Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет8/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
7
• Күн Жерге не үшін қажет?
3-бөлім: Күн және Жер
Күн жердегі бүкіл тіршілікке қажет. Дүние жүзі бойынша 
адамзаттың энергия қолданымы 15 тераваттқа тең немесе 
секундына 15 миллион миллион джоулді құрайды. Өсімдіктер 
100 тераваттан астам энергияны фотосинтез үшін жұмсайды. 
Егер салыстыратын болсақ, күн Жерге 170 000 тераватт 
жіберіп отырады. 
Есептеулер бойынша жер қыртысында сақталған барлық 
пайдалы қазбалардың энергиясы Күннен жерге келетін 
үш айлық энергияға тең екен. Пайдалы қазбалар да Күн 
энергиясының әсерінен алынған, яғни олар бұрын күн 
сәулесін сіңіріп, тіршілік еткен өсімдіктер мен жануарлардан 
түзілген.
Егер күн энергиясын көп мөлшерде үздіксіз қолданатын 
болсақ, қиындықтар туар еді, себебі Күн Жер бетінің барлық 
бөлігіне бүкіл 24 сағат бойы түсіп тұрмайды. Жер Күнді 
айнала қозғала отырып, әр 24 сағат сайын өз осін бір рет 
айналады. Бұл бізге түн мен күн ретінде байқалады.Жердің 
Күнге ары қарап тұрған жағына көлеңке түседі, сол себепті ол 
жақта түн болады. Ай оң орында тұрған кезде, Күн сәулесін 
шағылыстырып, қараңғы аймаққа жарық түсіре алады, бірақ 
Ай толық болғанның өзінде де, оның жарығы күндіз Күннен 
түсетін жарықтан жарты миллион есе аз болады.
Бізге тек қана Күн энергиясымен өмір сүру үшін энергияның 
сақталу заңын дұрыс қолдану арқылы күндізгі энергияны 
сақтап, түнде пайдалану қажет.

 
ДИАГРАММА 03:
Қосымша сұрақ
C13. Біз Күнге ғарыш кемесін жіберіп көрдік пе?
НАСА-ның жоспарлаған Күн Зонды миссиясы Жер мен Күн арасындағы қашықтықтың 96%-ын жүріп өтуге 
көзделген. Ол күнге 6 миллион километр қашықтыққа жақындап, оның сыртқы қабаты – Күн тәжісін зерттейді. 
Ол үшін қатты аптап ыстыққа шыдайтын өте үлкен жылу сауыты қажет.
Күнді тексеру үшін көптеген ғарыш кемелері жөнелтілген. Еуропа Ғарыш Агенттігі мен НАСА 1995 жылы СОХО 
ғарыш кемесін күннің сыртқы қабаты мен күн желін зерттеу үшін жіберді. Бастапқыда бұл ғарыш кемесі тек екі 
жыл жұмыс істеуге ғана бағытталды, бірақ ол әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр және кем дегенде 2012 жылға 
дейін ақпарат жинап тұра бермек. 
Күнді зерттеу үшін басқа да бірнеше ғарыш кемелері жіберілді. Олардың көбісі Күнде болып жатқан 
өзгерістерді және Күн желін ұзақ уақыт бойы бақылауға арналған және Жерге жақын орналастырылған. Олар 
көбіне Лагранждың L1 нүктесіне орналастырылады. Бұл нүктеде Жер мен Күннің гравитациялық тарту күштері 
тең келеді. Күн Жерден үлкен болғандықтан, бұл нүкте Күнге қарағанда, Жерге әлдеқайда жақын орналасқан. 
Ғарыш кемесі осы нүктеден Күнді Жер мен Айдың кедергісінсіз тұрақты бақылай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет