127
болады. Олар: дүниетану, дене шынықтыру, математика.
Осы мәтін аясында
төмендегідей
танымдық ӘОӘ
негізделген тапсырманы ұсынуымызға болады.
2.Бұл мәтін не жайлы? Жауап нөмірін дөңгелекте.
1) Ең алғашқы стадионды ойлап тапқан Геракл жайында
2) Олимпиадалық ойындар жайында
3) стадиондардың пайда болуы мен оның міндеті жайында
4) «стадион» сөзінің шығу тарихы жайында
Оқушы мәтіндегі көп ақпарат ішінен өзіне керектісін ғана бөліп алады.
Метапәндік тапсырмалардың бір артықшылығы бір ақпараттық мәтін
аясында берілген тапсырманы орындау барысында оқушы басқа пәнде игерген
білімін қолдана алады. Мысалы келесі тапсырмаға назар аударсақ математикада
өлшем бірліктері жайлы білімі ар оқушы
төменгі тапсырманы орындап, өз
білімін рефлексиялайды.
3.Аңызға сүйенсек Гераклдың табанының өлшемі қанша болды?
Мәтіндегі ақпараттарды пайдаланып есепте.
Бұл тапсырма
танымдық ӘОӘ
ұйымдастырады. Келесі тапсырманы ұсына
отырып оқушылардың
реттеушілік және коммуникативтік ӘОӘ
жүзеге
асыруға болады. Яғни:
4.Стадион дегеніміз не? Жауабын жаз.
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Оқушылар мәтінмен танысқаннан соң, белгілі бір мәселе төңірегінде
пайдымдау жасайды. Оны
реттеушілік ӘОӘ
арқылы орындайды.
Сонымен
қатар мәтін мазмұны бойынша сызба, диаграмма құрастыруға арналған
тапсырмалар оқушылардың
танымдық ӘОӘ
ұйымдастырады.
5. Кестені толтыр. Стадиондарды олардың сыйымдылығының өсуі
бойынша ретімен жаз.
Кесте 22
Қала
Стадион атауы
Сыйымдылық
128
Оқушы мәтіндегі стадион орналасқан қала атауларын,
сонымен қатар ол
стадиондардың сыйымдылығы жайында бар білімді сызбаға түсіреді. Яғни, бұл
тапсырма оқушыда модельдеу білігін қалыптастырады. Математика пәні
бойынша алған білімін қолданады. Яғни заттың сыйымдылығы және кему, өсу
реті жайында білімін рефлексиялауға мүмкіндік алады.
Сонымен бірге әдебиеттік оқу пәні бойынша мәтінді бөліктерге бөліп,
мәтін бөлігі туралы білімін қайталайды немесе бекітеді. Ол төмендегі тапсырма
арқылы жүзеге асады.
6. Қорытынды мәтіннің қай бөлігінде тұр? Қорытындыны жаз.
____________________________________________________________________
________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Оқушының
танымдық
ӘОӘ
орындалады.
Оқушылардың
коммуникативтік ӘОӘ
ұйымдастыру үшін осы мәтін жоспарын құру
тапсырмасын берген жөн. Осы жоспар арқылы оқушы мәтінді жүйелі түрде
мазмұндай алады.
7.Мәтінді айтып беру үшін мәтін жоспарын құр және жаз.
1.______________________________________________________________
2.______________________________________________________________
3.______________________________________________________________
Келесі ұсынып отырған тапсырмамыз арқылы оқушы мәтінді түсініп
оқиды, яғни танымдық ӘОӘ жүзеге асады, содан соң реттеушілік ӘОӘ арқылы
болжам жасайды. Нақты тапсырма төменде көрсетілген.
8.Гераклдың қандай қасиеттері оның атын аңызға айналдырды?
1) «Ежелгі Греция мифтары»
2) «Әлемнің ең үлкен стадиондары»
3) «Денің сау болғың келсе»
4) «Бәрін білгім келеді»
Коммуникативтік ӘОӘ арқылы оқушы өзі білмейтін,
білгісі келетін
қажетті ақпаратты өзі іздестіре отырып төмендегідей тапсырманы орындайды.
Яғни жоғарыда берілген Геракл туралы ақпараттан соң, оқушыда қазақ
халқының да өз батырлары бар деген пікірге келеді. Осы мақсатта тұлғалық
ӘОӘ-ні коммуникативтік ӘОӘ-мен сабақтастыра аламыз. Тапсырма төменде
берілген.
9. Батырлар туралы қандай аңыздарды білесің? Қысқаша мазмұнын жаз.
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Келесі тапсырма бойынша оқушыларға ақпараттық мәтін ұсынылады.
№1 тапсырма
129
Мәтінді соңына дейін оқы.
Қара құр
Қара түсті құр жазық және таулы жерді мекендейді. Құрлар тұқымдасынан
шыққан. Түрлі маусымда жапырақты ормандарға кішігірім қоныс аударады.
Құрлардың аталықтары өте әдемі болып келеді. Басы,
сақалы және тұмсығы
қара, қызыл қастары, мойындары қара-жасыл келеді. Қанаттарында және
құйрықтарында ақ дақтары бар. Мамыр соңында және маусымда 10-ға жуық
жұмыртқа тастайды. 28 күннен кейін балапандар жұмыртқаны жарып шығады.
Балапандар көбінесе құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Ересектері, әсіресе,
жазда жидектермен,
Достарыңызбен бөлісу: