Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР



Pdf көрінісі
бет6/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
5
• Күн қаншалықты ыстық?
Күн ядросының температурасы шамамен 15 000 000°C-қа тең. Бұл жерде пайда болған энергия сыртқы бетке 
шығу үшін жүздеген миллион жыл бойы сақталады, себебі Күннің тығыздығы өте үлкен. Күннің беткі қабаты ядроға 
қарағанда әлдеқайда салқын: шамамен 5500°C. Күн тәжісі миллиондаған километрге созылып жатыр және оның 
не себепті беткі қабаттан ыстығырақ екені әлі күнге дейін анықталмаған. 
Күннен секундына жүздеген километр жылдамдықпен үздіксіз 
ыстық бөлшектер ағыны шығарылады.Осы ағындардың әсерінен 
күн желі деп аталатын құбылыс пайда болады және күннен тыс 
бағытталған кометалардың құйрығы ұзарады. Күн желімен қатар,
Күн жарқылдары да Күндегі магнит өрісінің өзгеруінен болады. 
Бұл жарылыстар арқылы энергия бөлшектері Күннен өте үлкен 
жылдамдықпен шығарылады. Корональді массалар 
қалдықтарының шығарылуы да ұқсас себептермен пайда 
болады, және ол өте үлкен мөлшердегі денелерді Күннен сыртқа 
қарай шашады. 
Осы құбылыстар жасанды серіктердің байланысын және 
радиохабарларды бұзу арқылы Жерге де әсер етеді.
• Ұсынылатын фильмдер

– Күн

– Поляр шұғыласы және Күн бетіндегі жарылыстар

 
 
 
ДИАГРАММА 02:
Қосымша сұрақтар
C9. Күннің әсері қаншалықты үлкен?
Күн желі әсер ететін аумақ гелиосфера деп аталады және ол ғаламшарлар орбиталарынан едәуір алыс 
қашықтыққа созылған. Гелиосфераның шектелген шекарасын гелиопауза деп атайды, ол Күн жүйесіндегі 
Күннен ең алыс жатқан ғаламшар – Нептунға дейінгі қашықтықтан үш есе үлкен қашықтықта жатыр. 
Гелиопаузаға дейін екпінді толқын шекарасы деген қабат бар. Мұнда дыбыс жылдамдығын тежейтін Күн желі 
бөлшектері шоғырланған. 
Вояджер ғарыш кемелері қазір екпінді толқын шекарасынан өтіп, гелиопаузаға қарай бет алды деген хабар 
бар. 
C10. Күн дақтары дегеніміз не?
Күн бетінде магниттік желілер шоғырланған жерлер бар. Бұл қоғалыс арқылы жылу тасымалы, конвекцияға 
тосқауыл болып, сол себепті осы жерлер басқа жермен салыстырғанда салқынырақ болады (шамамен 4000°C, 
5500°C-тың орнына), және олар қараңғылау көрінеді. Олар күн дақтары деп аталып, жүздеген жылдар бойы 
бақыланып келеді. Күн дақтарының саны толықтай белгісіз себептермен 11 жылдық циклдік айналымда бірде 
өсіп, бірде кемиді. Ғалымдар күн дақтарының жердегі ауа-райымен байланысын табуға тырысқан, бірақ нақты 
ешқандай байланыс табылған емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет