Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
2
Жұлдыздың өмір сүру уақыты оның бастапқы массасына байланысты 
өзгереді. Алайда, жалпылай айтқанда, жұлдыздар өмірлерінің үлкен 
бөлігін гелийді шығару үшін сутек атомдарын жағумен өткізеді. 
Ақырында, жұлдыздар сутек атомдарының қорын бітіреді. Гелийді 
термоядролық реакциядан өткізу қиынырақ болғаны үшін жұлдыз суиды, 
ал термоядролық реакциялар тоқтағандықтан, гравитация әсерінен 
денелер ядроға қарай тартыла бастайды. Содан кейін ядро гелийді 
ыдыратуға жеткілікті деңгейге дейін тығыздалады, бұл кезде гелий 
кенет лап етуі мүмкін. Бұдан бөлінген энергия сутегінің термоядролық 
реакциясына қарағанда әлдеқайда күштірек болады, сыртқа итеруші 
күштің де басымдылығы көбейіп, денелерді ядродан сыртқа қарай 
итермелейді. Бұл жұлдыздардың көлемінің өте үлкен болуына, яғни 
алып жұлдызға айналуына ықпал етеді. 
Массалары өте жеңіл жұлдыздар гелийді термоядролық реакциядан 
ешқашан өткізе алмайды, сол себепті олар сутекті ақырын жағуын
жалғастыра береді. Кейін мұндай жұлдыздармен нақты не болатыны 
бізге беймәлім, себебі ондай жұлдыздар өмір сүруін тоқтатындай уақыт 
әлі өткен жоқ.
• Жұлдыздар қалай өзгереді?
 
Арыстан шоқжұлдызы
• Ұсынылатын фильмдер

– Жұлдыздар дегеніміз не?

– Шоқжұлдыздар 
Жұлдыз ақырында гелийді бітіріп, көміртекті жағуын бастайды. Көміртектің жануы өте 
тез жүреді, себебі ол кезде жұлдыздағы денелермен әрекеттесуі қиын нейтрино деп 
аталатын бөлшектер түзіледі. Олар шығарылмас бұрын жұлдыздан энергия алады, 
соның әсерінен энергия шығымы жылдамдайды. Гравитацияның басымдылығынан 
ядро сығылады. Бұның әсерінен жұлдыз қаттырақ жанып, көлемін сақтап қалуға 
көмектеседі. Сол себепті жұлдыз өз отынын әлдеқайда тезірек жағып бастайды. 
Осы кезде жұлдыздың сыртқы қабаты толығымен жоғалып, ақ ергежейлі сияқты жанып, 
тек ядросы ғана қалады. Жұлдыз энергиясының әсерінен газдар жарқырап, ғаламшар 
тұмандығы пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет