Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының типтері : Микроорганизмдердің клеткалық құрылымының ең қарапайым типі –
бір клеткалы. Бір клеткалы микроорганизмдер көлемі өте шағын.
Бактериялар, қарапайымдар, ашытқылар арасында бір клеткалылар
жиі кездеседі.
Көпклеткалы – клеткалық құрылымның күрделі типі. Көпклеткалы
организмдер бір клеткадан түзіледі, бірақ ересек күйінде көп клеткадан
тұрады және орналасу реті әртүрлі болады. Жануарлар, өсімдіктер
және кейбір микроорганизмдер көпклеткалы құрылымға ие.
Кейбір микроорганизмдердің биологиялық құрылымы көпядролы
құрылымды болып келеді. Ондай микроорганизмдер ценоциттілер
деп аталады. Олар өсу кезінде клеткалары бөлінбейді. Ондай
ағзаларға көбінесе балдырлар және саңырауқұлақтар жатады.
Клеткалардың екі типі бар: бірклеткалы, көпклеткалы және ценоцитті
құрылымға ие эукариоттар және прокариоттар (негізінен
бірклеткалылар).