1.сезгіш (қозу шеткі мүшелерден орталық жүйке жүйесіне өтеді);
2.байланыстырғыш - козуды сезгіш нейрондардан қозғалтқыш нейрондарға өткізеді;
3. қозғалтқыш - қозуды орталық жүйке жүйесінен бұлшықеттер мен ішкі мүшелерге өткізеді.
Жүйке жүйесі Орталық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесіне ми мен жұлын жатады.
Шеткі жүйке жүйесі. Шеткі жүйке жүйесі ми мен жұлыннан таралатын жүйкелер мен жүйке түйіндерінен тұрады.
Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.
Жұлын екі түрлі қызмет атқарады
өткізгіштік
рефлекторлық
Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.
Ми - ми сауытында орналасқан. Мидан 12 жұп нерв тарайды:
1- иіс,
2- көру,
3- көз қимылдатқыш,
4 - шығыршық,
5- үшкіл (үш тарамды),
6 - бет бұру,
7 - бет,
8 - дыбыс,
9 - тілжұтқыншақ,
10 - кезеген,
11 - қосымша,
12 - тіласты жүйкелері.
Жаңа туған сәбидің миының салмағы орта есеппен 360-390 г, ересек адамдарда 1400-1450 г. Мидың толық жетілуі 17-20 жаста байқалады. Адамның ақыл-ойы миының салмағымен тікелей байланысты емес. Дегенмен мидың физиологиялық қалыпты қызмет атқару қабілеті оның салмағы 900 грамнан төмендегенде және 2100 грамнан асқанда бұзылады.
Мидың бөлімдері:
сопақша ми;
Вароли көпірі;
Мишық;
ортаңғы ми;
аралық ми;
үлкен ми сыңарлары.
Сопақша ми - жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Ол екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтел, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарын асты безінің сөлдерін бөлу орталығы орналасқан және ІХ-ХІІ жұп нервтерінің ядролары орналасқан.