Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
6
• Күн неден құралған?
Күн сутек пен гелийден құралған, онда сондай-ақ оттек, көміртек, темір және басқа да элементтер аз мөлшерде 
кездеседі. Күннің қатты ыстық болғандығынан олар қатты, сұйық немесе газ күйінде бола алмайды. Ондағы 
атомдар электрондарын жоғалтып, иондарға айналған. Заттардың бұл күйі плазма деп аталады және ол кейде 
заттың төртінші күйі ретінде қарастырылады. Бұл Әлемде ең жиі кездесетін зат күйі болып саналады.
Ұсынылатын фильм

 
 
 
 
 
 
 
 
– Күн
 
 
 
Күннен шыққан бөлшектер Жердің 
атмосферасымен соқтығысқан кезде 
таңғажайып Поляр шұғыласы 
пайда болады
Қосымша сұрақ
C11. Поляр шұғыласы дегеніміз не?
Поляр шұғыласы солтүстік ендіктен көрінеді. Олар Күн желі мен 
Жердің магнит өрісінің өзара әрекеттесуінен пайда болады. 
Солтүстік полюсте бөлшектер жердің магнит өрісін айнала спираль 
түзіп, атмосферадағы атомдарды қоздырады. Атомдар қалыпты 
жағдайына қайта оралған кезде, олар жарық шығарады. Бұл 
табиғи жарық ағынын тудырады. Соған ұқсас солтүстік шұғыласы 
Оңтүстік полюсте де байқалады. Күннің белсенділігі артқан сайын 
шұғыланың қарқыны мен көрінісі күшейе түседі.
Қосымша сұрақ
C12. Нейтрино дегеніміз не?
Нейтринолар – кішкентай массасы жоқ бөлшектер, олар ядролық реакциялардың нәтижесінде түзіледі. 
Нейтринолар өте ұсақ және зарядталмаған бөлшектер болғандықтан, оларды табу өте қиын. Әр секунд сайын 
әрқайсымыздың бойымыздан Күннен шыққан триллиондаған нейтринолар өтіп жатыр. Нейтринолар Жер 
арқылы өткенде, әдетте өз жолында еш нәрсемен әрекеттеспейді. 
Нейтрино детекторлары детекторлармен қоршалған өте көп сұйықтық мөлшерінен тұрады, олар 
детекторлармен әрекеттесетін нейтринолардың ұсақ бөлшектерін тіркейді. 
1960 жылдары Күннен шығарылған нейтринолар саны болжамды мөлшерден әлдеқайда аз екендігі анықталған. 
Бұл Күн нейтриносы мәселесі еді, ол 30 жылдан астам уақыт бойы шешілмей келді. Нейтринолардың үш түрі 
бар және ертедегі детекторлар олардың тек бір-ақ түрін аңғара алған. Нейтринолар бір түрден екінші түрге 
айнала алады деген ұсыныс бар. Ол үшін нейтринолардың массасы нөлге тең болмауы тиіс. Алайда, бізге 
белгілі барлық бөлшектердің өзара әрекеттесуі туралы стандартты үлгі теориясы бойынша нейтриноның 
массасы жоқ. Ақырында нейтрино тербелістері толықтай зерттеліп, Күн нейтриносы мәселесі шешілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет