Прокариоттар және эукариоттар: авто- және гетеротрофтылығы. Бір клеткалы, колониялы және көп клеткалы өсімдіктер. Эукариоттар және прокариоттар
Жасушалық құрылысы бар тірі ағзалардың барлығы ядросыздар (прокариоттар) және ядролылар (эукариоттар) болып екі топқа бөлінеді.
Жасушалық құрылысы ұқсас өсімдіктердің, жануарлардың және саңырауқұлақтардың барлығы эукариоттарға жатады. Сонымен бірге өсімдіктер, жануарлар және саңырауқұлақтар ағзалары жасушаларының аралығында тіршілік әрекеті үдерістерінің құрылысы мен физиологиялық ерекшеліктерінде айырмашылық бар.
Өсімдіктер жасушасына пластидтердің, ірі вакуольдің және жасунықтан тұратын жасуша қабығы болуы тән қасиет. Өсімдік жасушаларындағы қор заттары крахмал болып есептеледі.
Саңырауқұлақтар жасушаларының қабырғасы хитиннен түзілген, пластидтері болмайды. Қорға жиналған зат - гликоген.
Жануарлардың жасушаларында жасуша қабырғасы тығыз болмайды, пластид және нағыз вакуоль жоқ. Жануарлар жасушаларында да көмірсулар қоры - гликоген.
Бактериялар, олардың ішінде цианобактериялар прокариоттарға жатады. Эукариоттардан айырмашылығы - бактерия жасушаларында толық жаратылған ядролар жоқ, онда сақиналы ДНҚ-ның тек бір молекуласы ғана болады. Оны жарғақша қоршамайды, сондықтан тікелей цитоплазмада жатады. Бактерия жасушасының қасиеттері туралы ақпараттардың барлығы сонда жазылады. Прокариот цитоплазмасында ұсақ, қарапайым құрылысты рибосомалар болады. Прокариот жасушаларында митохондриялар мен хлоропластар жоқ, олардың рөлін арнаулы жарғақша қатпарлары атқарады. Прокариот жасушасы қоршаған ортаны қолайсыз жағдайлардан қорғайтын жасуша қабығымен немесе сілемейлі қалташамен қорғалған плазмалы жарғақша каптайды.
Прокариоттар — Прокариоттарға микроорганизмдер мен көк-жасыл балдырлар жатады. Прокариоттардың мөлшері өте кішкентай, ұзындығы 1—10 мкм. Прокариоттардың эукариоттардан айырмашылығы — олардың айқындалған органоидтері, яғни эндоплазмалық торы, Гольджи жиынтығы, митохондриялары болмайды. Жануарлардың және өсімдіктердің жасушаларында жаксы айқындалған түйіршіктер болады. Олар — нәруыз, май және гликоген сияқты қор заттарынан тұрады. Прокариоттың эукариоттан негізгі айырмашылығы — онда қалыптаскан ядросы және хромосомалары болмайды. Прокариот ДНҚ-сының эукариот ДНҚ-сынан айырмашылығы — мұнда ДНҚ-ның сыртын нәруыздар қаптап тұрмайды және пішіні сақина тәріздес болып келеді. Прокариот жасушаларында мембрана құрылымы болады, олар микроорганизмдердің энергетикалық процестеріне қатысады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың мембрана құрылымында хлорофилл болады және олар фотосинтез процесін жүзеге асырады.
Кейбір микроорганизмдерде мембрана құрылымдары аэробты тыныс алу процестеріне катысады. Негізінен, прокариоттар жасушаның жай екіге бөлінуі арқылы көбейеді, яғни аналық жасуша екі жас жасушаға тікелей бөлінеді.
Көпклеткалылар, көпклеткалы организмдер, бұл топқа денесі көп клеткалардан құралатын жануарлар (Metazoa), өсімдіктер (Metaphyta) және саңырауқұлақтар жатады. К-дың негізгі сипаты: денесі дифференцияланған көп клеткадан және үш ұрық жапырақшаларынан (эктодерма, энтодерма, мезодерма) тұратындығы. Бұл үш ұрық жапырақшалары К-дың ұрығы дамыған кезінде қалыптасады. Ұрықтану кезінде зигота түзіліп, содан кейін организмнің жеке дамуы – онтогенезі басталады.
Көпклеткалы жануарлар үш үлкен деңгейге бөлінеді: Phagocytellozoa, Parazoa (оның 1 типі – губкалар) және Eumetazoa. Фагоцителлотәрізділерге бір ғана тип – Placozoa жатады. Бұл алғашқы қарапайым құрылысты – трихоплакстар. Бұрын олар ішекқуыстылардың дернәсілі деп қарастырылған.
Бір клеткалылар – Protozoa морфологиялық жағынан бір клеткалы формалар бола тұрып, физиологиялық жағынан әрұайсысы өз алдына жеке организер, себебі тірі организдерге тән зат алмасу, қозғалу, қорегін ұстау, ас қорту, зәр шығару, тыныс алу, көбею, өсу, ортаға бейімделу қызметтерін дербес атқара алады. Осыған байланысты бір клеткалыларда эволюциялық дамудың барысында клетканың құрысы мен атқаратын қызметтері күрделіленген. Солардың ішінде бірклеткалылардың күрделіленуінің негізгі үш процесін қарастырайық: 1 – клеткадағы хромосомалар санының өсуі немесе полиплоидиялану. Полиплодиянудың арқасында клеткалар физиологиялық жағынан қабілеттеу, өз өлшемдерін және жұмыс өнімділігін арттырады ( мысалы, сәулелілер – Radiolaria класс тармағында); 2 – клеткадағы ядролар санының өсуі немесе полиэнергидтеру. Полиэнергдттенудің арқасында ядролар саны көбейіп, дифференцияланып, құрылымы мен атқаратын қызметінің ерекшелігіне қарай генративті және вегативті ядролар бөлінеді, генеративті ядро тек қана көбею, ал вегетативті – клетканың қалған тіршілік қызметтерін атқарады (миксоспоридиялар, опалининалар, инфузориялар ); 3 – клеткалардың санының өсуі немесе колониялану. Колониялану арқасында бөлінген клеткалар бір бірінен ажырамай, тығыз орналаып, эллипс немесе шар пішіндес колонияның клеткалары өзінің құрылымы мен атқаратын қызметерінің ерекшеліге қарай соматикалық және генеративті клеткаларға бөлінеді. Генеративті клеткалардан макро және микрогометалар түзіледі, ал соматикалық клеткалар колонияның барлық тіршілік қызметін атқарады ( пандорина, эвдорина, вольвокс туыстарында). Осындай күрделіленген бір клеткалылар, әсіресе колонияльді формалары көп клеткалыларға бастау жасайды. Эволюциялық Тұрғыдан қарағанда көп клеткалы жануарларың арғы тегі колонияльді бір клеткалылар екендігіне күмән жоқ.