ЖҰмыс бағдарламасы қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша 050609-География мамандығының студенттері үшін Павлодар



бет2/3
Дата26.08.2017
өлшемі0,62 Mb.
#28209
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3
КЕЛІСІЛДІ
Факультет деканы_______________Қ.Қ. Ахметов «____»___________2009ж.



Жжәқб құпталды

ЖжӘҚБбастығы__________________А.А.Варакута «____»_______2009ж.




  1. Пәннің мақсаты мен міндеттері


Мақсаты: жекелеген аймақтардың физикалық-географиялық ерекшеліктерін оқып-үйрену, табиғат кешендерінің бір бірімен қарым қатынасы, табиғат кешендеріндегі құбылыстар мен үрдістерді, Қазақстан аумағының ландшафт бірліктерінің күрделі құрылымдарын зерттеу. Сонымен қатар табиғи территориялық кешендерді (ТТК) өлкелік таксономиялық бірліктер деңгейінде зерттеу. Қазақстан Республикасының физикалық географиясының халық шаруашылығындағы қоршаған ортаны қорғаудың қолданбалы мәселелерін шешудегі алатын орны зор.
Міндеттері:

  • табиғатты зерттеудің негізгі тарихи кезендерін айқындау;

  • оның шаруашылықта одан әрі игерілуі, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда оның өзіндік ерекшеліктерін ескеру;

  • табиғатты қорғау, оны байыту, мәдени ландшафттарды ұйымдастыру;

  • еліміздің жекелеген аудандары мен оның табиғат жағдайлары мен ресурстарына студенттердің өзінше оқып үйренуіне қызығушылық тудыру;

  • пәнді одан әрі оқудың негізін жасау;

  • жақын шетелдің физикалық-географиясымен және Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясымен танысу;

  • табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану;

  • география ғылымының тарихы мен тәсілдемесі, географиялық болжау.


Студент білу керек:

  • Қазақстан аумағының табиғатының зерттелу тарихын;

  • табиғаттың негізгі ерекшеліктерін және елдің жекелеген аймақтарының өзіндік физикалық-географиялық ерекшеліктерін;

  • ландшафттардың зоналық ерекшеліктерін және негізгі азоналдық факторларын;

  • ел аумағының жылу және жауын-шашын ара қатынасының заңдылықтарын;

  • табиғаттың плейстоцен мен голоценде дамуын, жер бедерінің динамикасын, оның морфоструктурасының негізгі бөліктерінің құрылуын;

  • табиғатты қорғаудың негізгі мәселелерін және антропогендік ландшафттар - табиғат кешендерін, адамның шаруашылық әрекетінен көп өзгерген немесе қайта жасалған ландшафттарын;

  • Қазақстанның физикалық-географиясының негізгі проблемаларын.


Студент істей білу керек:

  • еліміздің географиялық номеклатурасын тануы керек;

  • кескін картасымен жұмыс істеу білу;

  • ландшафттардың биіктік белдеулерінің құрылымын анықтай білу;

  • таулы аймақтардың орографиялық және гидрогафиялық жобасын жасау;

  • ландшафттар түзілуіндегі физикалық-географиялық факторларды айқындау;

  • әр түрлі аймақтардың табиғат ерекшеліктеріне әдеби және картографиялық материалдар арқылы ол аудандардың физикалық-географиялық сипаттамасын жасау;

  • географияда математикалық есептеулер жасау;

  • кешенді физикалық-географиялық кескіндер жасау;

  • климаттың кейбір көрсеткіштерін анықтау - булану, ылғалдану индексі, континенталдық деңгейі, әр түрлі тәсілдермен бірнеше географиялық көрсеткіштерді картаға түсіру.


Пререквизиттер: Жалпы жертану, Топырақтану және топырақ географиясы, Метеорология және климатология, геоморфология, геология және геохронология, биогеография, гидрология, ландшафттану.

Пәннің тақырыптық ПМУ ҰС 7.18.2/07

жоспары


3 Пәннің мазмұны
3.1 Пәннің тақырыптық жоспары


ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

р/с

Тақырыптардың атауы

Сағат саны

Дәр.

Зерт.

Тәж.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

1

1

0,5

6

2

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

1

1

2

6

3

Жер бедері типьтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

1

1

1

6

4

Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

1

1

2

6

5

Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.

1

1

2

6

6

Топырақ жамылғысының табиғи ортаның құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.

1

1

2

6

7

Табиғи зоналар.

1

1

1

6

8

Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

1




1

6

9

Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі.

1

1

2

6

10

Физикалық-географиялық провинциялар: Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы.

1

1

2

6

11

Оңтүстік-Сібір таулары.

1

1

1

6

12

Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.

1

1

2

6

13

Табиғатты зертеудегі геожүйелік-бассейндік көзқарас.

1

1

1

6

14

Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі, Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы макрогеожүйелері.

1

1

2

6

15

Қазақстан Респуликасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық-географиялық негіздері.

1

1

1

6

БАРЛЫҒЫ:

15

15

22,5

90



3.2 Пәннің теориялық сабақтарының мазмұны:

1 тақырып. Кіріспе

Қазақстанның физикалық географиясы – география ілімі саласындағы басты пәндердің бірі. Пәннің негізгі мақсаты табиғи территориялық кешендерді (ТТК) өлкелік таксономиялық бірліктер деңгейінде зерттеу. Қазақстан Республикасының физикалық географиясының халық шаруашылығындағы қоршаған ортаны қорғаудың қолданбалы мәселелерін шешудегі алатын орны зор. Қазақстан Республикасының табиғат жағдайларын және оның физикалық-географиялық жағдайларының зерттелуінің жалпы деңгейі. Физикалық географияның айммақтық және аудандық жалпы мәселелері.

2 тақырып.Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары. Қазіргі кездегі физикалық-географиялық жағдайлардың қалыптасуына оның континенттің ішкі бөлігінде орналасуының әсері. Геологиялық тарихы және палеогеография. Қ.И.Сәтпаевтың, В.Ф.Беспаловтың, А.Д.Архангельскийдің, Н.Н.Костенконың, Н.Г.Касиннің, Е.Д.Шальгиннің, А.А.Абдуллиннің Қазақстан территориясының геологиялық құрылымын зерттеуге сіңірген еңбегі. Н.С.Касимовтың Қазақстан территориясының ландшафттарының геохимиялық ерекшеліктерін зерттеудегі еңбектері. Негізгі тектоникалық құрылымдардың даму ерекшеліктері. Тектоникалық аудандастыру. Палеогеографиясы. Геологиялық тарихы. Қазіргі кездегі табиғат жағдайларының қалыптасуындағы неоген-төрттік дәуірдің рөлі.

3 тақырып. Жер бедері типьтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру.

Қазақстан жер бедерін зерттеудегі И.П. Герасимовтың, Б.А.Федеровичтың, Г.Ц.Медоевтың М.Ж.Жандаевтың, З.А.Сваричевскаяның, Е.Е.Малиновскийдің, К.В.Никифорованың және тағы да басқалардың еңбектері. Ірі аудандардың жер бедерінің негізгі типтері. Пайдалы қазбалары. Пайдалы қазбалардың негізгі көздерінің геоқұрылымдық ерекшеліктері. Рудалық және рудалық емес пайдалы қазбалар. Қазіргі кездегі геоморфологиялық үрдістер. Геоморфологиялық аудандардың сипаттамасы.

4 тақырып. Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

Жер асты суларының қалыптасуы және олардың қазіргі кездегі табиғи кешендердің қалыптасуындағы орны. Қазақстанның гидрогеологиялық ілімінің дамуындағы А.АКозыревтың, Б.К.Терлецкийдің, М.П.Русаковтың еңбектерінің маңызы. У.М.Ахмедсафиннің, Ж.С.Сыдықовтың Қазақстанның жер асты суларының ресурстары. Гидрохимиялық зоналар. Артезияндық бассейндер.

Климат түзуші факторлар. А.С.Утешовтың, А.Т.Кузнецовтың, З.Д.Клыдованың, И.И.Прохоровтың және тағы да басқаларының Қазақстанның климаттық жағдайын зерттеудегі еңбектерінің маңызы. Негізгі климат түзуші факторлардың анализі. Олардың физикалық-географиялық жіктелулерге әсері. Күн радиациясының таралуы. Радиациялық баланс. Зоналық ендік және биіктік белдеулік климаттық жағдайлар. Климат өзгеруінің бойлық ерекшеліктері. Термикалық режим. Климаттың континенттігінің дәрежесі. Жауын-шашын мөлшері мен сипаты. Табиғи-территориялық кешендердің динамикасында жылу балансының ролі. Климаттық аудандастыру. Климаттың антропогендік құрғақтану мәселелері.

Жер беті сулары және олардың ресурстары. С.Е.Дмитриев, Н.Н.Пальгов, К.Г.Макаревич, П.А.Черкасов, Е.Н.Вилесовтердің мұздықтарды зерттеудегі еңбектері. Қазақстан гидрологиясындағы П.С.Кузиннің, И.С.Соседовтың, В.И.Коровинның, В.А.Семеновтың ғылыми жұмыстары. Жер беті суларының қалыптасуы. Жер беті суларының көлемі мен модулі. Қазақстан Республикасыынң өзен торабының құрылуына физикалық-географиялық жағдайлардың әсері. өзен торабы. Мұхттар мен көлдер. Теңіздер мен көлдердің трансгрессиясы. Ішкі су бассейніндегі көлдер мен теңіздердің деңгейінің төмендеуіндегі антропогендік факторлардың ролі. Қазіргі кездегі мұз басулар. Мұздықтар динамикасы. Қазіргі кездегі табиғи-территориялық кешендердің дамуындағы су балансының ролі. Су ресурстары. Су ресурстарын тиімді пайдалану. Су көздерін қорғау. Гидроэкология проблемалары.

5 тақырып. Өсімдіктер типтері және оларды ңқұрылымдық-динамикалық ерекшеліктері.

Өсімдік жамылғысын зерттеудегі Б.А.Быковтың, А.В.Прозоровскийдің, Е.М.Лавренконың ғылыми жұмыстарының маңызы. өсімдік жамылғысы – қоршаған ортаның құрылымының ең басты биотикалық факторларының бірі. Өсімдік жамылғысының палеогеографиялық ерекшеліктері. Өсімдік жамылғысындағы ағаштық-бұталық ассоцациялардың шығу ерекшеліктері. Қазақстан территориясындағы жазақтық жерлердегі өсімдік жамылғысының таралуына зоналық факторларды ңәсері. Таулы аймақтардың өсімдік жамылғысының түзілуіндегі азоналық факторлардың ролі. Интрозоналық өсімдіктер жамылғысының түзілуіне гидротермикалық көрсеткіштердің ролі. Ботпникалық-географиялық аудандастыру. өсімдіктер энднмизмі. Фито- және биомассаның өнімділігіне физикалық-географиялық жағдайлардың әсері. Талдық-бұталық формациялардың ярустық құрылымы. өсімдік жамылғысына антропогендік факторлардың әсері. Оның сандық құрылымының өзгеруі.

6 тақырып. Топырақ жамылғымының табиғи ортаның құрылымындағы ролі.

Топырақ жамылғысының зерттелуі. Топырақ жамылғысын зерттеудегі С.С.Неусруевтың, Л.И.Прасоловтың, А.И.Безсоновтың, Р.И.Аболинның фундаменталдық еңбектері. И.П.Герасимовтың, М.А.Глазовскаяның, Е.Н.Иванованың, Е.В.Лобованың топырақтық-географиялық зерттеулері. Қазақстанның топырақтану ғылымының дамуындағы академик В.М.Боровскийдің еңбектері. Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы және оның құрылымы. Топырақ жамылғысының шығу тегінің ерекшеліктері. Антропогендік факторлардың әсерінен топырақ құрамындағы қара шірінді мөлшерінің өзгеруі. Шөлдену үрдісі мен топырақ дефляциясының оның сапалық көрсеткіштеріне әсері. Жылу және су баланстарының қарым-қатынастарының және олардың гидротермикалық көрсеткіштерінің топырақ жамылғысының элементтерімен байланысы. Топырақ жамылғысының антропогенезі мен экологиялық проблемалары. Топырақты аудандастыру.

Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері. Ауылшаруашылығында қолданылуы. Жер ресурстарын ауыл шаруашылығында қолданылудың зоналық ерекшеліктері. Жер ресурстарының құрылымы, олардың қазіргі жағдайы және оларды бағалау.

Жануарлар әлемі – биотикалық факторлардың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Фауна түзілуінің палеогелграфиялық ерекшеліктері. . Биіктік белдеулердің фаунаның түзілуіне және дамуына әсері. Орнито- және ихтиофауна. Жануарлар паразиттері – адам ауруларының тасымалдаушысы. Антропогендік факторлардың сүтқоректілердің саны мен экологиясына әсері. Орнитофаунаның өмір сүру ортасын ауыстыруы. Ихтиофауна.

7 тақырып. Табиғи зоналар.

Табиғи зоналардың дамуының тарихи-шығу тегі факторлары. Табиғи зоналардағы зат пен энергия ағысы. Географиялық белдеулердің құрылу факторлары. Олардың түзілуінің палеогеографиялық ерекшеліктері. ТТК-дің гидротермикалық және биоэнергетикалық зоналық ерекшеліктері. Таулы және жазықтық аймқтардың ТТК-нің таралуының зоналық-аймақтық ерекшеліктері. Физикалық-географиялық үрдістердің зоналық ерекшеліктері: ағыс, климат түзуші, топырақ түзуші, мүжілу, химиялық элементтердің биологиялық айналымы, биогендік және өлшемді ағыс. Заттың биіктік және көлденең ағысы. ТТК-дің биологиялық өнімділігі. Антропогендік факторлардың зоналық ТТК-нің тұрақтылығына әсері. Интегралдық үрдістер. Табиғи зоналардың геоэкологиялық мәселелері.

8 тақырып. Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

Қазақстанның орналасуы оның физикалық-географиялық жіктелуіне әсері. Табиғи-территориялық кешендер және олардың классификациясы. Табиғи ортаны зерттеудегі кешендік ландшафттық көзқарастардың негізін қалаушылар (В.В.Докучаев, Л.С.Берг, А.А.Григорьев). қазақстанның табиғи-территориялық кешендерін зерттеуде А.Г.Исаченконың, Н.А. Солнцевтың ғылыми еңбектерінің орны. Физикалық-географиялық аудандастыру принциптері. ТТк-дің динамикасына әсер ететін негізгі антропогендік факторларды анықтау. Ландшафттардың антропогендік модификациясының негізгі категориялары. Табиғи-техникалық жүйелер. Ландшафттық-экологиялық кешенднр. Технобиогеомдар. Масса мен энергия алмасудың бұзылуы. Мәдени екінші ТТК жасау проблемалары. Геоэкология мәселелері.

Физикалық-географиялық жіктеу және антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсері. әртүрлі таксономиялық деңгейдегі табиғит кешендердің жіктелуіне Қазақстан Республикасының, ішкі континенттік орналасуының әсері. В.В.Докучаевтың, Л.С.Бергтің, Н.А.Солнцевтің, А.Г.Исаченконың физикалық-геогрфиялық аудандастыру іліміне қосқан үлесі. Ландшафттану ілімінің дамуына Қазақстан ғылымдарының қосқан үлесі. А.В.Чигагркиннің, Г.В.Гельдываеваның, В.М.Чупахиннің, Л.К.Веселованың қолданбалы географияның негізгі фундаментті ұғымдарының бірі. Физикалық-географиялық провинция ірі табиғи территориялық кешенднрдің бір бөлігі. Қазақстан Республикасының Физикалық-географиялық физикалық-географиялық аудандастыруы. Физикалық-географиялық аудандастырудың негізгі қағидалары. Таксономиялық жүйелер. Физикалық-географиялық Физикалық-географиялық ел, аймақ, провинция және т.б. жөніндегі ұғым. Негізгі Физикалық-географиялық физикалық-географиялық елдер: Батыс-Сібір, Қазақ плитасы мен ұсақ шоқы, Каспий маңы – Тұран, Оңтүстік-Сібір таулары, Орал, Жоңғар-Сауыр-Тарбағатай, Орталық Азия.

9 тақырып. Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы - Тұран физикалық- географиялық елі.

Зерттелу тарихының негізгі кезеңдері. Геологиялық құрылымының ерекшеліктері. Морфострукуралық ерекшеленуі менклиматтық жағдайы. Табиғи ресурстары және оларды пайдалану.

Физикалық-географиялық ауданның сипаттамасы. Табиғат ресурстарын қолданудағы адамның шаруашылық әрекетінің орны. Жер жыртылу. Табиғи-территориялық кешендердің динамикасы. Есіл маңы және Есіл-Құланды физикалық-географиялық ауданы.

Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Географиялық орны. Зерттелу тарихынан мәліметтер. Қазіргі кездегі кешендерінің түзілуіндегі геологиялық және геоморфологиялық факторлардың әсері. Климат пен су ағысының ерекшеліктері. Өсімдік және топырақ жамылғысының жіктелуі. Табиғи кешендердің дамуындағы азоналдық көрсеткіштер. Табиғат ресурстары, олардың шаруашылықта игерілуі және антропогендің өзгерәстері. Физикалық -географиялық провинциялар: Солтүстік - Қазақстан ұсақ шоқысы, Орал маңы, Жоғарғы Торғай, Оңтүстік Қазақстан ұсақ шоқысы.

Каспий маңы - Тұран физикалық- географиялық елі. Жалпы шолу. Негізгі зерттеу кезеңдері. Қазіргі кездегі орографиясы мен тектоникалық ерекшеліктеріне байланысы. Геоморфологиялық жіктелуінің негізгі кескіндері. Климат жағдайы. Өзендері, көлдері және жер асты сулары. Табиғат кешендерінің жіктелуіндегі зоналық айырмашылықтар. Топырақ өсімдік зоналары мен подзоналары: олардың төрттік дәуірдегі даму тарихы. Жануарлар әлемі. Биогеоценоздардың адамның шаруашылық әсерінен өзгеруі.

10 тақырып. Физикалық -географиялық провинциялар: Өзен-Орал -Ембі, Төменгі -Торғай, Жезқазған - Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік- Арал маңы, Бетпақдала -Төменгі Шу, Балқаш маңы- Іле -Алакөл, Маңғыстау -Үстірт, Сырдария маңы.

Шөлдердің эдафикалық, ботаникалық, климаттық көрсеткіштеріне байланысты таралу типтері. Құмды шөлдер жіне олардың таралуы. Тасты және гипсофитті шөлдер. Табиғат ресурстарын бағалау. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері және антропогендік шөлдену.

11 тақырып. Оңтүстік Сібір таулары.

Қоршаған ортаның географиялық орнына, шығу тегі мен территорияның дамуына байланысты негізгі көрсеткіштері. Геологиялық құрылымы мен палеогеографиялық ерекшеліктері. Ландшафт түзуге қазіргі кездегі жер бедерін түзуші факторлардың әсері. Климаттық ерекшеліктер, гидрографиялық торап, топырақ және өсімдік жамылғысы. Олардың табиғи территориялық кешендердің өмір сүруінің динамикасына әсері. Ландшафт түзілудің азоналдық көрсеткіштері және биіктік белдеулерінің құрылымы. Табиғат кешендерінің аймақтық және жергілікті ерекшеліктері. Табиғи ресурстар және оларды игеру жағдайлары. Ландшафттардың антропогендік модификациялары, олардың өзгеруі, динамикасы. Табиғатты тиімді пайдалану мәселелері. Оңтүстік Батыс Алтай физикалық географиялық провинциясының сипаттамасы.

12 тақырып. Орал физикалық - географиялық елі. Жоңғар-Саур - Тарбағатай физикалық - географиялық провинциясы. Ортаазия физикалық – географиялық елі.

Геогафиялық орны. Зерттелу тарихы. Табиғат кешендерінің қалыптасуындағы геологиялық -геоморфологиялық факторлар. Климаттың жіне су көздерінің ерекшеліктері. Топырақ және өсімдік жамылғысының жіктелуі. Биіктік белдеулер. Ландшафттық ассиметрия. Табиғат ресурстары, олардың шаруашылық игерілуі және табиғат кешендерінің антропогендік өзгерулері. Табиғатты тиімді пайдалану мәселелері. Орал - Мұғалжар физикалық - географиялық провинциясы.

Жоңғар-Саур - Тарбағатай физикалық - географиялық провинциясы. Территорияның зерттеу тарихы. Геологиялық құрылымы мен морфоструктурасы. Орографиясы. Жаңа тектоникалық қозғалыстар, сейсмикалық белсенділік. Климат, мұзбасу су ағысы. Ландшафт түзудегі сыртқы факторлардың ролі. Қар көшкіні мен сел. Опырылу үрдістері. Қазіргі кездегі физикалық – географиялық үрдістердің, табиғат кешендерінің жылу және су баланстарына әсері. Жергілікті ерекшеліктердің ландшафттардың өмір сүруіне әсері.

Табиғат ресурстарын бағалау және пайдаланудың сипаттамасы. Тау шалғындарының дағдарысқа ұшырау мәселелері. Физикалық – географиялық провинциялардың сипаттамасы: Тарбағатай, Саур, Батыс – Жоңғар.

Ортаазия физикалық – географиялық елі. Аймақтың зерттелу тарихы. Тектоникалық және геологиялық ерекшеліктері. Орографиясы. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері ме морфоструктуралар типтері. Ландшафт түзудегі экзогендік және эндогендік үрдістердің әсері. Сейсмикалық белсенділік. Климат және өзен ағысы. Қазіргі кездегі мұз басулар. Топырақ және өсімдік жамылғысының жіктелуі. Табиғат кешендерінің өмір сүруіндегі зоналық жіне азоналдық ерекшеліктер. Ландшафттардың анторпогендік модификациялары. Адамның шаруашылық әсерінен жануарлар әлемінің өзгеруі. Ландшафт құрылымының бірліктері. Таулы және жазықтық ландшафттар. Табиғат ресурстарын бағалау және оларды тиімді пайдалану жолдары. Қорықтар, заказниктер және т.б. Солтүстік – Тянь-Шань және Оңтүстік –Батыс –Тянь-Шань физикалық – географиялық провинциясы.

13 тақырып. Табиғатты зерттеудегі геожүйелік – бассейндік көзқарас.

Өзен алабы - өзен ағысының геожүйелері. Табиғатты зерттеудегі геожүйелік көзқарастың ролі. Физикалық географиядағы жүйелік талдаудың дамуы. Б. Кеннеди, Р. Челли, А.Орми, В.Н. Солнцев, В.Б. Сочава еңбектеріндегі өзен алабының парагенетикалық және парадинамикалық табиғат кешендері. Географиялық жүйелердің уақыттық-кеңістік өлшемдері. Өзен алабы геожүйелерінің құрылуындағы зоналық және азоналдық факторлар. Геожүйелердің өзен алабындағы интеграциясы және олардың жіктелуі.

14 тақырып. Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі, Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы макрогеожүйелері.

Геожүйелер сипаттамасы. Ірі өзен алаптарын ірі географиялық жүйелер ретінде талдау жасау, біртекті зат пен энергия алмасу және олардың өмір сүру қарқындылығына әсері тұрғысынан қарастыру.

Карск-Об макрогеожүйесі. Ертіс өзені алабының геожүйелеріне сипаттама. Геоқұрылымдық жоспар және олардың жер бедерінде байқалуы. Термикалық режимнің маусымдығы және олардың жер бедерінде байқалуы. Термикалық режимнің маусымдығы және ылғалдану типтері. Агроклиматтық ресурстар. Өзен ағысының құрылуы және жіктелуі.

Теңіз – Нұра макрогеожүйесі. Теңіз көліне құятын, жабық Нұра өзені бойындағы сипаттамасы. Гидрогеологиялық, климат түзуші және биотикалық ерекшеліктердің жүйе түзуші факторлар ретіндегі ерекшеліктері. Агроклиматтық ресурстар және агроландшафттар сипаттамасы. Антропогендік факторлар әсерінен геожүйелердің аймақтық өзгеру көрсеткіштері. Қазіргі кездегі геожүйелер- шартты негізгі табиғи кешендердің және олардың анторпогендік модификацияларымен үйлесімділігі.

Каспий- Орал макрогеожүйесі. Геожүйелер жіктелуінің табиғи және антропогендік факторлары және олардың Орал өзені алабының жер асты және жер беті суларымен байланысы. Геожүйелердің шалғындық және жайылымдық модификациялары.

Каспий – Ембі макрогеожүйесі. Ембі өзені алабының негізгі жүйе түзуші факторларына сипаттама. Геожүйелердің ендің бойынша шоғырлануы. Геожүйелер динамикасына жер асты және жер беті суларының әсері. Негізгі табиғи – антропогендік үрдістердің аймақтық ерекшеліктері. Негізгі экологиялық мәселелер.

Арал-Сырдария макрогеожүйесі. Сырдария өзені алабының геожүйелерінің қалыптасуына әсер ететін факторларға сипаттама. Қоршаған ортаны адамның әсерінен өзгеруінің негізгі кезеңдері. Экологиялық мәселелердің аймақтық ерекшеліктерінің байқалуы. Арал теңізі түбінің құрғаған аймақтарының теңіз табанындағы жаңа геожүйелердің құрылуы. Арал теңізін сақтау мәселелері.

Қазақстан Респуликасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық-географиялық негіздері.

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық географиялық негіздері. Табиғат кешендерінің дамуының негізгі табиғи факторларға әсері. Табиғатты тиімді пайдалану және оны қорғау мәселелелрі.

Қазақстан табиғатын қорғау. Табиғи ресурстарын қорғау. Таулы аудандардың экологиялық мәселелері. Рекреациялық аудандар. Ерекше қорғауға алынған табиғи нысандар, қорық, қорықша, табиғи ескерткіштер т.б. Табиғатты қорғау негіздері. Павлодар облысының экологиялық мәселелері.
3.3 Пәннің тәжірибелік сабақтарының мазмұны:


ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ

п/п

Тақырыптардың атауы

Мазмұны

Орындау мерзімі (апта бойынша)

Аббревиатура

1

2

3

5

6

1

Кіріспе.

Қазақстанның физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері. Шекаралары жөнінде жалпы түсінік. Қазақстан аумағының зерттеген ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау арқылы сипаттама беру.

1

Т1

2

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

Жазықтық және таулы аймақтарға геологиялық қима жасау. (Таңдауы бойынша)

Полеозой эрасындағы Қазақстан территориясындағы негізгі тектоникалық процесстерді сипаттау.



2

Т2

3

Жер бедері типьтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

Қазақстан жер бедерінің алуантүрлілігі. Тау жыныстарының геологиялық жасы және геохронологиялық кесте. Қазақстан жерінің геологиялық жасы.

3

Т3

4

Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

Қазақстанның өзендері, көлдері, Каспий теңізі және оның экологиясы. Арал теңізі. Балхаш көлі. Қазақстанның тау мұздықтары. Ауа-райы қысымы мен климат түзуші факторлар. Фронттар. Жел. Қазақстан аумағындағы жауын-шашынның таралуы. Жыл мезгілдері. Рекреациялық аудандар.

4

Т4

5

Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.

Мәдени өсімдіктер. Қайта шыққан ормандар. Жабайы өсетін пайдалы және дәрілік өсімдіктер. Өсімдік жамылғысының ластануы және оларды қорғау жолдары. Шөлейттену проблемалары.

5

Т5

6

Топырақ жамылғысының табиғи ортаның құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.

Топырақтың зерттелу тарихы. Өсімдік жамылғысының климатқа байланыстылығы.

6

Т6

7

Табиғи зоналар.

Биіктік ландшафт зонасының басты айырмашылықтары. Табиғи аудандастыру негіздері.

7

Т7

8

Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

Қазақстан ландшафттарының антропогендік модификациясы, олардың динамикасы мен өмір сүруі. Маусымдық ритмика. Қатаң табиғи жағдайлы территориялардың ландшафттарының дамуы мен эволюциясы.

8

Т8

9

Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі.

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау.

9

Т9

10

Физикалық-географиялық провинциялар: Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы.

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау.

10

Т10

11

Оңтүстік-Сібір таулары.

Биік таулы аймақтар экологиясы. Орта таулы аймақтар экологиясы. Аласа таулы аймақтар экологиясы

11

Т11

12

Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.

Әр физикалық - географиялық аудандар мен провинцияларға толық физикалық-географиялық сипаттама беріп, ерекшеліктерін анықтау.

12

Т12

13

Табиғатты зертеудегі геожүйелік-бассейндік көзқарас.

Мегагеожүйе – ашық аквакторияға құятын геожүйе. Өзен алабындағы подгеожүйелерді талдау. Өзен алабының субгеожүйелерін зерттеудің (геожүйе, әртүрлі өзен ағыстарымен құралған), қалыпты дамуға табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға және оларды бірқалыпты есепке алудағы орны.

13

Т13

14

Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі, Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы макрогеожүйелері.

Жер беті суларының күрт бұзылуы және геожүйелер динамикасы. Аймақтың экологиялық жағдайына батпақтану үрдісінің әсері. Каспийдің экологиялық мәселелері және өзендерді ластануы.

14

Т14

15

Қазақстан Респуликасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық-географиялық негіздері.

Қазақстанның табиғат байлықтарын тиімді қолдану. Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері.

15

Т15


3.4 Зертханалық жұмыстардың мазмұны:


ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУ МЕРЗІМІ



р/с

Тақырыптың аты

Мазмұны

Бақылау түрі

Орындалу мерзімі (жұмалар бойынша)

Қысқартпасы

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе.

Қазақстанның физикалық географиялық жағдайының ерекшеліктері. Шекаралары жөнінде жалпы түсінік.

Ауызша, конспект

1

ЗЖ-1

22

Қазақстан Республикасының табиғат жағдайлары.

Қазақстан аумағының зерттеген ғалымдардың жұмыстарына талдау жасау арқылы сипаттама беру.

Ауызша, конспект

2

ЗЖ-2

3

Жер бедері типьтері. Қазіргі кездегі жер бедері түзілу үрдістері. Геоморфологиялық аудандастыру

Қазіргі кездегі геотектоникалық тербелістер, жер қыртысының даму тарихы сипатталады. Қазіргі уақыттағы жер бедер түзуші процестер, басты тектоникалық құрылымдар.

Ауызша, конспект

3

ЗЖ-3

4

Қазақстанның ішкі сулары. Климат.

Климат жағдайларының аумақ бойынша өзгеру динамикасына сипаттама беру. Жер асты және жер бетіндегі су ресурстары қоры және таралу аймақтары. Тұщы су мәселелері.

Ауызша, конспект

4

ЗЖ-4

5

Өсімдіктер типтері және олардың құрылымдық-динамикалық ерекшеліктері. Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері.

Жануарлар әлемінің құрылуының зоналық және аймақтық ерекшеліктері. Фауна ерекшеліктерінің биогеографиялық ерекшеліктері. Фаунаның экологиялық проблемалары. Арнайы қорғаудағы территориялардың жануарлар әлемін қорғаудағы ролі.

