Жұлдыздар шаң-тозаңнан тұратын алып газды бұлттардың өз гравитациясының әсерінен күйрей бастағанда



Pdf көрінісі
бет9/14
Дата14.05.2024
өлшемі0,92 Mb.
#202172
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
kktwig-kn-zhne-zhldyzdar
6-нұсқа
• Ұсынылатын фильмдер

– Күн мен түн

– Аспан неге көгілдір?


ФИЗИКА • БІЗДІҢ КҮН ЖҮЙЕМІЗ • КҮН ЖӘНЕ ЖҰЛДЫЗДАР
8
Қосымша сұрақтар
C14. Аспан неге көгілдір ?
Аспан әрқашан көк емес. Оның түсі жарықтың атмосферада қалай 
таралатынына байланысты. Егер Жердің атмосферасы болмаса
аспан қара болып көрінетін еді, ал күн болса осы қара аспанда 
жарқырап тұрар еді. 
Алайда, жердің атмосферасы болғандықтан, жарық атмосферадағы 
молекулалармен соқтығысып, жан-жаққа шашырап кетеді. Бұл 
Рэлеялық шашырау деп аталады және ол қысқа жарық толқындарына
бейімделген. Күн сәулесі ақ болып көрінгенмен, ол спектрдегі барлық 
түсті қамтиды. Көк түстің толқын ұзындықтары қысқа, сол себепті ол 
жан-жаққа тез тарап, аспанды көк түске бояйды. Қызыл түстің толқын 
ұзындығы ұзын болғандықтан, ол оңай тарай алмайды.
Күн батқан кезде, аспан қызыл болып көрінеді. Бұл Күн сәулесінің атмосфераға көп мөлшерде бөлініп, көк 
жарықтың барлығы тез шашырап кетеді де, тек қызыл жарық сәулелері қалады. Сол үшін аспан түнде қызыл 
болып көрінеді.
 
Күн сәулесі мен Жер атмосферасының 
әрекеттесуінен аспан көк түске боялады
C15. Озон қабаты дегеніміз не?
Оттегі молекулалары екі атомдық, яғни бір-біріне жалғанған қос атомнан тұрады. Озон -бір-біріне жалғанған 
үш оттегі атомынан тұратын оттегінің бір формасы. Оның тұрақтылығы екі атомдық формаға қарағанда төмен, 
ол озон қабаты деп аталатын атмосфераның жоғарғы қабатында түзіледі. Ол Жердегі тіршіліккке қажет өте 
маңызды қызметтерді атқарады.
Күн сәулесінде әртүрлі электромагниттік сәулелер бар. Сәулелер арасында сары-жасыл түс спектрлері жиі 
кездеседі, бірақ жерге түскен сәулелердің жартысы ғана көзге көрінеді. Күн көп мөлшерде инфрақызыл және 
кішкене ультракүлгін сәулелерін бөледі. Біздің есептеулер бойынша ультракүлгін сәулелерінің үш санаты бар: 
UV-A, UV-B және UV-C. 
UV-C өте зиянды болып табылады және ол озон қабатында толығымен жұтылады. UV-B-дің де көп бөлігі де 
осы қабатта жойылады, өйткені олар денені күйдіріп, тері рагына алып келуі мүмкін.
1980 жылдары кейбір индустриялық химиялық заттардың әсерінен озон қабаты тесіліп жатыр деген ойлар 
айтылды және Антарктика үстінде озон қабатының тесігі байқалған болатын. Сол себепті бұл химиялық 
заттарды қолдануға шек қойылды, бірақ озон қабатының жұқарған аймақтары қайта қалпына келу үшін ондаған 
жылдар керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет