай элементтері қолданылған?
- Жұмыс ұқыпты орындалған ба?
Балалардың жауаптарын қорытындылап, барлық жұмыстарды мақтанады.
Балалар салған суреттерін, алған әсерлерін көрсетіп айтады.
Сурет салуға деген қызығушылықтарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: табақ, ою - өрнек туралы түсінік алады және маңызын біледі.
Игереді: табақ суреті үстіне өрнек жапсыруды игерілді
Меңгереді: табақты ою - өрнекпен әшекейлеуге меңгереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет