Қазіргі кездегі систематиканың методологиясы, филогенетикалық системаның жалпы биологиялық және философиялық маңызы, оны қүрудың мүмкіндігі. Әлеуметтілік пен биологиялық мәселелерін қарастырғанда екі көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтік факторды абсолюттендіру және биологиялық факторды абсолюттендіру. Біріншісінде адам әлеуметтік ортаның абсолюттік нәтижесі болып көрінеді. Екінші концепцияға әртүрлі биологияландырушы ілімдер жатады. Оның ішінде, мысалы табиғи тұрғыда бір нәсілді екіншісінен жоғары қоятын нәсілшіл теорияларды жатқызуға болады. Нәсілшілділіктің жарамсыздығын адам генотипінің ерекшілігінің нәсілдік емес, индивидуалдық денгейде көрінетіндігі арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсілдік, ұлттық немесе әлеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. Дарвиннің табиғи сұрыпталу ілімін негізге ала отырып қоғамдық өмірді түсіндіруге тырысқан социал-дарвинизмнің өкілдері де осы биологияландырушы позицияны ұстанды.
Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы пікір қалыптасты. Мұның үстіне адамның әлеуметтілігі төмендетілмейді, есесіне Homo варіөпв жануарлар әлемінен бөлініп, оның әлеуметтік жанға айналуындағы шешуші рөлі баса айтылады. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын ешкім теріске шығара алмайды. Тіпті ғылыми дәлелдерге сүйенбей-ақ, қарапайым бақылаулар мен қадағалауларды жетекшілікке ала отырып, адамның табиғи өзгерістерге - атмосферадағы магниттік борандарға, күннің белсенділігіне, жер стихиялары мен апаттарына барынша бағыныштылығын аңғаруға болады.
Екінші жағынан адамның қалыптасуындағы үлкен рөл еңбек, адамдар арасындағы өзара қатынастар, олардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік факторларға тиесілі. Бұлардың әрқайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар әлемінен бөлініп қалыптасуына әкелуі мүмкін емес. Бұл тек олардың өзара әсері мен диалектикалық тұтастарының арқасында ғана мүмкін болады.
Адам жер бетінде өмір сүретін биологиялық түрдің біріне жатқандықтан оның биологиялық табиғатын гомоноид (адамға ұқсас) ретінде оған тиесілі түрлік қасиеттердің жиынтығы анықтайды. Алайда, осы биологиялық параметрлердің өзіне әлеуметтік фактор тікелей эсер етеді, мысалы, өмірдің ұзақтығына, жас ерекшіліктеріне және т.б. эсер етеді. Жануарға тән өмір сүру ортасына түскен нәрестенің өзі қалыпты жағдайларға сай физикалық тұрғыда тірі қалғанымен, ол адам болып қалыптаспайды. Бұл үшін индивид әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керек. Сонымен қатар төмендегі пікірмен де келісуге болады: "Туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді" (А. Н. Леонтьев). Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биология ғана адамды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.
Адамдағы әлеуметтіліктің биологиялыққа ықпалының тағы бір қыры биологиялықтың әлеуметтік формада қанағаттандырылуы мен жүзеге асырылуында. Адам өмір сүруінің табиғи-биологиялық жағы әлеуметтік-мәдени факторлармен "адамданады" және ортаға түсіріледі.
Осылайша, биологиялық алғышартсыз гомоноидтың пайда болуын көз алдыға келтіру мүмкін емес болса, әлеуметтік алғышартсыз да адамның қалыптасуы мүмкін емес. Ары қарай мұның арқайсысы жағдайларға байланысты адамның күш-жігерін бірде азайта, бірде күшейтті. Жалпы, бүтіндей алғанда адамның пайда болу кезінде де, қазіргі кезде де оның өмір сүруі биологиялық пен әлеуметтіліктің тұтастығымен қамтамасыз етіледі.
Адам өмір сүруінің психикалық және биологиялық жақтарын бейнелейтін философиялық антропологиядағы бейсаналық пен саналық мәселесі де биологиялық және әлеуметтілік мәселесімен тығыз байланысты.