Ауызша, конспект

5

ЗЖ-5

6

Топырақ жамылғысының табиғи ортаның құрылымындағы ролі. Жер ресурстары. Жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері.

Топырақтың таралу ареалдары және топырақ түзуші факторлар. Жер ресурстарының қоры. Шабындық, егістік, жайылым т.б.

Ауызша, конспект

6

ЗЖ-6

7

Табиғи зоналар.

Табиғат зоналарының түрлері. Жер көлемі, физикалық – географиялық ерекшеліктері сипатталады. Географиялық орны, табиғи зоналар бойынша өсімдік жамылғысының таралу ареалдарын анықтау.

Ауызша, конспект

7

ЗЖ-7

8

Физикалық-географиялық жіктелу және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсері.

Ландшафттардың антропогендік модификациясының категорияларын анықтау принциптері мен олардың сипаттамасы (агроландшафттар, табиғи-техникалық жүйелер, су шаруашылығы мен қоныстар және т.б.).

Ауызша, конспект

8

ЗЖ-8

9

Физикалық-географиялық елдер мен провинциялардың сипаттамасы. Батыс-Сібір физикалық-географиялық елі. Қазақ платосы мен ұсақ шоқысы. Каспий маңы –Тұран физикалық-географиялық елі.

Жазықтық және таулы аймақтарға геологиялық қима жасау. (Таңдауы бойынша) Палеозой эрасындағы Қазақстан территориясындағы негізгі тектоникалық процесстерді сипаттау.


Ауызша, конспект

9

ЗЖ-9

10

Физикалық-географиялық провинциялар: Өзен-Орал-Ембі, Төменгі Торғай, Жезқазған-Аягөз, Зайсан, Атырау, Солтүстік-Аралмаңы, Бетпақ-Дала, Тө менгі Шу, Балқаш маңы-Іле-Алакөл, Маңғыстау-Үстірт, Сырдария маңы.

Жекелеген аймақтар бойынша физикалық-географиялық қималар жасау. Кайнозой эрасындағы Қазақстан территориясындағы негізгі тектоникалық процесстерді сипаттау.


Ауызша, конспект

10

ЗЖ-10

11

Оңтүстік-Сібір таулары.

Кескін картаға Қазақстан территориясының орографиялық схемасын салу. Орта және биік тау жүйелерінің биік жоталарының негізгі бағыттарын анықтап оларға сиппатама беру.

Ауызша, конспект

11

ЗЖ-11

12

Орал физикалық-географиялық елі. Жоңғар-Саур-Тарбағатай физикалық-географиялық елі. Ортаазия физикалық-географиялық елі.

Кескін картаға негізгі тектоникалық структураларды түсіріп, вулкандардың таралу аймақтары және олардың пайдалы қазбалардың вулканизм процесстеріне байланысты пайда болған орындарын түсіру.

Полиметалдық пайдалы қазбалар орынын контурлық картаға түсіру.



Ауызша, конспект

12

ЗЖ-12

13

Табиғатты зертеудегі геожүйелік-бассейндік көзқарас.

Қазақстанның табиғи кешендерінің зоналық және азоналдық факторларын анықтау№

Ауызша, конспект

13

ЗЖ-13

14

Геожүйелер сипаттамасы. Карск-Об, Теңіз-Нұра, Каспий-Орал, Каспий-Ембі, Арал-Торғай, Арал-Сырдария, Сарысу-Шу, Талас, Солтүсік Балқаш маңы макрогеожүйелері.

Кескін картаға берілген геожүйелерді кешенді түрдегі сипаттамасын түсіріп, өзіндік ерекшеліктерін көрсету.

Жекелеген аймақтар бойынша физикалық-географиялық қималар жасау.



Ауызша, конспект

14

ЗЖ-14

15

Қазақстан Респуликасының табиғат жағдайының әр түрлілігінің физикалық-географиялық негіздері.

Қазақстанның және павлодар облысының ерекше қорғауға алынған табиғи нысандар. Оларды қорғау, экологиялық мәселелер. Қорықтар.

Ауызша, конспект

15

ЗЖ-15



Каталог: arm -> upload -> umk
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Методические указания по прохождению учебной практики для студентов специальности 5В020400 «Культурология»
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы
umk -> Бағдарламасының титулдық пму ұс н 18. 4/19 парағы (syllabus) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
umk -> Бағдарламасы Нысан пму ұс н 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Программа Форма ф со пгу 18. 2/06 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет