105
Мұғалімдердің жете түсінуге ұмтылған бір қыры ретінде
«метапәндік
білім берудің мақсаты – оқушыларды ойлаудың түрлі тәсілдеріне,
коммуникацияның түрлеріне, оқу әрекетінің түрлеріне дағдыландыру»
деген
тезис болды. Осы мәселе төңірегінде пікір алмасуда мұғалімдердің ойлаудың
түрлері мен оларды қалыптастыру және дамыту жолдарын әлі де терең білуге
ұмтылысы байқалды. Өйткені метапәндік білім беру үдерісінде оқушы өзінің
танымдық қабілеттерінің ашылып, жетілдіріліп жатқанын түсінетіні анық.
Сөйтіп мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастары оқу-зерттеушілік
жолында жақындай түседі. Оқушылардың алған
білім ақпараттарының кең
арнада қабылдануы, өз бетімен жаңа ақпараттың жаңа қырларын іздеп табуы,
оқу тапсырмасының жаңа форматта орындатылу – барлығы, түптеп келгенде,
«пәнділіктің» жаңа типін танытатыны анық. Осындай жаңалықтарды мектеп
мұғалімдері мен студенттердің қызығушылықпен қабылдауы,
өз бетімен әрі
қарай іздене түсуге серпін беруі – семинар жүргізуіміздің көздеген мақсаты.
Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрғыдан оқытудың
педагогикалық шарттары туралы қарастыра келе, метабілім, метатәсіл,
метадағдылар бойынша
бастауыш мектепте ғана емес, жоғары сыныптарға да
арналған
әдістеме
керектігін
анықтадық.
Өйткені
бастауышта
қалыптастырылған сапалы білім алу дағдылары келесі білім алу сатыларында
жалғасын тауып отыруы міндетті болуы тиіс деп санаймыз.