Жұлдыздың жарқырауы



бет5/5
Дата09.08.2022
өлшемі28,96 Kb.
#148013
1   2   3   4   5
Байланысты:
ЖҰЛДЫЗДАР

астрометрия Бұл астрономияның мамандануы - аспандағы координаттар мен олардың өзгеруін уақыт бойынша белгілеп, жұлдыздардың қозғалысын қайта құру үшін аспандағы жұлдыздардың орналасуын зерттейді.
Астрометрияның қолданбалы түрлерінің бірі - Жердің қозғалысын басқару. Астрономия, сонымен қатар позиция астрономиясы деп аталады, басқа астрономиялық мамандандырудан, Астрофизикадан айқын ерекшеленеді, өйткені бұрын аспан денелерінің орналасуымен айналысатын болса, соңғысы олардың физикалық табиғатын зерттейді.
"Метеороид". Күнді айналып жүретін астероид пен құйрықты жұлдыздар (комета) осы бір терминге түсініктеме бола алады. Өз кезегінде ескерте кететіні, астероид пен метеорид арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Бар айырма - біріншісінің екіншіге қарағанда үлкендігі. Соған қарамастан, атмосфера қабатына өтіп, толық жанып кеткен жағдайда "метеор" деген жалғыз атау ғана беріледі. Ал метеордың жарылуы барысында орын алған отты алауды "болид" деп айтады.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8355/


КОМЕТА (грек. kometes) - құйрықты жұлдыз, дәл мағынасы ұзыншашты - аспанда оқта-текте тұманданған объект түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын және әдетте центрінде қылаң түйіртпегі (ядросы) бар, Күн жүйесіндегі аспан денесі. Ірі кометаның Күнге қарама-қарсы жаққа шұбатылған бір не бірнеше жарқыраған құйрықтары болады. Ертеде кометаны жер атмосферасының құрамына енетін дене деп түсінген. Т. Браге жарық кометаның (1577) параллаксын анықтап, Комета да Ай, планеталар тәрізді аспан шырағы деп дәлелдеген. Тартылыс заңы ашылғаннан кейін Кометаның орбитасын анықтау тәсілі жетіліп (Э. Галлей т. б.), олардың физткалық табиғаты, әсіресе ішкі құрылысы зерттеле басталды (Ф. Бессель, Ф. А. Бредихин). Бредихин комета формаларының механикалық теориясын жасады. 1910 жылдан кометаны зерттеуде фотографиялық және спектроскопиялық бақылау тәсілдері қолданыла бастады.
Үлкен жарық кометаның көкте оқыс пайда болуы ырымшыл адамдарға күшті әсер еткен. «Құйрықты жұлдыз» көрінсе «сұмдық-сұмдық» дейді екен, ақсақалдар жиылып қой сойғызып жейді екен» деген сөз де осыған байланысты шыққан. Қазақ арасында кометаның көрінуін жұтпен сабақтас деп санаған. Ал 1811-1812 жылғы жарық кометаның көрінуін Россияда Наполеонның баса көктеп кіруімен байланыстырған.
Күн жүйесіндегі кометалардың саны орасан көп: кейбір мәліметтер бойынша олар жүздеген миллиардқа жетеді. Бірақ комета Күн мен Жерге жақын келгенде (перигелийден өткенде) ғана байқалады. Орта есеппен соңғы кездерде жылына 9 комета бақыланады.
Комета – Күн жүйесінің кіші денесі; аспанда оқта-текте тұманданған нысан түрінде байқалып, жұлдыздарға қатысты орын ауыстыратын аспан денесі.
Құйрықты жұлдыздың басы ядро бөліп шығаратын газ бен тозаңнан түзіледі (мұз,метан және будан). Күнге жақындаған кезде буланып кетеді. Кометаның мұзды денесі Күннен алыс болса, ол көрінбейді және құйрығыда жоқ болады. Бірақ күнге жақындаған сайын мұз қызып, буланып кетеді. Осылайша газ бұлтына оранған құйрықты жұлдыздың басы пайда болады.
Қазір астрономдар 6 мыңнан астам құйрықты жұлдызды анықтаған.
Астероид (ежелгі грек тілінде ἀστεροειδής - "жұлдыз іспетті") деп салыстырмалы түрде ғарыштық обьектіні айтады. Ара-тұра оларды кіші планеталардың қатарына жатқызып жататындар бар. Бірақ олардың планетамен салыстыруға келмейтін кіші көлемдерін есепке ала отырып, соңғы уақыттарда "ғарыштық қалдықтар" деген ат жиі қолданылып жүр.

Бүгінгі таңда Күн айналасында миллиондаған астероидтар бар. Олардың шамамен алғанда 750 мыңдайы Марс пен Юпитер орбиталары аралығында "астероид белдеуін" құрайды. Аталған обьектілердің көлемі диаметрлік тұрғыдан алғанда бірнеше, тіпті, одан да көп километрлерге созылып жатыр. Мәселен, Церера астероидының диаметрі 940 километрге пара-пар екен.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8355/

"Метеороид". Күнді айналып жүретін астероид пен құйрықты жұлдыздар (комета) осы бір терминге түсініктеме бола алады. Өз кезегінде ескерте кететіні, астероид пен метеорид арасында анау айтқандай айырмашылық жоқ. Бар айырма - біріншісінің екіншіге қарағанда үлкендігі. Соған қарамастан, атмосфера қабатына өтіп, толық жанып кеткен жағдайда "метеор" деген жалғыз атау ғана беріледі. Ал метеордың жарылуы барысында орын алған отты алауды "болид" деп айтады.



Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/bilim/gumanitarly-ylymdar/8355/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет