Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
 
 
 
 
Аса жаңа жұлдыз жарылысының 
қалдықтары, Хаббл телескопы 
арқылы түсірілген
Ұсынылатын фильмдер

– Жұлдыздар дегеніміз не?

– Шоқжұлдыздар 
Қосымша сұрақтар
C4. Ғаламшар тұмандықтары деген не?
Ғаламшар тұмандықтарының ғаламшарлармен еш байланысы жоқ. Олар жұлдыздың сыртқы қабаты түсіп, 
ядроны денелер қоршаған кезде, сол денелер арқылы жұтылатын ультракүлгін сәулелердің шығарылуынан 
пайда болады. Оларды астрономдар алғаш зерттеген кезде, олар Уран секілді үлкен ғаламшарларға ұқсас 
болған, сол себепті оларға ғаламшар тұмандықтары деген атауды берген. 
Ғаламшар тұмандықтары қалыпты жағдайда шамамен бір жарық жылына, яғни шамамен 10 000 жылға 
созылады, ары қарай ол айналасындағы денелерді жарқыратуға қажетті сәуле шығара алмайтын кезеңге 
дейін жалғасады.
C5. Нейтронды жұлдыз дегеніміз не?
Нейтронды жұлдыз аса жаңа жұлдыздан кейін пайда бола алады. Олар тек нейтрондардан ғана тұрады және 
ол алып атом ядросына ұқсас келеді. Олардың салмағы Күндікінен екі есе үлкен, бірақ диаметрі бар-жоғы 20 
километр ғана. Нейтрон жұлдызының ядросындағы заттың тығыздығының жоғары болғандығы соншалықты, 
оның бір сантиметр кубының салмағының өзі 100 миллиард тоннадан асады. 
C6. Қара құрдым деген не?
Егер жұлдыз аса жаңа жұлдызға айналу үстінде болса және жұлдыздың массасы өте үлкен болса, жұлдыздың 
ядросы қирап, қара құрдым түзіледі. Қара құрдымның гравитациялық тарту күшінің қуаттылығы сонша, одан 
тіпті жарық та қашып құтыла алмайды. Қара құрдымның центрі сингуляр деп аталады, ол көлемі жоқ нүкте, 
сол себепті оның тығыздығы шексіз. Қара құрдымның айналасы оқиға көкжиегі деп аталады. Оқиға көкжиегіне 
кірген зат қара құрдымнан құтыла алмайды. 
Ғалымдардың көбісі қара құрдымның бар екенін растайды. Ол толық зерттелмеген, бірақ қара құрдымның 
болжамды әрекеттерімен сәйкес келетін оқиғалар байқалған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет