Биржанова Айнур Кубайдоллаевна
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы № 5 “Ақбота”
бөбекжай -балабақшасының тәрбиешісі
“Ас атасы-нан” жобасы
Жобаның өзектілігі:
Жоба балалардың бойында шығармашылық қызығушылығын қалыптастыруға септігін тигізеді. Байқампаздығын, ойлау іс-әрекетін дамытады. Жоба бойынша жұмыс нәтижесінде балалар ой қортындысын, түйінін жасауды үйренеді. Ізденіс танымдық іс-әрекет байланыстарын білу үшін маңызы зор.
Жоба балалардың белсенділігінің екі түрін дамытуды қамтиды:
Баланың өз белсенділігі :
Үлкендердің ықпалымен пайда болатын белсенділік.
-Нан әр адамға керек түсінікті бекіту.
-Неліктен адам көп нәрсені қажет етпесе де,нансыз өмір сүре алмайды?
-Адамдар нанды қалай өсіреді?
-Неге адамдар нанға құрметпен қарайды?
Агроном, комбайншы,механизатор, наубайшы, аспаздың еңбегі туралы білімін жетілдіру. Ауыл шаруашылықта жұмыс жасайтын үлкен адамдардың еңбектерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жоба технологиясының күтілетін нәтижесі:
Балалардың қоршаған ортаға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Жасампаз және өнерпаз тұлғаны қалыптастыру.
Тілдік қорының кеңеуі.
Еңбекті бағалай білетің тұлға ретінде балалардың қалыптасуы.
Оқу тақырыптарының сұрақтары(проблемалық):
Адамдар нанды қалай өсіреді?
Неге адамдар нанға үлкен құрметпен қарайды?
Пән аралық байланыс:
тіл дамыту,
бейнелеу өнері,
музыка,
театрландыру,
мүсіндеу,
экология
Жобаға қатысушылар:
Ортаңғы топ балалары, тәрбиешілері, ата – аналары
Жобаның жүргізілу уақыты: 1 АЙ
1 апта:
1. Ата-аналармен жиналыс өткізу.
2. Нан туралы әңгіме.
3.Тақпақ, мақал-мәтелдер жаттау.
4. Қырман басына саяхат.
5. Ән жаттау “Біздің балабақшада” (сөзі Әлімбаев М).
6.Балабақша асханасына саяхат. Қамырды илеу сәтін балаларға көрсету.
2 апта:
«Қайдан келдің бауырсақ» атты диологтің қойылымын дайындау.
Бейнелеу өнері «Нан өнімдері» (сурет сайысы).
Ата-аналармен жұмыс
3 апта:
Нанның дастарханға келгенге дейінгі жүрген жолдары.
Салынған суреттермен жұмыс.
4 апта:
Аналар арасында «Ең дәмді ...» нан өнімдері сайысын өткізу.
Сурет көрмесін ұйымдастыру
Неге адамзат нансыз өмір сүре алмайды?:
Өйткені, нан адамның өмір сүруі мен өсуі үшін қажетті дәрумендерге бай.
Нан тағамдары тек дәмді емес, өте нәрлі, құнарлы.
Нанды күнделікті жесек те шығып кетпейміз.
Дастарханымыздағы нан үшін кімге алғыс
айтуымыз керек?
Достарыңызбен бөлісу: |